Түрік тілдеріндегі сын есім категориясының зерттелу тарихы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық Тараз Инновациялық институты

СӨЖ

Тақырыбы: Сын есім: лексика грамматикалық сипаты, мағыналық (семантикалық) топтары. Сын есім шырай категориясы, заттануы адъективтену амалы, сөйлемдегі қызметі

Орындаған: Нурадинов Еркеғали

Тексерген: Кужаева Майра

Тараз-2022

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Сын есімнің зерттелу тарихы

Сын есімдердің морфологиялық сипаты

Түрік тілдеріндегі сын есім категориясының зерттелу тарихы

Сын есімнің қалыптасуындағы адъективтену құбылысы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Тіл біліміндегі жетістіктер мен әдістемелік өзгерістер қоғам дамуымен байланысты. Еліміздің егемендік алуы, туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, соның нәтижесінде оның ғылым мен техниканың әр саласына дендеп енуі қазақ тілін зерттеушілер мен ұстаздардың алдына зор міндет қойып отырғаны белгілі. Ана тілімізді әр қырынан зерттеп, табиғатын айқындай түсуге мемлекет тарапынан айтарлықтай көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта әлеуметтік сұраныс қазақ тілін оқытып үйретудің қатысымдық жағын күшейту, сөйтіп оны ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабын қойып отыр.

Ана тілінің қоғамдағы қатысымдық рөлін күшейту үшін оны оқытудың сапасын көтеру қажет. Бұл қазақ тілін оқытуды жаңаша қырынан қарауды қажет етеді. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуда жаңа технологияны көптеп және ұтымды қолдану сабақтың сапасын арттырады. Заттың әр түрлі сынын, сапасы мен белгілерін білдіріп, сөз таптарына ұйытқы бола алатын сын есімдер зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Бұл орайда Н. К. Дмитриев, Н. А. Баскаков, Ғ. Мұсабаев, М. Балақаев, Ж. Шәкенов, Р. Әмір, Ә. Төлеуов, Ф. Оразбаева, Г. Мамаева т. б. еңбектерді ерекше атауға болады.

Негізгі бөлім

Сын есімнің зерттелу тарихы

Бірсыпыра зерттеушілер сөз таптарының шығуын сөйлем мүшелерімен байланыстырады. Мысалы, академик И. И. Мещанинов өзінің «Сөйлем мүшелері мен сөз таптары» (М., 1945) атты еңбегінде былай деді: «Сөйлемде зат есім - бастауыш немесе толықтауыш, сын есім - анықтауыш, үстеулер - пысықтауыш, етістіктер - баяндауыш ретінде жұмсалады. Олай болса, сын есім сөйлем мүшесі болу арқылы бөлініп шықты, жасалынды». Сын есім сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасты.

Бұл ойды тіл білімінің өкілдері А. А. Потебня мен В. М. Жирмунскийлер де жан-жақты қарастырған. Мәселен, А. А. Потебня: «Сын есімдер зат есімдерден бөлініп шықты. Зат есімнен сын есімнің бөлініп шығуы дегеніміз зат есімнің атрибутивті мүше (анықтауыш) ретінде қолданылуы» - деп жазды өзінің 1899 жылы шыққан «Из записок по русской грамматике» деген еңбегінде. Көне дәуірде зат есімдер мен сын есімдердің жігі ажырамаған. Мысалы, жас, көк әрі зат есім, әрі сын есім болуы сол көне құбылыстың ізі екенідігін көрсетеді /1, 63/.

«Құдадғу билиг» пен «Һибат-ул хакайиқ» тіліндегі сын есімдер. Ж. Баласағұнның «Құдадғу билиг» («Бақытқа бастайтын білім») дастаны мен А. Йүгінекидің «Һибат-ул хакайиқ» («Ақиқат сыйы») дастандарының көптеген ғалымдар тарапынан зерттеу тарихын жасаған. Аталған ескерткіштерде сын есімдердің шығу тегіне, мағыналық арақатынасына, олардың қалай қолданылатындығына назар аударған. Олардың есептеуі бойынша, екі ескерткіштегі сын есімнің жалпы саны - 284. Бөліп айтсақ «Құдадғу билигте» - 176, «Һибат-ул хакайиқта» - 96 сын есім бар. Екі ескерткішке ортақ сын есімдер сыны - 12.

Сын есімдердің морфологиялық сипаты

Академик В. В. Виноградов сөз табын морфологияның нысаны, сонымен тығыз байланысты, оған тікелей қатысы бар екендігін айтады. Олай болса, сын есімнің грамматикалық белгілерінің сырын ашпай, сын есімнің өз алдына сөз табы екендігін дәлелдеу мүмкін емес. Сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда керекті бір белгі - сөздердің формалық белгісі. Бірақ тіл фактісінде бұл барлық тілдерде бірдей дәрежеде бола бермейді. Қазақ тіліндегі сын есімдердің аффикстерін шолғанда, назар аударатын бір ерекшелік − есім түбірден сын есім жасайтын қосымшалардың қазіргі тілімізде түгелге жақын өнімді тәсіл есебінде сақталуы.

Түрiк тілдеріндегі сын есім категориясының зерттелу тарихы

Түpік тіліндегі сын есім категориясының зерттелуі ХІХ ғасырдан басталады, соның өзінде сын есім категориясы дербес зерттелген емес, онымен байланысты мәліметтер жеке грамматикаларда болмаса, басқа әдебиеттерде кездеспейді. Түрік тілдерінде сын есімді алғаш сөз еткен профессор − Казем-Бек. Бұл жөніндегі кейбір мәлімет профессор А. Казем-Бектің «Түрік-татар тілінің грамматикасында» беріледі. Мұнда автор -рақ, -рек арқылы жасалған салыстырмалы шырайды түрік тілдерінің өзіндік бір ерекшеліктері деп көрсетеді.

А. Казем-Бектің шырай туралы айтқандарынан түрік-татар тілдерінде үш шырай бар екендігі аңғарылады: жай шырай, салыстырмалы шырай. Жай шырай сын есімнің бастапқы қалпы есебінде беріледі. Салыстырмалы шырай -рақ, -рек жұрнағы арқылы (мысалы, эски - старый, эскирек - старее т. б. ) айтылады. Бұдан басқа, сын есімге шырай жұрнақтарын қоспай-ақ оған салыстырмалы шырай мағынасын беруге болатынын айтады (мысалы, андан бюк - тоже что, андан бюк - рек - больше его) .

Таңдаулы шырайдың түрік тілдерінде кейбір үстеу сөздер арқылы (мысалы, ең күшті т. б. ) жасалатынын кейде таңдамалы екі заттың алғашқысын атауға, кейінгісін ілікке қойып, сын есімге ІІІ жақ тәуелдік жалғауын жалғап та таңдаулы шырай жасауға болатынын тұжырымдайды. А. Казем-Бектің сын есім категориясымен байланыстары осы. Сын есімді ол зат есім бөлімінде сөз етеді, соған қарағанда, автор сын есімді зат есіммен бір қараған, ал оның шеңберіне сыймаған шырай болғандықтан, сын есім шырайларын жеке сөз еткен деп те жорамалдауға болады.

Сын есімнің қалыптасуындағы адъективтену құбылысы

Конверциялық процестің тілімізде жаңа сөздер қалыптастырудағы маңызы зор. Оның тек жекелеген сөздердің ғана емес, барлық сөз таптарының пайда болуы, қалыптасуында алатын орны ерекше. Конверциялық тәсілдің әр түрлі сөз тудыру формалары арқылы жаңа сөздер қалыптасады. Сондай құбылыстардың бірі − адъективтену, яғни басқа да сөз таптары бірліктерінің сын есімге ауысуы. «Адъективация - тілдің дамуы барысында басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын білдіретін лингвистикалық процесс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілдеріндегі етістік тұлғалы антропонимдердің құрылымы
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің танылуы
Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру
Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны
Анықтауыш, оның зерттелуі
Диуани-хикмет” ескерткіші тілінің грамматикалық ерекшеліктері (тәуелдік, жіктік және көптік жалғауларының қолданылуы)
Етістіктің рай категориясын зерттелу тарихынан
Сын есімнің семантикалық және граматиқалық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz