Сын есім мен оның лексика - семантикалық топтары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тараз инновациялық- гуманитарлық институты

СӨЖ

Тақырыбы:

“Сын есім : лексика-грамматикалық сипаты, мағыналық (семантикалық) топтары

Сын есім: шырай категориясы, заттануы, адьективтену амалы, сөйлемдегі қызметі”

Орындаған: Сағынова Айнұр

Тобы: Қт 20-1

Қабылдаған: Сәрсенбаева Майра

2022 жыл

Жоспар:

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Сын есім мен оның лексика- семантикалық топтары

2. Сын есімнің шырай категориясы, субстантивтелуі

3. Сын есімнің адьективтену амалы, сөйлемдегі қызметі

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Тіл білімінде бүгінгі таңда сын есім, олардың заттану жолдары туралы мәселеге ғылыми тұрғыдан көп көңіл бөлініп, айтарлықтай жолға қойылды деуге болады. Бір алуан ғалымдар бұл мәселенің теориялық жағын мұқият қадағаласа, бір алуан ғалымдар сын есімнің лексика-семантикасын зерттеп, оның маңызын, қажеттілігін айтады.

Профессор С. Аманжолов сын есімдер сын-сипатын, белгісін, бейнесін, көркін, көлемін, қасиетін т. б. білдіреді де, зат есімдердің қанша, қандай сыры, белгісі барлығында ғана емес, зат есімдердің әрбір тобына лайық сынның болатындай екенін анықтайды. (1, 14)

Қазақ тіл білімінде зерттеуді керек ететін көп мәселелердің бірі - сөз таптарының трансформациялау процесі. Соңғы жылдарда осы мәселе түркологияда да, қазақ тіл білімінде де арнайы тақырып етіліп, тексеріле бастады. Алайда, бұл салада түйіні шешілмеген уәж аз емес. Соның бірі - сын есімнің субстантивтену жолдары.

Профессор К. Аханов: «Сөз таптарының бір-біріне ауысу процесін түрлі тілдерден байқауға болады, субстантивтену, адъективтену, прономиалдану, адвербиалдану құбылыстары сөздердің лексикалық мағыналары мен грамматикалық мағыналарының өзгеруі нәтижесінде іске асады да, аталған құбылыстар бір сөз табының басқа сөз таптары зат есімге, адъективтену құбылысы бойынша - сын есімге, прономиналдану құбылысы бойынша - үстеуге, вербалдану құбылысы бойынша - етістікке ауысуын айтамыз. (2, 10)

Мақтым Шәбжантайқызы: «Сын есім басқа сөз таптарынан өзінің семантикалық жағынан ерекшеленеді, сын есімге заттанған мағынада септік, көптік, тәуелдік жалғауы жалғанады, сөйтіп кейде зат есім мағынасында келсе, кейде үстеудің қимылдық сынын білдіреді, бірақ сол басқа заттық, үстеулік қызметті атқарып тұрса да сын есімдік қасиетін жоймайды», - деген. (3, 15)

С. М. Исаев: «Сын есім әдетте көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер сын есімге көптік, я тәуелдік, я септік жалғауы жалғанса, онда сын есім зат есімнің орнына жұмсалып, зат есімнің қызметін атқарады». (4, 20)

Өзінің табиғатына, лексика-семантикалық ерекшеліктеріне қарағанда, сын есімнің заттың қасиетін, белгісін, сапасын білдіретіні мәлім. Сондықтан да, сын болатын сөздер зат есім болатын сөздермен тіркеседі. Сын есім мен зат есім қатар тұрғанда сөз таптарының бұл екеуі айқын ажыраталады. Тілімізде кей реттерде сын есім өзі анықтайтын зат есімсіз де қолданыла береді. Мұндайда белгілі дәрежеде заттық қасиетті білдіруге икемді болады да, зат есімдерше түрлене береді: септеледі, көптеледі, тәуелденеді т. с. с. Міне, осылайша сын есімнің зат есімге тән қасиетті өз бойына жинап, зат есімше өзгеруін сын есімнің субстантивтенуі деп атайды. Субстантивтенген сөздердің мағыналары кеңи түседі, әрі өзінің негізгі қызметін атқарып, әрі жаңа заттық мағына үстеледі. Жіптің ұзыны жақсы, сөздің қысқасы жақсы. Кішкентайдың да кішісі бар. Үйірсек үйірін табар. Сүзегеннің мүйізін қаққан-сауап. Батыл жеңеді, қорқақ өледі.

Сөйтіп, ұзын, қысқа, кіші, сүзеген, батыл, қорқақ сын есімдері субстантивтеніп тұр.

Сын есім субстантивтер саладағы көрінісіне сай екі топқа бөлінеді:

1. Ізсіз субстантивтер; 2. Ізі бар субстантивтер.

Ізсіз субстантивтер сөйлеу ситуациясымен бірге туып, сол ситуациясының кетуімен бірге өтеді.

Ізі бар субстантивтер денотат сөздің потенциялық күйі ретінде адам санасында сақталуы тұрады. Сын есімдердің субстантивтенуі негізінен олардың синтаксистік қызметі арқылы жүзеге асады.

Субстантивтендіру - синтаксистік құбылыс. Сын есімдердің заттануы, зат есімдік катерогиялық сипатқа ие болуы синтаксистік ситуацияларға сүйеніп жүзеге асады.

Мысалдар:

1. Қуғыншылар да, жобасына қарағанда, жолай кездесіп қызық қуған жүргіншілер емес, әдейі сайланып шыққан аңшылар сияқты. (қызық сын есімі сөз тудыру мақсатында заттанып қолданылған) .

2. Біршек қазір көгілдір мұзды айдын көлдерден, шоқ-шоқ қызылдан, үстінен қалың қар жүрген сай-жыра, қара сулардан талайынан айналып өтіп, ирелеңдей берді. (қызыл сын есіміне шығыс септіктің -дан қосымшасы жалғануы арқылы, ол заттанып тұр) .

3. Кері атты ағып өтіп, басын қайта бұрғанша қалың омбы қарлы қызылдың ішіне қалай қойып кеткенін де аңғармай қалды. (қызыл деген сын есімге ілік септігінің -дың қосымшасы жалғану арқылы заттанып тұр) .

4. Әнге, сөзге құмарлық жастық көңілге ынтықтық, жақсыға, сұлуға, құмартарлық - нағыз жігіттіктің белгісі . . . (жақсы, сұлу сөздеріне барыс септігінің -ға қосымшасы жалғану мақсатында заттанып тұр) .

Сын есім-семантикалық жағынан заттың, құбылыстың түрлі сапа, белгісін, түсін, көлемін, затқа, құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер.

Семантикалық жағынан сын есімдер екі топқа бөлінеді: сапалық сын есім және қатыстық сын есім.

Сапалық сын есімдер семантикалық жағынан заттың әр алуан сын-сипатын, сапалық белгілерін, түр-түсін білдіреді, шырай тұлғаларымен түрлене алады. Сапалық сын есімдердің морфологиялық сипаты - шырай тұлғаларымен түрлене алуы. Мүсірәлі момындау, ауқаты шағындау адам.

Қатыстық сын есімдер көбіне көп әр түрлі жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сөздер болады да, сол затқа, қимыл, іс-әрекет, құбылысқа т. б. қатысын білдіреді. Мысалы: Желсіз түнде жарық ай, сәулесі суда дірілдеп. Бұл мысалды желсіз сөзі тынық түн мәнін білдіреді.

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.

Қазіргі қазақ тілінде сын есімдер сөйлемнің барлық мүшелері бола алады. Сын есімдер семантикалық жағынан заттың әр түрлі сынын, сапа, белгісін білдіретін болғандықтан, сөйлемде негізінен анықтауыш мүше қызметін атқарады. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.

Сын есім ілік септікте тұрып, заттанып келіп те матаса байланысқан анықтауыш болады. Өткірдің жүзі, кестенің бізі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Сөздерді сөз таптарына топтастыру принциптері
Сын есімнің семантикалық және граматиқалық сипаты
Сөз таптарының қасиеттері
Мезгіл устеулері
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Үстеулердің үстеулер тіркесі
Модаль сөздер
Орыс түркологтарының еңбектеріндегі қазақ тілі сөздерінің тапқа жіктелуі
Туынды эмоционалды сөздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz