Ұйқы бұзылыстары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

БӨЖ№1. Ми қыртысындағы ұйқы кезіндегі физиологиялық құбылыстар. Балаларды ұйықтатуға қойылатын гигиеналық талаптар.

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Ұйқы және оның маңызы.
  2. Ұйқы кезіндегі физиологиялық құбылыстар.
  3. Түс көру.
  4. Ұйықтауға қойылатын гигиеналық талаптар.
  5. Ұйқы бұзылыстары.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Ұйқы - адам мен жануарлардың міндетті физиологиялық жағдайы. Бұл кезде сыртқы орта тітіркендіргіштеріне ешқандай жауап қайтарылмайды және организмде жүріп жататын физиологиялық процестердің белсенділігі төмендейді. Оның қалыпты (физиология) ұйқы және терең ұйқы түрлері болады.

Ұйқы сүтқоректілер мен құстардың барлық түріне тән. Ұйқы - сергектік күйін ауыстыратын бірден-бір күй. Толыққанды ұйқы - мидың қалыпты жұмысы үшін міндетті шарт. Тәжірибеге қатысқан ерікті адамдар ұйқысыз 6 тәулікке шыдаған. Осы кезде олардың есте сақтау қабілеті нашарлаған, зейіні, санасы төмендеген, тоқтамайтын бас ауруы басталған. Мидың үлкен ми сыңарлары қыртысында түс көру кезінде қозу және тежелу үдерістері сергектік күйге қарағанда басқаша жүреді. Көптеген адамдар ұйқыны бірыңғай күй ретінде қабылдайды. Шын мәнінде бұлай емес. Ұйқы кезінде қарама-қарсы маңызды 2 фазаны шартты түрде бөлуге болады: баяу ұйқы және тез ұйқы фазасы.

Тез және баяу ұйқы. Ұйқы кезінде адамда бір-бірінен мезгіл-мезгіл ауысты- ратын ұқсас емес 2 физиологиялық күй байқалады. Басқаша айтқанда, ұйқының тез (парадоксальді) және баяу (ортодоксальді) деген 2 түрі бар. Баяу ұйқы кезінде дене босаңсиды. Жүрек қағысы мен тыныс алу сергектік күйге қарағанда баяу, ал ты- ныс алу үстіртін. Жалпы қан қысымы мен зат алмасу сәл төмендейді. Дене температурасы да төмендейді (сондықтан ұйықтаған кезде тоңамыз) . Бірақ мидың оттекпен қамтамасыз етілуі және нейронның оттекті пайдалануы өзгермейді.

Баяу ұйқы фазасында дене демалады, яғни қаңқа және жүрек бұлшық еттері демалады. Жалпы ағза енжар болады. Ол қимыл белсенділігін ертеңгі күнге қалпына келтіреді.

Тез ұйқы кезінде барлығы керісінше болады. Үлкен ми сыңары қыртысында қозу үдерісі күшейеді әрі жүреді. Тез ұйқы кезінде сергектік күйге қарағанда ми белсенділігі ерекшеленетіні анықталған. Яғни ми сергектік кездегіге қарағанда едәуір белсенді. Осы уақытта адам түс көреді. Егер адамды тез ұйқы фазасында оятса, көрген түсін есте сақтайды және айтып бере алады.

Тез ұйқы фазасында адамның жүрек қағысы, тыныс алуы жиілейді, зат алмасу мен температурасы жоғарыламайды. Түс көру. Ағза үшін тез ұйқы мен түс көрудің физиологиялық рөлі қандай? Ағзаны тез ұйқы фазасынан айырса мидың демалмайтыны белгілі. Яғни, тез ұйқысыз үлкен ми сыңары қыртысы нейронның жұмысқа қабілеттілігі қалпына келтірілмейді.

Ұйықтау кезіндегі барынша айқын физиологиялық өзгерістер бас миында орын алады. Ми ұйқы кезінде, әсіресе, баяу ұйқы кезінде, ояу жүргенге қарағанда әлдеқайда аз энергияны пайдаланады. Белсенділігі төмендеген аумақтарда ми энергияны қысқа мерзімді сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатын молекула аденозинтрифосфаты (АТФ) қорын қалпына келтіреді. Негізгі гормондардың қажетті көлемде шығарылуы орын алады. Тыныш ояу жүру кезінде, ми дене энергиясы пайдаланылуының 20%-ына жауап береді, осылайша бұл төмендеу энергияның жалпы тұтынылуына едәуір әсер етеді.

Ұйқы сенсорлық шекті арттырады. Басқа сөзбен айтқанда, ұйқыдағы адамдар тітіркендіргіштерді қабылдайды, бірақ жалпы алғанда, қатты дыбыстарға және басқа да маңызды сенсорлық оқиғаларға мән бере алады.

Баяу ұйқы кезінде адамдар өсу гормонын бөледі. Барлық ұйқы, тіпті күндізгі ұйқы да пролактин секрециясымен байланысты. Ұйқы кезіндегі өзгерістерді бақылау мен өлшеудің негізгі физиологиялық әдістеріне ми толқындарының (ЭЭГ), көз қимылдарының электроокулографиясы (ЭОГ) және қаңқа бұлшықеттері белсенділігінің электромиографиясы (ЭМГ) жатады. Бұл өлшемдерді бір мезгілді жинау полисомнография деп аталады және мамандандырылған ұйқы зертханасында орындалуы мүмкін. Ұйқыны зерттеушілер сонымен қатар жүрек белсенділігін анықтау үшін жеңілдетілген электрокардиографияны (ЭКГ) және қозғалыс қимылдары үшін актиграфияны пайдаланады.

Түс көру. Түс көрудің көзі ретінде ішкі және сыртқы ортадан шығатын түрлі тітіркендіргіштер мен қыртыс клеткаларының күндізгі активтігінің іздері қызмет ете алады. Ұйықтап жатқан кезде қыртыстың кейбір пунктері өздерінің ояу, сергек кезіндегі қатынастарын сақтап қалады. Дәл осымен кей кезде адамның күндіз еске түсіре алмағандарын ұйықтап жатқанда түсіруін түсіндіруге болады. Адамның көретін түстері көп жағдайда көрумен байланысты болып келеді. Туғаннан соқырларда көрумен байланысты түстер болмайды. Олар негізінен жанасуды сезінуден туатын бейнелер мен құбылыстарды түсінде көреді. Түстің сипаты мен мазмұнына адамның кәсіби мамандығы да әсер етеді. Бір түнде орташа алғанда 4-6 рет түс көреді.

Шаршаған баланың еңбек қабілетін қалпына келтіру, шаршауын басу, денсаулығын сақтау үшін ұйқының физиологиялық мәні күшті болғандықтан, оны дұрыс ұйымдастыруға көп көңіл бөлу керек. Дені сау баланың ұйқысының ұзақтығы 7 жаста 10, 5-11 сағат, 10 жаста 10-10, 5 сағат, 11-13 жаста 9-9, 5 сағат, 14-17 жаста 8-9 сағаттан кем болмау керек. Бұл уақыттың 1 сағатын күндіз ұйықтаса, баланың организміне өте тиімді болады. Ұйқы кезінде баланың денесі дем алып, миындағы күндіз жиналған мәліметтерді еске сақтау жолдары ретттеледі, жүйке клеткаларындағы қуат қорлары қалыптасады, шаршаған организмнің еңбек қабілеті қалпына келеді. Оқушы үнемі бір мезгілде жатып, тұруға дағдыланғаны жөн. Сонда ұйқы уақыты нәтижелі пайдаланылады. Бастауыш сынып оқушылары кешкі сағат 9-да, ортаңғы сынып оқушылары 10-да, жоғарғы сынып оқушылары 10-11-ден бастап ұйықтағаны жөн.

Ұйқының бұзылуы немесе ұйқысыздық - бұл адамдардың ұйықтай алмауы, ұйқы режимінің бұзылуы. Ұйқысыздықтың тууна әртүрлі себептер бар. Адамдардың жас шамасына қарай ұйқы бұзылуы да әртүрлі болады.

Ұйқы бұзылуының классификациясы:

Инсомния . Ұйқы бұзылуының бұл күйінде адамның ұйықтауы қиындайды, тіпті ұйықтай алғанның өзінде де ұйқы ұзақ және қанық болмайды. Бұл адамның психологиялық күйінің жайсыздығынан туындайды. Уақытша болуы мүмкін, яғни адамның көңіл-күйі дұрыстала келе, ұйқы да дұрысталады. Бұл күйді психотерапевт дәрігер емдейді.

Гиперсомния . Ағзаға тәулігіне 12-20 сағатқа созылатын ұзақ ұйқы керек, алайда сондай ұзақ ұйқы сергектік бермейді. Бұл күй созылмалы ұйқықанбаушылықта, ауыр стрессте жүрген адамдарда болады. Гиперсомния тармақтарға бөлінеді: нарколепсия, жарақаттан кейінгі синдром, идиопатиялық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асқорыту жүйесі ағзаларының жастық ерекшеліктері. Асқорыту жүйесінің ақаулары
Ас қорыту жүйесінің патологиясы
Эндокриндік бұзылулардың жалпы этиологиясы мен патогенезі
Көмірсулар мен липидтердің алмасуының клиникалық биохимиясы. Клиникалық медицинадағы биохимиялық анализдер
Көмірсу алмасуының бұзылыстары
Тәбеттің бұзылыстары
Балалардағы көмірсу алмасуының ерекшеліктері. Оның бұзылу семиотикасы
Патофизиология курсынан дәрістер жинағы
Қант диабеті жайлы
Зат алмасудың типтік бұзылыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz