Жеке кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің банкроттығы

Қабылдаған: Нұржігіт Ә
Орындаған: Қазақбай А
Тобы: ДОВ 19-1

Жоспар:
1. Банкроттық институтының мәні және мағынасы.
2. Борышқорға қолданылатын шаралар: қайта құру,

Банкроттық - кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады.

Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР “Азаматтық кодексінің” 52-, 53-, 54-, 55-, 56-, 57-баптарында, “Банкроттық туралы” заңда (21. 1. 1997) көзделген. Осы актілерге сәйкес Банкроттық ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Алайда борышқор арызын соттың тиісті шешімінсіз кері қайтарып ала алмайды. Ал, ықтиярсыз Банкроттық туралы іс қозғауға кредит берушінің талабы негіз болады. Кейде фирмалардың алған қарыз ақшаларын жасырып қалу мақсатымен “жалған Банкроттыққа” ұшырау деректері де кездеседі. Бұл теріс әрекет ретінде танылып, заңмен қудаланады. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның кредит берушіге қарызын және басқа да міндетті төлемдерін өтеу туралы үшінші жақтың кепілдігі болмаған жағдайда сот баспасөзде борышқордың қаржы жағдайын жақсартып, кредит берушілердің тілек-шағымдарын қанағаттандыруына жәрдем беруге қабілетті заңи тұлғалар мен азаматтарға арналған тендр жариялай алады. Егер бір ай ішінде мұндайлар табылмаса, кәсіпорынның Банкроттықғы туралы іс заң құжаттарында көрсетілген тәртіппен қаралады да кәсіпорын мемлекеттік тіркеу регистрінен шығарылып, таратылады. Заңды тұлғалардың банкроттығы жағдайында оның салдары атқарушы директорға әсер етуі мүмкін. «ЖШС туралы» Заңның 44-бабына сәйкес, басшылық өзінің міндеттерін орындауға немқұрайлы қарағаны үшін келтірілген шығынның бір бөлігі үшін жауап береді.

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімімен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. «Банкроттық туралы» заңына сәйкес, қарыздарды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекке ақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектілерінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндетемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағатсыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.
Борышқордың дəрменсіздігі туралы сот шешімін мойындау кəсіпорынды тарату үшін негіз болып табылады. Ақшалай міндеттемелер, сонымен қатар кəсіпорын мүлкінің есебінен еңбекақы, бюджеттік жəне бюджеттік емес қорларға төлем төлеуді қоса кредитордың талаптарын қанағаттандыру борышқордың дəрменсіздігі жəне қабілетсіздігі болып табылады. Банкроттық, сондай-ақ ерікті түрде, борышқордың сотқа жазған арызы бойынша немесе соттан тыс тəртіпте кредитормен келісімге келу негізінде борышқорды ресми түрде банкрот деп жариялау арқылы анықталады. Осыған байланысты қасақана жəне жалған банкроттық деген ұғым пайда болады:
- жалған банкроттық - кредиторға тиесілі борыштың мерзімін ұзарту жəне жұртшылықты шатастыру үшін борышқордың банкрот деп танылғандығы туралы оны сотта əдейі жалған жариялау;
- қасақана банкроттық - бұл борышқордың төлем қабілетсіздігіне əкелетін, борышқор немесе меншік иесінің жеке мүдделеріне немесе басқа тұлғалардың мүдделеріне қатысты жасаған əдейі жасаған іс-əрекеті.
Баланстың қанағатсыз құрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін. Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:

  • экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
  • инфляцияның аса жоғары деңгейі;
  • фирманың бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
  • бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін, өнім бағасының төмендеуі.

2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептері:

  • банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
  • жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
  • өндіріс көлемінің төмендеуі;
  • ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағларының жақындауы;
  • ақталмаған жоғары шығындар;
  • өнімнің төменгі табыстылығы;
  • өндіріс көлемінің өте төмен болуы
  • үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
  • ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.

Банкроттықты сот борышқордың өтінішінің негізінде немесе кредитордың «Банкроттық туралы» ҚР Заңында өкілеттік берілген тұлғаның сотқа берген өтінішінің негізінде анықтайды.

2. Кез-келген компанияның өмірінде, олардың банкроттық жағдайына келуі кездесіп тұрады. Көптеген компаниялар осындай жағдайлардан кейін өз жұмысын тоқтатқан, ал кейбіреулері мұндай қиындықтарды жеңе отырып өз жұмыстарын жалғастыру үстінде.
Белгілі-бір құқық субъектілерінің банкроттығын реттеуші заңдар және нормалар банкроттық процедурасын жүргізу кезінде ерекше орынды алады. Мінеки сондықтан олардың тәжірибедегі жетілмеуі өте күрделі құқық бұзушылыққа алып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында заңдарды Жетілдіру Қазақстан Республикасының дамуының бір әдісі ретінде атап өтеді. Жалпы мемлекет алдында нарық қатынастарын реттеуші норматив- тік-құқықтық базасын жасаудағы басты мақсат пайда болды. Атап өтетін нәрсе оның ішінде кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық процедурасы қамтылып өтті. Менің таңдап алған дипломдық жұмыстың өзектілігі, нарықтық қатынастардың және олардың реттеу қағидаларының жаңашылдығында мәселенің жаңашылығында болып табылады. Банкроттық институтының жеткілікті әрекет етуінен еліміздегі көптеген ірі кәсіпорындардың, көптеген жеке фирмалардың, және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысушы жеке кәсіпкер тұлғалардың экономикалық жағдайы тәуелді болады. Банкроттық жүйесі инвесторлар қаражатының қайтарымдылығына кепілдікті ғана қарастырмай, сонымен қатар бұл еліміздегі қаржы жағдайының тұрақтылығына кепілдікті қамтамасыз етеді.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі борышқордың сотқа өтініші немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге адамдардың сотқа өтініші негізінде сот шешімімен банкрот деп жарияланады.
Дара кәсіпкердің банкроттық рәсімі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі бөлігіндегі ерекшеліктермен заңды тұлғалар үшін белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Заңды тұлға болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектісін қайта ұйымдастыру немесе тарату жеке кәсіпкерліктің нақты ұйымдық-құқықтық нысаны үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
№ 101-IV Дара кәсіпкердің қызметі ерікті немесе мәжбүрлеу тәртібімен, сондай-ақ осы Заңда көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.
Дара кәсіпкердің қызметі өзіндік кәсіпкерлік кезінде - дара кәсіпкер өз бетімен, бірлескен кәсіпкерлік кезінде - барлық қатысушылар бірлесіп қабылдаған шешім негізінде кез келген уақытта ерікті түрде тоқтатылады.
Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін тіркейтін органға кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы өтініш береді.
Бірлескен кәсіпкерлікті тоқтату туралы шешім, егер ол үшін оған қатысушылардың жартысы дауыс берсе, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, қабылданды деп саналады. № 101-IVред
Жеке кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда:
1) ол банкрот деп танылған;
2) тіркеу кезінде жіберілген жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға байланысты дара кәсіпкерді тіркеу жарамсыз деп танылған;
3) қызметін күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған; № 101-IV
4) ол қайтыс болды деп жарияланған; № 101-IV
5) ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады.
Осы бапта көзделген негіздемелерден басқа, дара кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда:
1) өзіндік кәсіпкерлік - дара кәсіпкер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке кәсіпкерлік қызмет
Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі және жеке кәсіпкерлікті бақылау
Кәсіпкерлердің банкроттығы
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері
Жеке кәсіпкерлік субъектісі
Жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың құқықтық мәселелері
Кәсіпорындардың банкроттығы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Кәсіпкерлік құқықтың принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz