Әбу насыр фараби және оның ғылыми - философиялық еңбектері және трактаттары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Педагогикалық психология» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы : «Әл-Фараби - түркі және ислам өркениетінің ойшылы»
Орындаған: Мэлс Нұрдана
Тобы: ПИП 21-1
Қабылдаған: Рысмбетова Н.
Тараз 2022
Мазмұны
І. Кіріспе
ІI. Негізгі бөлім
1. «Әл-Фараби - түркі және ислам өркениетінің ойшылы».
2. Әбу насыр фараби және оның ғылыми-философиялық еңбектері және трактаттары
3. Философиялық көзқарастары.
4. Әл-Фарабидің «Ғылымдар классификациясы» атты еңбегіндегі негізгі идеялар
5. ІII. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпактан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әл-Фараби (870-950) болды.
1. Әл-Фараби - түркі және ислам өркениетінің ойшылы.
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби ат-Түрки - Шығыс ойшылының толық аты. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққан, бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы.
Көрнекті ғалым, философ, математик, музыка теоретигі Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға құятын сағасында орналасқан Фараб қаласында (қазіргі Қазақстанның Түркістан облысының Отырар ауданы) дүниеге келген.
IX-X ғасырларда Фараб (Отырар) қаласы - ірі саяси, мәдени және сауда орталығы, ортағасырлық Еуропа мен Азияны байланыстырып, көптеген саяхатшылар мен саудагерлерді қызықтыратын Ұлы жібек жолының керуен жолдарының торабы болды. Әбу Насыр 20 жасына дейін өзі өмір сүрген Фараб қаласында ғылыми білімнің негізін алды. Мұнда оның Отырар кітапханасының философиялық және ғылыми еңбектерімен танысу мүмкіндігі болды. Отырар кітапханасы кейбір ғалымдардың пікірінше сол кездегі атақты Александрия кітапханасынан кейінгі ең бай және кітап пен қолжазбалар саны бойынша әлемде екінші кітапхана болып саналды. Өсе келе ол Бухараға, Самарқандқа, Шашқа (Ташкент) барып, біраз уақыт оқыды, жұмыс істеді.
Білімін жалғастыру үшін Әбу Насыр Араб халифатының мәдени және саяси орталығы болған Бағдадқа барады. Дәл осы жерде әйгілі аудармашылар мектебі жұмыс істеді. Олар Платон, Аристотель, Гален, Евклидтің еңбектерін аударып, бұл еңбектерге ғылыми түсініктемелер жазатын. Бағдадта Әбу Насырдың тәлімгерлері Джуханна ибн Хайлан және араб тіліндегі ежелгі мәтіндердің атақты аудармашысы Абу Бишр Матта болды. Ғалым әл-Фараби ондаған тілдер мен диалектілерді меңгерді, ал түрік, араб, грек, парсы тілдерін жетік білген, оның дәлелі - жазған еңбектері.
Әл-Фараби Аристотель, Платон және басқа да ежелгі грек философтарының еңбектерінің түпнұсқасымен танысуға мүмкіндік алды. 941 жылы белгілі ғалым ретінде аты баршаға мәлім болған әл-Фараби Дамаскіге көшіп келіп, қалған өмірін осы қалада, ғылыми жұмыстармен айналысумен өткізеді.
Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельдің және Платонның шығармаларына жазылған түсініктемелердің авторы. Осыған байланысты әл-Фараби Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанды. Әл-Фараби Аристотельдің «Категория», «Герменевтика», «Софистика», «Риторика», «Логика» және «Поэтика» сияқты туындыларына, сонымен қатар Порфирийдің «Философияға кіріспе» сияқты туындысына және басқа да ойшылдардың туындыларына түсініктемелер жазды. Фарабидің төл шығармаларының ішіндегі ең белгілілері - «Даналық маржандары», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Философиялық трактаттар» және «Музыка туралы үлкен кітап».
Еуропада XII-XIII ғасырларда әл-Фараби еңбектері латын және иврит тілдеріне аударыла бастады. 1930-1932 жж. Парижде француз ғалымы барон Рудольф д’Эрланже «Музыка туралы үлкен кітаптың» бірінші бөлімін француз тіліне аударып, жарыққа шығарды.
2. Әбу Насыр Әл-Фараби және оның ғылыми-философиялық еңбектері және трактаттары
Әбунасыр оқуды өте ерте бастаған. Бастапқы білімді ол туған қаласы Отырарда алады, одан соң Хорасанға барады. Кейінірек білімін онан сайын толықтыру мақсатында араб мәдениетінің орталығы Бағдатқа кетеді. Ғылым-білімге өте құмартқан зерек Әбунасыр мұсылман бола тұра, тіпті кәпірлерден сабақ алудан тайсалмайды. Мәселен, тәуіптік өнер (медицина) мен логиканы христиан оқымыстысы Юханна ибн Хайланнан, ал жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін атақты аудармашы Әбу Башар Маттадан (ол да христиан) үйренеді. Бір нұсқада Фараби осы шәкірт шағында атақты оқымысты Абубәкір ибн Сиражбен жақын араласып, оған логиканы үйретіп, одан астрономияны үйренген деп айтылған. Фараби түркі, араб, парсы, грек және басқа тілдерді жетік білген. Кейбір деректер бойынша тіпті ол 70 тіл білген деп те айтылады. Бұл әрине, асыра дәріптеу болар.
Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше меңгеріп, аса зор табандылық көрсеткен, орасан мол табыстарға жеткен адам. Ол, әсіресе, грек ғылымы мен философиясын, ең әуелі Аристотельдің бай мұрасын игеруді қолға алған. Мұнда ол аса үлкен шыдамдылық пен ыждаһаттылық көрсетеді. Бір аңыз бойынша, ол Аристотельдің «Жан туралы» дейтін еңбегін жүз рет, «Табиғи гармониясын» қырықрет, «Риторикасын» екі жүз рет оқыған көрінеді.
Міне осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің ұстазы деген дәрежеге көтерілді. Ол алғашқы кезде Бағдатта істейді, кейіннен Дамаскіде, сонан кейін Алеппода (Сирия) әмірі Сайф әд-Дауланың қарамағында болады. Фараби өз бетінше ғылыммен үзбей шұғылдана берген. Мәселен, бір әңгіме бойынша ол Дамаскіде жүрген кезінде күндіз кала шетіндегі бау-бақшада қарауылдық қызмет атқарып, күндіз тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түнімен ғылыми жұмыспен шұғылданады екен. Фараби өте қарапайым, канағатшыл кісі болған, жұпыны киініп, ырду-дырдудан барынша аулақ жүруге тырысқан.
Фараби өлерінің алдында Египетке барып қайткан. Ол бұрынырақ өз отаны - Түркістанға да барған, кейбір мағлұмат бойынша сол тұстағы Бұхардың әмірі Мансұр ибн Нұхтың өтінуі бойынша «Екінші тәлім» (Ат-Таһлім ас-сани) атты еңбек жазған. «Екінші ұстаз» деген лақапты осы оқиғаға байланысты алған дейді. Фараби хиджра есебі бойынша 339 жылы раджаб айында (бізше 950 жылғы желтоқсанның аяғы немесе 951 жылғы қаңтардың басы) Дамаскіде қайтыс болады. Ізгі мемлекет (қала) туралы ілімін жасауда Фараби Платонға еліктеп мемлекетті әрбір мүшелері белгілі бір қызметті аткаратын адам тәніне ұқсас етіп қарастырады. Осыған сәйкес ізгі мемлекеттегі феодалдық құрылыс суреттеледі. Идеалистік түрде жақауратып айтылғанмен Фараби топшылауында адамдар арасындағы теңсіздік, артық-кешілік анық сезіледі. Мысалы, халық - мемлекеттің жүрегі саналғанымен, олар да күн көріс қамын, харекетін жасауға, ойлауға мәжбүр (ішіп-жеу, үйлену-жайлану т. б. ) Фараби мұндай теңсіздікті, әділетсіздікті жоюдың бірден бір жолы ағартушылық, адамгершілік тәрбиесін күшейту деп қорытады. Феодалдық әділетсіздік езгі мен зорлық-зомбылық өріс алып тұрған сол ауыр заманның өзінде-ақ ол зорлықсыз, қанаусыз әділ қоғам болуы мүмкін деген батыл утопиялық (қияли) болжам жасайды. Фараби ондай ізгі мемлекеттің тууы, ең алдымен мемлекет басшысына, оның ақыл-парасатына, ғұламалығына, талантына, тәрбиесіне тікелей тәуелді деп қорытынды жасайды (ағартушы-философ әкім идеясы) . Кемеңгер-ойшылдың бұл пікірін түгелдей теріс деп айтуға болмайды.
3. Философиялық көзқарастары.
Әл-Фараби еңбектерінің ең маңызды аспектілерінің бірі оның антикалық мұраларға тарихи-философиялық анализ жасауы. Ең басты қызықтылығы оның Платон мен Аристотельді бір-біріне қарама-қайшы зерттеуі емес, керісінше олардың ортақ ақиқатқа бірдей ұмтылысын, олардың ұқсастығын жан-жақты зерделеуі.
Әл-Фараби Аристотельдің логика, диалектика, риторика, поэтика салаларына шығармаларына пікір қалдыра отырып, өзінің философиялық ойларының басқа білімдерден артықшылығын айқындай кеткен шығыс перипатетиктерінің арасынан бірінші болды.
Философия адам жан дүниесін мәңгілік ететін, рационалды дәлелдеуге сүйенетін, ақиқат танымын ұғынуға барынша жақын, адамға саналы түрде бақытқа жолын ашады дейді. Осыған сүйене отырып, қоғамды басқару қызметін, философ-басқарушы атқаруы тиіс деп есептейді. Сол кезде ғана ол мемлекеттің халқы бақытты да мемлекет зағдарын құрметтейтін адал болады деп есептейді. Философ пен ағартушы билеушінің негізгі практикалық міндеттерінің бірі - философиямен қатар, шынайы дінге енген элитарлық білім ретінде құрылуы.
Мемлекеттік жүйенің көрінісі әл-Фараби суреттеген әлемдік тәртіптің жалпы көрінісіне ұқсас. Әлемнің тіршілік етуінің негізі- бұл бастапқы негіз. Әл- Фараби іліміндегі маңызды сәт- жан мен дененің бірлігіғ жансыз дененің болмауы мүмкін еместігі туралы бірнеше рет баа айтқан жан мен ақыл туралы түсінік. Әл-Фарабидің философиясын зерттеушілер оның бұл саладағы трактаттарын терең талдай келіп Фарабидің философиялық мұрасында үш басты жайтты атап көрсетеді: дүниенің мәңгілігін тану, детерминизм - зерттеу принципі, яғни себептілік сыр-сипатын ашу - ғылым-білімнің қайнар көзі; адам жанының өшпейтіндігін теріске шығарған ақыл туралы ілім. Бұл үш принцип - Фарабидің философиясының биік шоқтығы және ерекшеліктері болып саналады. Әрине, ғылымның даму деңгейі, саяси-әлеуметтік жағдайлардың салдарынан бұл мәселелер туралы ол кейде кері шегініс жасауға мәжбүр болады. Мәселен, дүниенің мәңгілігін, басының болмағанын мойындау ресми дін өкілдерінің дүниені құдай жаратқан деген доктринасына қайшы келеді. Фараби бұл жағдайда құдай бірінші, дүние екінші кезекте деген сияқты бұлдыр да бұлтарыс түсінік береді. Фарабидің пікірінше қозғалыс - мүмкіндіктен шындыққа көшу, уақыт та мәңгілік, ол қозғалыстың сипаттамасы (характеристикасы) . Ақыл туралы ілім Фарабидің философиядағы ірі жетістіктері санатына қосылады. Мұндағы ақыл ұғымы кең, бүкіләлемдік мағынада қарастырылып, оның космологиясына тірек болды. Әрекеттегі яғни жасампаз ақыл (яғни бірінші қозғаушы. Аристотельге айтканда, ойлаудың ойлауы) болмыс түзілісіндегі (иерархиясындағы) жоғарғы сатылардың бірі. Ең жоғарғы сатыны түпкі себеп - Алла иемденеді. Алладан кейінгі екінші сатыны - аспан денелері, болмыстың үшінші сатысы әрекеттегі ақыл және оған сай негізгі төрт элементтен (топырақ, су, ауа, от) тұратын ай асты әлемі. Болмыстың төртінші сатысы - адамның жаны. Ең төменгі бесінші сатыны форма мен материя алып жатыр. Бұл схемада бір жағынан әлемнің жаратылысы мен аспан мен жердің алшақтығы жайлы ресми мұсылман дінінің кағидаларына сәйкес келсе, екінші жағынан дүниеге материалистік, эволюциялық даму тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді.
Фарабидің көзқарасы бойынша, жасампаз акыл немесе ғарыштық (космостық) ақыл ай асты әлеміндегі бүкіл қозғалыстардың себебі ғана емес, ол - жер бетіндегі тіршілікке тән ақыл, бұл дүниенің заңдылығын реттеуші, билеуші. Әрбір тіршілік иесінің ақылы тек әлемдік, космостық ақылға қатысты дамиды, өркендейді. Ал әлемдік ақыл мәңгілік. Жеке тіршілік иесі өткінші. Осыдан барып жан өлмекші емес деген қағида теріске шығып діннің сара жолымен философияның талас мәселесі жанның ауысып, көшіп жүреді деген идея мансұқ етіледі. Фараби бұл аса маңызды да, мәңгі проблема бойынша анық бір пікірді ұстамағаны байқалады. Көп жағдайда ол жан өлмейтіні жайлы тезисті ашық қуаттайды. Бірде ол Аристотельдің идеясын қолдап дамытып жанның мәңгілігін бір адам үшін емес жалпы адамзатқа тән қабілет ретінде қарастырады.
4. Әл-Фарабидің «Ғылымдар классификациясы» атты еңбегіндегі негізгі идеялар
Аристотель және басқа гректің ұлы ойшылдарының еңбегінде математиканың көптеген философиялық-методологиялық мәселелері шешімін тауып, бұл ғылымның болашақ дамуының жолдары белгіленген.
Олардың математиканы философиялық негіздеуінде бірсыпыра осал, әлсіз жерлері болғанмен, ғылымның даму деңгейіне сай дәл тауып айтылған пайымдаулар мен тұжырымдары ғылымды дұрыс жолға бағдарлап, ілгері дамытуда үлкен кызмет атқарды.
Алайда эллиндік грек ғылымының, әсіресе математиканың Аристотельден кейінгі қол жеткен орасан зор жетістіктері Бағдат мектебінде жинақталған математикалық жаңалықтар (мысалы қазіргі алгебраның бастамасы) дұрыс философиялық негіздеуді, талдауды және сара бағыттауды қажет етті. Римдік дәуірдің соңына таман өмір сүрген философ-математиктер (мысалы, неоплатониктер) бұл мәселені шешуді қолға ала бастайды.
Бірақ олар Платонның математика жөніндегі идеалистік жолын қуып, Аристотельден басталатын ғылыми-материалистік элементтерді ұмыт қалдырады немесе өңін теріс айналдырады.
Араб математикасын қоғамдық прогреске, жаратылыстану ғылымдарының кажеттілігіне сай дамыту бірсыпыра іргелі принципті математика философиясы проблемаларын шешуді талап етті. Мұндай мәселелер алғаш арабтың ойшыл-энциклопедист Әбу Юсуф әл-Киндидің (IX ғ. ) еңбектерінде қойылып, әл-Фарабидің ғылыми-философиялық шығармаларында сол заманға лайық дұрыс шешімін тапқан деп айтуымызға толық дәлеліміз бар.
Философия мән тұрғысынан гректік болып саналады. Мұны орта ғасыр кезеңінде болсын, жаңа дәуір кезеңінде өмір сүрген теріске шығарған бірде-бір философ жоқ. Сол сияқты әр тарихи кезең философиясы өзіндік түр мен ерекшеліктерге ие.
Бірақ грек философиясы мен Ислам философиясының кейбір ортақ мәселелер төңірегінде келіспейтін тұстары бар, сондықтан бұл мектептердің негіздері бір деп айтуға болмайды.
Бұл мектептерді бір-бірінен ажыратып тұратын ерекшеліктері жалпы түрде былай анықтауға болады ─ ол философияның басты сұрағы болмыс, яғни ол (сол зат) не үшін бар деген сұрақ. Соған сәйкес тарихта бұл сұраққа берілген жауаптар да әр түрлі болды. Платонның айтқан ойларына сәйкес келмесе де, философтардың ортақ тұстары көп болғанымен, Аристотель бұл сұрақтарға өзінше жауап берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz