Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану
Халықаралық Тараз Инновациялық Институты
Жалпы Педагогика кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Ақпараттық технологиялар және оның түрлері
Орындаған: Альбек Зарина
Қабылдаған: Қыдырбек Абдіғаппар
Тараз 2022
Мазмұны:
Ι АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
1.1 Ақпараттық технологияның түсінігі мен сипаттамасы
1.2 Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру
ΙΙ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану.
2.2 Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері
Кіріспе:
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Білім берудегі АКТ ұғымы оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары , қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары , компьютерлік оқыту технологиялары және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыруды көздейді.
Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты- заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушылар мен студенттерді тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді араластыру болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар деп локальдық, аймақтық, бүкіл әлемдік желілерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен кешендерді (бағдарламалау тілдері, транслятор, копиляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға арналған инструментальды пакеттер), мультимедианы, телекоммуникацияны, виртуальды ақпараттар жиынтығын айтамыз.
Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін одан әрі дамыту үрдісін оқып-үйренудің ақпараттық ресурстары болып табылатын программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары болып табылатын электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар.
Ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі білім саласын ақпараттандыру болып табылады. Қоғамымызды құрайтын тұрғындардың ой-еңбегінің жемісі болып табылатын ақпараттық ресурстарды күнбе-күн пайдалану ісі қарқындап дамып келе жатқан өскелең ұрпақты ізденісі мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек екендігін анықтап отыр.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз берілетін білім сапасын арттыруды жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі технологияларды тиімді жаңа типті ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды дамыту мен нақты түрде практикада жүзеге асыру шаралары.
Негізгі бөлім:

1.Ақпараттық технологияның түсінігі мен сипаттамасы
Ақпараттық технология (Информационная технология; information technology) - біріншіден, объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс. Екіншіден, ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.Ақпараттық технология(немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының Білім беру Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.
Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық пен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.
Жаңа ақпараттық технологияны қолданып оқытуды ұйымдастыруда кедергі келтіретін басқа да негізгі факторларды атамай кетуге болмайды.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп жаңа типті оқыту, әр оқушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Жаңа мыңжылдық -бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсі-нуге, болашақты барынша дұрыс анақтайтын уақыт.
Үшінші мыңжылдық кезеңінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі ашылды да, ал оның ең анықтаушы рөлін ақпарат түсінігі атқарады.
2.Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру
Сапалы білім негізі - ақпараттық технология.Адам ұрпағымен мың жасайды - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі-жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолдану. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2)Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Деңгейлеп саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Ақпараттандыру - бұл ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және тиімді пайдалану негізінде мемлекеттік басқару органдары мен азаматтардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай құру.
Ақпаратық технологиялардың даму қарқындылығы соншалықты жылдам, тіпті кез-келген жаңа нәрсе мен жаңалық пайда болып үлгермей, әрбір үйге жетіп жатады.
Білім беру мекемелерін компьютерлік техникалармен жабдықтау мәселесі соңына дейін толық шешілген жоқ, күн тәртібінде қазіргі уақытта басқа мәселе тұр- ол компьютерлік техниканы қалай дұрыс пайдалану керек деген мәселе.
Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміз негізгі тұжырымдамасы өркениет дамуының жаңа тарихи фазасынан құрылған негізгі тұжырымдамасы ақпараттық қоғам құру курсын қолға алды. Оның негізі - ақпарат және білім.
Білім беру саласын ақпараттандыру жағдайында кез - келген тұлғаға ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық - комуникациялық технология құралдарын білім алуда қолдану мен оның мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажет.
Компьютер техникасын тиімді пайдаланудың өлшемі болып, оны басқа да пәндерді оқыту кезінде қолданады.
Біріншіден, Ғаламторда көптеген материалдарды іздеуге қалыптасқан, онда түрлі пәндерді оқыту бойынша сабақтардың толық кешендері; екіншіден - компьютерлер уақытты үнемдеуге, көрнеклік материалдарды тиімді пайдалануға болады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру ісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу міндетін қояды.
Білім мазмұнын жүзеге асыру үшін дәстүрлі оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерін түбегейлі өзгерту негізгі мәселенің бірі болады.
Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты - заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады.
Бірақ ақпараттық технологияларды дамыту мен оларды пайдалану тек алдыңғы қатарлы техникалық деңгейді талап етіп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдануға қажет білім мен оны қолдану аясын, яғни қоғамның интеллектуалдық (зерделік) потенциалы болуын керек етеді. Мұндай талап алдымен білім беру жүйесін күшейтуді қажет етіп, оның қоғамдағы рөлін міндетті түрде жоғары дәрежеге көтереді.
Оқыту үрдісіндегі оқушының белсенділігі дидактиканың негізгі талаптарының біріне саналады. Оқушылардың мұндай белсенділігі мақсатты бағытталған басқарушылық педагогикалық іс-әрекеттердің және сабақтарда қолданылатын педагогикалық технологиялардың тікелей салдарынан келіп туындайды. Оқушы оқып үйренетін материалды жақсы және барынша терең түсінеді және алған білімі неғұрлым ұзақ уақыт жадында қалады.

2.1 Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану
Білім берудің жүйесінің негізі - мектеп болғандақтан, мектепте жаңа технологияларды кеңінен пайдаланудың маңызы ерекше. Сол себепті еліміздің барлық білім беру ошақтары қазіргі озық технологиялармен жабдықталып, мультимедиялық кабинеттер ашылды.
ХХІ ғасырда әлем өркениеті жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл кезең кез-келген мемлекеттің даму деңгейін табиғат ресурстарымен емес, интеллектуалдық, шығармашылық потенциалымен, ғылымда жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру, өндіру жетістіктерімен анықтайды. Осы тұрғыда білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру ақпараттық білім кеңістігін қалыптастыруға алып келеді.
Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz