Компьютерлік желінің анықтамасы


Компьютерлік желілер
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Компьютерлік желі ұғымы және түрлері
2. Компьютерлік желілермен жұмыс істеу кезінде қолданылатын негізгі түсінік және анықтама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network ) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.
Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі - Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.
Компьютерлік желінің классификациясы және аймақтық желілерКомпьютерлік желілерді бірнеше тәсілмен санаттауға болады. Бір әдіс желінің географиялық аймағына сәйкес анықтайды. Жергілікті желілер (LANs), мысалы, бір үй, мектеп немесе шағын кеңсе ғимаратын қамтиды, ал кең ауқымды желілер (WAN) қала, мемлекет немесе тіпті бүкіл әлем бойынша жетеді. Интернет әлемдегі ең үлкен WAN болып табылады.
Желіні жобалауКомпьютерлік желілер жобалау тәсілдерінде де ерекшеленеді. Желілік дизайнның екі негізгі формасы клиент / сервер және peer to-peer деп аталады. Клиент-серверлік желілерде клиенттік компьютерлер мен басқа клиенттік құрылғылар арқылы қол жеткізілетін электрондық пошта, веб-беттер, файлдар немесе қосымшаларды сақтайтын орталықтандырылған серверлік компьютерлер бар. Тең-теңімен байланыс желісінде, керісінше, барлық құрылғылар бірдей функцияларды қолдайды. Клиент-серверлік желілер іскерлік және тең-теңімен байланыс желілерінде үйде жиірек кездеседі.
Желілік топология оның орналасуын немесе құрылымын деректер ағыны тұрғысынан анықтайды. Автобус желілерінде, мысалы, барлық компьютерлер ортақ желі арқылы ортақ пайдаланып, бір-бірімен байланысады, ал жұлдыз желісінде барлық деректер бір орталықтандырылған құрылғы арқылы өтеді. Желілік топологиялардың жалпы түрлері автобус, жұлдыз, сақиналық желілер мен тор торларын қамтиды.
Компьютерлік желі
Басқа желілерді инженерлер құрастырып, ұстап тұрса да, үй желілері әдеттегі иелеріне тиесілі. Түрлі өндірушілер үй желісін орнатуды жеңілдетуге арналған кең жолақты маршрутизатор аппаратурасын шығарады. Үй маршрутизаторы әртүрлі бөлмелердегі құрылғыларға кең жолақты Интернет қосылымын тиімді бөлісуге, адамдарға желі ішіндегі файлдар мен принтерлерді оңай бөлуге көмектеседі және жалпы желілік қауіпсіздікті жақсартады.
Үй желілері жаңа технологиялардың әрбір буынымен мүмкіндіктері артты. Бірнеше жыл бұрын, адамдар көбінесе бірнеше компьютерді қосып, кейбір құжаттарды және мүмкін принтерді қосатын үй желісін құрды. Енді үй шаруашылықтары үшін ойын консолі, сандық бейнемагнитофондар және дыбыс пен бейне ағыны үшін смартфондар қолдануға болады. Үй автоматтандыру жүйелері көптеген жылдар бойы қолданыста болған, бірақ олар сондай-ақ шамдарды, цифрлы термостаттар мен аспаптарды басқарудың практикалық жүйелерімен жақында танымал болды.
1. Компьютерлік желі ұғымы және түрлері
Ақпаратты бірінші компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін дискеттер, компакт-дискілер қолданылады. Егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса және жұмыс кезінде онымен ұдайы алмасып отыру қажет болса, онда мұндай әдіс қолайсыз болады. Сондықтан, компьютерлер дамуының бастапқы кезеңінде-ақ оларды арнайы кабельдердің және басқару бағдарламаларының көмегімен жалғастырып, компьютерлер арасында нақты уақыт режимінде деректермен алмасу ойы пайда болды. Компьютерлерді осылайша бір-бірімен байланыстыруды компьютерлік желі деп атады.
Компьютерлік желі
- бұл әртүрлі қорларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. Желіге енетін компьютерлер бірігіп пайдалана алады:
- Мәліметтерді;
- Хабарларды;
- Принтерлерді;
- Факстік аппараттарды;
- Модемдерді;
- Басқа да құрылғыларды.
Желінің түрлері. Желінің екі түрі бар: жергілікті желі және ауқымды желі .
Бір-бірімен қатар орналасқан компьютерлерді біріктіретін жүйелер жергілікті желі деп аталады. Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі.
Егер желі үлкен қаланың, елдің немесе дүние жүзінің компьютерлерін қамтитын болса, онда оны ауқымды желі деп атайды.
Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады.
Желіге біріктірілген компьютерлер алатын орнына байланысты бір-бірінен ажыратылды. Компьютер немее сервер, немесе клиент болады. Компьютерлік желінің ортақ мәселелерін орындайтын және жұмыс станцияларына қызмет көрсететін компьютерді сервер деп атайды. Серверлер көбінесе ортақ ақпаратты сақтау қоймасы немесе желі жұмысын басқару орталығы болып табылады. Клиент - желілік ресурстарды қолданатын, желіге қосылған кез-келген компьютер.
Барлық желілердің қандай да бір ортақ компоненттері, функциялары, мінездемелері болады. Оған келесілер жатады:
- Серверлер - ресурстары желіні пайдаланушыларға ортақ болатын компьютер;
- Жұмыс станциялары - серверлер ұсынатын желілік ресурстарды қолданушы компьютерлер;
- Желілі орта - компьютерлердің бір-бірімен байланысу тәсілі;
- Бірлесіп қолданатын мәліметтер;
- Бірлесіп қолданатын шеткі құрылғылар, мысалы: принтер, CD-ROM ресурстары;
- Ресурстар - желіде қолданылатын файлдар, шеткі құрылғылар және басқа да элементтер.
Жоғарыда аталып өткен ұқсастықтарына қарамай, желілер екі түрге бөлінеді:
- Бір рангілік желілер
- Сервер негізіндегі желілер
Бір рангілік желілер. Мұнда файл-сервер немесе баспа сервері ретінде пайлаланылатын жеке компьютерлер болмайды. Кез-келген станцияда отырған адам өз компьютерін сервер ретінде пайдаланып, басқа компьютерлермен мәліметтер алмаса береді. Бір рангілік желілер әдетте, 10-нан аспайтын компьютерлерді біріктіреді. Оларды жұмыс тобы, яғни қолданушылардың кішігірім ұжымы деп те атайды.
Сервер негізіндегі желілердің құрамында бір немесе бірнеше компьютерлерде арнайы желілік операциялық жүйе іске қосылады. Олардың негізгі қызметі - әрбір жеке компьютер иесіне желі ресурстарын пайдалануды қамтамасыз ету.
2. Компьютерлік желілермен жұмыс істеу кезінде қолданылатын негізгі түсінік және анықтама
Компьютерлік желі (КЖ) немесе ЭЕМ желісі деп ақпаратты-есептеуіш жұмыстарын орындаған кезде есептеуіш дәрменділігін және есте сақтаушы құралдарын тиімді қолдану үшін желілік программалық қамтамасыздандару және өзара деректерді беру каналдарымен байланысқан ЭЕМ-дың территориялық кешенін айтады. Сондықтан компьютерлік желілерді аппараттық, пограммалық, ақпараттық территориясы бойынша бөлінген жүйе ретінде қарастыруға болады, сонымен бірге техникалық құралдар компьютерлік желінің потенциалын, ал прогаммалық қамтамасыздандару нақты мүмкіндігін ашып береді.
Жалпы жағдайда компьютерлік желілер бір біріне енгізілген үш ішкі жүйелердің жиынтығын құрайды:
- жұмысшы станциялар желісі
- серверлер желісі
- деректерді берудің негізгі желісі
Жұмысшы станциялар желісі - жұмысшы станцияларды олардың арасындағы желі арқылы сервермен және өзара байланыстыратын желі. Жұмысшы станция дегеніміз (клиенттік машина, жұмыс орны, абоненттік орын, терминал) -компьютерлік желінің абоненті жұмыс істейтін компьютер.
Серверлер желісі - серверлерді олардың арасындағы желі арқылы негізгі желімен және өзара байланыстыратын желі.
Деректерді тасымалдаудың негізгі желісі - серверлер арасында мәліметтер тасымалдау жиынтығы. Ол байланыс каналдары мен түйіндерінен тұрады. Байланыс түйіні деп коммутация құралдары мен бір пунктте мәліметтерді тасымалдау жиынтығын айтады. Байланыс түйіні байланыс каналы арқылы түскен мәліметті қабылдап алады да оны абонентке баратын каналға жібереді. Байланыс түрінің мысалы ретінде телефон станцияларын алуға болады. Желі түйіндерін байланыстырудың симметриялық сызбасын желі тапологиясы деп атайды. Желі топологиясының түрлері көп, олардың ішіндегі негізгілері: шиналық, сақиналық, жұлдыз тәрізді түрлері болып табылады.
Желі тапологиясын таңдау өте жауапты жұмыс, оны компьютерлік желінің жобасын жасамас бұрын анықтап алу керек. Желі тапалогиясы компьютерлік желі жасаудың соңғы кезеңінде өзгерту өте күрделі және қымбат тұратын мәселе. Жұмысшы станциялар желісінде моноканалдар (жалғыз канал), ал деректерді жіберудің негізгі желісінде - поликаналдар (моноканалдар жиынтығы) жиі қолданылады.
Компьютерлік желілерді ұйымдастырудың негізгі принциптері оның басты сипаттарын анықтайды:
операциялық мүмкіндіктері;
өндіргіштігі;
хабарды жеткізу уақыты
ұсынылатын қызметтердің құны.
Операциялық мүмкіндіктері
-деректерді өңдеудің негізгі әрекеттер тізімі. Компьютерлік желінің құрамына енетін компьютерлер, пайдаланушыларға осы желіде жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктерді беруі керек. Компьютерлік желілерді біріктірудің басты тиімділігі болып пайдаланушының желі ресурстанына толық ену мүмкіндігі саналады. Компьютерлік желілер көптеген компьютерлерде деректерді параллельді өңдеу мүмкіндігін береді және қажетті ресурстардың көшірмесін жасап, есептерді шешу уақытын қысқартады, жүйенің сенімділігін және нәтиженің анықтылығын көрсетеді.
Компьютерлік желінің өндіргіштігі
пайдаланушының есебін шешуге қатысатын компьютерлердің қосындысы. Компьютерлердің өндіргіштігі олардың процессорларының нақты өндіргіштігін көрсетеді.
Хабарды жеткізу уақыты желіге хабарды жіберген мезеттен адрестерге хабардың барған мезетінің статистикалық орташа уақыты алынады.
Желінің базалық топологиясы.
Желі түйіндерін байланыстырудың симметриялық сызбасын желі топологиясы деп атайды. Желі топологиясының түрлері көп, олардың ішінде негізгілері:
- шиналық
- сақиналық
- жұлдыз тәрізді
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz