Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Халықаралық Тараз Инновациялық Институты

СӨЖ
Тақырыбы : Рухани жаңғыру бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асыру жобасын дайындау

Тобы :ШТ-21-1
Орындаған :Сарсен Ақерке
Қабылдаған :Касымкулова Перизат

Тараз 2022
Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Елбасы бастамаларын жүзеге асыру бойынша ауқымды ақпараттық-имидждік жұмыс жоспары бекітілді, өңірлік жоспарларды іске асыру мақсатында жобалық офистер құрылды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, аударма бюросының жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 6 бағыт бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.
Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы
Елбасы Н. Назарбаев Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласында тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманауи білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды.
2017 жылы осы тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы қолға алынды. Жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық аударма бюросы құрылды.
Жобаның мақсаты - гуманитарлық бағыттағы әлемнің ең үздік оқулықтарын қазақ тіліне аударып, елдегі барлық жоғары оқу орнына жеткізу, сол арқылы гуманитарлық білім мен ғылымның мазмұнын жаңарту.
Аударылатын оқулықтарды іріктеу барысында 800-ден аса ұсыныс түсіп, арнайы жұмыс тобының қарауына жіберілді. Оқулықты таңдауда бірнеше талап ескеріледі:
Әлемнің ең озық 100 университетінің оқу бағдарламасында болуы;
Кемінде үш басылымда жарық көруі және соңғы 3 жылда басылып шығуы;
Мазмұнының бейтарап сипатта болуы;
Заманға сай, түрлі интерактивті қосымшаларының болуы.
Аталған талаптардың негізінде 47 оқулық аударылды. Әр оқулық 10 мың данамен басылып, еліміздегі 132 ЖОО-ға таратылды. Оқулықтардың басым бөлігі ағылшын тілінен, сонымен қатар француз және орыс тілдерінен аударылған. Бұл кітаптардың кейбірінің орыс тіліндегі нұсқасының болуына қарамастан, оқулықтың түпнұсқа тілінен тікелей аударылуына баса мән берілді. Іріктелген оқу құралдарын қазақ тіліне аударуға Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарының оқытушылары, білікті аудармашылар мен редакторлар тартылды.

Аударма барысында арнайы мамандардың ғана емес, оқырман тарапынан келіп түскен ұсыныстар да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани жаңғыру бағдарламаның үлгісінде елімізде мәдениет саласындағы бағдарламалардың тиімділігін бағалау
Ұлы дала оқу пәнінің мақсат, міндеттері және қызметі
1930-40 жылдардағы ана тіліндегі математика оқулықтары және олардың ерекшеліктері
Рухани жаңғыру бағдарламасы Туған жер
Ұлттық мектептерде жаңа жүйенің қалыптасуы
Рухани жаңғыру идеяларын білім беру саласына қолдану
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Туған жер
Түркі тілдес мемлекеттердің латын графикасына көшуінің маңызы туралы
Интуит бағдарламасы
Пәндер