Мәтін құрылымын түсіну - мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ

Тақырыбы: Ішкі жиынтық бағалауды өткізудің тәртібі

Орындаған: _________________
Тексерген:__________________
Тобы:ПжП 20-1

Тараз 2022

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Ішкі жиынтық бағалауды өткізудің тәртібі
ІІІ. Қортынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Оқу бағдарламасында және оқу жоспарында анықталған, оқу бағдарламасының мазмұнын оқушылардың білуі, дағдылары және түсінуі туралы дәлелді ішкі жиынтық бағалау береді. Ішкі жиынтық бағалау ҚР Ұлттық білім беру академиясымен ұсынылады. Бағалау барлық оқу мақсатын тоқсандағы оқу жоспарына сәйкес тексереді. Бағалаудың нәтижесін мұғалім және оқушылар оқушының оқудағы прогресін өлшеу үшін пайдалануына болады. ІЖБ нәтижесін, оқушылардың оқу бағдарламасының мазмұнын және қандай дағдыларды қаншалықты тиімді игергеніне сараптама жасауға болады. Қалыптастырушы бағалауда сияқты, осы ақпарат мұғалімдерге болашақта оқыту үдерісін жоспарлауға көмегін тигізеді.
Ішкі жиынтық бағалау бақылау жұмысы ретінде берілген, сондықтан ІЖБ өтерге дейін материалдар оқушылардан қатаң құпия түрінде ұсталынуы қажет. Олар жабық шкафта, оқушылар көре алмайтын жерде сақталуы тиіс. Тапсырмалар белгілі бір қызметкерлер кіруге ғана мүмкіндігі бар анықталған жерде сақталынады. ІЖБ негізінен мұғалімдер өткізеді, оқушылар ІЖБ жазғанда, кабинетте тек бір мұғалім болуы мүмкін. Мүмкіндігінше, кез-келген бос мұғалім ІЖБ өткізуде мұғалімге көмектесуі қажет. Бұл адам, көмекші бақылаушы рөлін атқарады және ол бас-бақылаушы мұғалімнен нұсқаулық алады. ІЖБ өткізу кезінде мұғалімдер және басқа бақылаушылар бағалауды тиісті деңгейде және тәртіппен өткізуді мұқият бақылаулары қажет, басқа іс-әрекет жасамаулары өте маңызды (мысалы, дәптер тексеру, ноутбукте жұмыс жасау). Бағалау кезінде барлық мұғалімдер мен қатысқан бақылаушылар шапшаң және зейін қоятын мұғалімдер болуы керек.
Ішкі жиынтық бағалау балл қою кестесіне сәйкес дайындалуы керек, олар мұғалімдерге тексеру үшін беріледі және критерийлерден тұрады, осыларға байланысты оқушының үлгерімі туралы шешім қабылданады. Ішкі жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін мұғалімдер балл қояды. Осы қойылған балдар салыстыруды қамтамасыз ету үшін әдістемелік бірлестіктің жетекшілерімен тексеріледі. Мұғалім әр жауаптың балдары мен нәтижелерінің дұрыс жазылғанын тексеруі керек.

Негізгі бөлім
Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу-жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқудан сақтандыру керек. Егер бала буындап оқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында жіберетін қателерін топтап көрсетсек, төмендегідей: 1. Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп оқушылық. 2. Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар. 3. Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып (оңда-онға, күзет-күжет т.с.с.) оқиды. Мұндай кемшіліктерді мұғалім алдын ала есепке алып, түзету жолдарын ойластырады. Тәжірибелі мұғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырады: 1. Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып, дағдыландырады. Мұндай жаттықтыру жұмысының түрлері әр қилы. Бірде оқулықтың өзінен әр оқушыға арнаулы тапсырмалар береді; екінші бір жағдайда карточкалар жасап, соларды әрқайсысына оқытып дағдыландырады; енді бірде дидактикалық материалдар пайдаланады т.б. 2. Осындай жұмыстарды орындау үйге де тапсырылады. 3. Қате оқыған сөздерді буынға бөліп оқытады немесе тақтаға буындап жазып көрсетіп, дұрыс оқуды талап етеді, ол сөзге талдау жасайды, кеспе әліппеден құрастырады т.б. 4. Қате оқыған сөздерді қайта оқыттырады. 5. Қате оқыған жерін класта тыңдап отырған оқушыларға түзеттіреді. 6. Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтырады. 7. Указканы қолданады. Бұл зейіндері тұрақсыз немесе көздері нашар көретін оқушылар үшін пайдалы және оқып отырған сөздерінің кітап бетінің қай жерінде екеніне бағыт береді, сөзді дұрыс оқуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлеңдегі қажет ақпаратты тауып, сұраққа жауап жаз
Мәшһүр Жүсіп шығармаларын лингвостилистикалық талдау
Мәтіннің мағыналық жайылу теориясы
Когнитивтік лингвистика
Поэзия аудармасының ерекшеліктері
Оқушылардың коммуникативтік дағдысын айтылым әрекеті ар0ылы қалыптастыру
Жазу - жазбаша мәтін жасауға бағытталған сөйлеу әрекетінің бір түрі
Мәтін анықтамалары
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Көп пропозициялы дискурс
Пәндер