Критериалды бағалау қағидалары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Рисунок 1

СӨЖ

Тақырыбы: Критерийлік бағалаумен байланысты түсініктер.

Орындаған: Нұрбекова. Қ.

Тексерген: Келимбетова А.

Тобы:ПжП 20-1

Тараз 2022

Жоспары

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Критерийлік бағалаумен байланысты түсініктер.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Критерийлік бағалаумен байланысты түсініктер.

• Критериалдық бағалау - оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т. б. ) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. .

Критериалды бағалау қағидалары

• Бағалау мақсаты кім жақсы, кім нашар екенін анықтау емес, әркімнің жоғары нәтижеге жетуіне жағдай жасау.

• Бағалау «жоспарлау-оқыту-бағалау» үдерісінің ажырамас бөлігі.

• Бағалаушы мен бағаланушы бағалау шарттары мен критерийлерін алдын ала білуі және айқын түсінуі керек.

• Даму мен жетістіктер туралы нақты ақпарат алу үшін бағалау шарттары мен критерийлері алуан түрлі болуы керек.

• Бағалау үдерісінің басты кезеңі бағалаушы мен бағаланушы арасындағы кері байланыс болып табылады.

• Мұғалім ғана емес, оқушы да жақын арада не жасау қажеттігін нақты түсінуі керек

• Өз қабілеттерін бағалауда оқушыға нақты ролдік үлгі керек.

Негізгі бөлім

Білім берудің мемлекеттік бағдарламасында білім беру ісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты бүгінгі заман талабына сай білім беру жүйесінің халықаралық талаптарға сай дамыту міндеті тұр. Бұл міндетті жүзеге асырудың бірден-бір жолы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін жаңашаландыру, яғни өмір бойы үздіксіз білім алуға көшу. Қазіргі уақытта мұғалімнің алдында тұрған жауапты міндет - білім алушыға тиянақты білім беру. Оқыту үдерісінде білім алушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімін туғыза білу, білім алушының білімге ынтасын көтере білудің маңызы ерекше. Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт - бағдар беру, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті. Осы заманғы әрбір жас маман тек дайын білім жүйесін қабылдап, оны қайталап қолдануға ғана емес, сонымен қатар күрделі стандартты емес мәселелерді шешу үшін қажет болатын шығармашылық қызметті де орындауға әзір болуы керек. Қазақстанда жоғары білім беру стандарттарын енгізумен қатар, ғылыми негізделген, студент білімін бағалайтын және бақылайтын диагностикалық әділ жүйені ұйымдастыру да - өзекті мәселенің бірі. Басқа сөзбен айтқанда білім беру жүйесінде студент пен оқытушы әрекеті барысында студент білімін әділ бағалау үшін қолайлы жағдай туғызу керек. Білімді бақылау және бағалаудың әдіснамасын құрып, жалпы қағидаларын анықтау мәселесі - қазіргі таңда оқытушылар арасында қызу талас туғызып отырған мәселенің бірі. Мұндағы, күтер нәтиже: қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім - тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан - жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Соңғы кезге дейін Қазақстанның оқу орындарында қолданылған, білім сапасын бағалайтын жүйе - бес балдық баға шкаласы болды. Мектептерде осы шкала әлі сақталған. Мұндай баға шкаласы тек сессия уақытында ғана емес, ағымдағы білім деңгейін бақылауда да қолданылды. Аталған мәселені шешу үшін қазір жұмыс жасап жатқан және келешекте жұмыс жасайтын 12 жылдық бейіндік мектептерде оқытудың мақсатына, міндетіне және күтілетін нәтижесіне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу қажеттілігі туындады. Сондықтан жаңа тұрпатты мектептерде жұмыс жасайтын болашақ педагогтар Критериалды баға технологиясын меңгеруі тиіс.

Қорытынды

Қорытындылай келе, Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

анық, айқындылығы;

бағаның әділдігі;

өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

«Критериалды бағалау технологиясы» пәнінің мазмұны студенттердің білім деңгейінің жетістігін бағалау 5 критерий (А, В, С, D, F) бойынша құрастырылды. Әрбір критерий тапсырмалары жүйелі орындауға бағытталған. «Тапсырма» сөзі бұл арада кең ауқымда қолданылады - ол мұғалімнің сұрағы, жаттығуы, шығармасы, жобасы және т. б. болуы мүмкін. Бағалау үдерісіндегі критерий түсінігі, мазмұны ондағы қолданылатын тапсырмалар мен әдістер.

Пайдаланылған әдебиеттер

Екінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2015ж. Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2012 ж. Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі. А. Б. «Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі» -http://uzdikter. biz/ (4. 06. 2015ж) Сулейменова, М. М. Өзін-өзі және өзара бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады? / М. М. Сулейменова. - Текст : непосредственный // Молодой ученый. - 2019. - № 25 (263) . - С. 461-465. - URL: https://moluch. ru/archive/263/60151/ (дата обращения: 13. 03. 2022) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Критериалды бағалаутүсінігі, қызметі мен міндеттері
Критериалды бағалау қағидаттары
Тиімділікті бағалау критерийлері
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийі және өлшемшарттары
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ФИНЛЯНДИЯ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан білім беру мазмұнын жаңартудың алғы шарттарымен танысып, білу. Жаңартылған бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын түсіну
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық - педагогикалық негіздері
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНДЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Критериалды бағалау жүйесінің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz