Оқушы портфолиосын құрастыру бойынша ұсыныстар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Рисунок 1

СӨЖ

Тақырыбы: Оқушы портфолиосын құрастыру бойынша ұсыныстар.

Орындаған: Нұрбекова. Қ.

Тексерген: Келимбетова А.

Тобы:ПжП 20-1

Тараз 2022

Жоспары

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Оқушы портфолиосын құрастыру бойынша ұсыныстар.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Сондықтан оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту үшін не істеуге болады деген сұрақ туатыны сөзсіз. Психологтар жүргізген арнайы зерттеу көрсеткендей, оқушылардың оқудағы үлгермеушілігінің басты себептерінің бірі өзінің оқу әрекетінің нәтижелерін саралап, сыни тұрғыда бағалай білмеуінен болып отыр. Сондықтан мұғалім мен оқушы әрекетін бағалауды ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін іздестіру қажеттілігі туындайды.

Д. Карнеги былай деген екен: «Адамға ең қажеттісі - атын шығару, өз ортасында беделді болу». Қарадүрсіндеу айтылса да, өте дұрыс айтылған сөз. Себебі кім -кім де істеген ісінің нәтижесін көріп, бағасын алғанды тәуір көреді. Педагог-психологтардың пікіріне сүйенсек, тіпті терезе мен есікке, парта мен тақтаға атын жазып қалдырудың өзі осындай ниеттен туындаса керек.

Әр баланың көкірегінде бір арман бар. Ал кішкене ғана жүректің үміт отын үрлеп, бағыт-бағдар беріп, еңбегін елеп, мақтау сөз айтып, оның одан әрі шабыттануына қолдау қөрсету - ұстаз міндеті.

Негізгі бөлім

“Портфолио” термині педагогикаға саясат пен бизнестен келген. Портфолио - оқушының белгілі бір оқу кезеңіндегі жеке жетістіктері мен табыстарын жинақтау тәсілі. Бұл тек бағалау үрдісі ғана емес, сонымен қатар, оқушының өзін -өзі бағалап, бақылап отыруының құралы да.

Т. Г. Новикова портфолионың қызметін былайша түсіндіреді:

1. Портфолио - оқушының белгілі бір уақыт аралығында оқудағы жеке жетістіктерінің жинағы мен бағасын тіркеу тәсілі.

2. Портфолио - оқушының түрлі салалар бойынша қажыр-қайраты мен жетістіктерін көрсететін оқу нәтижелерінің жинағы.

3. Портфолио - оқушының білім, білік, дағдыларына мониторинг жасауға арналған жүйелі, арнайы жинақталған дәлелдемелер жинағы.

4. Портфолио - оқушының жеке жетістіктері мен тәжірибесін рәсімдеп көрсететін сан алуан ақпараттарды жинақтаған жұмыс папкасы.

5. Портфолио - оқушының жеке өсуін қадағалау болып табылатын өзіндік көрме жұмыстары

Жоғарыда келтірілген түсініктемелерді жинақтай келгенде Портфолио технологиясы дәстүрлі бақылау-бағалау құралын мейлінше толықтырып тұратындығы байқалады. Оның дәстүрлі жүйеден айырмашылығы - оқушының оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативті қызмет түрлеріндегі нәтижелерін ескеруге мүмкіндік береді, баланың жеке құзыреттілігін айқындайды. Портфолионың міндеті:

оқу, іздену, жетілу мақсаттарын қолдау;

белгілі бір уақыт аралығында оқушының өзгерісі мен өсуіне өзінің және өзгенің көзін жеткізу;

оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың қатынасын нығайту;

оқу үрдісінің сабақтастығын қамтамасыз ету;

өздігінен оқуды қолдау;

анықталған нәтижелерге орай дамуын, қабілетін айқындау;

оқушылардың өз оқуларын еркін бағалай алып, өз-өзіне сенімін қамтамасыз ету;

Алдымен сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиетіне қаншалықты қызығушылығын анықтау мақсатында тест парақшасын толтыртамын.

Оқушының қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылығын анықтау тестісі

Оқушының аты-жөні_ Сыныбы _

Әр оқушының шығармашылық жұмыстарын қарай отырып, қандай түзететін жақтары, қандай артықшылықтары бар екенін айтып, қайта қарап шығуға немесе газет-журналға жолдауына, портфолиосына жинақтауға кеңес беремін.

Қорытынды

Қорытындылай келе, «Оқушының «Жұмыс портфолиосын» жасақтау арқылы шығармашылыққа баулу» мақаласында әдебиетке жақын, ізденгіш, қабілетті де талантты, талапты оқушыларды шығармашылыққа баулып, қол жеткен жетістіктерімен марапаттап, қаламын ұштаудың жолдары көрсетілген. Оқушының «Шығармашылық портфолиосы» оқушы жетістігін бағалаудың тиімді де нәтижелі әдісі екені жан-жақты баяндалады.

Пайдаланылған әдебиеттер

https://u-s. kz/blog/11096-oushyny-zhmys-portfoliosyn-zhasatau-aryly-shyarmashylya-baulu. html

https://www. melimde. com/oushi-portfoliosi-turali-tsinik. html

  1. https://ppt-online. org/209761
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушы портфолиосы
Портфолио және оны даярлау жолдары
Мұғалім портфолиосы
Оқу партфолиосы оқушылардың жетістіктерін бақылау мен бағалаудың жаңа формасы
Білім беруді дамытудағы портфолио технологиясы
Бағдарлама төлкұжаты
Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҚ СИПАТЫ
ҚҰЖАТТАР ПОРТФОЛИОСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz