Рухани жаңғыру бағдарламасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Халықаралық Тараз Инновациялық Институты

СӨЖ
Тақырыбы: "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асыру жобасын дайындау

Орындаған: Құрманбек Әсем

Тобы: ШТ-21-3

Тексерген: Қасымқұлова Перизат Тұрдыақынқызы

Жоспары:

1. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы.
2. Мәңгілік ел патриоттық актісі.
3. Қазақстанның бірінші жаңғыруы.
4. Қорытынды.

"Рухани Жаңғыру" бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асыру жобасын дайындау

Қазақстанның бірінші жаңғыруы 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды дербес мемлекет ретінде бастағанымыздан басталған болатын.
Екінші жаңғыру Қазақстан-2030 стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынуымен басталды. Үшінші жаңғыру Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек- бағдарламалық құжат. Үлкен екі бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен Ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтып отыр.
Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдауда.
Бұл халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмән жоқ. Нағыз ұлттық жаңғыру тек Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана, Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде басталды деп айтуға болады.
Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық.
Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын Туған елге ұласатын Туған жер бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.
Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.
Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде Қазақстандық патриотизм ұғымы қолданылып келеді. Қазақстандық патриотизм арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.
Ең бастысы-жас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мәдениет арнайы жобасы
Рухани жаңғыру бағдарламаның үлгісінде елімізде мәдениет саласындағы бағдарламалардың тиімділігін бағалау
Рухани жаңғыру бағдарламасы Туған жер
Рухани жаңғыру және оның пайдасы
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Жаңғырудың екінші және үшінші толқынының жаңа талаптары
Ұлы дала оқу пәнінің мақсат, міндеттері және қызметі
Көне қазақтың рухани мәдениеті
Рухани жаңғыру : болашаққа бағдар
Рухани жаңғыру идеяларын білім беру саласына қолдану
Пәндер