Мұғалімнің қызметтік нұсқауын өңдеу


Жоспары
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
Мұғалімнің қызметтік нұсқауын өңдеу
3 Қортынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мұғалім - біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.
Елбасы атап көрсеткеніндей, “Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы - оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”.
Педагогтардың кәсіби-педагогикалық қасиеттерін қалыптастыру, жетілдіру жұмысына сапалық серпіліс жасауға, оған шын мәнінде үздіксіз, біртұтастық сипат беруге, мектептен бастап, білім беру мекемелерінің, арнаулы, жоғары білім беретін оқу орындарының бірігіп ғылыми-практикалық және әдістемелік тұрғыда жұмыс жасауын қолға алуға, яғни үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің біртұтастық, бірізділік, икемді, динамикалық, т. б. қасиеттерге ие интегративті сапасын өмірде пайдалануға баса назар аудару бүгінгі күн талабы болып отыр.
Қазіргі кезеңде жеке тұлғаға бағдарланған білім мәселесі 12 жылдық білім беруге көшу мен жаңа тұрпатты педагог қалыптастыру міндетін қойып отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі” тұжырымдамасында анықталған негізгі бағыттарды басшылыққа ала отырып, жаңа тұрпатты педагогті қалыптастыру жүйесінің белгіленген 5 сатысының сапасын жақсарту ең басты мәселе болып табылады.
Болашақ барлық маман өз бастауын мектептен алады. Бірақ солай бола тұра, сол мыңдаған жеткіншек арасынан мектеп өзіне қажетті, болашақта сапалы педагог бола алатын тұлғаны таңдап, кәсіби бағдарлауға мән бермесе, мұғалім мамандығынан басқа мамандыққа беріле бермейтін зор мүмкіндіктерін қолдана алмаушылық болады. Еліміздің бәсекеге қабілеттілігі білімді, білікті жастарына қажет.
Негізгі бөлім
... жалғасыБасты мәселе 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада белгіленгендей, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру мазмұнын білім берудің білім үстемдігі үлгісінен “құзыретті” үлгісіне көшу арқылы өзгерту, білім беру деңгейлерінің құрылымын ЮНЕСКО-ның білім беру халықаралық стандарттық жіктеуішіне сәйкестендіру талаптарына сай жұмыс жасай отырып, үздіксіз педагогикалық білім жүйесін жетілдіруде мектептегі педагогикалық практикаларды сапалы өткізудің жолдарын қарастыруды төртінші келелі мәселе қарап, институт пен мектептің құрылымдық интеграциясын жасау. Сонда педагогикалық процестегі нәтижелік арта түсер еді. Пединститут түлегі - бакалавр екі жолды таңдай алады: бірі - орта білім беретін мектепке барып қызмет ету, екіншісі - магистратураға түсу . Атап айтқанда, педагогикалық кадр даярлауда білім беру жүйесінің әр саласы әр жаққа қарамай, олардың ғылыми-әдістемелік тұрғыдан байланыста жұмыс жасауларын қамтамасыз ететін аймақтық педагогикалық кадр даярлаудың үздіксіз бағдарлама
Қазіргі заманғы біліктіліктің өзіне тән сипаты оның динамизмі болып табылады. Бір жолғы алынған біліктілік кәсіптік білімдер мен машықтардың қайсыбір тұрақты жиынтығы деуге болмайды, ол жаңа технологиялардың дамуына орай үнемі жаңартылып отыруға тиіс. Жоғарғы оқу орындары жаңа формация мұғалімдерін дайындауға енді ғана бағыт алып отыр. Осыған байланысты мектеп жағдайында жаңа формацияда ұстазды қалай қалыптастыруға болады деген сұраққа жауап іздеу әрбір мектеп басшыларының басты міндеті болмақ. Осы жауапты іздеу барысында мектепте педагогтың жеке біліктілігін арттыру картасы үлкен көмек болар еді.
Мектеп мұғалімінің пәндік-теориялық және әдіснамалық білім негіздері жоғарғы оқу орнында қалыптасады, ал, әдістемелік және технологиялық білім-біліктері, көбінесе, педагогикалық тәжірибеде қалыптасады, сондықтан, бұл мәселені мектептің.
Қорытынды
Осы ұсыныстар ертегідей болып көрінгенімен, біздің мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы білім беру саласын көтеруге толық жетеді. Осыдан кейін ғана болашақ педагог-маман «Мұғалім - мәңгілік нұрдың қызметшісі» (Я. А. Коменский) дегенді мақтанышпен айтатын болады 2007 жылы ҚР «Білім туралы» заңы қабылданды. Осы заңның 7-тарауы «Педагог қызметкердің мәртебесі» деп аталады. Бұл заңға 2011 жылдың қараша айында өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ал, енді «Білім туралы» заңның жаңа редакциясы Парламент Мәжілісі мен Сенатының талқылауына ұсынылып отыр. Мұғалім мәртебесіне орай қозғалған ой-пікірімізді жинақтасақ, өскелең ұрпақты оқытып, тәр-биелейтін мамандарға әлемдегі өркениетті елдер аса құрметпен қарайды. Алдымен жағдай туғызады, содан соң сапалы білім мен саналы тәрбиені талап етеді. Өкінішке орай, біздің елімізде мұғалімдерге талап қою мен міндеттер жүктеу тым ұшқары болып көрінеді. Тәуелсіз еліміздегі бүгінгі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz