Сынып жетекші



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
Мұғалімнің, тәрбиешінің , сынып жетекшісінің оку және тәрбие іс - әрекеттерін жоспарлау
3 Қортынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тәрбие жұмысын жоспарлау педагог қызыметінің жалпы жүйесіндегі маңызды буын болып саналады. Ойластырып жоспарлау оны дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Жұмыс перспективалармен белгілейді, тәрбие жұмысынын белгілі бір жүйесін жүзеге асыруға кемектеседі. Форма үшін ғана емес, жақсы жасалған жоспар педагогтың күнбе-күнгі тәрбие жұмысына көмектеседі. Педагог жоспар жасағанда балалармен тәрбие жұмысының негізгі міндеттерін мазмұнын, формалары мен әдістерін іріктеп алу үшін болып табылатын документтерді пайдаланады. Соңғы шыққан қаулы, бұйрықтар, оқу программасы, оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны, нысанына жатады. Мұғалім жоспар жасағанда еліміз үстіміздегі жылы атап өтетін маңызды оқиғаларды ескереді. Мұғалім өз жұмысын жоспарлағанда мектептің жұмыс жоспарын басшылыққа алады. Бүкіл мектептің істері мен жоспарлары мұғалім жұмысының бір бөлігі болып табылады. Мектептің міндеті әр оқушының жан-жақты дамуына қамқорлық жасау болып табылады. Оны орындау педагогтан жан-жақты күрделі жұмыс жүргізуді талап етеді. Тәрбие жұмысындағы аса күрделі әр жақтылықты тәрізді белгілі бір схемаға қалай сыйғызуға болады. Бұл педагог үшін онай шаруа емес.
Жоспар жасау дегеніміз -тәрбие жұмысының бүкіл барысын, оны ұйымдастыру үшін жалпылай және ұсақ -түйініне дейін ойластыру және қағаз бетіне түсіру, оның нәтижелерін алдан ала көре білу. Мыс: мұғалім бірінші сынып оқушыларымен жұмыстың алғашқы күндерінде бірден-бір басты міндеті -балаларды мектептен, сыныптағы негізгі мінез -- құлық ережелеріне үйрету, оларды осы дәрежелерді орындай білуге баулу, олардың бойында ережелерді тезірек және дұрыс игеруге деген ынта-ықылас тудыру міндеті шешуге күш салды. Негізгі міндетті орындаған педагог енді келесі бір негізгі міндетті-балалардың бойында кластастарын жақын білуге деген ынта тудырып, оларды өзара табыстыру арқылы класта жолдастық қарым-қатынас жасау міндетін алға қояды. Мұғалім ата-анамен әңгіме арқылы әрбір бала жөнінде алғашқы мағлұматтарға ие болады. Бұл әңгімелерде шамамен мынадай сұрақтар қойылуы керек.

Негізгі бөлім

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары - педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға жоспарланады. Сынып жетекшісінің жоспары тәрбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген комплексті көзқарасты қамтамасыз етеді. Онда тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар жасағанда сынып жетекшісінің окушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн. Жоспарды қандай мерзімге жасаған жөн? Мектеп тәжірибесі көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау өте қиын, ал бір жылға жасау одан да қиын. Оның үстіне бұл жоспарларының түрі өте көлемді болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлаған жөн. Аталған басқа сынып жетекшілерінің тәжірибесінде апталық жұмыс жоспарлары да кездеседі. Олар негізгі жоспарларды нақтылауға мүмкіндік беріп, тәрбие жұмысын ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу жылы басталар алдында сынып жетекшісі жоспарды мектеп директорының бекітуіне береді. Одан әрі жоспардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісі
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы
Сынып жетекшінің қызметтері
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс ұйымдастырылатын жұмысы
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері
Сынып жетекшісінің ата- аналармен жұмысының ерекшелігі
Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары
Адам құқығы бала құқығы
Ата-аналармен жұмыс жасауды ұйымдастыру
Өзін - өзі танудың сапалық өзгерістері жасөспірімдік кезеңде тануының өзгерісін зерттеу
Пәндер