Әлеуметік өзгеріс


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық Тараз Инновациялық Институты

СӨЖ

Тақырыбы: “Әлеуметтік өзгеріс ” ұғымына анықтама беріңіз.

Тобы:ДШ-21-15

Орындаған : Инкарбекова Жанерке

Тексерген: Асанов Малик

Тараз 2022

Жоспары:

1. Әлеуметік өзгеріс

2. Құрылымдық функционализм, қақтығыс теориялары

3. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері мен шектеулерін талдаңыз және инновация түрлері (Бринкерхоф, Д. Уейтс, Р. Ортега

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Әлеуметтік өзгеріс

Әлеуметтік өзгеріс - Әлеуметтік өзгеріс барысында әлеуметтік жүйе, олардың ішкі құрамдас бөліктері мен құрылымдары, байланыстары мен карым-қатынастары бір күйден екінші күйге ауьісу, не кейбіреуі жаңадан пайда болу, немесе жоғалып кетуахуалын бастан өткереді. Әлеуметтік өзгеріс, негізінен, екі деңгейде: микродеңгейде және макродеңгейде өрбиді. Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалықдаму Деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін. Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және "Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму дегеніміз - жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т. б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген жоқ Әлеуметтанулық ғылымында әлеуметтік жанжал деген ұғымның өзіне қатысты әр алуан пікір калыптасқан. Кей ғалымдар оны әлеуметтік қарама-қарсылықтар немесе белсенді адамдар мен топтар арасыңдағы шынайы күрес регіңде, ал басқа әлеуметтанушылар оны қоғамдағы қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі мен дамуының жоғары сатысы ретінде түсіңдірді. Шын мәніңде, әлеуметгік қарама-қайшылық пен әлеуметтік жанжал бір-біріне астасып жататын ұқсас ұғымдар емес. Әлеуметтік қарамақарсылық бір-біріне қарсы тараптар күресі ашық та айқын сипат иеленіп, әлеуметтік шиеленіс әбден асқыну деңгейіне өткен кезде ғана әлеуметтік жанжалға ұласады. Ал, Т. Парсонс сияқты функционалдық бағыттағы ғалымдар Әлеуметтік өзгерістерді "қозғалмалы тепе-теңдік" ретінде карастырып, оны қоғамның әлдебір бөлігіне, не бүгіндей әлеуметтік жүйеге телиді. Адамзат қоғамы тарихыңда Әлеуметтік өзгерістердің, негізінен, эволюциялық жөне революциялық екі пішімі кеңінен мәлім. Жалпы кез келген әлеуметгік жүйедегі оң қабылдаған өзгерістер ретсіз, бейберекет түрде емес, белгілі бір бағдарлылықпен, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай, яки прогрессивті, жүйелі түрде жүріп жатады.

Құрылымдық функционализм, қақтығыс теориялары

Құрылымдық функционализм - әлеуметтану аясындағы мектептердің бірі. Ол қоғамның құрылысын көптеген топтардан және демографиялық мәліметтерден тұратын, бір-бірімен әрекеттесу арқылы қоғамды жедел, гүлденген және жұмыс істейтін машинаны сақтайтын үлкен организм ретінде ұсынады. Сол организмнің мүшелерін құрайтын бұл топтар әр түрлі индикаторлармен анықталады, олар жиі қабаттасады. Байлық, жұмыс жағдайы, отбасы саны және қылмыстық әрекет - бұл осы топтарды анықтайтын атрибуттардың бірнеше мысалы. Қоғамның өзі сияқты әрекет етуінің себебі - құрылым, функционализм, қоғамды құрайтын әртүрлі институттар, мысалы, үкімет, білім, заң және дін сияқты қатынастарды бөліп көрсетеді. Фунционализм тарихының маңызды кезеңіне американдық нұсқауы (П. Парсонс, Р. Мертон және т. б. ) айналды, олар әдістемені дамытып, әлеуметтанудың барлық бөлімдеріне таратты. Американ социологы Роберт Мертон (т. ж. 1910) құрылымдық функционализм теориясы мен әдістемесінің құрастыруына елеулі үлес қосты. Құрылымдық тәсіл негізінде күрделі объект (қоғам және оның жағдайы, әлеуметтік институт немесе үрдіс) оның құрамына кіретін бірліктердің аналитикалық есептеуін жүргізеді. Шығарылған статистикалық жағдай әлеуметтік өзгеріс үрдісінің анализі үшін бастама бол алады. Қоғамды көптеген элементтерден тұратын күрделі, статистикалық жүйе ретінде қарастыратын құрылымдық тәсілден ерекше функциональді тәсілді біртұтас және тәсіл тұлғалардың функциональді тәртіптері, әр түрлі деңгейдегі ұйымдар мен жүйелер жөніндегі көріністерге негізделеді. Функционализм бойынша қоғам өзара тығыз байланыста болатын компоненттерден тұрады. Мертон бойынша, функция деп берілген жүйенің реттелуі мен оның ортаға бейімделуіне қызмет ететін бақылауларды есептеу керек, ал дисфункция кері үрдіс. Осы құрастырулар негізінде, ол өзінің атақты «орташа деңгей» идеясын қалыптастырды, ол кіші жұмыс гипотезалары мен кең теоретикалық спекуляциялар арасындағы делдалдық рөлін атқарды. Социологиялық зерттеудің қағидалық және эмпирикалық деңгейлерін байланыстырып, оның «таза» эмпиризм тенденциясына қарама-қайшылығын айқындады. Американ әлеуметтанушы-теоретигі (1902-1979) Толкотт Парсонс американдық әлеуметтанудың және жалпы әлеуметтанудың дамуына тигізген еңбегі зор болды. Әлеуметтанудағы іс-әрекет қағида мен құрылымдық-функциональдылық мектептің негізін қалаушысы Парсонс, адам шындығын оның барлық ерекшелігінде толығымен қамтитын, жалпы аналитикалық логико-дедуктивті жалпы қағидалық жүйені құруға тырысты. Нәтижесінде Парсонс құрамына мәдени, әлеуметтік, органикалық және жеке басты жүйелерді кіргізетін, өзара айырбас қатынасына түсетін іс-әрекет жүйесінің комплексті қалыптасқан моделін құрды. Осы модельді құру үшін, Парсонс ортамен қатынасты жүзеге асыруда белгілі бір мүмкіндіктерге ие болған іс-әрекет субъектісінің құрылымын қарастырған. Әлеуметтік іс-әрекеттердің құрылымы әрекет етуші адамнан, белгілі бір жағдайдан, шарттан тұрады.

Парсонстың бүкіл әлеуметтік іс-әрекеттердің жүйесі қоғамның жүйе құрылысы негізінде негізделеді, бұл әр жүйенің 4 негізгі қызмет атқаруын білдіреді (икемдеу, мақсатқа жету, бірігу және үлгілерге сай келу) .

Индустриялды социология - АҚШ-тағы әлеуметтік ғылымдардың қолданбалы саласы. Оның өкілдері өнеркәсіптегі адамдардың еңбек қатынастарын зерттеумен және өңдірістің тиімділігін арттыру үшін ұсынылған тәжірибелік ұсыныстарды өңдеумен айналысады. Индустриялды социологияның теориялық - әдістемелік негізінің қызметін тейлоризм Э. Мейо, Д. Макгрегор және т. б. концепциялары құрайды.

Индустриялды социология шеңберінде өткізілетін, белгілі социологиялық зерттеулер, тек жеке жұмыс орнында ғана емес, басқарудың бүкіл жүйесі - менеджментке де қатысты. Американ социологы және психологы Элтон Мейо (1880-1949) американдық индустриалды социологияның және «адамгершілік қатынастар» доктринасының негізін қалаушылардың бірі.

Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері мен шектеулерін талдаңыз және инновация түрлері (Бринкерхоф, Д. Уейтс, Р. Ортега )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке адам және іс-әрекет психологиясы
Сыбайлас жемқорлық жою жолдары
Батыстағы әлеуметтік жұмыс теориясының даму тарихы
Жастардың даму кезеңдері
Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Қазақстанның экономикалық географиясын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Ұлы отан соғысының негізгі кезеңдері
Тұтыну Жеке тұтыну
Тәуке хан және оның билік құрған жылдары
Ежелгі Греция өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz