Урбанизация - қалалану, әлем елдері дамуының бір белгісі ретінде танылған маңызды көрсеткіш


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық Тараз Инновациялық Институты

СӨЖ

Тақырыбы:Қоғамдағы урбанизация үрдісі мен миграцияның өзара байланысын айқындаңыз.

Тобы:ДШ-21-15

Орындаған : Инкарбекова Жанерке

Тексерген: Асанов Малик

Тараз 2022

Жоспары:

1. Кіріспе

2. Урбанизация дегеніміз не?

3. Миграция дегеніміз не?

4. Тәуелсіз Қазақстанда қалалану қалай жүрді?

5. Қорытынды

6. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Урбанизация - қалалану, әлем елдері дамуының бір белгісі ретінде танылған маңызды көрсеткіш. 2018 жылы әлемдегі қала тұрғындарының саны 4, 2 млрд-қа жетіп, 55%-ды көрсеткен. Қазір жан саны 10 млн-нан асатын қаланың саны - 38. Олар: (Урбанизация бойынша баяндамадан)

Қазақстан халқының қалалануы және үш миллионер қала 2019 жылы 1 ақпанда Қазақстандағы қала тұрғындарының саны 58, 1%-ға жетіп, 2009 жылмен салыстырғанда 4, 9%-ға өскен. Сонымен бірге үш миллионер қала пайда болды: Алматы (1 856 480 адам), Астана (1 080 298 адам), Шымкент (1 011 538 адам) .

Урбанизация дегеніміз не?

Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) - еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл - қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы. Downtown Toronto"Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны") Урбандалудың оң және теріс салдары бар. Ол - күрделі әрі қарама-қайшылықты үдеріс. Оның теріс салдарына экологиялық жағдайлардың біршама төмендеуі, автокөлік газдарымен қала ауасының ластануы, жұмысқа орналасу қиындығы, қаладағы шаң, қала шуы, қала құрылысының мәселесі және т. б. жатады.

Миграция дегеніміз не?

Миграция (лат. migratio - көші-қон, қоныс аудару) - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т. б. ) . Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл") . Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған.

Тәуелсіз Қазақстанда қалалану қалай жүрді?

Бірінші - жағымды жағы: тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО кезінде Қазақстанға жер аударылған миллиондаған халық өз атажұрттарына қайтты. Сол кезде жұмыс іздеген халық босап қалған зауыт-фабрикаларға жиналды. Осылайша қаланы қазақыландыруға мүмкіндік туды.

Екінші -жағымсыз жағы: Қазақстандағы ауыл-шаруашылық кооперативтері, колхоздар мен совхоздар жекешелендіріліп, ауылдағы халық жұмыс көзінен және ішер астан тарығып, қалалы жерлерге үдере көшті. Алайда нарықтық құн көзқарасына, базар шаруашылығына үйренбей, ауыр дағдарысты бастан кешірді, кейбірі әлі күнге дейін қалада үйсіз-күйсіз жүр.

Үшінші, саяси жағынан алғанда, облыстарды және кейбір аудандарды біріктіру немесе жою, Астананы солтүстікке көшіру де халықтың ағынын тудырды. Сол кезде оңтүстіктегі және жабылған облыс-аудандардағы жүз мыңдаған адам облыс не аудан орталықтарына, құрылыс жүріп жатқан Астана қаласына ағылды. Осы арқылы солтүстік өңірлердегі халықтың үлесін арттыру, елдің тұтастығына қауіп төндіретін мәселелердің алдын алу жағынан өте маңызды қадамдар жасалды.

Қазіргі таңда ауылдық тұрғындардың шамадан тыс қалалық мекенге көшу себебі нарықтық қоғамның қақтығысына байланысты әртүрлі мәселелерге алып келіп отыр. Яғни бұл тұрғындардың әлеуметтік экономикалық жағдайының біршама салыстырмалы деңгейін көрсетеді. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050 Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты халқына жолдауында Қазақстан халқының урбанизация деңгейін жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55%-нан 70%-дай деңгейге дейін өсетінің көрсетті. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстыратын болады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады. Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс - деп насихаттаған болатын. Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамының мәдени, саяси және әлеуметтік құрылымы нарықтық түрлену жағдайына байланысты үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер қоғамның барлық саларын қамти отырып, біздің алдымызға көптеген шешуін талап ететін мәселелерді әкелді. Олардың бірі ретінде XXI ғасырдың ерекшеліктерінің бірі ретінде урбанизацияны айтуға болады. Урбанизация үрдісі қандай халықтың болмасын басынан ерте ме, кеш пе өтетін құбылыс. Урбанизация - адамзатты таратып орналасудағы қалалардың рөлі мен ара салмағына байланысты қалалық өмір салтын орнату сипатындағы тарихи процесс болып табылады. Бұл әлеуметтік стратификациялық қоғамда жаңа түрлену, экономикалық таптардың деңгейі анықталуда. Бұл өз кезегінде, Қазақстандағы бірден бір маңызды әлеуметтік теңсіздік параметр ретінде байқала бастады. 2014 жылғы 1 шілдесінде еліміздегі халық саны 17 264, 6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 9 508, 4 мың немесе 55, 1%, ауылдықтар - 7 756, 2 мың немесе 44, 9% адамды құрап отыр . Осыған орай урбанизация процесі кезінде ауылға немесе қалаға алып келер оң және теріс жақтарын қарастырған жөн. Оң қөзқарас ретінде урбанизация үрдісі экономика дамуына үлесін қосады. Егер ауылдан адамдар келсе қала тұрғындарының саны артады. Ал тұрғындар санының артуы елге түсер қаражаттың өсуіне алып келеді. Ауылдан келген адамдар қаланың көркейуіне үлес қосар болса, онда тек экономика емес қаланың техналогиялық, мәдени және саяси әл- ауқатыда өсіп өркендейді. Мысал ретінде америкалық ғалым Адам Аланның айтуы бойынша ауылда тұратын тұрғындардың тез үйреніп алу қабілеті қалалық тұрғындарға қарағанда 3 есе жоғары кетеді. 2004 жылы жүргізілген қала мен ауыл адамдарынан тест алу барысында ауыл тұрғындарының 42, 5% қабілетті болып шыққан ал қала тұрғындары 39% құраған. Демек ауылдық адамдар жақсы дамыған, ол айтпасада белгілі ауылдық жерлерде таза ауа, егін шаруашылығы, керемет табиғат, ауылдың экологиясы қаланың экологиясына қарағанда бірнеше есе таза. Бұл көзқарсымды қорытып кетер болсам әрине білімді адамдар қазіргі таңда өте қажет, Әрине егер қала дамитын болса, онда біз ауылдық жерлердіде дамыта аламыз. Теріс көзқарас ретінде урбанизация үрдісінің адам өміріне алып келер кері әсерлерінде айта кеткен жөн. Яғни урбанизация экологияға зиян алып келеді. Урбанизация процесі кең ауқым алған жерлердің экологиялық жүйесі әлсірейді. Қала адамдарының саны артса адам әрекетінен шығатын антропогенді факторларда жылдам өседі. Демек экология ластанса адам денсаулығына алып келер әртүрлі зияны болады. Сонымен қатар жастар субмәдениетінің және қалалық ортаның әсері ауылдық жерде шектеулі болғандықтан ауыл жатары арасында жаға ұрпақтан жаттану, аполистік, агрессивтілік секілді процестердің дамуына кедергі келтіреді. Урбанизация үрдісі негізінен жастар категориясына әсері басқа топтарға қарағанда айтарлықтай, бұл ең алдымен модернизациялық дамуға орай олардың үлкен қалаларға жеке мақсаттарға байланысты (оқу, жұмыс т. б ) қоныс аударумен тығыз байланысты. Елдегі тұрғындар нарықтық қозқалыстарға бейімделе алмауына байланысты және жұмысқа деген бәсекелестік секілді әр түрлі мәселелер орын алып отыр. Бұл мәселелерге сонымен қатар «монетизация» түріндегі әлеуметтік қызметтер; жұмыссыздық және қайыршылық деңгейдің өсуі; өмір сүру жағдайы және халықтық бөлінуі, әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымының нашарлауы, ауылдық тұрғындар қалада жұмыс іздеу тапсырысының өсуі және

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі әлемдегі урбанизация және қалалық жарылыс
Қазіргі қалалардың экологиялық мәселелері
Қаланың ерекшелігі
Экологиялық проблемалар жайында
Қоғамның негiзгi типтерi, олардың даму жолдары
Урбанизация туралы
Әлеуметтік философия. Қоғам мәселесі
Қазіргі қаланың экологиялық проблемалары және халықтың денсаулығына әсер ететін факторлар
Қазақстанның флорасы мен фаунасының әр түрлілігі. Биоресурстардың экологиялық проблемалары. Қала урбанизациялық жүйе ретінде
Экономика ғылымдар жүйесіндегі экономикалық дамудың орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz