Басқарудың классикалық және әкімшілік басқару мектептері


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
СӨЖ
Тақырыбы: Басқару ой-пікірінің эволюциясын танытатын менеджменттің шетелдік мектептері
Курс: 3
Топ: ШТ 19 1
Қабылдаған: Таджикова А. Ж.
Орындаған: Алмасқызы І.
Тараз 2021 ж.
Жоспар
1. Басқарудың классикалық және әкімшілік басқару мектептері
2. Адамдық қатынастар мектебі және тәртіптік тәсілі
3. Ғылыми басқару мектебі
Басқарудың классикалық және әкімшілік басқару мектептері
Классикалық мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша басқару - белгілі мақсатқа жетуде орын алатын қатаң әкімшілік қағида, әдістердің жиынтығы. Мәселен, осы бағыттағы көрнекті өкілі Файолдің пікірінше, әкімшілік ету жан - жақты ауқымын белгілейтін басқарудың бір бөлігі, және де техникалық, коммерциялық, қорғаныстық, бухгалтерлік, әкімшілік салаларын қамтиды. Осы қызметтер арасында әкімшілік әрекет ең маңызды есептелініп, оның элементтері: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру және бақылау анықталған. Сонымен қатар, А. Файол тәжірибеде кең қолдану тапқан басқарудың 14 қағидасын жасап шығарды. Оларға: жауапкершілік, жеке дара басшылық, иерархиялық басқару, жеке және жалпы мүдделер үйлесімділігі, мамандандыру, тәртіп, әділеттілік, ынта - ықылас, лауазымға сәйкестілік, қызметкерлер тұрақтылығы, орталықтандыру және т. б. енеді.
Ұйымдағы басшылық, билік және құрылым құру проблемаларына көңіл бөліп зерттеуде әкімшілік мектептің келесі бір өкілі ерекше орын алады. Ол әртүрлі ұйымдарды талдай отырып, басшы ие болатын билік сипатына қарай ұйымдастырудың негізгі үш кезеңін, яғни харизматикалық, дәстүрлі және идеалды кезеңдерін ажыратып берді. М. Вебер ұйымдастырудың аталған түрлерін зерттей келіп, үшінші кезеңге үлкен көңіл бөле отырып, "бюрократиялық жүйе қағидаларын" жасап шығарды. Оларға:
- нақтылы еңбек бөлінісі;
- басқару деңгейлерінің жіктелуі;
- міндеттер бірыңғайлығымен үйлестіріле қажетті ресми ережелер мен стандарттар жүйесін жасау;
- әлеуметтік аралық пен әділеттілік;
- жұмысқа қабылдауда қатаң орын алуы жатқызылады.
Адамдық қатынастар мектебі және тәртіптік тәсілі
ХХ ғасырдың орта шеніне қарай ғылыми басқару және әкімшілік мектептердің адам факторына жеткіліксіз көңіл бөлуіне жауап ретінде жаңа бағыт адамдық қатынастар мектебі пайда болды. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшіліктерді шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамдық қатынастар мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды. Адамдық қатынастар мектебінің көрнекті өкілдеріне М. Фоллет, Э. Майо, Д. Макгрегор т. б жатқызылады.
Бұл бағыттың негізгі қағидасы ұйымдағы биресми топтардың ролін анықтау, басқару тәжірибесіндегі психологиялық және әлеуметтік тәсілдерді қолданудың жолдарын қарастыру болып табылады. М. Фоллет басқаруды "өзгелерді пайдаланып нәтижеге жету" деп анықтаған болса, ал Э. Майо еңбек тиімділігіндегі психологиялық жағдай маңызын атай келе, "бақытты жұмысшы дегеніміз - тиімді жұмысшы" деп тұжырымдады. Яғни, осы мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша, басшылық қызметкерлерге көбірек көңіл бөліп, қамқорлық жасаса, онда жұмысшылардың қанағаттану сезімдері де, еңбек өнімділігі де жоғары болады.
Тәртіптілік тәсіл, жалпы алғанда, ұйымдастыру тиімділігін арттыруды жеке адамдардың мүмкіндігіне ықпал ету, тиісті қатынастарды қалыптастыру мақсаттарын көздеді. Бастапқы өкілдер ретінде В. Герцберг, Г. Арджерис, Р. Лайкерт табылып, олар өз зерттеулерінде мінез-құлық туралы ғылымдарын қолдануға әлеуметтік әрекеттестікті, басшылық пен билік, ынталандыру жүйелерін сипаттау бағыттарына баса назар аударды.
Ғылыми басқару мектебі
Ғылыми түрде басқарудың негізі Фредрик Уинслоу Тейлор (1851-1915) тарапынан қаланған. Ғылыми басқару философиясының ең негізгі элементі - өнімділік. Ғылыми басқарудың әдісі, тәсілі мен құралдары өнімділікпен қамтамасыз етуге тән. Ғылыми басқару, сонымен қатар жұмысшы мен басқарма мүдделері арасындағы өзара тығыз байланыстың болуы, сол себептен ынтымақтасып бірге жұмыс істеулерінің қажетті және міндетті екендігі туралы ой-пікірге сүйенеді. Ф. Тейлор "ғылыми басқару" деген ой-пікірлерін "Ательені басқару" және "ғылыми басқарудың принциптері" атты екі шығармасында атап көрсеткен. Тейлор, ғылыми кәсіпкерлік саласында, қазіргі кезде де сөз етілетін "ғылыми басқарудың принциптерінің" мақсаттарын төмендегідей көрсетуде:
- қымбатқа соққан тиімсіз жұмыстарды және шығындарды қарапайым мысалдармен келтіру;
- осы тиімсіз жұмыстардың себебін, бірнеше төтенше күш пен адамдардың болмауынан емес, жүйелі басқару түсінігінің болмағандығын халыққа түсіндіру;
- ең тиімді басқарудың белгіленген заңдарға, принциптерге және ережелерге негізделіп, шын мәнінде ғылыми тұрғыда болғандығын дәлелдеу.
Тейлор осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін төмендегі принциптерге сүйену қажеттілігін айтады:
- шын мәніндегі білімнің жетілдірілуі;
- жұмыс істеудің ғылыми тұрғыдан таңдалуы;
- таңдалған жұмыстың ғылыми түрде білім берілуі және жетілдірілуі;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz