Саһа кеңістігі
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Сақ дәуірінен бері жалғасып келе жатқан рухани дамудың басымдық белгілері. Тұран, Түркістан, Ұлы Дала ұғымдарының мәні мен географиялық шеңбері.
Орындаған: Мұратбекқызы Д.
Тексерген: Исматова С.М.
Тараз,2021
Сақ дәуірінен бері жалғасып келе жатқан рухани дамудың басымдық белгілері. Тұран, Түркістан, Ұлы Дала ұғымдарының мәні мен географиялық шеңбері.
Жоспар:
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Ежелгі сақтардың дүнитанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары
Түркілер өркениетінің тарихтағы орны және оның ерекшеліктері
Тұран, Түркістан, Ұлы Дала ұғымдарының мәні мен географиялық шеңбері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Түркі әлемінің, оның ішінде Қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны қандай? Ю.Худяков айтқандай, көнетүркілік этнос пен мәдениеттің өмір сүруінің аяқталуы және көнетүркілік мұраның өзге көшпелі этностардың мәдениеттерінде сақталып қалынуы ерте және дамыған орта ғасырларға тура келеді.
Э.Тайлордың өркениетке берген анықтамасы бойынша, оны жекеленген адам мен бүтін бір басты қоғамды жоғары бір деңгейде ұйымдастыру арқылы олардың ізгіліктілігі мен қуатын күшейтуге, бақытты өмір сүруіне жәрдемдесу мақсатында, жалпы адамзат тегін жетілдіруге қаратылған іс-әрекет деп білу керек. Бұл ретте түркі өркениеті туралы деректерді сөйлетер болсақ, ең басты назар аударар жәйт, олар - алғашқы бастаулар. Бұл жөнінде Джеймс Джордж Фрезер былай деп жазады: "В конечном счете мы не так уж отличиемся от этих первобытных людей, и многим из того истинного и полезного, что так бережно сохраняем, мы обязаны нашим грубым предкам, накопившим и передавшим нам по наследству фундаментальные представления, которые мы склонны рассматривать как нечто самобытное и интуитивно данное. Мы как бы являемся наследниками состояния, которое переходило из рук в руки столько раз, что изгладилась память о тех, кто заложил его основание, поэтому нынешние обладатели читают его своим изначальным и неотьемлемым достоянием. Более глубокое исследование должно убедить нас в том, что большей частью этого состояния мы обязаны своим предшественникам" Шығыс халықтарының өркениетін батыл айтып жүрген ғалымдар баршылық. Мысалы, орыстың атақты археологы Л.П.Окладниковтың еңбектерінде Түркі халықтарының Батыс Сібір цивилизациясын атайды.
Древняя тюркская Сибирь - деп жазады академик Л.П.Окладников, - оказаласьтеснее связанной с западом, чем с востоком. Её культура много богаче и ярче, чем можно было полагать ранее.
У берегов Байкала, на Ангаре, Лене сходились и расходились пути древних культур Востока и Запада, существовали мощные по тем временам самобытные культурные очаги, без которых история Евразии не может быть полностью понятой. Как мы видим по находкам от крепостей тюрков в Прибайкалье ведет их путь на Дон и на Дунай. Л.Н.Гумилев Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді-деп санайды. Евразия сахарасындағы бұл көшпелілер өркениетін б.з.д. XI ғасырдан бастап, б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді.
Л.Н.Гумилев дүниенің төрт жағын бірдей жайлаған жер кіндігі Орта Азия, одан қалды Византия, Персияны, Үндімен, Қытаймен қосатын, шын мәнінде Шығыс пен Батыс тоғысатын түркі әлемінің шынайы тарихын көрсетуді мақсат етті. тәнті болды. А.Сейдімбек сынқазақ ғалымдары Ұлы империяның Гумилевтің пассионарлық теориясын жазуға негіз болғандығынжазған еді. Көшпенлілер өркениеті деген ұғымды Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады. Көшпенлілер қоғамы деген терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар ғылыми айналымға енгізді. Сонымен бірге соңғы кезде қазақ сахарасында Дала өркениеті болды- деген пікірлер де орныға бастады.
А.Тойнби өркениетті табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді өркениетін континентальды деп атағаны белгілі. Еуразия кеңістігіндегі өркениет осы тұрғыдан қарағанда Дала өркениеті болып табылады. Мұрад Аджи И как бы не называли эту культуру - половецкая, печенежская, булгарская или иная, -корень её был один, потому что степи на одном языке - на тюркском. Жили под одним культурным традициям - по тюркским. Исповедовали одни духовные ценности - тюркские - деп жазған еді.
Дала философиялық мәнге ие ұғым. Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара ықпалдасқанымен, түркі өркениеті басым болды. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяғына таман - жылқы қолға үйретілді. Салт атты көшпелілер далалық өркениеттің қозғаушы кұші болды. Оны археологиялық қазбалар дәлелдейді. Сайын далада Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен, барлық әлемдік діндер тоғысты.
Шаманизм, тәңірге табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам - рухани өмірдің қазығы болды.
Еуразиялық сахарадағы көшпелілер Дала арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы болды. Көшпелі өмір адам мен табиғаттың қадірін білуге дағдыландырды. Даланың өзіндік этикасы мен менталитеті қалыптасты. Түркі әлемінің мемлекеттік жүйесі түркі өркениетін, дәлел.
А.П.Деревянко есімді зерттеушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының 1998 жылы өткен сессиясында жасаған "Казахстан - колыбель древнейшей цивилизации" атты баяндамасында қазіргі қазақтардың арғы ата-бабалары Қазақстанда 1 млн жылдан бері өмір сүріп келетіндігін жазды. Д.Ш.Рессерат пен В.А.Рано Орта Азияда тас дәуірінде (850000 жылдары) жергілікті тіршілік иелерінің өмір сүргендігі жөнінде айтқан еді.
Байсын тауының Тешік-Таш, Әмір Темір және Мачай үңгірлерінен неандертальдықтардың мекен-жайы, ал Самарқант қаласының жанынан олар тұтынған тас құралдар табылды. Ондағы 8-9 жасар баланың склеті жақсы сақталынған. Бала арнайы қазылған шұңқырға жатқызылып қабірдің айналасына тау ешкісінің мүйіздері тізіліп қойылыпты "Қошқар мүйіз" алтайлық орнаменттен орын алып, сақ-скиф дәуірінен бері кең тараған мотив, Тау ешкісінің стильдік бейнеленуі Орталық Азияның көптеген көшпелі халықтарының ою-өрнектерінен орын алған белгі - нышан. Зерттеушілер Жер-Су рухымен тікелей байланыстыра қарастыруда. А.В.Эдоков деген автор қазіргі алтайлықтардың көркем мәдениетінен мықтап тұрып орын алған ою-өрнектің түп-тамырларының өте тереңге кететіндігі, тіпті палеолиттен бастау алатындығы жөнінде жазған. Гразнов және басқалары ою-өрнекті бүкіл исі түркілерге тән болған өнердің негізі деп санады. Ю.Худяков тамға белгілерінің тау ешкісі өрнегінде берілуі көнетүркілерге тән болған жәйт деп кесіп айтады. Көнетүркілік петроглифтер мен тамғалар, - деп жазады новосибирлік ғалым, - Қола дәуірінің ортаазиялық мәдени дәстүрінен орын алған.
ХVІІІ - ХІХ ғасырларда-ақ ғалымдар Америкадағы үндіс және түрік тілдерінің туыстығына назар аудара бастады. Отто Реригтің америкалық үндіс тайпаларының арасында болып, сиулардың тіліне байланысты жинақтаған материалдары қызғылықты. Ол сиу тілін орал-алтай тілдері тобына қосуға болады дейді. - Морфологиясы тым ұқсас. Екеуі де жалғамалы тілдер. Предлогтары жоқ, Фонетикасы жақын: түрік те, сиу тілдері де үндестікті заңына бағынады.
Бұдан 45000 жылдай бұрын Беринг бұғазы арқылы Америка асқан қауымдар арасында түркілік этникалық топтың болғандығы туралы шетелдік және орыс ғалымдары айта бастады. Б.Ферейрд Боливия мен Перуде де өмір сүрген кечуа тіліндегі көптеген сөздердің түркі тілдеріндегі ұғымдармен бірдейлігін дәлелдеді.
Түркі қағанаты (Бірінші, Түркі қағанаты 551-630; екінші, Түркі қағанаты 681-744 жж.) Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов теңкізіне дейінгі жерді алып жатты. Мұндай алып империяны кейін Моңғолдар, XVIII-XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: Когда вверху возникло Голубое небо и внизу Бурая земля, между ними обоими возник род людской и воссилени над людьми мои пращуры Бумын каган, Истеми каган. Воссев над царство, они учредили Эль (государство) и установили Тэрю (закон) народа тюрков. Имеющих головы они заставили склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени. На восток и запад они расселили свой народ. Они были мудрые каганы, они были могущественные каганы.
Біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап, түркі елі халықаралық статусқа ие болды. Түрік қағанаты кейінгі Түргеш, Ұйғыр, Қарахан, Қырғыз, Хазар қағанаттарына, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттеріне, Алтын Орда Жошы ұлысына, Қазақ хандықтарына жол салды.
Түркі өркениетінің әлемдік тарихқа қосқан үлестерін төмендігідей ұлгіде жүйелесек:
Тәңірлік дүниетанымды қалыптастырды, Зәрдүш (Зороастр діні тарады; металл қорытудың ежелгі орталығы болды;
Түркі жазуы болды және жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық дүниетанымды қалыптастырды;
Ерекше әскери құрылымы, әскери өнердің шебер үлгілерін қалдырды;
Архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін қалдырды: Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.
Би-шешендер бай ауыз әдебиетін қалдырды. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келген;
Мемлекетті басқарудың дала демократиясына сүйенген ерекше жүйесін жасады. Ерте замандардағы төл түркілік сакралдық ұғымдар, дәстүрлер мен мотив-символдарды анықтаудың маңызы зор. Таңба мәселесі Шәкәрім, М. Тынышпаевтың еңбектерінде де жазылған. Этногроф ғалым Ж. Артықбаев: Евразия даласы көшпенділердің мәдени жетістіктерін толығымен бойына сіңірген қазақ қоғамы өзінің ішкі құрылымы жағынан да, сыртқы құрылымы жағынан да, мән-мағынасы жағынан да ерекше құбылыс болып табылады. Көшпелі қоғамның өмір сүру негізінде қабылданбайтын, өзгелермен салыстыруға келмейтін өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда Батыстың да, Шығыстың да мәдени өлшеміне сай келмейтін ерекше мәдениет қалыптасқан. Осы ерекшелікті сезіну - методологиялық парадигманы өзгертуге негіз болуы тиіс. Бәрінен бұрын тарихи таным өзегіне материалдық көрсеткіштер емес, рухани құндылықтар: қоғамдық сана, әлеуметтік-мәдени құндылықтар сияқты факторлар қойылуы тиіс - деп жазған еді.
Міне, осылай, Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен тоғысқан түркілер жаңа мемлекет типін қалыптастырды. Егер, бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстем етсе, екінші түркі қағанатында руна жазуы тарады. VII-VIII ғғ. Моңғолия мен Алтайда, Хакасия мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда Көне түрік алфавитімен жазылған 200-ден астам тас ескерткіштер қалды. Ал біздің ғасыр санауымыздан бұрын V ғасырда өмір сүрген Есік жазуындағы 17 әріптің 13-і көне түркі руникалық алфавит екені белгілі болды. Д.Клеменец көне түркілерді тамаша халық деген еді.
VI ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші Шығыс мәдениеті игеріле бастады. Кеңес шығыстанушылары ортағасырда жеті тұрақты тарихи-мәдени орталықтар Еуропалық, Араб-исламдық, Орта Шығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық, Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық орталықтары қалыптасты - деп есептейді. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет - 2000-2500 жылдың тарихы бар өркениет.

Сақ өркениеті туралы жазу көптен бері ойда жүрген шаруа еді. Мырзакелді Кемел ағамның Тұран тарихының өзегі - Алматыдағы Сақ қорғандарында атты мақалаға пікіріңді білдірші дегені себеп болды. Мына адами құндылықтар шыр айналған заманда халқымыздың қарияларына тән тектілігін сақтаған, айналайын, асыл ағаларым менің! Өздеріңмен тілдессем бір ауыз аталы сөз естісе бір қойын сойып тастауға дайын тұратын әкем есіме түседі. Бағып жүрген қойымыз ғылым болғандықтан, әрбіреуіне бір-екі мақала жазып қызмет еткім-ақ келеді. Қазақтың ауызша тарихын маған Ақселеу ағам соңғы сөзін жазғызып аманат етіп кетті. Өткен жылы Әнес Сарай ағам арнайы қолқалап Бес Мейрам кітабына пікір жазғызды. Биыл Өмірзақ Озғанбай ағамның Тарихи тұлғалар тағылымы кітабына алғы сөз жаздым. Енді Ғарифолла Есім ағамның Шыңғыс хан туралы жаз деген ұсынысын орындау міндеті тұр. Аман болыңыздар, мың жасаңыздар ағаларым, сіздердің тапсырмаларыңызды орындау маған абырой!
Сақ мәселесін Қазақстан тарихына қатысы бар адам айналып өте алмайды, мен де оқулықтарды жазған кезде азды-көпті деректер негізінде шолып өтіп жүрген тақырып. Бірақ қанша жазсам да жас оқырманға дүдәмал дүниелерді беруге болмайтындықтан қалыптасқан бағдарламалар негізінде жазушы едім. Мырза ағамның ұсынысын пайдаланып осы жолы тың деректер мен пікірлерді мүмкіндігі келгенше көбірек ұсынуға күш саламын.
Сақ және скиф атаулары туралы
Осы екі атауда да орыстық және советтік тарихнамадан келе жатқан қателік бар. Терминде қателік болған соң арғы жағы белгілі. Біз қазіргі жыл санауымызға, яғни Иса пайғамбар туғанға дейінгі бірінші мыңжылдықта Жетісу мен Түркістаннан Қаратеңіз бойына, Алтай тауларынан Хорезмге дейінгі территорияны сақ атауына ие болған көптеген тайпалар мекендеді деп жазамыз. Шын мәнінде ирандық жазбаларда сақ емес саһа. Тарих атасы Геродот (б.з.б. V ғ) оларды скуз деп атайды. Семит деректерінде бұл халық ишгузай және ишкуз түрінде кездеседі. Біз орыс транскрипциясының жетегімен әлі скиф деп жүрміз, мәселе көне грек әліпбиіндегі ө әрпінің қалай оқылатынына байланысты.
Саһа атауын сақтап қалған жалғыз халық қиыр солтүстікте мекен ететін якуттар. Ендеше бұл атаудың мағынасын да ең алдымен сол тілден іздеген дұрыс. Әрине, өзге тілдерде де, соның ішінде қазақ тілінде бұл сөз кездеседі. Мысалы -асықтың сақасы (Алтын сақа), немесе сақа адам түрінде. Тарихи лингвистикамен жне этимологиямын айналысатын ғалымдар үшін ойланатын мәселелер бар.
Біз үшін маңыздысы скуз (ишкуз). Бұл атау тарихи әдебиеттерде ерте темір ғасыры, ерте көшпелілер дәуірі деп аталып жүрген біздің жыл санауымызға дейінгі бірініші мың жылдықты тікелей оғыздармен байланыструға мүмкіндік береді. Бірақ бұл ортағасырлық оғыздар емес, байырғы (прото) оғыздар, яғни Оғыз қаған заманы. Соныменен біздің скиф деп жүргеніміз қазақтың ауызша дәстүрінің бас кейіпкерлерінің бірі Оғыз хан соңынан еріп әлемді билеп жүрген кезі болып шығады.
Енді бір сұрақ, саһа мен оғыз бір-бірімен байланыса ма ? Менің пікірімше тамаша байланысады, оған якут ғылымының негізін салған П.А.Ойунскийдің еңбегіндегі: Огус буолан аан дойдога айаатаабыт ураанхай - сахалар бу бихиги бу баарбыт (Те самые уранхаи - саха, будучи огузами, на весь мир возвестили, это мы и есть) деген ауызша дәстүр мәтіндері дәлел (Артыкбаев Ж.О. Ағам Оғус в мифологии саха: историческая ретроспективаСеверо-Восточный гуманитарный вестник, 2016, №2(15). с.17-24).
Саһа кеңістігі
Саһа елі жайлы ең ертедегі жазба мәліметтерді біз Иранның Персеполь, Бехистун тас жазуларынан аламыз. Олар саһалардың үшке бөлінетіні жайлы баяндайды - тиграхауда - жебе бас киімділер, хаомоварга - хаом сусынын қайнатушылар, тиай - парадарайя - теңізден әрілер. Бұлардың көпшілігі Қазақстан жерін мекендеп, тамаша ескерткіштер қалдырған. Сонымен қатар Қытай деректері Шығыс Түркістан, Жетісу өлкесін ғұндар мен үйсіндерге дейін сэ елі мекен еткенін білдіреді. Оларды оңтүстік-батысқа қарай тықсырған юечжілер еді делінеді. Осы қозғалыс сэ (сақ) тайпаларын Орта Азия жеріне, одан әрі Солтүстік Үндістан өлкесіне жетелегені белгілі. Бұл оқиғалар б.з.б. ІІІ-ІІ жүзжылдықтарда болған.
Б.з.б. VІІІ ғасырда саһалардың батыс бөлігі, гректер скуз (ишкуз) атаған тайпалар Кара теңіздің солтүстік аудандарынан киммер тайпаларын ығыстырып, грек қала-полистерімен белсенді қарым-қатынасқа түсе бастады. Киммерлердің шыққан тегі де, тағдыры да белгісіз, тарихнамада гректер киммер деп ишкуздарға дейінгі көшпелі тайпаларды атаса керек деген пікір бар. Геродот ишкуздардың Солтүстік Кара теңіз маңы мен Алдыңғы Азияда пайда болуы жайлы: Басында көшпелі скуздер Азияда тұрған, кейін массагеттермен соғыста жеңіліп, Аракс өзенінен өтіп, киммер жеріне өтті...,- дейді. Атақты саяхатшы, эллин жиһангезі Аристей де скуздердің Еуропа жеріне келуі өз ара соғыстардың нәтижесі екенін айтады.
Дәл осы уақытта Қырым мен Кавказды бағындырған саһалардың алдыңғы топтарының Ишпақай бастап Алдыңғы Азияға келгені анық. Антика тарихшыларының айтуы бойынша, олар осы жерлерге Каспийдің батыс жағалауы мен Кавказ арқылы жеткен. Көшпелілердің мықты топтары Иран, Кіші Азия арқылы Египет территориясына дейін жетті де, перғауын олардан сақтану үшін салық төлеуге мәжбүр болды. Сол кездегі ең ірі әлемдік державалардың бірі Ассирия скифтермен одақ құрғысы келді. Патша Ассархаддон скиф көсемі Партатуаға қызын әйелдікке бермекші болды. Мидиялықтар мен басқа да батыс Иран тайпалары скифтерге тәуелді болған. Геродот Ишпақай көсемнің заманында сақтардың жиырма сегіз жыл бойы Таяу Шығыста жорықта жүргенін жазады.
Бұл жерде біз Иранды билеген Ахеменид әулетінің шығу тегін еске алуымыз керек. Деректерге қарағанда атақты Кир патша жоғарыда аталған Ишпақайдың жиені болып саналады. Осыдан кейін Кир патшаның ишкуз даласына келуі себебі анықталмайды ма ?! Дала халықтарының Шығыста құрған мемлекеттері мықты болғанымен, билеуші әулеттерінің өздерінің тарихи отанымен байланыс іздеуі заңды. Б.з.б. VІ ғ. Ахеменид әулетінің патшалары үш рет өз әскерлерін оғыз даласына жорыққа бастады. Бірінші рет Кир-Яксарттың (Сырдария) бойында Күрестас қала бекінісін тұрғызды. Екінші жорығында Каспийден шығысқа қарай мекендеген массагеттерге аттанып қаза болды.
Сонымен Саһа кеңістігі дегеніміз бүкіл Еуразиялық далалық аймақ болып шығады. Оның солтүстік шекарасы Мұзды мұхитпен шектессе (Саха елі), оңстүстігі Ауғанстан, Иран, Ирак жері (Сакистан). Шығыс Қытай болса, батысы -Қырым, Кавказ, одан әрі Еуропаның орталық бөлігі. Шығыс Германиядағы Саксония жері саһамен байланысты болса, оның таң қалатын ештеңесі жоқ. Біз жоғарыда баяндаған Кир туралы әңгімелерді гот тарихшысы Иордан өз аталарының басынан кешкен тарих қылып баяндайды
Ерте көшпелілер мәдениетінің дамуында әр түрлі территориялық өзіндік ерекшеліктер байқалады, бұл сірә, нақты тарихи жағдайларға байланысты болса керек. Археологиялық қазба жұмыстары қазақ жерінде қалыптасқан мәдени жоралғылардың өзге де аймақтарға әсерін аңғаруға мүмкіндік береді. Саһа-ишкуз мәдени үлгілері Сарыарқа сияқты қордалы жұртта қалыптасып барып, кейіннен өзге өлкелерге тарай бастады деген пікірдеміз. Оның басты дәлелі Рашид-ад-дин мен Әбілғазы жазатын Қара ханның жұрты: Алаша хан, оның баласы Моңғол, оның баласы Қара хан, оның баласы Уыз хан (Оғыз)... Қара хан әкесінен кейін бүкіл елге патшалық құрды. Жазды күні ол Ер тақ және Кер тақ деген тауларды жайлар еді, қазіргі күні бұл таулар Ұлы тау және Кіші тау атанады. Ал қыс түскен кезде Қарақұмды және Сыр өзенінің жағасын қыстар еді.
Осы аймақты жағалай орналасқан перифериядардан біз Пазырық, Берел, Бесшатыр, Есік, Шілікті, Түгіскен, Кубан, Қырым қорғандарын көреміз. Оңтүстік Сібірлік Қарасұқ, Тағар мәдениеттерінің тек Солтүстік Қытай облыстарына ғана емес, сонымен қатар Маньчжурияның далалы аймақтарына дейін, Амур және Кама жерлеріне дейін әсер еткені жөнінде мәліметтер бар. Осы дәуірде ерте көшпеліліерде қолданыста болған алтын бұйымдардың Қытай мен Жапон аралдарына жеткені жазылып жүр.
Ишкуздар қазақ этногенезінде
Ерте көшпелілердің шығу тегін және этникалық тарихын түсінуге тарихи-генеалогиялық аңыздар үлкен мүмкіндік береді. Ишкуздардың айтуынша, олар барлық халықтардан жас және шығу тегі былай: бұрын адам аяғы баспаған олардың жерінде Тарғытай атты бірінші адам туған; Тарғытайдың ата-анасы деп Зевс пен өзен құдайының қызы Борисфенаны айтады. Сонымен, Тарғытай шыққан тегі осылай, олардың айтуынша, ал одан үш ұл туған: Липоксай, Арпоксай, кенжесі Колаксай. Олардың заманында скуз жеріне аспаннан алтын заттар түскен: соқа, мойынтұрық, айбалта және тостаған. Ағайындылардың үлкені бұл заттарды бірінші көріп, жақындап, алайын деп ұмтылғанда, алтын жалындап, оны жолатпапты. Ол кетісімен екіншісі жақындап еді, алтынмен жаңағы тағы қайталанды. Соныменен, алтын жалындап, өзіне оларды жақындатпады, бірақ үшінші бала, ең кенжесі, жақындағанда алтынның жануы тоқтап, ол алтынды өзінің үйіне алып барды. Үлкен ағалары осы таңғажайып оқиғаның мағынасын түсініп, бүкіл патшалықты кенжесіне берді. Сөйтіп, енді Липоксайдан қазір аухат атанып жүрген скуз руы тарады, ортаншысы Арпоксайдан катиар және траспи атанғандар. Ал кенжесі Колаксай патшадан: паралат аталатындар тарады.
Тарғытай, гректердің жазуына қарағанда, Дарий патшадан мың жыл бұрын өмір сүрген, яғни біздің заманымызға дейінгі ХУІ ғасырларда. Мүмкін, мың жыл деген бұл жерде тым ерте заман деген мағынаны беретін болар. Қарап отырсаңыз ғұндар да қытайларға өздерінің патшалық тарихы мың жылдан асатынын айтқан. Шицзы жылнамасын құрастырған қытай тарихшылары ғұндардың (хунну) мыңжылдық тарихы бар деп жазады. Олардың атасы Хяхэу - шы үйінің ұрпағы Шуньвэй... Шань - жун, хянь - юнь және хуньюй тайпалары Тхан және Юй патшалары кезінде өмір сүрген. Бірінші әулет - Яо патша - империяның билік басында б.з.б. 2357 жылы, екіншісі - б.з.б. 2255 жылы тұрды деген де пікір бар.
Бізге қызығы саһа-ишкуз қарияларының үштік әкімшілік -территориялық жүйені Тарғытайдың үш ұлынан алып шығуы. Бұл қазақтың Алаша хан туралы аңызын еске түсіреді және екі ортада жалғастық барын сөзсіз дәлелдейді. Бұл ежелгі аңыздар Еуразияның Ұлы даласының саяси билігінің басында тұрған этноарх Тарғытай және Алаша хандардың немесе олардың балалары мен ізбасарларының билік етуін әфсана түрінде сипаттап көшпелілердің этникалық жүйесінің үштік сипатын орнықтырды.
Жоғарыда біз үш жүздік құрылымның түп негізі саһа-ишкуз заманында қалыптасты дедік. Ахеменид жазбаларындағы саһалардың үш үлкен тобының аталуы да осыны дәлелдейтін сияқты. Ал ерте көшпелілердің этникалық құрамы қазақ халқына қаншалықты жақын? Персеполь жазуында Ахеменидтерге тәуелді ірі халықтардың бірі деп дайлар көрсетілген. Александр Македонский кезеңінде Танаистан (Дон) келген дайлар алдымен соғысып, кейіннен Александрдың әскері құрамында Үндістанға жорыққа қатысқан. Антика деректерінде саһа-ишкуздарды батысқа ығыстыратын массагеттердің де осы жорыққа қатысы бары айтылады. Олар аттарына мыстан жасалған көбе сауыт кигізеді деп жазады Геродот. Массагеттерді қазақ жерінен батысқа дайлардың ығыстырып шығарғаны және герман тарихшылары оларды өз ата-бабасы санайтыны анық.
Егер германдықтар массагеттерді бабамыз десе, біз неге дайларды қазақтың атасының бірі дей алмаймыз ?! Б.з.б. ІІІ ғасырда дайлар Ишкузияның батыс бөлігінде үстем тайпаға айналды. Олардың бір бұтағы Аршак бастап б.з.б. 238 жылы Иран-Түркменстан жерінде Александр мұрагерлерін ауыстырып жаңа империяны құрды. Енді бір қызық мәселеге келейік. Саха-якуттың Елдей батыр (Эллейада) туралы эпикалық жинағында Эр-Соготох-Эллэй батырдың әкесі Арсаах туралы айтылады: его отец, как рассказывают, происходил из татар. Отца его звали Арсаах, он бежал с сыном от войны. Воевали татары и русские. Последние победили. Арсаах прибыл к верховьям нашей реки верхом на жеребце.... Бұл Арсаах б.з.б. 250‒224 жылдары Парфияны билеген әулеттің атасы болуы мүмкін бе? Біз әбден мүмкін дейміз.
Оның дәлелі жоғарыда айтылған Елдей батыр (Эллей, Елтай, Алтай) туралы эпикалық хикаяларда. Қазақ шежіресінде Елтай батыр әңгімесі үш үлкен тайпаға қатысты қайталанады. Оның бірінішісі Адай, екіншісі -Баганалы-Балталы Найман, үшіншісі -Алтай Арғын. Бірінші жағдайда Елтай батыр келіп Байұлының қызын алады да одан Адай деген ел тарайды, екінші жағдайда Елтай батыр (Ел ата) Найманның жесірін алады да одан Бағаналы-Балталы тарайды, үшінші жағдайда Елтай батыр (Алтай батыр) Қанжығалы Пішпекбайдың қыздарын алады да Арғын болсаң -Алтай бол дейтін бір қауым ел тарайды. Бұл аңыздарды тереңнен тәржімелесек біз Байұлы, Найман, Қанжығалы атауларынан оғыздық (саһа, ишкуз) субстратты, ал Елтай (Элдей, Алтай) батыр атауынан ғұн заманындағы ұлы жауынгер көшті көреміз.
Енді Қанжығалы Пішпекбайға келейік. Қазақ шежіре -аңыздарында Ішпекбай-Пішпекбай дейді: Пішпек бай Ақкөл-Жайылмада екен. Ішпек бай, Пішпек бай деген екі ағайынды байлар екен... Алтай жігіт күнінде жүгенін беліне байлап алып, жаяу барып, Қанжығалы Пішпек байдың жылқысын баққан. Сонда Пішпек бай іңірде өз қолынан арқандаған атын түні бойы қарап, орнынан таба алмай, әуре болады екен. Таң атса, шөптің отында, судың тұнығында арқандаулы тұрғанын көреді екен. Алтай жылқының өрісінен келіп, байдың арқандаған атын бір түнде үш жылжытып арқандайды екен. Малға аса жаны ашып қарағандығы байдың көңіліне ұнап, Алтайға әбден ден қойыпты....
Осы аңыздағы Ішпекбай саһа-ишкуздардың Мысырға қарай бағытталған, Ассирияны бағындырған 28 жылдық жорығындағы Ишпақайды еске түсіреді. Бір қарағанда ертегі сияқты көрінгенімен, бұл жерде Қанжығалының саһа-якуттың Қанғалас ұлысымен аттас екенін еске алу керек. Сонымен бірге Ішпекбай-Пішпекбайлардың атасы атақты Толыбай сыншыны да ұмытпауымыз керек. Толыбай сыншы қазақтың аңыз-жырларында Көрұғлының атасы делінеді, яғни саһа-ишкузга дейінгі Хет дәуірінде өмір сүрген тұлға (Артықбаев Ж.О. Казахское историческое сказание о Толыбай сыншы, родоначальнике племени канжыгалы. Біздің ойымызша Қанжығалы-Қанғалас қаңлы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz