Конституция құрылымы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық Тараз Инновациялық Институт

СӨЖ

Тақырыбы: 1989жылғы халық санағы. Алғашқы Конституция

Қабылдаушы: Жүнісбекова Айнұр

Орындаған: Кадирова Жанар

Тобы: КЕС 21-1

Жоспар:

1. Кіріспе

2. 1989 жылғы халық санағы

3. 1897ж бүкілресейлік халық санағы

4. Алғашқы Конституция

5. Конституция құрылымы

Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199, 2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246, 1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т. б. өз ата мекендеріне көшіп кетуі болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердің саны 7201, 8 мың болса, әйелдер 7751, 8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгеріс болды. Мыс., қазақ ұлты 1468, 1 мың адамға (22, 9%) көбейіп, республика халқының жартысынан астамын (53, 4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29, 1%-ға), дүнген (23, 3%-ға), ұйғыр 15, 9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өсті. Оның есесіне орыс ұлты өкілдерінің саны 1582, 4 мың адамға (26, 1%-ға) кеміді, немістер 593, 5 мың (62, 7%), украиндар 328, 6 мың (37, 5), татарлар 71, 7 мың (22, 4%), беларусьтер 66 мың (37, 1%) адамға кеміген.

1897 ж. бүкілресейлік халық санағының мәліметі бойынша, қазіргі Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 - 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т. б. шет жұрттықтар есебінен 1 264, 0 мың адамға көбейген. Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткіші мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам, 1913 ж. - 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. - 14684 мың. Кеңестік дәуірде, әсіресе, 1930 жылдан кейін Қазақстан жеріне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 - 44 ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшіру науқаны жүргізілді. 1937 ж. алғашқылардың бірі болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшірілді. Олар негізінен Қазақстанның оңт. және оңт. -шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзірбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшірілген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нің 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтің батыс облыстарынан поляктар көшіріліп әкелінді. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей облыстарына ірге тепті. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Еділ бойынан неміс жұртшылығы, сонан соң 1944 - 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немістер көшірілді. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшірілді. Одақтық үкіметтің 1943 ж. күзде қабылдаған шешімі бойынша келесі жылдың көктемі мен күзінде Қазақстанға Солт. Кавказ бен бұрынғы Қалмақ АКСР-нан арнайы қоныс аударушылар Қазақстанға тұрақты мекендеуге көшірілді. 1944 ж. ақпанда Қазақстан аумағына чечендер мен ингуштер жер аударылды, ал наурыз айында Қазақстанның оңт. аймағына және Қырғызияға балқарлар әкелінді. Л. Берияның “Қырым АКСР-ның аумағынан Кеңеске қарсы элементтерді тазарту туралы” 1944 ж. 13 сәуірдегі бұйрығымен Қырым татарларын, болгарлар мен гректерді көшіру науқаны жүргізілді. Олар Өзбекстанға және Қазақстанның оңт. аймақтарына қоныс тепті. 1944 ж. 13 маусымда Мемл. қорғаныс к-тінің қаулысымен Грузиядан көшірілетін арнайы қоныс аударушыларды респ. аумағына қоныстандару туралы Қазақстан үкіметіне өкім берілді. 1944 ж. қарашада Грузиядан Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстарына месхеттік түріктер мен күрдтер күштеп қоныстандырылды. Бұдан кейін Қазақстанға басқа халықтардың көп мөлшерде көшіп келуі тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде (1954 - 56 ж. ) және өнеркәсіп нысандарын қарқынды салу жылдары (1959 - 65) көбейді. Осы жылдары Қазақстанда тұратын жергілікті халық саналатын қазақтардың үлесі ең төм. деңгейге жетті (30%) . Қазақстан аумағы жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұратын мекенге айналды. 1960 жылдан бастап көшіп келушілер мөлшері біршама азайып, жыл сайынғы мөлшері 60 - 70 мыңдай адам болды. 80-жылдардың екінші жартысынан, әсіресе, 1990 жылдан кейін Қазақстанды мекендеген шет жұрттықтардан көшіп кетушілер саны өсе бастады. Қазақстан халқының саны 2003 ж. қаңтарда 14862, 5 мың адамға жетті (қ. 4-кесте) .

1990 жылға дейін Қазақстан халқының демогр. жағдайы тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуімен, қалада тұрушылар үлесінің шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының біркелкі болмауымен сипатталды. 1990 жылдан кейінгі кезеңде славян, герман тектес тұрғындардың өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды, қазақ және басқа түркі тектес халықтардың үлесі артты, сондай-ақ, нарықтық қатынастарға байланысты ішкі көші-қонның әсерімен қала тұрғындарының саны өсе бастады.

Төңкеріске дейін Қазақстан қалаларында жалпы халықтың 9, 7%-ы тұрды. Соғысқа дейінгі жылдарда қала халқының өсуіне Қазақстанның бай минералдық шикізат қорларын игеру, ірі т. ж. құрылыстарын салу, т. б. факторлар әсер етті. 1939 ж. қала халқы 3, 3 есе өсіп, қалалық елді мекендер саны 81-ге жетті. Соғыс жылдарында жаңадан 28 қалалық елді мекен пайда болды. 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалалар халқының үлесі 1939 ж. 28, 8%-дан, 1986 ж. 62, 6%-ға артты. 1986 ж. Қазақстанда 83 қала (21 ірі, 11 орта, 51 кіші), 204 кентте жалпы халықтың 58, 0%-ы тұрды. 1985 жылдың басында Қазақстанда ауыл-село халқының саны 1970 жылға қарағанда 5, 0%-ға артып, жалпы халықтың 42, 9%-ын қамтыды

Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді. Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды. [1]

Қазақ КСР Конституциясы 1937 жыл

1937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің Бүкілқазақстандық Төтенше Х Съезінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім мен 125 баптан тұрды. Ол жерде «КСРО Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ КСР өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады» делінген. 1937 жылдың Конституциясында экономикалық, саяси қорғаныс салалары бойынша өзара ықпалдастықты іске асыру мақсатында басқа да тең құқылы республикалармен еркін түрде одақтасуға құқылығы (13-бап), Қазақ КСР келісімінсіз территориясын өзгертуге тыйым салу (16-бап), жоғарғы республикалық және мемлекеттік биліктің жергілікті органдары қалыптастыратын, заңнаманы жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті және де азаматтар құқығын, салық салу т. б. мәселелерді қорғау бойынша республика саясатын жүргізу құқықтары бекітілген (19-бап) .
Сонымен қатар, сот пен прокуратура жүйесі қамтылған. Халық соттары аудан азаматтарының тарапынан құпия сайлау жолымен жалпы, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланып, сот ісін жүргізу қазақ тілінде, ал басқа ұлт өкілдері шоғырланған аудандарда олардың ана тілдерінде жүргізілуі тиіс болған (83-90-баптар) .
1937 жылдың Конституциясында азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған: еңбек етуге құқылығы (96-бап), демалысқа құқылығы (97-бап), қартаю, ауру болу және еңбекке қабілетсіз болып қалу жағдайларында материалды қамтамасыз етілуге құқылығы (98-бап), денсаулық сақтау, сөз, баспасөз, жиын, митинг, көше шерулері мен демонстрацияларға еркіндік берілуі кепілдігі, тұлғаға, тұрғын-жайға, азаматтардың хат жазысу арқылы жеке хат алысуға дербес құқықтары, шетел азаматтарына саяси баспана беру құқығы.

Қазақ КСР Конституциясы 1978 жыл

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Ресей Федерациясының Конституциясы орыс мемлекеттің негізгі заңы
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
Штаттардың соттары
ҚР Конституциясы: құрылымы мен мазмұны
Ресей Федерациясының Конституциясы
Конституция-мемлекеттің Негізгі Заңы туралы ақпарат
Кречмер бойынша дене типтерінің құрылысы
Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы
Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи - құқықтық сабақтастығының алғы шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz