Эмоциялар мен сезімдердің табиғаты мен мәні


Орындаған: Әбдімәжит Мерей
Тобы: ПжП 20-1
Тексерген: Таджикова А.
Тараз 2021
ЖоспарI. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Эмоциялар мен сезімдердің табиғаты мен мәні
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
КіріспеҒылым тілінде адам бойындағы түрлі психикалық құбылыстарды сезім деп атайды. Күн-делікті тұрмыс-тіршілікте ақыл-парасат иесінің бойында кездесетін сезімдер әрқилы. Олар-дың ең бастылары: торығу мен жайдарылану, ашығу мен тоқмейілсу, шөлдеу мен шаршау, ауырсыну мен рахаттану, сырқаттану мен сауығу, ұнату мен жеккөру, шошу мен ұялу, таңдану мен тамсану және т. б. Сезімдердің ұзақтығы мен қарқыны, деңгейі мен сипаты, табиғаты мен мазмұныда сан алуан. Оның бір сәттік тебіреністен күнделікті құштарлыққа, үстірт эмоциядан терең де тұрақты сезімге де ұласуы ғажап емес.
Эмоция да адамның айналасындағы өмір шындығына және өз басына деген қарым-қатынасы болып табылады. Және оның жүзеге асуына сезімдей әсер етеді. Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғымдарының өзіндік айыр-машылықтары бар. Психолог Қ. Жарықбаевтың пікірінше: «Эмоция адамның түрлі орга-никалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, ситуациялы көңіл-күйлері, адам қуанғаннан, қамыққан-нан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі. Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете алады.
Сезімдер - адамдардың бір-бірімен қарымқатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын процесс. Достық, адал-дық сезімдері адамдарда бірден қалыптаса қоймайтындығы белгілі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, те-рең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі».
Адамның сезім мүшелері Тіршілік иелері - адамдар мен жан-жануар-лардың ағзасында ішкі және сыртқы ортаның сан алуан әсерлерін қабылдайтын, оны мидың сезімтал орталық-тарына жеткізетін тал-дағыштардың шеткі бөлімі бар. Мұны - рецепторлар деп атайды. Олар денеге әсер етуші тітіркендіргіштердің бел-гілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейім. Олар өздерінің орналасу орнына сәйкес экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді, дейді ғалымдар. Экстерорецепторлар - қоршаған ортадан келетін тітіркендіргіш әсер-лерді (дәм, иіс, жанасу сезімі, көру, есту) қабылдаушы.
Негізгі бөлімБір мәселедегі сезімдер қайшылығы
Біздің өмірімізде болып жатқан әр түрлі өзгерістер эмоциялар мен сезімдердің қайнар көзі екені мәлім. Тек, бір жағдайдың, бір заттың әр адамға әрқилы әсер ететін де кездер болады. Біз олардың кейбіріне тоқталсақ: шөлдегенде ішкен бір стақан су адамның жанын рахат сезіміне бөлейді. Ал енді шөлдемеген кісіге зорлап ішкізсе, оның бойында ашу, наразылық сезімін туғызады. Әрбір адам музыканы тыңдағанда сүйсініп, етжүрегі елжірегенімен, жақсы сезімдер құшағында болғанымен, барған концерті тым ұзаққа созылып кетсе, қалжырап, жалығып кететіні өтірік пе? Яғни, эмоция мен сезімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол адамның еркімен, ниетімен, мінезінің ерекшелігімен, талап-тілегімен әр түрлі көріністе, сипатта анықталады. Олай болса, эмоция мен сезім әлемі өте күрделі, алуан түрлі, таңғажайып сырларға толы. Зерттеу-ші мамандардың пайымдауынша, адамның эмоциясы мен сезімі қоғамдық-тарихи сипатта болса, жануарлардың эмоциясы биологиялық күйде, тек есте болатын бір жағдай, адам сезімдері-не лайықты көріністер жануарлар психикасында ұшыраспайды. Оның сәл ұшқыны сезілгенімен, ол адамның сезімдеріндей нәзік те ұзақ, ұлы емес.
Адам бойындағы ең биік сезім
Ол жөнінде әркімнің өзіндік ой-пікірі, түсінігі болады. Біздің және бірқатар мамандардың дүниетанымы бойынша, адамның жоғары сезім-дері көп. Солардың ішінде әркімнің күнделікті тыныс-тіршілігінде ай-рықша орын алатыны жә-не ең бастысы - парыз сезімі. Бұл - адамның өз Отанының, халқының, ата-анасының, отбасының, туған-туыстарының, еңбек ұжымының, қоға-мының, дінінің, өзіндей адамдардың алдындағы парызы. Адамдар оны қалай түсінеді, оған сөзі-мен, ісімен қалай жауап береді, оның бәрі өзінің де, өзгенің да алдында көрініп тұратын өлшем. Парыз сезімі терең дамы-ған адамда оны орындау, өтеу ауырлық әкелмейді, қайта бақытқа бөлей-ді, оған зор сый-құрмет сыйлайды.
Сезім арқылы адамды танып, білу
Адамды танып, білу үшін оның қалай ойлайтынынан, соған сәйкес қалай іс-әрекет ететінінен хабардар болу жеткіліксіз. Ең бастысы, адамның не нәрсені де тебірене се-зінетінін білуіміз қажет. Бұл орайда психолог мамандар адамның сезімін 4 топқа бөліп сараптап, бағалайды. Олар: сезімнің бағыттылығы; сезімнің тереңдігі; сезімнің тұрақты-лығы; сезімнің әсерлігі.
Егерде адамның сезімі не болса, соған әсерленіп, бетімен лақса, онда ол ақыл-парасат иесінің шығармашылығына, тіршілік үшін күресіне, ал-дына қойған мақсат-мүддесіне мықты тірек бола алмай, адамды тура жолынан адастыруы да, қате қадамдарға бастыруы да, негізгі парызы мен міндетін адал атқаруы-нан аластатуы да мүмкін. Адам сезімі оның мақсат-мүддесімен қаншалықты қабысып жатыр, оның беріктілігі қандай, бар бақыт, абырой соған бай-ланысты.
Адамның эмоциялық өмірін талдап, таразыла-ғанда оның өмірінде ең үлкен орын алатын сезімдері қандай, ол жеке дүниетанымынан, көзқа-расынан туған ба, негізгі мақсаттарымен сәйкес келе ме, сезімдері ұсақ па, ірі ме, аумалы-төкпелі ме әлде тұрақты ма, соған басты назар аударған жөн. Себебі, кейбір сезімдердің бағытына сәйкес жоғары немесе уақ болатыны белгілі.
Осы орайда өшпенділік сезімін алып, қарастырсақ, Елің мен Жеріңнің жауларына деген өшпенділік сезімің сені ер-лікке құштарландырады, қаһарман етіп шығарады.
Олай болса, бұл ең жо-ғарғы сезім. Ал енді, бағы жанған біреуді күндеп, оған өшпенділікпен қарау - өсек туғызып, жат қылықтар жасауға итер-мелейді. Яғни, бұл - тайыз сезім. Көрдіңіз бе, бір ғана өшпенділік сезімінің өз бағытына (не нәрсеге бағытталуына) байланысты қандай мән-маңызға ие болып отырғанын.
Кез-келген адамның эмоциялық өмірінің бай-лығы мен мазмұндылығы бойындағы сенімдерінің күшімен емес, тереңдігі-мен өлшенеді. Терең се-зім әр адамның тыныс-тіршілігінің ең маңызды жақтарын қамтиды, ойымен, талап-тілектерімен жан-жақты байланыста болады, өзінің бүкіл рухани болмыс-бітіміне әсер етеді, оған нәр береді. Бұл орайда Лермонтов былай деген: «Сабырлылық - бойда жасырынып жатқан ұлы қуаттың бел-гісі; сезімнің, ойлардың толық және терең болуы ұстамсыз қылықтарды болдырмайды». Иә, тез лып етіп өте шығатын, сыртқа көрінуі күшті сезімдердің барлығы бірдей терең сезімге жатпайды, адамның сенімі-нен туатын, оның өмірлік күресінің бағыт-бағдарын айқындайтын, принципті түрде жек көруді туғыза-тын сезімдер терең сезім болып саналады.
Қорытынды ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz