Ерік сапалары


Орындаған: Әбдімәжит Мерей
Тобы: ПжП 20-1
Тексерген: Таджикова А.
Тараз 2021
ЖоспарI. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Еріктік амалдың психологиялық құрылымы.
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Ерікті әрекеттер мен амалдар - мәнісі мен құрылысы жағынан өте күрделі процесс. Немесе ерікті амал, бұл-мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет.
Ерік қимылы адам даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс екендігін төмендегі структурасынан да жақсы көруге болады.
Ерікті амал кезеңдері бұл мәселенің мәнін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетеді. Әрбір ерікті әрекетте белгілі мақсат бар. Адам қандай да болмасын белгілі бір істі орындау, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз жағдайын соған бейімдейді.
Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Мәселен орта мектепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсуге талабы бар дейік, оқушының бұл мақсатты алдына қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы түрткі (мотив) болады. Кез-келген адамнан “ сен не үшін оқисың ? ” деп сұрасаң, оның нендей болса да бір дәлел айтатыны түсінікті.
Адам осылай өзінің келешекте белгілі бір бағытқа істейтін ісінің мәнін жоспарлай белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы -тілек немесе ниет деп атайды. Тілек-келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мәселен, “газетке мақала жазсам”, ” өзенге барып шомылсам” т. б. деген сөйлемдерде адамның түрлі тілегі бейнеленген. Бұларда белгілі бір қахетті өтеу көзделген, бірақ оны орындау жолдары әліде болса көмескі, яғни оның жоспары сызылмаған.
Дегенмен, осы секілді тілектерді еріктік амалға тән талғамалылық сипат 270 тоқтамға келу бар. Ал талғау ниетке ой әрекетінің араласуын қажет етеді. Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерді тежейді де, қажеттілерін орындау үшін тиісті жоспар сызып, амал, айла, әдіс қарастырады. “Тілектің алды-артын тексеріп үйренген адам балалықта ебедейсіз, еркеліктен, қияңқылықтан, есейгенде есерліктен аман болмақшы. ” (М. Жұмабаев) . Соңғы жағдай ғана адамның тілегін нақтылы кесімді түрде келтіреді. “Жақсы ниет жарым ырыс” деп халық тегін айтпаған.
Адамның алдындағы мақсаты осылайша айқындалғаннан кейін, әрекеттің орындалу жолын қарастырады, оны жоспарлайды. Егер адам мақсат қояр кезде өзіне “не істеу керек ?”, “қандай жолдармен мақсатқа жетуге болады ? ” деген сұрақтар болады. Осы арада адам мақсатқа жетудің ыңғайлы жолын іздестіреді, айналасына көз тастап, алда тұрған қиыншылықтардың сыр-сипатын, оны жеңудің жолдарын белгілейді. Мәселен, біреудің стол жасап алғысы келді дейік. Ол алдымен бұған қандай материалдың жарайтынын, оны қайдан алуға болатынын, қандай құрал сайман керектігін, жұмыстың көлемін т. б. топшылап алады. Қандай болмасын іс-әрекеттің жоспарын жасау-күрделі процесс. Ол адамдардың белгілі білімін, өмір тәжірибесін, ойының орамдылығын қажет етеді. Бұл ерікті әрекеттің интеллектуалдық кезеңі.
Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылық қалауына көшеді. Қалау - мақсаттың айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспарлардың жасалынуы, ойдың бекемдігі. Дегенмен тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік жігерін толық көрсете алмайды. Өйткені бұлар кейде бір-біріне үйлесе алмай, қпайшы келіп отырады. Мәселен, орта мектепті бітірген оқушы бірде педагогикалық институтқа түсіп, мұғалім болып шыққысы келеді. Ол сондай-ақ өзінің ауыл шаруашылығы маманы болғанын да жақсы көреді. Бұл арада оған осы екі мамандықтың бірін қалау қажет. Ал осы мамандықтар жөнінде толық түсінігі болмаса ол өзінің ойының тайқақтайды, бұлардың қайсысын қалауын білмей, әуре-сарсанға түседі. Міне осындай жағдайда тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік туады. Мұны психологияда түрткілер күресі деп атайды. Мұндай түрлі мотивтердің ішінен ақылға қонымдысы -нақты жағдайға тура келетін біреуі жеңеді, тек содан кейін ғана адам бір тоқтамға келе алады.
Мотивтер күресін Н. В. Гоголь ” Үйлену ” комедиясында жақсы көрсеткен. Некесі қиылайын деп жатқан надворный советник Полколесин аяқ астында үйленудің тиімді-тиімсіздігін ойлап басы қатады. “Үйленбей жүрген жұрттың шетінен есуас екеніне көзім тек енді ғана жетіп отыр. Қыруар жұрттың көрер көхге адасып жүргені-ай десейші. Алда-жалда бір елге патша бола қалдым ғой, қол астымда жалғыз бойдақ қоймай, жұрттың бәрі түп-түгел үйленсін деп әмір берер едім”. Ол осы арада ойланып, ақылға салып үйленген жөн шығар, өмір бойы бойдақ болу ақылсыздық болар деген ойға келеді. Бұл оның үйлену жөніндегі бірінші мотиві, ал екінші мотиві - семья бақыты. ” Шынында ойлап тұрсам, мінеки, әне-міне дегенше, әйелді болып шыға келгелі тұрмын. Сөйтіп енді тілмен айтып жеткізе алмайтын, тіпті айтуға лайықты сөз де табылмайтын ертегідей бір шырын-шәрбат ләззарттың дәмін татқалы тұрмын”. Кенеттен оның басында қарама-қайшы мотив туа кетті: “Әйтсе де, бажайлап қабырғама кеңесе кетсем-ақ болды тұла бойым түршігіп сала береді. Өмір бойы, мәңгі бақи қол-аяғыңа күрмеу түсіп. Қайтып енді тырп ете алмай аузыңды ашып, жазып ем, жаңылып ем деуге шамаң келмесе шаруаңның біржола біткені ғой”. Сөйтіп Подколесин әуре-сарсаңға түседі де, ашық тұрған терезеден қарғып кетеді.
Белгілі көзқарасы мен сенімі қалыптасқан адамдарда мотивтер күресі онша байқалмайды. Олар, көбінесе жеке бастың мотивінен гөрі қоғамдық мәні бар мотивтерді (борыш сенімі, нәесенің қоғамға қажеттіліктерін түсіну) басшылыққа алып отырады.
Сондықтан адам өз алдына мақсат қойған кезде, оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін айқындап, қол жететін мақсаттарды ғана алға қоюымыз қажет.
Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мотивтср күресі, тоқтамға келу -бәрі жиналып еріктік қимылдьщ «даярлык кезегі» деп аталады. Еріктік амалдың ең нсгізіі ксзеңі - қандай болмасын тоқтамды орындау стадиясы. Озінің қандай болмасып тоқтамын іске асыратын, оны орындайтын кісіні ғана еркі нағыз жетілген адам деп айтуға болады. Талай жақсы тоқтамдардыц жүзеге аспай, орындалмай қалатындары да кездссіп отырады. Бұлай болудың себебі орындалуы қиын мақсатты алға қоюдан, мақсаттың айқын болмауынан, әлі де болса өмірге дұрыс көзқарастың қалыптаспауынан, өз ісіне сенімсіздіктен, мақсат еткен нәрсеңді жан-тәніңмен сүймеуден т. б. себептерден болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz