Елбасының осы мақалада көтерген тағы бір маңызды, өзекті мәселесі - туған жерге деген махаббат



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

РЕФЕРАТ
Пәні:Философия
Тақырыбы:Болашаққа бағадар:Рухани жаңғыру аясында
Қазіргі мәдениеттегі ақпараттың рөлі

Орындаған:Буркутбаев Байғани Анесұлы
Тексерген:Мусабекова Гавхар Курманбековна

2021 ж
Болашаққа бағадар:Рухани жаңғыру аясында Қазіргі мәдениеттегі ақпараттың рөлі
Рухани жаңғыру - қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасы Нұрcұлтан Назарбаевтың мақаласын оқып шығып, осындай ой түйдім. Оның айтуынша, бұл ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн.
Аймағымыздағы келер ұрпақтың алдындағы ардың ісін арқалап жүрген зиялы қауым Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласын ықыласпен түйсіне оқығаны анық. Олай дейтінім, мақалада Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мәңгілік болары хақ.
Елбасының жыл басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталды деп жарияланды. Қайта жаңғырудың екі процесі - саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алып жатырмыз. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін әрқайсымыздың санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс, делінген мақалада. Шындығында ұлттық рухы, руханияты жоғары, мәдениеті озық ел көп нәрсеге қол жеткізетіні анық. Және ұлттық бірегейлікті сақтау ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін қажет етеді. Елбасы ұлттық мәдениетті сақтай отырып жаңғыру және ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту қажет екенін қазақстандықтардың түсіне білуі керек екендігін баса айтады. Мақаладағы Туған жер бағдарламасын қолға алу ұсынысы жас ұрпақты тәрбиелеуге дәл және уақытында айтылған нақты тапсырма деп білемін. Әрбір адамның жүрегінде кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына, туған жеріне деген сүйіспеншілік, құрмет болмайынша - Отан деген Ұлы ұғымға адал қызмет ету, жан дүниесімен беріле сүю екіталай.
Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы, - делінген мақалада.
Мақалада: Біз жаң - ғыру жолында баба - лар - дан мирас болып, қаны - мызға сің - - ген, бүгін - де тамы - ры - мыз - да бүл - кіл - - деп жатқан ізгі қасиеттерді қай - та түле - туіміз керек, - делінген.
Расында, жастайынан дін мен дәстүрімізді, тағылымды тарихымызды оқып, сусындап өскен ұрпақ теріс ағымдар мен жат мәдениеттің жетегінде кетпейді. Салт-дәстүрі мен тарихына ерекше мән берген елдің тұғыры биік, іргесі берік болмақ.
Неғұрлым тұтастыққа жету үшін елді айшықтап тұрған ұлттың танымдық, тәрбиелік маңызға бай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері қажет. Кез келген халықты өзінің төлтума рухани құндылықтары мен ізгі қасиеттері ғана біріктіре алады. Елбасы мақалада осы ұстанымды айқын көрсетіп берді:
...Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады...Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу.
Бұл - тектен тек айтыла салынған жүрек қалауы емес, бүгінгі өркениетті, озық технологиялы, жаһандық ықпалдасудан, керек десеңіз, түрлі қауіп-қатерден қорғану жолы. Осы орайда ұлтымыздың белгілі ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: Қасыңнан да, досыңнан да бірдей сақтан, - деген сөзі ойға оралады. Сақтанудың басы - өзіңе қатысты рухани құндылығыңды түгендеп, кейінгіге мұра етіп қалдыру.
Мәдениеттің рөлін ұғынуға деген заманауи көзқарас жаңа әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру қажеттілігін негіздейді, оның маңызды бағыттары бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы және мемлекеттің эволюциялық даму жолы болып табылады. Қазіргі жағдайларда мәдени саясаттың маңызды артықшылығы тұлғаның, бизнестің және тұтастай мемлекеттің маңызды жетістігінің аспектілері ретінде қоғамның шығармашылық белсенділікке және өз бәсекелестік артықшылығын арттыруға деген қарым-қатынасының өзгеруі болуға тиіс. Бұл, ең алдымен, Қазақстан Республикасының әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына жедел кіруіне ықпал ететін қазіргі заманғы, әлемдік стандарттарға негізделген мәдени инфрақұрылымды және саланы ұйымдастыру мен басқарудың тиімді моделін құруды талап етеді.
Мәдени саясат тұжырымдамасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің озық тәжірибесі ескеріле отырып әзірленді, атап айтқанда, жұмыспен қамту және кірістер деңгейінің көрсеткіштері бойынша мәдениет және өнер саласын күшейтуге бағытталған. Мұндай жағдайларда мәдениет саласы экономика ресурстарының біріне, бизнес-бастамалар үшін тартымды инвестициялық салаға айналып келеді, бұл атап айтқанда: кино индустриясы, анимация, цирк өнері, музей, концерт пен театр қызметтері және тағы басқалары сияқты өнердің жекелеген түрлері мен мәдениет ұйымдарын экономикалық тұрғыдан табысты (рентабельді) деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
Әр халық ел болып ғұмыр кешуі үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарын сіңіріп, рухани болмысымен өмір сүруге баулиды. Елбасының осы мақалада көтерген тағы бір маңызды, өзекті мәселесі - туған жерге деген махаббат.
Президентіміз: ...Қазақ Туған жерге туыңды тік деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі, - деп атап өтті.
Расында, өзінің туған жерінің, туған өлкесінің көркеюіне үлес қоса білген азамат бүкіл елдің игілігі үшін қызмет ете алады. Міне, патриотизм дегеніміз туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады.
Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі: Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім? - деп сұрайды. Сонда ол: Ең жақсы адам - қоғамға, елге пайдасы тиген пенде, - деп жауап берген екен.
Демек, қоғамға пайдалы болғаның - жақсы мұсылман болғаның. Алла Елшісінің тағы бір хадисінде: Отанын күзеткен шекарашының көзі ақыретте күймейді, - деген. Туған жерді қорғау, туған еліңе қызмет ету білім - нің көптігінен емес, елдік санаға, туған еліңе деген махаб - батқа байланысты екен. Алаш арысы Әли - хан Бө - кей - хан: Халыққа қызмет ету - білімнен емес мінез - - - ден, деп бекер айтпаса керек. Осынау парасатты пікір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани-жаңғыру Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы
Рухани жаңғыру және оның пайдасы
Көне қазақтың рухани мәдениеті
Қалған ұлттар диаспора
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы
КІТАП ТАРАТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ БАСЫЛЫМДАРЫНДА ЖАЗЫЛУЫ
Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамытудағы газеттердің рөлі
ҚАЗАҚ КІТАП БАСУ ІСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ақсуат ауылдық округі
Медициналық қызмет көрсетудің құқықтық негіздері
Пәндер