Сана философиялық мәселе ретінде


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

  1. Сана философиялық мәселе ретінде

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сана - дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр.

Санаға қатысты екі негізгі мәселе бар: бірі, сана мен дененің байланысы, әсіресе сана мен нерв жүйесінің байланысы мәселесі әлі де зерттелу үстіндегі тақырып. Дуалистер мен идеалистер сананы физикалық емес нәрсе деп түсіндірді. Ал, қазіргі заманғы функционализм - яғни сананы нейрондардың қозғалысы деп түсінеді. Екінші мәселе, хайуандарда да сана бар ма деген тақырып. Егер сананы адамға ғана тән құбылыс десек, онда хайуандарда болатын кейбір саналыға ұқсап қалатын әрекеттерді жаңаша түсіндіруге тура келеді.

Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады.

Сана - өмірде белсенді бола алатын адамның ішкі қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

1. Сана философиялық мәселе ретінде

Сана түсінігі философия саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.

Сана - образға сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ритмдер байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

Философиядағы сана мәселесі-философиядағы негізгі мәселелердің бірі. Философияда сана мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар, олар физикализм; солипсизм; объективтік идеализм; материализм деп бөлінеді.

Физикализм -сана жеке субстанция ретінде, сана материяның туындысы және тек физика тұрғыдан түсінуге болатынын қарастыратын, сананың мидағы физиологиялық процестермен байланысты екенін пайымдайтын бағыт. Сана- ми қызметінің жемісі. Бұл көзқарас ғылыми жаратылыстану ғылымдардың нәтижелеріне, соның ішінде мына фактілерге негізделген: адамның миы-табиғаттың күрделі "механизмі", материяның жоғары ұйымдасқан деңгейі; ми болмаса әр адамның санасы өмір сүре алмайды, ми-биологиялық орган; адамзат жасанды интеллект жасауға мүмкіндігін алды, ол материалдық объект - машина (компьютер) ; дәрілердің адамның организміне әсері санада бейнеленуіне әкеледі (мысалы, психотроптық заттарды қолдану) . Физикалистердің негізгі мәселесі- ол идеалдық сана: адам ойындағы образдардың материалдық сипаттамасы жоқ, мысалы - массасы, иісі, өлшемдері, формалары жоқ; сана образарды өзгерте алады - үлкейту, кішірейту, өшіру сияқты, ешбір адам басқа адамның санасын "көрмеген" (миге операция жасаған хирург, микроскоптан тек затты - нейрондерды көреді, бірақ ол операция жасаған адамның образдардарын, не ойларын көре алмайды) .

Материализм теориясы (мысалы, Фохтың пайымдауынша ой мидан бөлініп шыққандықтан ойдың өзі ерекше түрдегі зат) . Ой мен материя сапалық жағынан өзара тең ұғымдар. Психикалық құбылыстарды физиологиялық құбылыспен, ойды затпен теңестіру арқылы материализмді идеализммен байланыстырды.

Солипсизм -индивидтың санасы- жалғыз нақты реалдылық, а материалдық дүние - оның туындысы деп есептейтін бағыт (субъективтік идеализм - Беркли, Юм, Фихт) .

Философиядағы сана мәселесінде сананың қалыптасуы туралы әр түрлі көзқарастар бар. Солардың бірі сананың космостан (не құдайдың ақылынан) пайда болды деген көзқарас. Сана барлық тірі организмдерге тән немесе сана тек адамның қасиеті. Сана космостан (құдайдың ақылынан) пайда болғаны туралы көзқарас: монадалар теориясы (монадология) - Лейбниц негізін салды, Даниил Андреев оны ары қарай дамытты. Дүниеде бөлінбейтін және мәңгілік монадалар бар - алғашқы рухани бастамалар, олар сананың негізі; Шарден теориясы, бұл теория бойынша сана- адамнан тыс мән, материяның "ішкі түрі", "миы"; Толбет теориясы, бұл теория бойынша Әлем- гиганттық ақыл, сана-материяны жасайтын өзара өрістердің нәтижесі; Гилозоизм теориясы, бұл теория бойынша барлық материяның (тірі, өлі табиғат) жаны бар, табиғаттың жаны бар болуы - материяның қасиеті.

Сана ұғымына биологиялық көзқарас яғни сана -тірі табиғаттан пайда болуы және барлық тірі организмдерге тән делінеді. Сана - тек адамның қасиеті туралы көзқарас. Сана - тек адам миының жемісі және адамға ғана тән, ал жануарларда сана емес, инстинкт бар. Сана-объективті дүниенің субъективті бейнесі. Ал, бейнелеу- материалдық объектілердің басқа объектілерге өзара қатынастардың арқасында із қалдыру мүмкіндігі. Бейнелеулің қарапайым формалары механикалық; физикалық; химикалық болып бөлінеді.

Сана - биологиялық бейнелеудің жоғарғы түрі. Жануарлардың санасынан адамның санасының айырмашылығы тереңдігімен, еңбекке қабілеттілегімен, абстракциялау мүмкіндігімен, сананы жеткізу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Адамның санасының негізгі қасиеттері: идеалдық; интенционалдық; идеаторлық болып жіктеледі.

Идеалдық -сананың ерекше, материалдық емес мәні. Өзінің табиғаты бойынша идеалдық сана: материалдық дүниеге қарама қарсы ; материядан тәуелсіз; материалдық құралдармен танылмайды;

Интенционалдық - обьектіге деген бағыт. Сана затсыз, обьектісіз болуы мүмкін емес. Интенционалдық сана: сана обьектісі; түрлері. Сананың негізгі түрлері: қабылдау; түсіну; бағалау; еске алу; фантазия; өмірлік тәжірибе. Сананың обьектісі: қоршаған дүние, оның заттары, құбылыстары; ерекше, тәуелсіз рухани әлем.

Идеаторлық сана - идеяларды жасау және жаңғырту қабілеті - қарапайым бейнелеудің шеңберінен шығатын ішкі өзіндік жұмыс. Абстракциялдық идеяларды дамыту қабілеті - адамның санасының жануарлардың санасынан негізгі айырмашылығы.

Сана рухани таза жанға тән, жалпы алғанда сананы үшке бөлуге болады: материалдық болмысқа жататын сыртқы тән сезімі; ішкі ой-өріс сезімі; рухани болмысқа жататын алғашқы таза сана - рухани сана. Сана құрылымына эмоциялық, соның ішінде адамның көңіл-күйлері сезімі, сонымен бірге ерік процестері, ол адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Өзіндік сана -адамның өзін тұлға ретінде түсіну және бағалау, адамның өзінің іс-әрекеттері мен олардың нәтижелерін, өзінің өзге адамдармен өзара әрекетін және өзіне қатынасын құратын, индивидтің өзі туралы шартты түрде тұрақты, азды-көпті ұғынылған түсініктерінің қайталанбас жүйесі. Л. С. Рубинштейн былай дейді: «өзіндік сананың дамуының нағыз қайнар көзі мен қозғаушы күшін - оның айналасындағылармен өзара қатынасының өзгеруінде көрінетін индивидтің шын мәніндегі дербестігінен іздеу керек». Өзіндік сана тұлғаның әрі қарай дамуына әсер етеді, ал өзіндік сананың дамуындағы жағымсыз ауытқулар тұлғаның үйлесімді құрылымын бұзып, мінезінің бұрыс қалыптасуына алып келеді.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниеге көзқарас түрлері
Философия теориялық тұрғыдан тұжырымдалған дүниетаным
Философия тарихындағы адам мәселесі
Сана - философия мәселесі ретінде
Болмыстың негізгі түрлер
Философия мифологиялық дуниетаным
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары
Философияның негізгі бөлімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz