Төле бидің сөзге тоқтауы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақ би-шешендерінің мұраларындағы адамгершілік ілімнің көрінісі.

Орындаған: Мұратбекқызы Д.
Тексерген: Исматова С.М.

Тараз,2021
Қазақ би-шешендерінің мұраларындағы адамгершілік ілімнің көрінісі
Жоспар:
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің қалыптасу тарихы
Қазақ би-шешендерінің мұраларындағы айтылатын басты идея
Төле би,Қазыбек би, Әйтеке би мұраларындағы адамгершілік ілімнің көрінісі
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе бөлім
Әр халықтың өз заманына қарай хандары, билеушілері немесе рухани ұстаздары болды. Сол сияқты қазақ елінің де тарихтың даму сатысына қарай хандарына ақыл қосып, қара халықтың сөзін сөйлеп, түрлі мәселелерін шешіп отыратын билері болған.
Би болу қаншалықты қиын болса, соншалықты мәртебелі. Оның даңқы туыс-туған, ру-тегінің ғана емес, өзі туған өңірдің де атағын асыратын. Сондықтан баланы би-төрелікке тәрбиелеу ісіне ата-ана ғана емес барлық ауылдастары ат салысқан. Би болуға деген құштарлықтан қастерлеу, еркін ойлап, шешендік тілде еркін сөйлеу және айтыс-тартыста парасат-пайым танытып, ұтымды да, ұтқыр сөз табу қажет. Сонда ғана қазақ жерлерінің тұтастығын сақтап, үш жүздің бірлігін нығайту сияқты халық құндылықтарын аманат етіп, би сайлаған. Және әулеттік, рулық, қауымдық қоғамдық мәселелердің бәрін аталмыш құндылықтар қисынымен қарастырған. Бұған қарасты Атаның баласы болма, адамның баласы бол деген даналық бар.
Билер ұғымы туралы түсінікті С.Негимов Шешендік өнер атты кітабында: Би шешендер мұрасы - ұлт, заман, мемлекет тағдырын өмір, тіршілік тұрмыс құбылыстарын, адамгершілік дүниесін жан-жақты қозғап, әділ таразылайтын, ғаламат тұжырымды тұрлаулы пікірлер қорытатын, нәзік талдаудар жасайтын, туған халқының ақыл-ой дәрежесін, рухани болмысын танытатын теңдесі жоқ өмір оқулығы деген еді.
Билер тарихында әр қайсысы жеке дәуірге лайықты Майқы би, Асанқайғы , Жеренше шешен, Әнет баба, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым, Ескелді, Қарауыл Қанай би, Байдалы би, Бөлтірік, Жанқұтты, Ақтайлақ би, т.б. атауға болады. Олар өздерінің ойлау еркіндігімен, ұшқырлығымен, тапқырлығымен алғырлығымен тілдерінің мейлінше орамдылығы, жылдам ой қорыту қасиеттерімен, сыншылдық-шыншылдығымен таңқалдырған.
Жалпы алғанда, ұлттық би-шешендік өнердің тарихы мен теориясы мәдени, саяси, рухани дәстүрлермен тамырлас. Ұлттық сананың кемелденуіне, мәдениеттің көркеюіне, дүниетанымдық дамуына билердің биі, Жеті жарғы заңын жасаушылардың ірі өкілі Тәуке ханның кеңесшісі, үш кемеңгер Төле бидің, Қаздауысты Қазыбек бидің, Әйтеке бидің, Абылай ханның бас билері Байдалы мен Қарауыл Қанай бидің, қолбасшысы Ескелді мен Балтық билердің және т.б жүздеген тұлғалардың қайраткерлік ерен еңбегі қазақтың ескі сөздерінде айрықша аталады.
Әйтеке би бүкіл қазақ халқын парасаттыққа, сол арқылы бірліктің биігіне шақырған. Ал бір даудың ретінде: Ашу деген - ағын су, алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген - дария, алдын тоссаң тоқырар... Кісі бірге туыспау керек, бірге туысқасын сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады, жол қуған кәдеге жолығады, - деп байлам жасапты. Осылардағы түйдектеген философиялық ой оралымдары ар жағы түркі, алты алаш, бер жағы қазақ жамағаттары бірлік, туыстық жолын қуып берекеге жетсек деген арнасына құйса керек.
С.Сейфуллиннің қазақ билерінің болмысының халық өмірінің сан-алуан қырларымен байланыстылығын, билердің көп қырлы функциясын атап көрсетеді. Әдебиетші ғалым С. Негимов бұл турасында "..бұған қоса ол әрі батыр, әрі әнші-ақын, жыршы, сыншы, сәуегей, шежіреші, ғұлама, бір сөзбен айтқанда, әмбебап дарын екендігін ескертеді", - деп пайымдайды. Қазірде жаңаша ойлау диалектикасы тұрғысынан әдеби мұрағаттарымызды қайыра екшеп жатқан тұста билер функциясының аясын барынша кең арнада қарастырып жүрген еңбектердегі теориялық ой-пікірдің жоғарыдағы С.Сейфуллин еңбегінен бастау алатынын көреміз. Мысалы зерттеуші Мұқадес Есламғалиұлы би - көсем, би - шешен, би - ақын, би - заңгер, би - емші, мәмлегер, би - батыр, би - саясаткер, қоғам қайраткері, би - ойшыл-ғалым, би - психолог, әртіс, би - тәрбиеші деп қазақ билерінің халық өміріндегі, қоғам алдындағы он түрлі қызметін түстегенде, жоғарыдағы С.Сейфуллиннің пікіріне сүйенгендігін байқаймыз.
Қазақ мемлекетінің нығаюына, өркендеп дамуына би-шешендердің қосқан үлесі өте көп. Олар халқының болашағына, тағдырына, ілгері басуына, адамгершілік қасиеттерінің гүлденуіне ерекше еңбек сіңірді. Қазақ билері сонымен қатар рухани тұтастықтың кепілі бола білді, қоғамның рухани жағынан жаңғырып-жаңаруына, бақытты заман орнауына, ұлттың тілімен дінінің құдіретін түсінуге қызмет етті.
Би - рудың билеушісі, әкімі ғана емес сонымен қатар өз ортасының, уақытының беделді, белді азаматы, ақылшысы. Ақылы асқан, ойы түпсіз терең би-шешендердің табиғатына ісқимыл әрекетіне мейірімділік, ізгілік, ақжарқын мінез, байыптылық, көкірек көзімен, есте сақтаушылық, әр нәрсенің обал-сауабын ойлаушылық тән. Бұлар жоқ жерде дана сөзің далаға кетеді. Тыңдаушың ұқпайды. Билік айту, өнерпаздықпен өнегелі. Сөз өрбіту - даналыққа баулу, рухани қорек беру, адамгершілікке шақыру, әдептілікке тәрбиелеу. Тағылым беру деген сөз.
Қазақ билері туралы деректер көп емес, бірақ олардың айтқан өткір сөздері және дұрыс әрекеттері халықтың аңыз-әңгімелерінде жақсы сақталып келеді. Солардың өзі де халқымыздың басынан кешкен үлкенді-кішілі оқиғалардың жаңарғанындай, жаугершілік замандардың, жауынгер ұрандарындай естіледі, елдің еркіндігі, жерінің бүтіндігі үшін күрескен ерлердің есімдері биік үлгі болып адамгершілікке баулиды. [3,56б]
Би-қазылардың пайымы, тәжірибесі мен даналығы олардың соттық кесім-шешімдерінен айқын байқалады. Даулы істерде көбіне үш нәрсе басымдық танытатынын айта кеткен жөн: жылқы, әйел тағдыры және ер адамның қазасы.
Қазақ билерінен қалған танымдық тағылым адамдарды жаманнан сақтандырып, жақсы болуға қосады. Жаманның түр-түсін анықтап, тіпті дүнияуи, пендеуи ақыл-кеңестер беруден де қашпайды.
Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің қалыптасу тарихы.
Шешендік - қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік - сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.
Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз Сөз қадірін білмесең, өз қадірінді білмейсің, Сөз сүйектен өтеді, Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік деп, сөз өнерін ерекше тани білген.
Шешендік сөздер - ғасырдан-ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді риторика деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. Риторика ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан Шешендікке қысқаша басшылық атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті.
Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі - XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары - жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын, - деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі - М.Әуезов. Қазақ әдебиеті тарихы (1927 ж.) еңбегінде Билер айтысы деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Халық мақалдарында: Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді, Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ, Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді, Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды, - деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы - сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Сөз туралы Бөлтірік шешен: Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл, - деп толғайды. Бұлар - Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі. Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Шешендік өнер -- көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:
...Көш бастау қиын емес -
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес -
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын -
Шешімін таппас дау бар, -
деп дұрыс аңғартады.
Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет.
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер. Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін. Үшіншіден, шешеңдік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған. Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген.Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады. Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі - мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған.
Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді. Шешендік сөздің шыны - айтыс. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді.Шешендер сөзі - халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді.Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би - халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Ш.Уәлихановтың: Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған, - деген сөздерінен би - халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз. Кезінде Ахмет Байтұрсынов: Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді, - деді. Демек бұл қастерлі мұра - шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.
Қазақ би-шешендерінің мұраларындағы айтылатын басты идея.
Сайын дала төсінде мал-жан, тіршілік қамымен көбінесе аттың жалы, түйенің қомында көшіп-қонып жүрген дарынды халқымыз көршілес батыс-шығыс елдеріне қарағанда жазу-сызу мәдениеті кенжелеу дамығанымен, мазмұны мен сапасы, көлемі жағынан алғанда қай халықтікінен болса да кем түспейтін,олқы соқпайтын орасан бай ауыз әдебиетін жасады.Тумысынан ойшыл, дана халқымыз өзі өмір сүріп отырған орта, саялы табиғат, тұрмыс-тіршілік болмысын, ел-жұрт арасындағы қарым-қатынас, ел басынан өткен қилы-қилы кезеңдерді, жақсы- жаман жағдаяттарды ой-сана елегінен өткізіп, оған деген өзінің көзқарасын білдірді.Халықтың өмірі, тарихы, елдің тұрмыс-тіршілігі қазақ көкірегінен жыр-дастан, өлең-ән, ертегі-аңыз, күмбірлеген күй болып төгіледі.Табиғатынан көзі ашық, көкірегі ояу, өзінің кең жазира туған даласындай дарқан дарынды ойын-сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазынаны киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңістіріп, болашаққа мәңгі өлмейтін мұра етіп қалдырады.Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр.
Халқымыздың мақтанышына айналған қазақтың көне ауыз әдебиетінің арада талай ғасырлар өтсе де ұрпақтан-ұрпаққа тарап, ел зердесінде мықтап орныққан, танымдық мәнін, тәрбиелік мазмұнын әсте жоймаған, заман ағымына қарай қайта жасарып, айрықша көпшілік ілтифатына ие болып отырған түрі шешендік сөздер, тағылымдар.Қазақ- табиғатынан ділмар, шешен халық.Бізде ежелгі Грек, Рим мемлекеттеріндегідей шешендер тәрбиелейтін арнаулы мектептер болмаған, әйтсе де сөз қадірін білген халқымыз ел ішінен шыққан тума дарын шешендерді, ақылгөй қария, күміс көмей әнші-жыршыларды айрықша көтермелеген.Тілі қылыштың жүзіндей өткір, ойы салиқалы, терең, қысылшаңда қиыннан қиыстырып жол табатын шешендердің әділ төрелігіне тоқтай да білген.Халық туғанына, қарына тартпай тура билік айтқан шешендерді ханнан бетер бағалаған.
Бұрын соты, қаралаушысы мен ақтаушысы жоқ заманда ел ішіндегі жер, жесір, құн дауы, екі ел арасындағы үлкен дау-жанжалдарды да билер екі-ақ ауыз сөзбен орнықты кесімін айтып, әділ шешіп отырған.Қазақ тарихында елдің елдігін, халқының бірлігін, бүтіндігін көксеген, елді адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, халқының мұң-мұқтажын, мүддесін көздеп ғұмыр кешкен ділмарлар көптеп саналады.Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер-заманында қоғамдық қайраткерлер дәрежесіне көтерілген ірі тарихи тұлғалар, қара қылды қақ жарған әділ шешендер.
Қазақтар ықылым заманнан - ақ шешендікті өнердің ең биік сатысы деп жоғары бағалаған.Өйткені, шешендік сөздер-өнердің шыңы ғана емес, елдің әлеуметтік өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде аса маңызды роль атқарған.
Шешендік нақылдар мен толғаулар-ділмарлар ата-бабаларымыздың алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл-ойдың дариясы, қасиетті ата-бабамыздың келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлық өсиеті.
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары - жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", - деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би - халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.
Ш.Уәлихановтың: "Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған", - деген сөздерінен би - халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз.Кезінде Ахмет Байтұрсынов: "Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді", - деді. Демек бұл қастерлі мұра - шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.
Қазақ тарихы мен заң жүйесінде, фольклоры мен көркем әдебиеті, мәдениеті және тіл білімі саласында-билер ерекше тұлға болған.Халқымыздың өткен дәуірінде елі, жері үшін, халық қамы үшін қара қылды қақ жара әділ билік айтқан билер, шешендер аз болмаған.Қазақ даласында олар жүздеп саналған.Әр елдің, әр ауылдың сөз тыңдаған өз ақсақал, билері болды.Олар қазіргі соттың, прокурордың, әкімнің қызметін бір өзі атқарды.Атқарғанда қандай, халық биі айтса, қалып айтпайды деп оның билігіне тоқтам жасады.
Би-қазылардың пайымы, тәжірибесі мен даналығы олардың соттық кесім-шешімдерінен айқын байқалады. Даулы істерде көбіне үш нәрсе басымдық танытатынын айта кеткен жөн: жылқы, әйел тағдыры және ер адамның қазасы.
Қазақ билерінен қалған танымдық тағылым адамдарды жаманнан сақтандырып, жақсы болуға қосады. Жаманның түр-түсін анықтап, тіпті дүнияуи, пендеуи ақыл-кеңестер беруден де қашпайды.
Қазақ билерінің мұраты кәміл адам тәрбиелеу болды. Ондай дәрежеге жеткен жағдайда халықтың төрт құбыласы түгел болады деп есептеді. Ол үшін жігітке, бірінші - білім керек, екінші - ғылым керек, үшінші - ұғым керек. Сонан соң отты жүрек, батыл тіл керек. Бұл орайда билер көзімен қарасақ білім деп ақылды, ғылым деп оқуды, ұғым деп оқығанды тоқуды пайымдасақ керекті.
Төле би Әлібекұлы
Төле би Әлібекұлы (1663-1756) - қазақтың қоғам қайраткері, белгілі шешен,Тәуке ханның кеңесшісі, Жеті жарғы әдет заңдар жинағының авторларының бірі,ұлы жүздің аға биі.
Төле бидің руы - Дулат ішінде Жаныс. Аталары:Жаныс-Жайлымыс-Қожамберді-Қ ұдайбері-Әібек. Тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін би де бай да шықпаған, Қарашоғыр атанған қара шаруа болған.
Әлібектің бәйбішесі Молбикеден Тыныбек,Ақбота,Шора; тоқалы Бүктіден Өтебай,Елібай,Төле туады.Төле Шу өзенінің бойында,Жайсаң жайлауында дүниеге келген.Ескіше ауыл мектебінде білім алған және жастайынан халқының ақындық-шешендік өнерін сүйіп,қадырлы қариялардан өнеге алған. Табиғатынан дарынды Төле он бес жиырма жасында-ақ билікке араласып, әділдігімен,шешендігімен елге танылады.Ол кез қазақ-жоңғар хандықтарының арасында алма-кезек шабуыл жасалып тұрған жаугершілік заман болатын,Төле жорықтарда, соғыста ерлігімен және елді ұйымдастырғыштық қасиетімен де көзге түседі: оны Тәуке хан ұлы жүз ұлысына аға би етіп тағайындайды.
Төле би орта жүздің аға би Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Байбекұлымен бірге әз-Тәукенің басты кеңесшісі,көмекшісі болады, оның Түркістан қаласын орталық етіп,үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындырып,бірегей қазақ хандығын нығайтуына көмектеседі. Тәуке қуатты жоңғар хандығына тойтарыс беріп онымен бітім жасайды.Көршілес Қоқан хандығымен,Ресей патшалығымен елші алысып, сауда жасайды. Қысыраған дала,қираған қалалар жандана бастайды. Қайта туған қазақ мемлекететінің құрылысын бейнелейтін, қоғамдық қарым-қатынасын белгілейтін әдет заңы Жеті жарғы кодексі жасалады. Бірнеше жүз жылға созылған Шыңғыс хан мен Ақсақ Темірдің қанды жорықтарынан кейін аз уақытта болсада ел басын құрап,есін жиған осынау бейбітшілік пен берекелі жылдарда үлкен үлесі,елеулі еңбегі бар.
Төле бидің басшылық,мәмлегерлік және шешендік өнері,әсіресе,әз-Тәуке өліп, қазақ хандығы қайта ыдырап кеткен жылдарда, соны пайдаланып жоңғар хандығы жойқын қолмен,зеңбіректі қарумен шабуыл жасап,қазақ халқы қырғынға қалғыны Ақтабан шұбырыендыға ұшыраған кезде ерекше айқын көрінеді.Ол жоғарыда аталған билермен,Қабанбай,Бөгенбай,Жәнібек батырлармен кейбір хан сұлтандармен бірге бірыңғай халық майданын құрып,азаттық күресін басқарады,қазақ жерін басқыншылырдан азат етуге басшылық етеді.
Феодалдық бытыраңқылық және көшпелі жағдайда ел соғыс, жұт сияқты саяси-экономикалық апаттардан құтыла алмайтынын Төле би жақсы түсінген. Сондықтан қазақ шаруаларын отырықшыландыруды,бірыңғай қазақ мемлекетін құрып,нығайтуды,туысқан қарақалпақ,қырғыз,өзбек халықтарымен және ұлы көршісі орыс халқымен одақ жасауды жақтаған.
Төле би Әлібекұлы қазіргі Шымкент облысы,Леңгір ауданына қарасты,Ақбұрхан-Орда қонған жерде 93 жасында дүниеден қайтқан, денесі өзі он екі жыл басқарған,көркейткен Ташкент қаласына, даңқты Бабұрдың әкесі Юсуп ханның қатарына қойылған, басына халық құрметтеп сегіз қырлы, бір сырлы биік күмбез орнатқан.
Арғымақ баптап не керек,
Артынан жұбы қуып жеткен соң.
Ағайын-туған не керек,
Аңдысып күні өткен соң.
Біразырақ сөйлейін,
Әлеумет сізге ұнаса.
Ажал қуып жеткен соң,
Бір төбенің басына,
Тыға салып кеткен соң.
Айтыңыз дейтін жұрт қайда,
Айтатын оны біз қайда? - деген екен Төле.
Төле бидің ақылдылығы, тапқырлығы және кемеңгер саясаткерлергі Бұқар жырау, Қазыбек би, Әйтеке билер тарапынан мойындалған. Төле бидің дана ойларында Майқы бидің рухы бар деп Төле бидің көзі тірісінде дәріптелген[2]. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер атты мәтел Төле бидікі. Төле би ақсүйектердің өзара қырқысының ел бірлігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтаған. Оның "Елге бай құт емес, би құт" дейтін қанатты сөзі осы мәселеге қатысты жәйтті аңғартады. Төле би ел бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы мына әңгімеден аңғаруға болады. Төле биге көңіл сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына былай деп жауап берген екен: "Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады. Халық азса, хандыққа таласады" [3] депті.
1740 жылы жоңғар билеушісі Қалдан Церен Ташкентке тізесін қатты батырады. Бұл кезде Сыр бойы қалаларының біразы жоңғарлардың қоластында қалады. Осы тұста Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оған ел басшылары түгел жиналады. Сонда Қарабек дейтін батыр:
- Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ, - деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:
Атадан ұл туса игі,Өзі біліп тұрса игі.
Ата жолын қуса игі. Жаудан бұққан немені,
Өзіне келер ұятын, Ортасынан қуса игі! -
деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді. Сонан соң айналасындарыларға қарап:
Уа, көсіле шабар жерің бар, Арылмайтын сорың бар...
Ту көтерер ерің бар. Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Қол боларлық елің бар,Еркек болып туды деп,
Атадан қалған жолың бар, Мына сені кім айтар?
- Құлдық ұрсаң дұшпанға
деп толғайды. Төленің осы төрелік сөзін өзгелер түгел құп алып, жауға қарсы күш біріктірген екен.
Тоғыз жасар Жетес деген бала тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен: - Бата - басқа, қына - тасқа, ақыл - жасқа, не қалайсың, балам? - депті. Сонда Жетес бала:
- О, қасиетті, баба! - Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, - депті. Онда қолыңды жай, балам, - деп Төле би:
- Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма, Көп көлдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала, аумин, Қараны қарала
Өзегің талса өзен бойын жағала, Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол. . - Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол! Досыңа адал бол! -
аумин, деп бата беріпті. Бұл бата баланы көпшіл, батыл және әділ болуға үндеп отыр. Бүгінде бата сұрайтын жастардың қатары сиреп бара жатқаны көңілге қаяу түсіреді. Дәстүрге сай болам десек жастарды үлкендердің батасын алып жүру дағдысын қалыптастыруды жөн деп санаймын.
Өзінің саналы өмірінде Төле би бабамыз шындық, әділдік жолында қыруар қызмет атқарды. Сөйтіп, ол халқының бірлігі, тұрмысы, салт-сана дәстүрі үшін бүкіл ғұмырын арнады. Сол үшін де туған елі оны төбесіне көтеріп, кұрметтейді, шешімі мүлтіксіз жүзеге асып жатты. "Төбе би", "Әулие ата", "Қарлығаш өулие" деп атап кетті. Халық аузында хатқа түспеген, жинала қоймаған Төле би мұралары әлі де жиі кездеседі.
Баланың билігі
Кіші жүздің Жарабай деген жуан тұқымы қыпшақтың бір адамын өлтіріп, теңдік бермейді. Бір жолы қыпшақтың талапкерлеріне ілесіп жас бала барады.
Сонда Жарасбайдың даугері:
- Бұл келіннің тойы, кемпірдің өлімі емес, ердің құнын, нардың пұлын даулайтын, ердің арын, елдің намысын қозғайтын үлгілі би, үнемі жүйрік түсетін жер емес пе? Түйенің тайлағы баланың ойнағандай мыналарың кім? - дейді.
Сонда бала:
- Ердің құнын жастың жайсаңы, кәрінің шайтаны даулайды деуші еді. Сен кәрінің шайтаны болсаң, мен жастың жайсаңымын. Төріңнен көрің жуық қалғанда, дауғаа араласатын сенің не жөнің бар? - дейді. Осындай билік айтқан баланың аты - Төле екен. Кейін Төле би атаныпты.
Төле бидің сөзге тоқтауы
Жаздың ел жайлауға шыққан күндерінің бірінде Арқадағы құдаларына барып, қонақшылап келе жатқан Төле би қайтар жолда бұрыс болса да Қазыбек бидің ауылына ат басын бұрады. Жанындағы жолдастарымен үлкен би Қазыбектің ордасына келіп, сөйлес қылғанда, ауылдас ағайынның дауына билік айтып отырған Қазыбек біреуің шығып жолаушының жөнін біліңдер дей қоймайды. Бұл өзі ешнәрсе демеген соң күтуші жігіттер де қозғалмайды.
Сыныққа сылтау іздеп жүрген қыңыр би көп күтсін бе, атының басын бұрып алып жөніне жүре беріпті. Сәлден соң билік сөзін байлап болған Қазыбек қызметшілерінің біріне:
- Жаңағы жолаушы кім болды екен, сыртқа шығып білші, - дейді. Бұл кезде Төле би атын жай бастырып, ауылдан дауыс жетерлік жер ғана ұзап кеткен екен. Бидің қызметшілерінің бірі белдеуге байлаулы тұрған аттардың біріне міне салып, қуып жетіп, Төле биді таниды да алдынан шығып атынан түсе салып, сәлем береді де:
- Төле би ата, біздің би үйде, ордаға жүріңіз, - деп шылбырына жармасады.
- Жоқ, біздің жолымыз алыс. Бір барған жерімізге қайтып барып жүре алмаймыз, - деп атын тебініп қалады да, Төле жолдастарына: ал, кеттік деп жүре береді.
Қызметші ордаға қайтып келгенде Қазыбек жігітін сөйлетпей-ақ:
- Біліп едім Төленің бұрылмасын. Бізден қателік болды. Бергі ауылдардың біреуі ме деп, қапы қалғаным-ай! Ол екі айтпайтын, айтқанынан қайтпайтын Төле ғой. Енді ол менің бұл қылығымды кез-келген жерде бетіме басады-ау, - деп шын қынжылып, өкініп қалады.
- Өзіңіз бармасаңыз, ол қиқар шал бізді кісі құрлы көретін емес, - деді жаңағы жігіт.
- Айттым ғой, ол енді менің өзіме де қайырылмайды, - деді Қазыбек.
Әкесінің тізесіне басын сүйеп барлық әңгімені үнсіз тыңдап жатқан сегіз жасар Жолжақсы бала, үй ішіндегілер бір сәт дағдарып қалғанда басын көтеріп алып:
- Осы үйдегі атамның асау ала тайын дәл қазір ұстап ерттеп беріңдерші, Мен ол қисық шалды алдыма салып, сатырлатып қуып келейін, - дейді.
- Қой, қарағым, ол сенің қолыңнан келмейді. Атаң - өзім барсам да Төле қайырылмас деп отыр ғой, - дейді үлкендердің бірі.
- Иә, солай, Төкең айтқан бетінен қайтпайтын қатал адам ғой, - деседі үй ішіндегілер. Бала барамын деп болмайды. Манадан бері еңсесі түсіп, екі иығы салбырап кеткен Қазыбек бала сөзіне селк етіп:
- Баланың бетін қақпаңдар! Барыңдар да қалаған тайын ұстап беріңдер, - дейді.
Ала тартқан ала тайдың басын Төле би кеткен жаққа бағыттаған бала сай-сайды өрлеп, қырат-қырлардың тасасымен ала тайын құйғытып келіп, Төле би тобының қарсы алдынан шыға келеді. Ұлы бидің алдына тақап келіп тізгін тартқан бала сәлем берген соң:
- Мен мына ауылдың қозы баққан баласы едім, құрып қойған қақпандарымды қарап жүргенімде айырылып қалдым. Жол жөнекей көзіңізге қозы түскен жоқ па, ата? - дейді.
Көрмей қалдым ба дегендей жан-жағына мойынын соза бір қарап алған Төле би:
- Қарағым, бізге қозылар кездескен жоқ, - деді тізгінін жинап жүруге ыңғайланып.
- Ата, осы сіз Төле би атам емессіз бе? - дейді бала тайын тебіне түсіп жақындап.
- Болсақ болармыз, - дейді Төле би.
- Қозысы құрсын, кешке дейін бір тауып алармын. Сіз кездесе қалсаңыз сұрап алармын деп жүрген үш сұрағым бар еді. Сұрасам жауап бересіз бе? - дейді бала.
- Сұрай ғой, - дейді би.
- Бірінші сұрағым ағайын арасының аласы туралы. Ағайын адамдар араздасып, бір-біріне ренжісіп жүреді. Олардың өкпесі немен тарайды, - дейді.
- Дұрыс айтасың, балам. Ағайын арасында араздық болып тұрады. Өзің күнде көріп жүрген ауылыңды алайық, ауылыңда адамдардың пейілі кең, дастарқаны мол, сабасы қымызға иіндеп тұратын бір үй болады. Сол үйге қымыз іше сен де барасың, мен де барамын. Сөйтіп жүріп тіл табысып, татуласып кеткендерін адамдардың өздері де білмей қалады, - дейді Төле.
- Екінші сұрағым: ерлі-байлылардың араздасып барып татуласуы еді, - дейді бала.
- Е, балам, бұл сұрақтың жауабын үйлі-баранды болғанда өмірдің өзі береді. Тақа білгің келіп бара жатса, айтайын, ерлі-зайыптылардың араздығы бір жұмадан аспайды, өкпелері төсекпен тарайды, - дейді би.
- Енді үшінші сұрағымды тыңдаңыз, ата, - дейді бала, - ата, аға мен іні біріне-бірі өкпелеп араздасып қалады ғой. Солардың өкпесі немен тарқайды? - дейді бала астындағы тайын тебініп, Төлеге жақындай түсіп.
- Иә, олар да араздасып тұрады. Бірақ аға - бордан, іні - зордан болады. Бордың атасы - тас, анасы - құм. Тас мүжіледі, құм үгіледі, іні кесірлі болса да, аға кешірімді болуы керек, - дейді Төле би.
- Талайды сөзбен табанына таптаған тәкаппар би, түстің бе қақпаныма. Менің де естиін дегенім осы сөз еді. Жаңа ғана ініңнен бір білместік болып еді, соны кешірмей жоныңды сыртқа салып кетіп бара жатырсың. Бұр атыңның басын! - деп, бала Төле бидің атының шылбырынан шап беріп ұстай алады.
- Сен жеңдің, мен жеңілдім. Шылбырымды қоя бер, жетексіз жүріп отырайын, - дейді би атасы.
- Олай болса, менің бір шартым бар, ата, - дейді бала.
- Оныңды да тыңдайық, - дейді би.
- Бастығы би атамның өзі болып сіз қарйырылмай өкпелеп кетті деп сандарын соғып қалғанда, мен: қазір ол шалды алдыма салып сатырлатып қуып келейін деген едім. Алдыма түсір шауып отырсаңыз, мен соңыңыздан түсіп қуып отырайын, - дейді бала.
- Ол тілегің де болсын. Алдыңа түсіп шауып отырайын. Қуып отыратын сен ғой. Атымды ұрсаң ұр, өзімді ұрма, - дейді Төле.
Содан ала тайға мінген бала атағы алты алашқа белгілі биді алдына салып:
- Ендігәрі ініңе өкпелеп ақ орданы аттап кетесің бе? Түс деген соң, түс Қазыбек атамның ордасына, - деп айғай салып келе жатады.
Мұны естіген үйдегілер қаз дауысты Қазыбек бидің өзі бастап далаға шығып, Төле биге құшақтарын жайып аттан түсіріп алыпты.
Қазыбек балаға риза болып:
- Бұдан былай сенің атың Төле биді сөзден тоқтатып, аттан түсірген тапқыр бала болсын, - деп бата беріпті.Төле бидің төреліктері
Бір байдың үлкен тойында бәйгеден бір жүйрік озып келеді. Әлгі жүйрікке екі рулы ел таласып, қамшы сілтескен төбелеске айналады. Ақырында екі жағы да Ақбота биге жүгінеді. Сонда Төле ағасына:
- Билікті маған беріңіз, мен шешейін, - деген соң, ағасы тілге келмей:
- Уай, қауым, халқым менің, мен билікті інім Төлеге бердім. Әділеттігіне бас игейсіздер, - деп жар салады. Қалың ел енді екі даугердің сөзін тыңдайды.
Жүйрігі бірінші келген, бәйгеден озған кісі қамшысын ортаға:
- Дат, бала би, - деп тастайды да өлеңдетіп соғады:
Сөзіме куә тартқан қалың елді,
Сипаған аузын үрлеп малым еді.
Қолбала сегіз жаста, тісі бүтін,
Туғаннан бар мінезі мәлім еді.
Бәйгеден жас кезінде-ақ озып жүрген,
Қуғанда киік артта қалып еді.
Кездері киік қуған тайында еді,
Қарынын үш киіктің жарып еді.
Сауға деп мына екеуі екеуін ап,
Қазанға қазы қосып салып еді.
Етті жеп, ауқаттанып отырғанда,
Мына төртеу біздерге барып еді,
Бәйгеден жеті жылдан келеді озып,
Халқыма жеті рулы мәлім еді, -
деп, ә дегенде екі адамды, қала берді үстеріне барған төрт адамды куәлікке тартып, дес бермеуге айналды. Сонда ат менікі деп отырған Төлебай сыншы қамшысын тастайды да, өз дәлелін айтты.
- Мені ел босқа сыншы деп атап жүрген жоқ. Мен өмірімде көрмеген малдың енесін көріп, төлін танимын. Төлін көріп енесін дәл ажыратамын. Ал мынау жүйрік ат менің боз биемнің құлыны екені даусыз. Бір кезде буаз кезінде боз бием қолды болды да, көз жазып қалдым. Ұры ауылымды торуылдар жүрген кезінде қолға түсіру үшін сойдауыттай жігіттерді күндіз-түні жылқыға қарауылдаттым. Арада бір жыл өткенде боз биемді мініп, жылқы ұрлауға келген ұры қашып құтылды. Биемді тастап қашқан екен. Ауаға ұшқаны, жерге сіңіп кеткені белгісіз, зым-зия құрыды.
Бием қолды болса да өзіме келді. Ал құлыны қайда деп жүретін едім. Бүгін бәйгеден озып келген сұр қасқаның осы боз биеден туған құлын екенін танып, өзіме қайтар, бәйгеге сен-ақ ие бола ғой десем, көнер емес. оның соңы төбелеске айналғанын бәрің де көріп-білдің. Ал, бала би, атаңның әруағы қолдасын, әділ төрелігіңді өзің айт! - дейді.
Төлебайдың сыншылығынан басқа дәлелдерді жоқ екенін халық: Ойпыр-ай, бұл дауды қалай шешер екен, бала би? Аналар өліспей беріспейін деп отыр емес пе? Төлебай сыншы екенін, елге кеткен дабыра атын пайдаланып, біреудің жүйрік атына ауыз салып отыр демеске амал жоқ. Дегенмен, шешуі қиын іс болды деп өзара сыбырласып отырғанда Төле саңқ ете түсті:
- Уай, жамағат, екі жағың да естіп білдіңдер. Ал мен былай ету керек деп есептеймін. Екі жақтың да осы тұлпардың енесі атанған биелерін әкелуді сұранамын, - деді. Билік жасаушының сөзі екі болған жоқ. Түнделетіп екі жақтан да биелер жеткізілді. Енді Төле:
- Екі бие де бір бағытпен үш күндік жолға айдалсын. Үш күн дамыл бермей жорғалатып, шаршатып келсін, - деді.
Екеуіне де бала мінгізді де, қаумағалаған қалың топтың ішінен екі-үш адам бөлініп, биелерді жолға аттандырып, бірге жөнелді.
Үшінші күні ел билік құрылған төбе басына жиналды. Екі бала да ақ көбігі шығып, ентіге жетті. Анадай жерде байлаулы тұрған тұлпарға Төлебайдың тарпаң биесі оқыранып, желінінен сүт ағып иіскелеп тұра қалды. Тұлпар да енесін танып оқыранды.
- Сенің малың екен. Тұлпар сенікі, - деді Төле Төлебайға, елге:
- Кәні, не айтасыңдар, - деп алақанын жайғанда, ел гуілдеп кетті.
- Атаңа рахмет, көп жаса, шырағым. Өркенің өсе берсін! Шын әділ, дана би сен екенсің, билігіңнен айналдық, - десіп бата беріп жатқанда, даугер Дат! деп айқайлап жіберді.
- Датың болса, айт! - дейді ел. Сонда бұжыр бет, жөң айбат, түсі суық әлгі даугер былай деді:
- Мен атышулы, баукеспе ұры едім. Жүйрік атты көбірек ұрлайтынмын-ды. Осы Төлебай сыншының жүйрігінің бірін қолға түсіремін деп көп әурелендім. Бір жолы айдалада жайылып жүрген тарпаң, боз биені көрдім де, желіндеп қалғанын білдім. Қалай ғана тұлпар тумас дейсің деп іле жөнелдім. Ауылыма келген соң еш адамға көрсетпей оңаша бақтым. Үмітім алдамған екен, көпке ұзамай аман-сау құлындады. Сұр қасқа жануардың аузын үрлеп, қолбала етіп тәрбиеледім. Құлыннан-ақ жануардың жүйрік шығатыны белгілі еді. Еліміздегі небір сыншылар көріп: Бұл әлі тайында-ақ алдына ат салмайтын арғымақ болады, - деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөздерді жанрлық тұрғыдан бөлу
Төле би Әлібекұлы өмірібаяны
Ұлтымыздың данагөй абызы Әз Төле бидің туғанына биыл 350 жыл толады
Қазақ даласындағы шешендік өнер
Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
Төле би туралы соны деректер
Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету
«Билер мектебі – билік үлгісі» (қазақ халқының сот тарихынан)
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
ТӨЛЕ БИДІҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ
Пәндер