Заман ақыр белгісі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
"Ұстаз" институты
Математика кафдерасы

СӨЖ

Пән: Рухани сабақтастық (Әл-Фарабиден Хакім Абайға дейін)
Тақырыбы: Зар заман ақындары мен қазақ ағартушыларының шығармашылығындағы әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар жайлы

Орындаған: Абдықапаров Нұржігіт
Тобы: М - 20 - 3
Қабылдаған: Исматова Сейсекүл

Тараз қаласы, 2021ж

Жоспары:
I. Кіріспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II. Негізгі бөлім
2.1 Дулат Бабатайұлының шығармаларындағы әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2 Шортанбай Қанайұлының шығармаларында көрініс тапқан әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

Кіріспе
Зар заман атауын әдеби термин ретінде алғаш рет Мұхтар Әуезов қолданысқа енгізді. Ол өзінің 1927 жылы жарық көрген Әдебиет тарихы атты еңбегінде зар заман ақындарына арнайы бөлім арнап,
* күрделі кезең поэзиясына жан-жақты талдау жасады;
* зар заманның өкілдерін атады;
* бұл дәуірдің басы мен соңына дейінгі аралықты белгіледі;
* сондай-ақ тарихи және теориялық негіздемелерін ұсынды.
Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. М.Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді. Өз дәуірлерінде қазақ өмірін аяусыз сынау Шортанбай мен Дулат және басқа да Зар заман ағымының ақындары шығармашылықтарының бәріне тән сипат. Ақындар өздерінің толғауларында бәрі де құнсызданғанын, дүниенің опасыздығын, рухани құндылықтар жоғалғанын, өнегесіздік, зорлық-зомбылық, өтірік, екіжүзділік, өсек, надандық пен дөрекілік қазақтардың жан дүниесін жаулап алғанын қайғыра жырлады.

Дулат Бабатайұлының шығармаларындағы әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар.

Дулат Бабатайұлы өзінің шығармаларында жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік, адам өмірінің жалғандығы мен уақыттың өтпелілігі туралы толғады. Ол бүкіл қазақ даласын қамтыған Кенесары Қасымовтың азаттық қозғалысын көзімен көрді. Кенесарының жеңілісі бұдан кейін көп уақытқа дейін еркіндік пен тәуелсіздікке деген үмітін үзген қазақ халқының санасы мен жүрегін ауыртты. Осы кезден бастап қазақ халқының еркіндік үшін күресі рухани жақтан өрістеді, ал Дулаттың және басқа да зар заман ақындарының шығармашылықтарында отаршылдыққа қарсы күрес қажеттілігінің идеялық негізі қаланды.
Дулаттың негізгі еңбегі Өсиетнама 1880 жылы Қазанда басылып шықты. Кітапта ақынның негізінен философиялық-өнегелік мәселелерді көтерген туындылары барынша жинақталған. Өсиетнамада ойшыл ізгілік пен зұлымдықтың, жақсылық пен жамандықтың, сараңдық пен жомарттықтың, сауаттылық пен надандықтың айырмашылықтары туралы ой толғады, уақыттың жылдам өтіп, кәріліктің тез келетініне қайғырды. Дулат ақын қазақ елінің Ресейге қосылғанына теріс көзқараста екенін жасырған жоқ, барлық жамандықтың түптамырын осыдан көрді. Ол қазақ елінің Ресейге қосылуы қазақ халқының кедейленуі мен құлдырау дәуірінің басталуы деп білді.

Елдігің кетті ыдырап,
Алтын жағаң сөгіліп,
Абыройың төгіліп,
Барыңнан да жақсы еді
Жоқ болғаның мұнан да, - деп қайғырды Дулат.

Дулат ақын өз заманындағы қазақ қауымында жақсылық пен әділдік ұстанымдары емес, жамандық пен жауыздық билік құрып тұрғанын, осы заман адамдары жүрек пен ақылдың талабымен емес, соқыр сезімнің жетегімен жүріп жатқанын жақсы түсінді. Дулат:

Арқасы елдің жауыр боп,
Жеңіл жүгі ауыр боп,
Төрт аяқтан ақсады-ай... - деп жырлады.

Дулат - діндар ақын. Оның дінге деген көзқарасы Ата-ананың ақылы, Бұл заманғы адамның және басқа да шығармаларында көрініс тапқан. Ойшыл дүниені де, адамды да Алла жаратқан деп түсінеді. Онымен қоса Алла біреуді бай, біреуді жарлы, біреуді надан, біреуді дана қылып жаратқан.
Жақсы молла Құран мен араб, парсы тілдерінде жазылған кітаптарды оқиды, барша мұсылмандар бой ұсынған шариғат заңдарын жақсы білуі керек, - дейді Дулат ақын. Дулат үшін мұсылмандық пен шариғат заңдары оны мүлтіксіз сақтау қазақтарды жақсылыққа жеткізетін жол іспеттес. Ойшыл исламды орысшылдықтың қазақ даласына ықпал етуіне жол бергізбейтін рухани тосқауыл ретінде пайдаланғысы келді. Дулат ақынның бүкіл шығармашылық мұраларының негізгі идеясы мен өзекті ойы ұлтжандылық пен Отанының тәуелсіздігі үшін күрес идеясы болды. Билік мәселелерін сөз ете отырып, ойшыл:

Би мен бектің сәні жоқ,
Елін қорғай алмаса,
Тура жолға салмаса,
Ыстығына күймесе,
Суығына тоңбаса, - дейді. Ол қолында билігі бар адамдар дана, білімді, тәжірибелі, қандайда да болмасын мәселені шешуге қабілетті, әділ де мейірімді қайраткерлер болуы керек деп түсінеді. Билік басындағылар ең алдымен өнегелілігін, адамдық парызын, әділ шешімдері мен өмірдегі үлгілі істерін сөзбен емес, істерімен дәлелдеуі тиіс деп санады ойшыл. Ақын Абылай хан бейнесін ерекше дәріптеді, ол билік еткен заманды Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кез деп есептеді. Бірақ заман өзгерді, халықты соңынан ертетін, оны қорғайтын бұрынғы батырлар жоқ, ел азды, жер тозды. Абылай хан кезінде талан-таражыға ұшыратқан Жоңғар шапқыншылығынан кейін де ел есін жинап, бақытты болған еді, ал қазір бәрі өзгерді, сенетін ешкім жоқ, қазақтың соңғы ханы Кенесары жеңіліске ұшырады, алдымыз жар, шегінер жер жоқ, алда тек ажал күтіп тұр деп қайғырады Дулат ақын. Дулат пен басқа да Зар заман ақындарының тайсалмай арпалысуы қазақ халқының еркіндігі мен тәуелсіздігін жоғалтуы басты мәселе болған, сол заманның немесе қоғамның дағдарысын көрсетеді.

Шортанбай Қанайұлының шығармаларында көрініс тапқан әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар.
Зар заман ақындарының ірі өкілдерінің бірі Шортанбай Қанайұлының ойлары көп жағдайда Дулат идеяларымен үндесіп жатады. Шортанбай - ойшыл, нағыз философ ақын. Шортанбай мұраларында, тіпті арасында айтылса да, заман мен өнеге мәселелері басты емес, ойшыл жастардың үлкенді, баланың әкені, қыздың ананы, әйелдің күйеуін сыйламауы сияқты әрекеттерге төзе алмады. Осы сияқты жағымсыз қылықтарды қатты сынады, айыптады. Шортанбай осылардың барлығын ежелден келе жатқан қазақ қауымындағы азғындау деп түсініп, бұның себебін қазақ халқының мұсылманшылық ұстанымдарын ұмытудан, Аллаға шын сенгендердің барған сайын азаюынан деп түсінді. Ойшыл бұл дүниеде Алладан күшті, Алладан ұлы еш нәрсе жоқ, ал Алланың дегені сөзсіз орындалуы керек деп түсінді.
Шортанбайдың шығармашылық өзегін кеңес дәуіріне дейін бірнеше рет басылған (1888, 1890, 1894, 1906, 1911) Шортанбайдың бала зары деп аталатын өлеңдер жинағы мен Кеңес өкіметі кезінде шыққан бірнеше туындылары құрайды.
Атамыз - адам пайғамбар - көлемі әжептәуір үлкен, мазмұны терең толғау. Барлық адамдар кіршіксіз таза, күнәден пәк Адам атаның ұрпақтары. Бірақ олар жетілген сайын, өздерінің арғы аталары Адам атадан алыстаған сайын күнәға батып, бұзылып, жаратушының қаһарына ұшырап жатыр. Міне осы бүкіл адамзаттың күнәға батуы өмірді қиындатады. Адамдар бір-бірімен итше таласуда, байлық үшін жауласуда. Зорлық, зұлымдық, ұрлық сияқты басқа да жауыздық қасиеттер адамдардың діннен алыстауынан болып жатыр деп түйіндейді Шортанбай.
Ойшыл адамдарда адамгершілік қасиеттердің төмендеуінен және адамзат болашағын сақтап қалудың бірден-бір жолы дінге мойын ұсыну екенін табанды түрде дәлелдеді. Сондықтан да ол қазақтарды өле-өлгенше Аллаға сенуге, қасиетті өсиеттерді сақтауға шақырды. Әлемнің діни негізін түсіну Шортанбай үшін ақиқатты ұғыну негізі болды деген қорытынды жасауға болады.
Ақын өз уақытының өзекті мәселелерін қарастырып, оларға өзінің қатынасын көрсетті. Дулат ақын сияқты Шортанбай да уақыттың өзгергенін, зұлымдық пен жалғандықтың, туыстар арасындағы жаулықтың көбейгенін, тексіздердің халықты басқаруы, атақты билердің үнсіз қалуы, жаңа басшылардың ешкімге тыныштық бермеуі патша шенеуніктерінің дала халқына үстемдік етуі сияқты мәселелерді қозғады. Ол өткеннің қайтып келмейтінін қайғыра көрсете отырып, ақыр заманның келе жатқанын айтты. Адамзат болашағында үміт жоқ дейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШОРТАНБАЙ АҚЫННЫҢ ДІНИ НАСИҚАТТАРЫ
Абай шығармашылығының зерттелуі
Әл-фараби – ислам философы
Зар заман поэзиясының бастау көздері
Сопылықтағы төрт баспалдақ
ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдеби байланыстары
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ МЕН ҚАЛЫҒҰЛ БАЙҰЛЫ ТОЛҒАУЛАРЫНДАҒЫ ЗАР ЗАМАННЫҢ СИПАТЫ
Әбдірахман - Шұғаның сүйген жігіті
Ортақ заман Зар заман
Шортанбай Қанайұлы туралы
Пәндер