Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму ерекшеліктер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
“Ұстаз” институты
Математика кафдерасы

СӨЖ

Пән: Рухани сабақтастық (Әл-Фарабиден Хакім Абайға дейін)
Тақырыбы: Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму
ерекшеліктер

Орындаған: Абдықапаров Нұржігіт
Тобы: М – 20 - 3
Қабылдаған: Исматова Сейсекүл

Тараз қаласы, 2021ж

Жоспары:

I. Кіріспе.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

II. Негізгі бөлім

2.1 Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму
ерекшеліктерр ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2.2 Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін және тәуелсіз Қазақстанның
қалыптасуы
кезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

Кіріспе. XVIII-XIX ғасырдағы отаршылдық кезең мен ХХ ғасырдағы Кеңес
одағының саясаты нәтижесінде Қазақ халқының мәдениетінде, салт-дәстүрінде
және Қазақ қоғамындағы орыстандыру үдерісінің орнығуын қарастыра отырып,
қазақтардың біртіндеп көшпелі далалық мәдениеттен айырылу процессіне жүйелі
түрде талдау жасау, сондай-ақ, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан
қоғамындағы жалпы өзгерістерді саяси, экономикалық және мәдени сарындарға
жіктеп, отаршылдықтан қазіргі күнге дейінгі қазақ халқының басынан өткен
мәдени үрдістерді шетел авторларының еңбектеріндегі деректерге сүйене
отырып, маңызын ашып көрсету, оларды жан-жақты сараптау және арнайы түрде
зерттеу – осы мақаланың негізгі мақсаты болып табылады.

Негізгі бөлім. Қазақстандағы мемлекеттілік тарихының тамыры тереңде жатқаны
белгілі. Еуразиядағы ерте мемлекеттердің тарихы көне түріктерден бастау
алады. Əлемдік өркениет тарихында Алтын Орданың алатын орны ерекше. XV
ғасырдың екінші жартысында тарихи аренаға Қазақ хандығы шықты. Ол біртіндеп
ғасыр соңына қарай Орталық Азия аймағындағы қуатты мемлекеттің біріне
айналғандығы өздеріңізге белгілі. Көшпелі Қазақ хандығы өзінің басқа
көршілеріне қарағанда дəстүрлі институттары тəн орталықтандырылған мемлекет
ретінде қалыптасты. Сұлтандардың оқшаулануына жол берілмей, дала
конституциясы ретінде дəстүрлі əдеттегі құқық қолданылды. Кез келген
мемлекеттік құрылым сияқты қазақтың дəстүрлі институттары да, тарихи
кезеңдерде тар жол тайғақ кешуден өткені белгілі, бірақ олардың өз заманына
бейімделген, икемді саяси жүйе болғанын мойындауымыз қажет. XVI ғасырда
Қазақ хандығының шекарасы Алтайдан Еділге дейін, Оңтүстік Сібірден Ташкенге
дейін созылып жатты. Осы кезеңде өзіне тəн елементтері бар қазақ этносы
қалыптасып біткен болатын. Мемлекеттік институттар біртіндеп əлсіреп, XVIII
ғасырда Ресей империясының күшейуінің арқасында, оның қол астына өтті [1].
Қазақтардың Ресей патшалығының қол астына өтуімен дәстүрлі көшпелі қазақ
қоғамы өзгеріске ұшырады.

Осы сәттен бастап қазақ халқының тарихында жаңа кезең басталған болатын.
Өйткені қазіргі Қазақстан қоғамындағы болып жатқан саяси өзгерістердің түп
тамыры осы тарихи кезеңнен бастау алады. Бұл тақырыбымызды баяндайтын
отандық тарихшылардың еңбектері мол болғанымен, шетелдік авторлардың
көзқарасымен жеткізуді жөн көрдік. Тәуелсіздік жылдарында қазіргі Қазақстан
туралы батыста бай тарихи контексттегі бірқатар кітаптар жарық көрді. Ірі
еңбектердің қатарында: Қазақтар - Марта Олкот, АҚШ (екінші және
толықтырылған басылым, 1995 ж.); Формирование казахской идентичности – от
племени к государству Ширин Акинер, Ұлыбритания (1995); Современные
казахи  Ингвар Сванбергтің редакциясымен, Швеция мен Ұлыбритания (1999);
Казахстан Катрин Пужоль, Франция(2000); Казахстан: отношения между
центром и периферией Салли Каммингс,Ұлыбритания(2000); Казахстан:
1993—2000 Неміс экономист топтары (2001); Строительство государства и
нации в Казахстане (2002) Мари-Карин фон Гумппенберг, Германия; Смена
элит и политическая динамика в Казахстане Андреи Шмитц (2003)  ГФР;және,
тағы да Марта Олкоттың кітабы Казахстан: непройденный путь, АҚШ және
Ресей (2002-03) [2].

Ш. Акинер Формирование казахской идентичности еңбегінде XIX ғасырдың аяғы
– ХХ ғасырдың басындағы жаппай славяндық иммиграция алдында өлкедегі Ресей
халқының саны және оның ықпалы да аз болды деп баяндайды. Соған қарамастан,
XVIII ғасырдың ортасынан бастап Ресейдің Сібір жеріне орнығуы қазақ
даласының солтүстік бөлігіндегі экономикалық, мәдени және саяси өмірге әсер
ете бастады. Көшпеліліктің отырықшы өмір салтына өзгеруінің еріксіз процесі
осылай басталған болатын. Оңтүстікте, Ресейдің ықпалы әлсіз болғандықтан,
онда отарлау үдерісі кейінірек басталды және көшпелі өмір салтының ыдырауы
көрші мұсылман қауымдарының ықпалымен жүрді. XIX ғасырдың басында Ресей
Кіші және Орта жүз аумағында бірқатар түбегейлі саяси реформаларды жүзеге
асыра алуға қауқарлы еді. Ол реформалар Ресейге аймақтың тікелей
басқарылуын және отарлауды күшейтуге мүмкіндік берді, бірақ сонымен қатар,
тайпалық жүйенің географиялық, экономикалық және әлеуметтік іргетастарына
елеулі әсер етті. Ресей реформаторларының жоспары бойынша дәстүрлі тайпалық
топтармен сәйкес келетін аумақтық қағидаға сәйкес салынған әкімшілік
бірліктерді енгізді, бірақ олар ұзақ уақыт бойы қалыптасқан көшпелі
бағыттарды ескермеді. Сұлтандардың саяси күші толығымен жойылды; алайда
Ресей әкімшілігімен ынтымақтасқандар жаңа әкімшілік аппараттарға қосылып,
іс жүзінде Ресейдің мемлекеттік қызметкерлеріне айналды. Олардың ақсүйектік
деңгейлері сақталып қалды, және әскери мен азаматтық шендері еңбек өтілі
мен атақтарына қарай берілді. Ш.Акинер Ресей үкіметінің Қазақстанды
империяның басқа территорияларымен толықтай біріктіруге тырысқан мақсатына
қарамастан, 1867-1868 жылдардағы жаңа әкімшілік бөлініс өз алдарына қазақ
жерінің бір әкімшілік бірлікке бірігуіне жол бермеу туралы тапсырмалар
қойғанын айтады. Нақтырақ айтсақ Қазақстан әрқайсысы әртүрлі генерал-
губернаторлықтың әкімшілік басқаруындағы үш аймаққа бөлінді: Орынбор (Орал
және Торғай), Батыс Сібір (Ақмола және Семей), Түркістан (Сырдария және
Жетісу облыстары). Мұндай бағыныштылық жүздердің дәстүрлі шекарасына мүлдем
сәйкес келмеді, және ескі тайпалық байланыстарды бұзды. Жаңа әкімшілік
щекаралар бұрынғы экономикалық байланыстарды ескермеді, рулар мен жүздердің
арасына кедергі келтірді. Жаңадан пайда болған әкімшілік құрылымдардан
тысқары орналасқан көшпелілердің дәстүрлі қозғалысына кедергі келтіретін
жаңа бюрократияны тудырды. Автордың айтуынша, 1860 жылдардағы әкімшілік
құрылымның Қазақстанның болашақ тағдыры үшін тағы бір қасіретті салдары
болды: Солтүстік – неғұрлым индустрияландырылған аймақтың бір бөлігі болып
қалыптасты; Оңтүстік аграрлы сипатта және Исламның күшті ықпалында қалды.
Бүгінде, жүз жылдан астам уақыт өтсе де, бұл тарихи айырмашылық әлі де
сезіледі.

Осы орайда Пюжоль өткен тарихпен келіп жеткен қазақ халқының өзіндік
ерекшелігі дуалистік сипатқа ие болған деп ой қорытады. Қазақстанды
басқалардан ерекшелендіретін бұл екімәнділік – ол, әлі де болса шаманизм
қалдығынан айырылмаған, отырықшылық процесін басынан өткізген, күштеп
секуляризацияға ұшыраған, көпұлтты және көпконфессиялық дәстүрлі түркі-
мұсылмандық негізбен Ресейден келген европалық модельдің біте қайнасуында
[3].

Ресей империясының одан қалса Кеңес Одағының саясатынан кейін, оларға
қатысты қазақтардың бойында күрделі сезімдер қалыптасты. Өткен дәуірдің
көшпелілік дәстүрі жоғалуға айналып, уақыт өте келе қазақтардың өз жеріне
деген қарым-қатынасы түбегейлі өзгерді. Тек ерекше жағдайларда ғана олар
бұрынғы көшпелі дәстүр мен дәстүрлі тағамдарын еске алады, бірақ енді сол
өткенге шындап оралу туралы ешкім тіс жармайды. Бірақ патшалық Ресеймен
Кеңестік биліктің қазақтарға тигізген ең үлкен көңіл қаларлық істері –
қазақтар өздерінің жаңа тәуелсіз мемлекеттерінде ұлттық азшылық топ (90-жж.
ортасы) болып қалды, - деп М.Олкотт қазақтар туралы өзінің пікірін
білдіреді [4].

Ресей өзінің саясатын әкішілік-экономикалық әдістермен жүргізді. Бірақ
мәдени сала да ұмытылмады. Ш.Акинер Ресей бірнеше арналар арқылы мәдени
ықпал етуді жүзеге асырды, -деп есептейді. Оның біріншісі мемлекет
қаржыландырған білім саласы болды. Бірінші орыс орта мектебі XVIII ғасырдың
екінші жартысында Омбы, Орынбор, Петропавл және Жәмішев бекіністерінде
ашылды. Олардың міндеті әскери және азаматтық әкімшіліктің қажеттіліктері
мен мүдделерін қамтамасыз ету болды. 1789 жылдан бастап империяның жоғары
оқу орындарында қазақтың ақсүйектерін оқыту практикасы ресейліктермен
азияттықтарды жақындастыруды нығайту, Ресейге деген сүйіспеншілік пен
құрмет сезімін нығайту, отаршыл басқару үшін кадрларды даярлау мақсатында
жүргізілді. Осы саясаттың нәтижесінде ең алдымен солтүстіктегі қазақтар
арасында білім беруді ынталандыру, орыс тілін, орыс мәдениетін және
еуропалық білім беру жүйесінің бастамаларын енгізу қалыпты құбылысқа
айналды. 1895 жылы 37 орыс-қазақ бастауыш мектептері болса, 1913 жылы
олардың саны 157-ге жетті. Алайда бұл тек орыс халқының шоғырланған
аймағында ғана мүмкін болды.

Орыс мәдениетінің екінші ықпал ету арнасы – киім, тұрмыстық заттар мен
жиһаздарды және европалық әдеттерді игеру болды. Қазақ аристократтары
француз тілін үйренді, француз сәнін көрді, еуропалық стильде биледі және
өздерінің мінез-құлқын орыстық қалыпқа ұқсатуға тырысты. Төменгі деңгейдегі
шаруалар да материалдық мәдениеттің жаңа элементтерін - айналар,
самоварлар, тігін машиналары, шамдар, кереуеттер, орындықтар мен үстелдерге
бейімделе бастады.

 Бұрынғы ауылдық ұсталар қоғамның бірте-бірте ұлғайып келе жатқан
сұраныстарын қанағаттандыра алмады. Ресей нарығымен қоса көшпелілер үшін
жұмыс істейтін кәсіби суретшілермен қолөнершілердің табы қалыптасты.
Көпұлттың басы қосылған жәрмеңкелерде айтыс немесе бәйге сияқты дәстүрлі
ойын-сауықтар бұрынғыға қарағанда әлдеқайда азайды. Уақыт өте келе олар
көзге елестетерлік халықтық мәдениет ұғымына айналды. 

Ресейлік ықпалдың тағы бір көзі, сонымен қатар ең бастысы – ол, қалалардағы
интеллектуалды өмір болды. Олар 1820 жылдардан бастап империяның түрлі
бөліктерінен қазақ даласына революциялық рухты алып келген дәрігерлер,
мұғалімдер, инженерлер, ғалымдар және саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар
(әсіресе, украиндар мен поляктар) еді. Бұл топтар өздерінің ғылыми
қызығушылықтарына қарай қалаларда үйірмелер ұйымдастырды. Олар
метрополияның ғылыми және мәдени өміріне қатысып, сайып келгенде,
Қазақстанның қалаларында баспа қызметін дамытуға негіз қалап берді. Орыстық
білім алған қазақ элитасы көшіп келген иммигранттармен жиі достыққа
ұласатын тығыз қарым-қатынаста болды. Мұндай байланыстар жас қазақстандық
интеллигенцияның көкжиектерін кеңейтіп, орыс мәдениетінің ең көрнекті
идеялары мен ойшылдарына тікелей қосылуға мүмкіндік берді (мұнда Акинер
М.Достоевскиймен Ш.Уалихановтың достығын меңзеп отыр). Қазақ мәдениетінің
орыс мәдениетімен байланысының жағымды салдары болған төртінші сала, ол –
көшпелілер мұрасын жазып, жіктеп, түсіндірген орыс фольклористері мен
этнографтарының қызметі болды. Кенеттен жарыққа шығарылған Египет мумиялары
сияқты, Ресей мемлекетімен байланысқан көшпелі өмір салты да сондай
жылдамдықпен ыдырай бастады. Алайда Акинер басқасына қарағанда колониальді
режимдегі діннің жағдайына баса назар аударады. Себебі бір қарағанда
парадоксальді көрінгенімен, Ресейдің ықпалымен бірге қазақ даласында
Исламның да рөлі өсе түскен. Патша өкіметі екі жүзжылдық бойы империя
құрамында болған татар миссионерлерімен уағыздалған Ислам дінін қазақ
жерінде нығайтуға тырысты. Мемлекет мешіттер салу және діни әдебиеттерді
басып шығару үшін қаражат бөле бастады. Бірақ Исламның сүнниттік бағыты,
Ханафи мектебінің өкілдерінен болған барлық молдалардың шыққан тегі
оңтүстіктен, яғни Түркістан мен Ташкенттен еді. Ал татарлар болса XIX
ғасырдың басында Солтүстік Қазақстандағы қазақтар мен орыстар арасындағы
шекаралық делдалдардың рөлін атқарған болатын. XIX ғасырдың екінші
жартысында ресейлік билік қазақтар арасында исламның нығаюына бейжай қарап
отыра алмады және оларды христиан дініне айналдыру науқанын бастады. Бірақ
бұл идеяның қазақтарға көп әсері бола қоймады. Ең алдымен, Ресей әкімшілігі
молдалардың санын шектеуге тырысты. Мешіттер мен мұсылман мектептерін ашу
биліктің ресми рұқсатымен ғана мүмкін болды. Вақфқа және одан да басқа діни
салықтарға тыйым салынды. Бірақ, бұл шараларға қарамастан, мұсылман
мектептерінің саны өсе берді: 1895 жылы Қазақстанда мектеп деген атаумен 31
бастауыш білім беру орны болса, 1913 жылы – олардың саны 267-ге жетті;
барлық ірі қалаларда екінші деңгейлі мектеп-медреселер болды.

 Бұдан басқа Орыс мәдениеті ықпалынан қазақ мәдениетіндегі өзгерістер
туралы Т. Уиннердің Қазақтың ауызша шығармашылығы мен әдебиеті кітабында
жазылған. Уиннер орыс ықпалы қазақ фольклорына екіұдай әсер етті деп
есептейді. Бір жағынан ол Кеңестік тарихнамада қазақ ағартушылығы деп
аталған, мәдениеттегі тұтас бір бағытты дүниеге әкелді. Екінші жағынан,
алғашқы Ресейлік ықпалдың өзі қазаққа жат барлық нәрселерді жоққа шығаратын
көтерілістер поэзиясы бағытын тудырды. Революциядан кейін қазақ мәдениеті
мен қазақтар тоталитарлық режимде  дамығанымен, қазақ мәдениетінде ауызша
шығармашылық дәстүрінің әсері сезіліп тұрды. Өз кезегінде бұл жағдай қазақ
халқының өзіндік ерекшелігін сақтап қалу туралы айтуға мүмкіндік берді.

Олкотт өз тұрғысынан  ХХ ғасырдың басындағы қазақстандық қоғамның саяси
және әлеуметтік-мәдени өміріндегі бірқатар маңызды процестерді анықтайды.
Ол біріншісіне қазақ даласындағы Ислам дінінің таралуын жатқызады. Исламның
дәстүрлі түрде қазақтардың мәдени өмірінде (оңтүстіктен басқа) шағын орынға
ие болғаны туралы пікірге қарамастан, Олкоттың пайымдауынша, исламның
позициясын нығайтуға, біріншіден, Екатеринадан басталған Санкт-Петербургтың
қазақтардың арасында Исламды жаю саясаты әсер етті. Екіншіден, ХХ ғасырдың
басында империяның діни және жалпы қоғамдық өміріндегі шектеулердің алынуы
Қазақстанға да әсер етті.

Қазақтардың арасында Исламның беделінің өсуімен қатар, зайырлы элитаның
қалыптасу процесі де қатар жүрді. Бұған европалық ықпалдың көрінісі болған
орыстық ықпалдың әсері болғаны сөзсіз. Осы үдерістердің тоғысуы Исламизмның
өсуі мен қоғамды жаңғырту үшін қазақ интеллигенциясының өсіп келе жатқан
тілегі арасында қақтығыс тудырды. Мәдени мұраның бір бөлігі ретінде
Исламмен даму немесе қазақтардың европалануы үшін одан бас тарту. Қазақ
интеллигенциясы осындай үшіншісі жоқ екі таңдауда қалған болатын. Сондай-ақ
Қазақстан Жадидизмнің мәдени алаңына да қатыстырылды, бірақ бұл мәселені
толығымен тек революция ғана шешіп берді [5].

Осылайша қазақтың басына тағы бір нәубетті кезең Кеңестік билік орнады.
1920-1930 жылдардағы қасіретті белес меншік қатынастарын бұрын соңды
болмаған мемлекеттік қатынастарға айналдыру жөніндегі кеңестік
эксперименттің басталуы болатын. Сталиндік аграрлық революция
(ұжымдастыру) мен бүкіл өнеркәсіптік инфрақұрылымды мемлекет меншігіне
айналдыру (индустрияландыру) қоғамды ұзақ онжылдықтар бойына құрсауланған,
оны саяси тоталитаризм мен иррационалдық экономикалық болмыстың озбыр
өктемдігінде болуға душар еткен жүйені дүниеге әкелді.

Хрущевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық жылымығы сталинизмнің мұз
құрсауын аздап жібіткенімен, қоғам өмірінің қалыпты ережесін өзгерте
алмады. Қоғамдық қағидат әкімшіл-әміршіл жүйенің бұрынғысынша тамыр
соғысынан қуат алып өзін сергек сезінді.

Алайда оның жалған экономикалық тонының өңі айналып, шын тұрпаты көріне
бастады. Брежнев командасы қоғамның күткеніне етене деп кеңінен
насихаттап үлгерген кезекті реформаторлық шара да, сол сылбыр ишарадан
аспады.

Ресей империясының құрамына кірген сәттен бастап шығыстағы көршілерден гөрі
метрополияға көбірек тартылған шекаралық ұлтқа айналған қазақтар үшін 86
жылғы оқиғалардан кейін интернационалдық және патриоттық тәрбие режимінің
күшеутілуі бүкіл этностық организмді келеге келмейтіндей етіп бүлдіру
қатерін ішіне бүгіп жатты. Алайда қазақ ұлтшылдығы деп басылған таңба
күткендігінен гөрі кері нәтиже берді. Қазақтар өздерін КСРО деп аталатын
ұлан-байтақ, демек, біртұтас аумақтың тұрғындары емес, қайта өз
республикасының – олар өз есімін берген Қазақстанның боданы ретінде сезіне
бастады. Этностық қоғамдастықтың және оның элитасының ішінде рулық-тайпалық
теңдестік пен жергілікшілдік мүдделердің орнына жоғалып бара жатқан тіл,
дәстүрлер мен мәдени мұра қатері алдында жалпыұлттық ынтымаққа ден қойылды
[6].

Шын мәнінде, 80-жылдардың аяғында орын алған өкілетті, заң шығарушы және
атқарушы органдарды қайта құру тек қоғамдық құрылысты ауыстыру емес,
сонымен бірге КСРО-ның аса ірі державалық тұрпаттағы мемлекеттік құрылым
ретінде өмір сүруі де аяқталды дегенді білдірді. Алайда ұлттық-мемлекеттік
дербестіктің заң жүзінде баянды етілуі бір жерде тез, бір жерде баяу жүрді.
Бұрынғы Одақта тұруға келіспейтіндігін бірінші болып Балтық республикалары
жариялады, олар өздерінің негізгі заңдарына ұлттық заңдардың одақтық
заңдардан жоғары тұратынын жариялаған өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Ресей 1990 жылы шілдеде егемендік туралы декларация қабылдады, оның ізінше
мұндай декларацияны Украина, Молдавия, Белоруссия қабылдады.

Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын республиканың
Жоғары Кеңесі қоғамның түрлі топтарының ұстанымдарын алдын ала ұзақ
талқылаудан кейін 1990 жылы 25 қазанда қабылдады. Қазақстан бұрынғыша КСРО-
ның субъектісі ретінде әрекет етті, алайда өзінің басқа республикалармен
өзара қатынастарын принципті жаңа шарттық негізде құрды. Көп ұлтты
республика үшін халықтың бұл қадамға тосыннан емес, саналы түрде баруына
біраз уақыт қажет болды. Ұлттық мемлекеттілікті қорғау мемлекеттің өзіне
жүктелді. Төл мәдениетті, дәстүрлерді, тілді қайта өркендетіп, дамыту және
қазақ ұлты мен Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың ұлттық қадір-қасиетін
нығайту міндеті басым бағыт ретінде белгіленді. Ел аумағының
бөлінбейтіндігі мен оған қол сұғылмайтындығы үзілді-кесілді баса айтылды.
Құжат негізінен ұлттық өмірді қайта өркендету барысын барынша жеделдетуді
қарастырды: Республика қазақ халқының әлемдегі бірден-бір отаны болып
табылады және оның тағдыр-талайы – болу-болмауы тек осы өңірде ғана
шешіледі деп атап көрсетілді.

Отарлық бұғаудан азаттық алудың классикалық қағидалары бойынша Қазақстан
тәуелсіздік бағытымен жылжудың бастапқы нүктесі ретіндегі өзінің тарихи түп
тамырына қайтып оралу алдында тұрды. Ұлт-азаттық күрестің осыған ұқсас
жағдайларда орын алған сценарийлері әдетте қоғамның әлеуметтік-экономикалық
құрылымын бастан-аяқ өзгертумен және келімсек халықтың жаппай қуылуымен
аяқталатын. Басқарудың жаңа режимдері биліктің тірегі ретінде дәстүршілдік
пен ұлттық оқшауланушылықты таңдаған Орталық Азия өңірінде мұндай сюжеттік
желі ұлттық егемендіктің қатал өктемдік сипатын қалпына келтірді. Әлемдік
қоғамдастыққа орнықты жағдайда кіру талабымен, қазіргі заманғы жедел дамуы
нұсқасын таңдаған саяси бағдарлар үшін қарыштап қадам басу межелері,
жергілікті ұлттық-мемлекеттік бірегейлікті әлемдік әлеуметтік-экономикалық
дамудың үлгі-қалыптарына кіріктіру жолымен айқындалды. Республика екінші
нұсқаны таңдап алды. Қазақстандық реформалардың мұндай жобасы бейімделген
жаңғырту (Н.Ә.Назарбаев) деп аталды. Оның мәні теориялық жағынан дайын
үлгілерді жалаң көшіріп алуда емес, керісінше, олардың ең алдымен дәстүрлі
институттарға, этникалық-мәдени ерекшеліктерге, аймақтың саяси тарихына,
мемлекеттің геосаяси, геоэкономикалық, геомәдени құрылымдардағы нақты
жағдайына бейімделуінде болды [5, 128 б.]. Ал бұл нұсқа дәстүршілдік рухы
мен жаңғырту арасындағы келісімді сақтап қана қоймай, сонымен бірге ұлттың
қайта өркенденуіне серпін берді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуын
қорытындылауға тырысқан бірінші тұлға Қазақстан: саяси реформалар және
экономикалық даму кітабының авторы (1994), Лондондағы Халықаралық
қатынастар институтының қызметкері - Адам Диксон. 1997 жылы Осло қаласында
Норвегияның қалалық және аймақтық зерттеулер институты жанындағы Й. Хольм-
Хансеннің Қазақстандағы ұлттық мемлекет құрудағы аумақтық және этномәдени
өзін-өзі басқару атты кітабы жарық көрді. Автор Қазақстанның этно-мәдени
өміріндегі орыс мәдениетімен тілінің үстемдігі туралы сөз қозғайды.
Автордың пайымдауынша, ауылдық қазақтар патернализмге және авторитаризмге
бағдарланған; солай бола тұра үкіметтің мақсаты басқа этникалық топтардың
қарсылығына тап болған дерусификация бағыты болды. Автор жаңа қазақстандық
бірегейлік көпұлттылықпен ұштасуы тиіс деп есептейді, оның пікірінше,
Назарбаевтың елді қазақыландыру стратегиясы қауіпті, мемлекетті ішінен
бөлуі мүмкін деп ой қорытады. Қазақстанның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ислам эволюциясы
Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы. Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері
Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар жайлы
НАТЮРМОРТ, ПЕЙЗАЖ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Ұлттық руханилықты ерекшелейтін паремиялардың лингвомәдени көрінісі
Қазақстан және Әлемдiк өркениет
Уақыт және тарих
Қазақ және ағылшын тіліндегі паремияның руханилық көрінісі
Пәндер