Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық Тараз Инновациялық Институты

СӨЖ

Тақырыбы: "Экономикалық дамудың кластерлік принципі "- елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру"

Тобы:ДШ-21-5
Орындаған: Инкарбекова жанерке
Қабылдаған: Бейбитов Нұрбек

Тараз 2022
Жоспары:
1.Кіріспе
2. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырудағы басқарудың маңызы:
3. Қазақстандағы бәсекенің дамуы және оның маңызы
4. Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
5.Қазақстан -2050 стратегияларының бағыттары
6. Пайдаланылған әдебиеттер
7.Қорытынды

Кіріспе
2011 жылғы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында республикамыздың бәсекеге қабілетті әлемнің 50 елі қатарына қосылу міндеті қойылды. Бұл міндетті қысқаша анықтап шығу үшін бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі Қазақстанның тұғырын, берілген рейтингін есептеу әдіснамасын және бірқатар басқа да мәселелерді қарастыру керек.
Бәсекеге қабілеттілікті арттыру ең алдымен бәсекеге қабілеттілік дегеннің мәнісін түсініп алу арқылы анықталады. Қазірдің өзінде Президенттің аталған Жолдауын талқылау барысында алға тартылған міндеттің әр түрлі түсінілгенін байқау қиын емес: көбіне әңгіме "ең дамыған", "ең табысты", "ең бәсекеге қабілетті" елдер туралы болып жатады. Біздің ойымызша, Қазақстанды бәсекеге қабілетті елдің бірі ету мақсаты қойылғанын анық түсіну керек. Және де жалпылама емес, белгілі бір әдіснама, дәлірек айтқанда, жыл сайын есептеліп отыратын Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) белгілеген бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексі бойынша бәсекеге қабілетті ету мақсаты көзделіп отыр. 2013 жылдың қорытындысы бойынша БҚӨИ бағалаудың басқа үлгісі жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексімен алмасты. Бірақ Президент Жолдауы БЭФ елдердің бәсекеге қабілеттілігін БҚӨИ бойынша бағалап отырған 2010 жылдың наурызында жасалған болатын, сондықтан да бұрынғы нұсқада қабылданған бағалау критерийінің индексін де қарастырған жөн.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырудағы басқарудың маңызы

Сонымен, Қазақстанның Бүкіләлемдік экономикалық форум анықтаған әлемнің 50 дамыған елінің қатарына қосылу міндетін орындау үшін ең алдымен технологиялық даму және қоғамдық институттар дамуы сияқты мәселелерге ерекше назар аудару керек, өйткені макроэкономикалық ортадағы жағдаят біршама жағымды қалыптасып отыр. Қоғамдық институттар индексі келісімшарттар мен заңнамалық және жемқорлықтың өзара бірдей деңгейдегі индексішілік индексінен құралады. Бұл екі индексішілік индекс те тексеру жүргізу және сауалнамалар арқылы есептеледі.
Бәсекеге қабілеттілік - күрделі экономикалық категория, ол төмендегідей бірнеше деңгейлерде қарастырылуы мүмкін:

* тауардың бәсекеге қабілеттілігі;

* тауар өндірушінің (немесе фирманың) бәсекеге қабілеттілігі;

* саланың бәсекеге қабілеттілігі;

* елдердің бәсекеге қабілеттілігі.

Бәсекеге қабілеттілік - бірнеше деңгейде қарастыруға болатын көп қырлы экономикалық категория. Бұл - мемлекеттің, тауардың, тауар өндірушілердің, салалардың бәсекеге қабілеттілігі. Осы деңгейлердің арасында тығыз байланыс бар: елдік және салалық бәсекеге қабілеттілік ақыр соңында белгілі бір өндірушілердің бәсекеге қабілетті тауарларды өндіре алу қабілетіне байланысты.
Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2007 жылдың 28 желтоқсанында Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы №1332 Қаулысы қабылданды. Қаулыда Қазақстан үшін түрлі халықаралық рейтингтерде жақсы позицияларға жету ғана емес, экономикамыз бен қоғамымыздың тұрмыс жағдайының тұрақты өсуін қамтамасыз ету де маңызды екендігі атап көрсетілген
Қазақстанның бәсекелік артықшылығы еңбек нарығы және макроэкономикалық ортанының тиімділігі болып табылады
Сонымен қатар, Қазақстан денсаулық сақтау мен бастауыш білім, қаржылық нарық дамуы, компаниялар мен инновациялардың бәсекеге қабілеттілігі сияқты факторларда әлсіз позицияларды иеленіп отыр.
Орташа деңгейінде Қазақстан бәсекеге қабілеттілігі институттар, инфрақұрылым, жоғарғы білім мен кәсіби дайындық, тауарлар нарығының тиімділігі, технологиялық дайындығы мен нарық көлемі позициялары бойынша тұр.

Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілік деңгейіне негізгі техникалық қорлардың, әсіресе ауылшаруашылығындағы қорлардың, моральды және физикалық тозуы теріс әсер етіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасындағы негізгі технологиялық құрал-жабдықтардың жасы 25 жылдан асады. Өндірістік қорлардың тозуы 70%-ға, яғни өндірістік қуаттың физикалық құлдырауы басталатын нормаға жетіп отыр. Жоғары деңгейлі технологияларды қолдану деңгейі бойынша Қазақстан әлемдегі дамыған елдерден 10 есеге артта қалуда.
Қазақстанның экономикалық өсуін шектейтін негізгі факторларға - әлсіз банктік жүйе, корпоративтік басқару саласындағы кемшіліктер, шикізаттық тауарларға деген бағаның өзгермелілігі және нашар менеджмент жатады.

* Негізгі өндірістік қорлардың физикалық және моральды тозуының жоғарғы деңгейі.

* Қалыптасқан өндірістік қуатты жеткілікті деңгейде қолданбау.

* Өнеркәсіпте шикізаттық салалардың басым болуы.

* Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі.

* Арта қалған қалалар мен аудандардың көп болуы.

* Өңдеуші салалардың инвестициялық тартымдылығының төмендігі.

* Жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі және халықтың көп бөлігінің өмір сүру жағдайының төмендігі.

* Кадрлық және ғылыми-техникалық қуаттың әлсіздігі.

* Ғылыми-техникалық прогрестің баяу дамуы.

Қазақстандағы бәсекенің дамуы және оның маңызы

Қазіргі таңда барынша монополияланған нарықтарға ірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау
Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыратын факторлар
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар туралы ақпарат
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері
Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Бәсекелестіктің нарықтағы қызметтері
Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық–экономикалық механизмін қалыптастыру жолдары
Экономикада бәсекеге қабілеттілікті артырудың және бағаны ырықтандырудың бағыттарын талдау
Пәндер