Бағдарламаның негізгі міндеттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық Тараз инновациялық Институты

СӨЖ

Тақырыбы: "Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру "

Тобы:ДШ-21-15
Орындаған:Инкарбекова Жанерке
Қабылдаған: Бейбитов Нұрбек

Тараз 2022
Жоспары:
1.Кіріспе
2. Қазақстан - 2050 Стратегиясы
3. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
4. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
5. Бағдарламаның негізгі міндеттері
6.Қорытынды
7. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Білім беру "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Қазақстан - 2050 Стратегиясы
2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты - мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан - 2050 Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:

* Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

* Кәсіпкерлікті - ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау

* Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік

* Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары

* Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

* Дәйекті және болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
* Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты болып табылады және ол Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Мемлекет басшысы 2017 жылдың басында жариялаған елдің Үшінші жаңғыру процестерін іске қосады және жеделдетілген сапалы экономикалық өсу мен елдегі өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі міндеттерді қойып отыр.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын алмастырады, ол жаһандық қаржы дағдарысының салдарын бәсеңдетті және экономиканың әртараптандырылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Артпедагогика
Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту
Жалпы ережелер бөлімі бойынша бағдарлама талаптарға сай қарастырылган
Балбөбек бағдарламасы
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бағалау проблемалары
Қалада азаматтық бастаманы дамыту
Бизнес жол картасы 2020 бағдарламасының жүзеге асырылу жолдары
Қазақстан-2030 даму стратегиясы туралы ақпарат
Мектепке дейінгі оқыту бағдарламаларының мазмұны мен міндеттері
Пәндер