Қазақ халқының саны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық Тараз Инновациялық Институты

СӨЖ

Тақырыбы: Контент-анализ: "Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер "

Тобы:ДШ-21-15
Орындаған: Инкарбекова Жанерке
Қабыдаған: Бейбитов Нұрбек

Тараз 2022
Жоспары:

1. КСРО кезіндегі қазақтардың жайы,этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы.
2.Қазақстан Республикасы егеменді ел болып қалыптасуындағы демографиялық жағдайы,халқы,этникалық құрамы.
3.Қазақ еліне 80 жылдың соңында,90 жылдардың басындағы басқа ұлттардың келуі мен шет аймақтарға кетуі.
4.90 жылдардағы есеп бойынша Қазақ халқының саны.
5.2000 жылдан бастап Қазақ халқы саны
6.Қорытынды
7.Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстандағы қазіргі кездегі санақ деректері.

1) КСРО ыдырағаннан кейін құрамындағы республикалар өз тәуелсіздіктеріне ие болды. Осының нәтижесінде күрделі демографиялық өзгерістер мен көші-қон толқындары пайда болды. Мұндай жағдайды егеменді еліміз - Қазақстан Республикасы да бастан кешірді. Бұл кезеңдегі демографиялық процестердің негізгі ерекшелігі - халықтардың жалпы санының кемуі, өлімнің көбеюі, бала туудың азаюы осының нәтижесінде табиғи өсімнің құлдырауы. Осы келең алған теріс бағыттарға қоса, республикадан алыс және жақын жерлерге бағыт алған көші-қон толқындарының кең өрістеуі де халық санын күрт төмендетіп жіберді. Қазақстан халқы Ресейге бодан болғаннан бастап, Кеңес заманында да негізінен сырттан келген келімсектер көші-қон нәтижесінде өсті.
Қазақстан бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттер арасында халықтың саны жағынан Ресей, Украина, Өзбекстаннан кейінгі төртінші орынды иеленеді, ал территориясы бойынша Ресейден кейінгі екінші орында.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде халқымыздың демографиялық және әлеуметтік дамуы да ірі-ірі бетбұрыстар мен күрделі өзгерістерге ұшырады.

Қазақ халқының Ресейге бодан болғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақстанның Ресейдің отары, қазақтардың этнодемографиялық дамуы отарлық-миграциялық (соның ішінде қоныстандыру) саясатының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзгерістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір (90%) болғанымен, ХХ ғасырдың екінші онжылдығы соңында, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған, яғни Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Солтүстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең.

Екіншісі, 1917-1991 жылдар, яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың талай ашаршылықты (1918, 1921 және 1931-1933 жылдары), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және тағы басқа да келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қонысында азшылыққа айналған тұс. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жылдар - қазақтардың өз елінде 58,7%-дан,28,9%- ға түскен кезеңі; 2-кезең - 1959-1991 жылдар, қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден гөрі аз болған кезең.
Үшінші дәуір - 1991-2009 жылдар, қазақтардың өз елінде біртіндеп, көпшілікке айналуы. Бұл дәуірді де екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең - 1991-1999 жылдар - қазақтардың үлесі республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең - 1999-2009 жылдар - қазақтардың өз елінде басым көпшілікке айнала бастаған (53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен) кезеңі. Бұл кезең енді ғана басталды, әрі қарай жалғаса береді.
Енді қазақ халқының этнодемографиялық даму белестеріне сай, еліміздегі болған көші-қон кезеңдерін байланыстыра отырып, ұлтымыздың саны мен құрамын, қысқаша болса да, қарастырып өтейік.

Қазақ еліне 80 жылдың соңында,90 жылдардың басындағы басқа ұлттардың келуі мен шет аймақтарға кетуі

1890-шы жж. Ресей және Украинадан шыққан шаруа отарлауы күшейеді. Ресейдің әскери және көші-қон экспансиясы барысында құрылған, бекініс негізінде орыс, украин және татар басымдылығы бойынша орналасқан алғашқы колониалдық қалалар пайда болды. 1881-1883 жж. Синьцзяннан (Қытай) 50 мыңға жуық ұйғырлар мен дүнгендер көшіп келді, олардың көбі Қазақстан аумағында орналасты. 1897 ж. Ресей империясы халқының есеп-санағы деректері бойынша Қазақстан аумағында үш аса ірі этникалық топтар ерекшеленді: халықтың 81,7% құрған қазақтар, орыстар -- 10,9 және украиндықтар -- 1,9%. Бірақ 1914 ж. қазақтардың салыстырмалы салмағы 65,1-ге дейін төмендеді6 ал шығыс славяндар (орыс, украин, белорустар) саны 29,6%2 өсті.Демек, 1897-1914 жж. қазақтардың салыстырмалы салмағы 16,6 пунктіне төмендеді, ал славян халқының саны 16,8 пунктіне дейін өсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қазақтардың саны қысқарды, бұл табиғи және өлім-жітімнің өсу деңгейінің төмендеуімен түсіндіріледі. Жүздеген қазақтар жазалаушылар қолынан қаза тапқан және империя шегінен қашуға мәжбүр болған кездегі 1916 ж. көтерілістің жеңілу салдары болды. Тек 1916 ж. Жетісу облысынан 150 мың қазақ қоныс аударды. Осылай өзінің ежелгі аумағында қазақтардың азшылыққа ауысу негіздері салынды.

90 жылдардағы есеп бойынша Қазақ халқының саны

Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 23-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан -- жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті.
Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Оңтүстік Қазақстандағы татарлардың арасындағы этнотілдік үрдістер»
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы
Республикадағы,әлеуметтік,демографиялық және этнодемографиялық ахуал
1931-1933 ЖЫЛДАРДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҚАНША ЕДІ
Қазақстан халқына этнодемографяилық сипаттама
ТМД елдері халқына сипаттама
Қазақтар
Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері
Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару
Пәндер