Қаңқа мен сүйек


Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Ұстаз» институты факультеті/институты
«Химия және биология» кафедрасы
КУРСТЫҚ Жұмыс
Адам анатомиясы пәні бойынша
Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесінің анатомиясы және физиологиясы
Білімгер Акилова Жания Тобы Б-19-1
/аты-жөні/ /қолы/
Жетекші
/қызметі/ /аты-жөні/
Қорғауға жіберілді «»20ж.
/қолы/
Жұмыс қорғалды «»20__ж. бағасы
/жазбаша/
Комиссия мүшелері:
/аты-жөні/ /қолы/
/аты-жөні/ /қолы/
Тараз 20___
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
кафедрасы
тобының білімгеріне курстық жоба (жұмыс)
/аты-жөні/
пәні бойынша
ТАПСЫРМА
1. Тақырыбы
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы
Кафедра мәжілісінде бекітілген «»20___ ж. хаттама №
Жетекшісі:
/қызметі/ /қолы/ /аты-жөні/
Тапсырманы орындауға қабылдадым «»20___ж.
/білімгердің қолы/
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І ТІРЕК ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ АНАТОМИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Тірек-қимыл жүйесі
1. 2 Тірек-қимыл аппаратының маңызы мен қызметі
ІІ ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА ЖЕКЕ-ДАРА ТОҚТАЛУ
2. 1 Қаңқа мен сүйек
2. 2 Бұлшық еттер мен олардың функциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4
6
6
7
14
14
19
21
23
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Адам анатомиясы мен физиологиясы адам ағзасының құрылысы мен қызметін зерттейтін ең маңызды биологиялық ғылымдар болып табылады.
Адамның қалай орналасатынын, оның мүшелерінің қалай қызмет ететінін әрбір дәрігер мен биолог ғана емес, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғаумен тікелей айналысатын маман - инженер-эколог білуі керек.
Адам ағзасы дамудың жалпы заңдылықтары, құрылысы мен өмір сүру заңдылықтары бар біртұтас жүйе. Оның қызметі барлық тірі организмдерге тән биологиялық заңдылықтарға бағынады.
Сонымен бірге адам әлеуметтік болып табылады және жануарлардан дамыған ойлауымен, интеллектімен, екінші сигналдық жүйенің болуымен, әлеуметтік қарым-қатынастарымен ерекшеленеді.
Адам денесінің пішіні мен құрылысының ерекшеліктерін қызметтерін талдамай түсіну мүмкін емес, сол сияқты қандай да бір мүшенің құрылысын түсінбейінше оның қызметінің ерекшеліктерін елестету мүмкін емес. Адам ағзасы көптеген мүшелерден, көптеген жасушалардан тұрады, бірақ бұл жеке бөліктердің жиынтығы емес, біртұтас үйлесімді тірі организм. Демек, мүшелерді бір-бірімен өзара байланыссыз, жүйке және қантамыр жүйелерінің біріктіруші рөлінсіз қарастыруға болмайды.
Жаратылыстану ғылымдарының қатарына жататын анатомия мен физиология экологияны, токсикологияны және микробиологияны кейінгі зерттеудің негізін құрайды.
Ағзалар мен олардың элементтерінде болатын құрылыс пен процестер туралы бұл ғылымдарсыз қалыпты жағдайда дені сау организмде де, сыртқы орта факторларының ағзаға зиянды әсер ету жағдайларындағы ауруларда да қандай да бір өзгерістерді түсіну мүмкін емес. Өйткені, ата-анадан берілетін әрбір жеке адамға тән адам ағзасының құрылымдық ерекшеліктері тұқым қуалайтын факторлармен, сондай-ақ белгілі бір адамға сыртқы ортаның әсерімен (қоршаған орта факторлары, тамақтану, дене белсенділігі) анықталады.
Адам тек биологиялық ортада ғана емес, сонымен бірге қоғамда, белгілі бір адамдар арасындағы қарым-қатынас жағдайында өмір сүреді. Сондықтан ол ұжымдық, әлеуметтік факторлардың әсерін бастан кешіреді.
Осыған байланысты анатомия мен физиология адамды биологиялық объект ретінде зерттеп қана қоймай, оған әлеуметтік ортаның, еңбек және өмір сүру жағдайларының әсерін де ескереді.
Бұл ретте адам ағзасына әртүрлі химиялық, физикалық және биологиялық факторлардың әсерінен болатын кәсіптік ауруларды білу ерекше рөл атқарады.
Зерттеу пәні: Адам анатомиясы
Зерттеу объектісі: Тірек-қимыл жүйесі
Зерттеудің мақсаты: Тірек-қимыл жүйесінің анатомиясы және физиологиясы туралы мәлімет жинау.
Зерттеудің міндеттері:
- Тірек-қимыл жүйесінің анатомиясы және физиологиясына тоқталу;
- Тірек-қимыл жүйесінің қызметін зерттеу;
- Алынған мәліметтерді қорытындылау.
Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, 4 бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТІРЕК ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ АНАТОМИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Тірек-қимыл жүйесі
Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) - кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.
Сүйектің құрылысы мен құрамы:
Адам қаңқасында пішіні мен мөлшері және құрылысы бойынша ерекшеленетін екі жүзден астам сүйектер болады. Олардың барлығы дәнекер, сүйек түптектерінен (ұлпаларынан) құралады. Сүйек түптегінің химиялық құрамы ағзалық (12% оссеин нәруызы) және минералды заттардан (Са, Мg, Р тұздары - 22%) тұрады. Ағзалық заттар (оссеин нәруызы) сүйекке - серпінділік, ал минералды заттар (тұздар) қаттылық береді. Сондай-ақ сүйектің құрамында майлар (15%) және су (50%) да болады.
Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар.
Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйекті күйдіргенде бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті түз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.
Сүйектердің барлығы ұзындығы бойынша ұзын (қабырға, жамбас) және қысқа (омыртқалар, саусақ, башпайлар) болып бөлінеді. Құрылысы бойынша барлық сүйектер түтікті (ортан жілік, саусақ башпайлары) және жалпақ қабырғалар, жауырын) болып келеді. Түтікті сүйектің сыртқы кұрылысы буын түзетін сүйектерде «дене» және «бас- кішкене бас» болып бөлінеді. Сүйек денесі сүйекқаппен қапталған, сүйекқаптың жасушалары есебінен сүйектің ішкі қабаты жуандап өседі. Сүйекқаптың астында тығыз, тұтас зат болады, қуыстың ішін сары сүйек кемігі - май тәрізді зат толтырады. Сүйектің кішкене басын тегіс гиалинді шеміршек қаптап, буындардағы үйкелісті және түтікті сүйектердің ұзынынан өсуін кемітеді. Сүйектің басында кеуекті зат болады. Түтікті сүйектер дегеніміз - бұл қол-аяқ (білек, шынтақ, көрі жілік немесе қар жілік, ортан жілік, асықты жілік сүйектері) және саусақ башпайлардың ұзын сүйектері. Қалған сүйектердің барлығы (немесе жарым-жартылай қуысты) сүйектер болып саналады. Олардың барлығының сыртын сүйекқап қаптап, соның есебінен барлық бағытта сүйек өседі. Сүйектің ішкі жағы сүйектің қызыл кемігі- ағзаға толы болады, қан жасушаларының барлығы сол ағзада түзіледі. Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді.
Қаңқа сүйектері бірімен-бірі үш амалмен: қимылсыз (бітісу, сүйек тігісі) ; жарым-жартылай қимылды немесе аз қимылды (сүйектердің аралығындағы шеміршекті қабатшалары) және жылжымалы буындар жолымен байланысады. Бассүйек (астыңғы жақсүйек буынынан басқа), жамбас және омыртқа бағанының сегізкөз- құйымшақ бөлімдерінің сүйектері жылжымай, қимылсыз байланысқан. Жартылай байланысқан сүйектерге омыртқалардың, қол ұшы және аяқ басы (білезік, алақан, табан қоспасы, аяқ басы), қабырғалар және төс сүйек (10 жұп) сүйектерінің өзара байланысы; жаңа туған (шақалақ) және нәрестенің (еңбек) милық бөлігінің сүйектері жатады. Еркін қозғалатын қол-аяқ сүйектері және олардың белдеулері (иық, шынтақ, көрі жілік-білезік, жамбас-ортан жілік, тізе, сирак-аяқ ұшы), омыртқа бағаны мен бассүйек және саусақ башпайларының сүйектері қозғалмалы сүйектер болып саналады.
Қаңқа бөліктеріпе: бассүйек (омыртқа бағаны жөне кеуде торы) және аяқ-қол (аяқ-кол белдеулері және еркін қозғалатын қол және аяқ) сүйектері жатады. Олардың кұрамына енетін ірі сүйектерді жатқа біліп, суреттен көрсете білу кажет. Бассүйектің екі бөлімі бар, сүйектері жұп және так болып келеді.
Милық бөлімде: шүйде және маңдай сүйектері - так, ал төбе және самай сүйектері жұп орналасқан. Бет бөліміндегі бетсүйек пен үстіңгі жақ сүйектер - жұп, төменгі жақсүйек так болып келеді. Бұл сүйектердің барлығы, астыңғы жақ-сүйектен басқасы (буын), жалпақ және тігіс арқылы байланысқан.
Кеуде торы бір тәссүйектен және 12 жұп қабырғадан тұрады. Омыртқа бағаны 33-34 омыртқадан құралады. Омыртқа бағанының мынадай бөлімдері бар: 7 мойын; 12 кеуде; 5 бел; 5 сегізкөз; 4-5 құйымшақ омыртқалардан тұрады. Жалпақ сүйектердің барлығы жартылай қозғалмалы байланысқан, қабырғалар омыртқа бағанына буын арқылы байланысады.
Қол белдеуінде екі-екіден жауырын және бұғана сүйектері бар. Еркін қозғалатын қолдың тоқпан жілік және жілік пен шынтақ сүйектерінен құралған білек сүйегі; білезік, алақан және саусақтың бақайшағынан (бас бармақтан басқа саусақтардың барлығында үш-үштен бақайшақ болады) құралатын қол басы сүйегі бар.
Аяқ белдеуінде екі жамбас сүйегі болады. Олардың әрқайсысы бітісіп кеткен үш сүйектен: мықын сүйек, шонданай сүйек, қасаға сүйектерден құралған. Еркін қозғалатым аяқтың ортан жілік, сирақ сүйектері - асықты жілік және кіші жіліншік сүйектерінен; аяк ұшының сүйектері табан қоспасының сүйектерінен, табан сүйектерінен, саусақ бақайларынан құралады.
Адам қаңқасы құрылысы, химиялық құрамы және сүйектер байланысы, қаңқа бөлімдерінің бірдейлігі жағынан приматтарға ұқсас. Адам қаңқасындағы айырмашылық тік жүруге және еңбектену өрекетіне байланысты қалыптасқан. Бұл айырмашылықтарға омыртқа жотасының 8 пішінді болуы (4 иілімі бар: бірінші, үшіншісі - алға қарай; екінші және төртіншісі артқа қарай иілген), аяқ ұшының күмбезденуі, кеуде торы қабысып, жамбасы астауша тәрізденген, бассүйектің милық бөлігінің, бетсүйектен үлкен болуы, қарақұс тесігінің артқа қарай ығысуы жатады.
Қаңқа бұлшықеттері - тірек-қимыл жүйесінің пәрменді бөлігі. Қаңқаның бұлшықеттері қолдонеңжолақты болып келетіндіктен, қоза да (жүйке козу толқынына жауап қайтарып), жиырыла да және қажи да алады. Адам денесінде пішіні сан алуан және бірнеше қабатты 600-ден астам бұлшықет болады. Бұлшықеттердің әрқайсысы бұлшықет талшықтары деп аталатын жасушалардан (миоциттерден) тұрады. Талшықтар будаланады да, будалар жалпы дәнекер түптекті қабықшаға - шандыр бұлшықеттеріне бірігеді. Әрбір бұлшықеттің ішінде жасушаларды қоректендіретін, оларға тыныс алғызатын тармақталған қантарату тамырлар, сондай-ақ бұлшықеттердің жиырылуын басқаратын жүйкелер бар. Бұлшықеттер сүйектерге сіңірлердің көмегімен бекінеді. Олар екі немесе одан да көбірек сүйектерге бекініп, жиырылған кезде сүйекті өзіне қарай тартады. Өйткені бұлшықеттер босаңсу арқылы сүйекті өзінен алшақтата алмайды, бұлшықеттердің әрқайсысында қарсы әсерлі зат (антогонист) - қарама-қарсылық бар. Мысалы, екібасты бұлшықет (бицепс) - шынтақ буынын бүккіш. Ал үшбасты бұлшықет (трицепс) - шынтақ буынын жазғыш. Сезім билейтін бұлшыкеттері бір ұшымен - бассүйек сүйектеріне, екінші ұшымен теріге бекінеді. Оттегі жетіспегенде және сүт қышқылы жинақталғанда, сіңірлер созылғанда, жүйкелік орталықтар «қажығанда», бұлшыкеттер де қажиды.
1. 2 Тірек-қимыл аппаратының маңызы мен қызметі
Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады.
Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді, Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т. б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Соңғы кезде бұл жүйке зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген. Олардың көбі екі сүйекке бекігендіктен олардың қозғалысын іске асырады. Әрбір сүйекке екі, тіпті одан да көп еттердің ұштасуы мүмкін.
Еттердің негізгі қызметі - сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді. Адамның қимыл-қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан, оған тән морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл-қорғанысқа ет пен сүйектен басқа тірек-қимыл жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар қатысады.
Сонымен, сүйек-ет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс, тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организмінде өте маңызды орын алады.
Сүйектің құрылысы мен құрамы. Адам қаңқасының негізі сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Остеондардың орналасуына қарай сүйек екі түрлі заттардан тұрады: (тығыз және кемік заттар. )
Тығыз заттар кемік сүйектің сыртын да орналасқан. Олардың қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі. Тірек-қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын сүйектердің тығыз заттары көп болады. Мысалы, ұзын сүйектің ортаңғы бөлімі диафизін де. Кемік сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасады да, арасында саңлаулары көрінеді. Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектің екі жақ ұшында көп болады.
Жілік майының каналдарында сары түсті, ал кемігінде қызыл түсті май бар. Себебі кемік сүйектерде қан түйірлері эритроциттер, лейкоциттер жене тромбоциттер дамиды. Ересек кадамның жілік қуыстарындағы май сары түсті келеді. Олар көбіне май клеткаларынан тұрады.
Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі қабықтар. Сыртқы қабығы тығыз, ішкі қабығы жұмсақ, борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ішкі қабығында сүйектердің өсуін қамтамасыз ететін клеткалар остеобластар болады.
Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйекті күйдіргенде оссеин жанады да, бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затқа, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.
Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабыргалар мен кеуде сүйегі жатады.
Омыртқа жотасы - бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. Мүның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.
Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және өсінділері болады. Омыртқаның тығыз жері - денесі. Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын омыртқа жотасының каналын (өзегін) құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары жөне төмен бағытта орналасқан жүп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жүп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.
І-ші мойын омыртқасы - атлант немесе ауыз омыртқа тікелей бас сүйегімен жалғасады. Оның денесі және арқа өсіндісі болмайды, бір-бірімен бүйір денесі арқылы қосылып жатқан алдыңғы және артқы доғалармен шектескен сақина тәрізді. Ауыз омыртқа шұңқырлау үстіңгі буынымен шүйде сүйекпен, астыңғы тегіс буынымен екінші мойын омыртқамен жалғасады. Мұның омыртқа тесігі басқа омыртқалардан кеңірек болады. ІІ-ші мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Ол тісшедегі алдыңғы және артқы буын беті арқылы ауыз омыртқамен, астыңғы жағыңдағы буын беті арқылы Ш-ші мойын омыртқасымен жалғасады.
Соңғы УІІ-ші мойын омыртқасының арқа өсіндісі ұзын болады. Көкірек омыртқаларының ерекшелігі - денесінің аддыңғы бүйір бетінде және көлденең өсінділерінде қабырға ойыстары деп аталатын буын беттері. Екі көкірек омыртқаларының жартылай буын ойыстары омыртқа жотасының буын ойыстарына айналады. Ол жерге қабырғаның басы кіреді. І-ші көкірек омыртқасының үстінде толық буын ойысы, астында - жартылай буын ойысы бар. Ал Х-шы омыртқаның үстіңгі жағында да жартылай буын ойысы болады. ХІ-ХІІ-ші омыртқаларда бір-бірден ғана буын ойыстары бар. Ауыртпалық көбірек түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы жетілген және ірі келеді, әсіресе, соңғы У-ші омыртқа көкірек омыртқаларынан анағұрлым ірі болады. Эволюциялық даму кезінде қабырғалар көлденең өсінділерімен бірігіп бітуіне байланысты өсінділері ұзын болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz