Пәнді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі
Биология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Жаңартылған білім мазмұнындағы оқу іс-әрекеттерін дамыту мен формалары
Курс:3
Тобы: ХБ 19-1
Пәні: Биологияны оқыту әдістемесі
Орындаған: Ынтымаққызы Камшат
Қабылдаған:Султанаев Ердос Бахытович
Тараз 2021
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
І Жаңартылған білім беру мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Жаңартылған білім беру мазмұнына сипаттама беру ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Оқытудағы іс-әрекеттер түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдістердің тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.1 Жаңа әдіс-тәсілдердің оңтайлы тұстарын бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін оқу тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың жеке басының дербес және дара ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін айқындау.
Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар,оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарды пайдалану болып отыр.
Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр.
Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады..Тақырыптың өзектілігі жаңартылған білім беру мазмұнындағы жаңа оқу іс-әрекеттерінің түрлерін сипаттау,зерттеу және оның тиімділігін айқындау.
Жұмыстың мақсаты:
"Жаңартылған білім мазмұнындағы оқу іс-әрекеттерін дамыту мен формалары" тақырыбын зерттеу
Жұмыстың міндеттері:
1. Жаңартылған білім беру мазмұнын сипаттау.
2. Оқытудағы іс-әрекеттер
3. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу іс-әрекеті
4. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу іс-әрекеттердің тиімділінін айқындау
Зерттеу әдісі:
Түсіндіру,
әңгімелесу,
проблемалық,
практикалық,
бақылау,
мәлімет іздестіру және оларды жинау,
зерттеу,
ресми жазбалар мен статистика нәтижелерін салыстыру.
Жұмыстың практикалық маңызы:
Менің курстық жұмысымның тақырыбы "Жаңартылған білім мазмұнындағы оқу іс-әрекеттерін дамыту мен формалары".Курстық жұмысымның практикалық маңызы заманауи сабақ беру білім беру мазмұнын жаңарту аясында тиімді және сапалы білім берудің негізі ретінде қарастыру. Білім беру мазмұны мен білім сапасын жаңарту шеңберінде оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдері, әдістері, технологиялары арасындағы байланысты анықтап,білім сапасының негізі ретінде сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын айқындау.Оқытудағы іс-әрекеттерді талдай келе,ескі мен жаңаның парқын түсіну,артықшылығын ұғыну.Мұғалім жаңа білім беру мазмұынан сай сабақ өту үшін қандай оқу-іс әрекеттерін пайдалану керек,қандай бағытта жұмыс жасау керек екен деген өзекті сұраққа жауап тауып,сабақтың сапалы өтуіне үлес қосу.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша мұғалімдерге қандай талаптар қойылады,оларды қалай іске асыру керек,іске асыру үшін қажетті дағдыларды зерттеу арқылы сабақты тиімді өту.Алдымызда отырған оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай,мәліметтерді қабылдау деңгейіне қарай оқытудағы іс-әрекеттерді таңдау,оларды жүйелі іске асыруды үйрену. Кез-келген білім алушыға сай күтілген нәтижені әділ бағалап,нәтижеге жету үшін алдыға дұрыс мақсаттар мен міндеттер құрып,іс-әрекеттерді жүйелі орындауды меңгеру. Білімді баланың санасына жеткізе білу үшін дұрыс жол таба білу керек,әр оқушы жеке тұлға болғандықтан іс-әрекеттердің түрлерін ажыратып,тиімділерін практикада қолдану.Жаңа іс-әрекеттерді жетік меңгеріп,артықшылықтарына көз жеткізіп,қолдану аясын кеңейту.
Негізгі бөлім
I.Жаңартылған білім беру мазмұны
Жаңартылған білім беру мазмұны дегеніміз не?
Жаңартылған білім беру бағдарламасында білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігі көрсетілген. Биыл жаңартылған білім беру мазмұнымен қамтылған балалардың үлесін 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Осы орайда озық елдердің үздік тәжірибелерін негізге ала отырып, балаларға заман талаптарына сай білім беріп, саналы, ой-өрісі кең азамат етіп тәрбиелеуді мақсат ететін жаңа бағдарламаның ұтымды тұстары да бар дейтін болсақ, кемшіліктері де қаперде тұр.
Жаңартылған білім беру мазмұны ескі форматтан айырмашылығы әртүрлі жаңашыл идеаларды пайдалана отырып,оқушылардың интеллектік мінез-құлқын жетілдіруге жәнк функционалдық сауаттылығын арттыруға көңіл бөлетін оқыту әдісі.
Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы реформалар гуманистік бағытқа ие, мұнда дамуында мүмкіндігі шектеулі адамдарды тәрбиелеу ерекше орын алады. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және оны іске асырудың стратегиялық жоспарлары мүмкіндігі шектеулі балаларды оқу-тәрбие үдерісіне ықпалдастыру механизмдері нақты белгіленген; оларға қолжетімді ортаны қамтамасыз ету шарттары анықталған . Құжаттарға сәйкес 2020 жылға қарай жалпы білім беретін мектептердің 70%-ында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалуы тиіс және сәйкесінше жалпы білім беретін мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау талап етілуде .
Білім берудің жаңа парадигмасына көшу жағдайында оқытудың тиімді стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың Білім берудің негізгі мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Мұғалім оқытудың нәтижесіне технологиялық тәсілдермен қол жеткізу арқылы өзінің педагогикалық шығармашылығын бағамдауы.
Оқушы алған білімді бағалауға,оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды,сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған.
Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалды.
Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.
Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығынқа Мен өзімнің іс тәжірибемде Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып,бағалаудың қалыптастырушы түрін кеңінен қолданамын. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Бұл бағдарламаның мақсаты - барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап , ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға , шешім қабылдауға,өзін-өзі бағалауға ,бірін-бірі бағалауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін - бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай - қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор деп ойлаймын.
Қазақстанда білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негіздерді қалыптастыруға бағдарланған.[1]
Соның ішінде: 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңімен көшу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектепте оқытудың стандартын жаңғырту, білікті мамандар даярлау.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жаңа уөзқарастар қалыптасып білім беру жаңа деңгейге көтерілді.Қай заманда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы мұғалімнен басталады. Білім беру саласындағы түбегейлі бетбұрыстар мұғалімдер қаумынына үлкен жауапкершілікті талап етті. Өздігінен білім алатын, барлық жағынан дамыған, жан-жақты ізденетін тұлғаны қалыптастыру мұғалімнің қолында.
Қазіргі таңда пәнді жақсы терең білетін, күнделікті сабағын толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын еркін меңгерген, оқушылардың өз пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.Сондықтан да әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.
Білім беру бағдарламасының ең негізі мақсаты- білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдардың пайдалану тиімділігін арттыруды талап етеді. Білім алушылардың күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған орта білім беруді енгізу кезінде білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Критериалды бағалау бұрынғы дәстүрлі бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып ерекшелінеді.[2]
Жаңартылған білім беру мазмұнына сипаттама
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2017-2018 жылдардан бері жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларды үйретуге, функционалдық сауаттылықты арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөле бастады.Жаңартылған білім беру
бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым,айтылым,жазылым және оқылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Жаңартылған білім беру мазмұныны оқушыларды сындарлы ойлауға, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізуге, инновациялақ білімдерді терең меңгеруге үйретеді.Білімді ұрпақ- жарқын болашақтың кепілі.Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі.Қазіргі таңдағы ең негізігі мақсат- жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру.
Білім мазмұнын жаңарту сапалы білім мен жарқын болашаққа негізделген.
Білім беру мазмұнын жаңарту - білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін енгізудің нәтижелерін қарастыру.Бұл жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу-өмірдің барлық салаларында соның ішінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарда бәсекеге түсуге қабілетті тұлғаның үйлесімді даму мен зияткерлік дамуы үшін білім беру ортасын қалыптастырудың нәтижесі болуы керек.
Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасында оқушылардың құндылықтары мен дағдыларын айқындап берді.Пәннің құндылықтары мен құзіреттілігі қалыптастыруды ескере отырып пән бойынша білім, білік дағды деңгейін қамтиды.Яғни бұның барлығы пәнді оқытатын оқу жоспарында қарастырылады.Басқада орта білім беретін мектептер Назарбаев Зияткерлік мектептері сияқты озық халықаралық тәжірибелерді енгізу және оларды оқу үдерісінде іске асыру мақсатында білім беру бағдарламасын өзгертті. Жетілдірілген білім беру бағдарламасы "Lifelong learning" ұғымы бойынша ақпаратты есте сақтауды және әртүрлі салалардағы білімді түсіну үшін, түсінген білімді қолдану үшін кең ауқымды бағдарлама ұсынылды.[3]
Неліктен заманауи оқыту заман талабы?
XXI ғасыр -- озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі.
Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді қолдану міндеті тұр.
Білім беру - заман талабы, өйткені ол сауатты қоғамды қалыптастырады және қоғамды тәрбиелеу процесінде мотивация мен нұсқаулар өте маңызды және мұғалімдер, жетекшілер және әкімшілер оқушыларды ынталандыруға жауапты. Қоғамның көп бөлігіне білім беру арқылы сауаттылық деңгейі көтеріледі.
Дегенмен, уақыт өте өзгерген сайын, білім алушылар тек теориялық оқуға ғана емес, сонымен қатар практикалық білім беруге, дағдыларын шыңдауға және кез келген қиындықтарға төтеп бере алатындай білімді етуге мүмкіндік беретін білім алудың жаңа әдістері мен әдістерін талап етеді. Қазіргі заман талабына сай оқытудың заманауи әдістері бірден-бір жол.
Түзету-педагогикалық жұмыстың тиімділігін арттыру шарттарының бірі баланың мүмкіндіктеріне барабар қорғаныштық, педагогикалық және пәндік және дамытушы ортаны, яғни іс-әрекеттің барлық түрлерін жан-жақты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайларды жасау, жоғары психикалық функциялардың ауытқуы және баланың жеке басының қалыптасуы.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі мектеп оқушылары екі мыңыншы жылдан кейін туылған оқушылар яғни оларды ғылыми зед ұрпақтары деп атаймыз.Соңғы жылдары карантиннің әсерінен ба,әлде технологияның шарықтап дамуы ма,адамдардың уақыттары қалай зырғып өтіп жатқандығын байқамаймыз.Әлеуметтік желілер мен ойындар,әртүрлі сериалдар жастардың назарын өздеріне аудартты, "білекке сенген заманда ешікмге есе бермедік,білімге сенер заманда қапыда қалып жүрмедік"-дегендей заман ағынына еріп,қызық қуалаймыз деп білім-ғылымды қалдыруға болмайды.Баланың ойын бөлетін заттар көп болғандықтан оларды білімге қызықтыру үшін де жаңаша әдіс-тәсілдер мен технологиялар қажеті даусыз мәселе.Баланың әлеуметтік жас ерекшелгіне сай,сын тұрғысынан ойлайтын,білімнің не үшін қажет екенін саналы түрде түсінетін жастарды тәрбиелеу.Өз басым жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасының дәл уақытында қабылданып,іске асырылып жатқанын уақыт талабына сай келген іс-әрекет деп қабылдаймын.
Амеркандық мақал бойынша "Баланы ерте жаста оқытуға жұмсаған бір доллар өскенде 8 есе қайтады"-деген яғни,баланың қаншалықты дұрыс білім алуы тек баланың өміріне ғана емес,ата-анасына жәнеде мемлекетіне пайдасын әкеледі.
Ұстаз үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың заманауи тиімді әдіс-тәсілдеріне жекелеп шолу жасап кеткенді жөн көріп отырамын.[4]
Жаңартылған білім беру бағдарламасы- озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.
Қазіргі ұстаздардың алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білім деңгейіне сәйкес баланың білімі мол, шығармашыл, ойлауға қабілетті, әлемдік деңгейде іс басқара алатын құзыретті тұлға қалыптастыру.Бұндай талапқа сай келу үшін мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде болып кәсіби білікті болуы тиіс.Ұстаздың да ұстазы болады,мұғалім өзін дамытуын тоқтатқанда регресс басталары сөзсіз.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:
-Пәннің маңыздылығы;
-Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
-Шет тілділік саясатты іске асыру;
-Оқыту үдерісін іске асыруға қойылатын талаптар;
-Пәнді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер;
-Ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдану құзыреттілігі;
-Оқушының коммуникациялық дағдыларын дамыту;
-Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
-Оқудың мазмұны,ұйымдастырудың біріздігі.
Инновациялық білім беру нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет ету арқылы білімді меңгеруіне ықпал ететін әдіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарасы мен танымдық белсенділігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемдігін арттыруда, біліктілікке ұмтылуда,яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыратын оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу шешуші рөл атқарады. Жаңартылған білім беру мазмұнының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады.Орта білім мазмұнын жаңартудың негізгі компоненттері,соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы да жүргізілуде.[4]
1.2 Оқытудағы іс-әрекеттер
Оқу іс-әрекеті - білім мен дағдылардың жиынтығы түріндегі оқу бағдарламаларымен ұсынылған аға ұрпақтың мәдениеті мен тәжірибесінің қажетті бөлігіне ие тұлға мақсаты болып табылатын практикалық педагогикалық қызметтің түрі.
Оқу іс-әрекеті (қызметі)- адамның іс-әрекетінің бір түрі, пәндік және танымдық әрекеттердің әдістерін арнайы меңгеруге бағытталған, теориялық білім түрінде қорытылып, жалпыланған түрі.
Оқу іс-әрекеті мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетін тиісті түрде орындау арқылы ғана жүзеге асады.Мақсатқа жету деңгейі бойынша оқу қызметі екі буынға бөлінеді: оқыту және оқу.Оқу іс-әрекетінің толықтығы дидактикалық диагностикалық іс-әрекет деректерімен анықталады.Психологияда оқу әрекетін оқумен теңестірмейді. Балалар іс-әрекеттің көп түрлерінде - ойында, еңбекте, қоғамдық және т.б. оқу әрекетінде оқи алады.Оқыту іс-әрекеті өзіндік ерекше мазмұны мен құрылымы бар
бастауыш мектеп жасында бұл белгілі бір жастың негізгі психологиялық ісіктерінің пайда болуын анықтайтын, кіші мектеп оқушыларының жалпы психикалық дамуын, олардың тұтастай тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жетекші іс-әрекет.
Оқу іс-әрекетінің негізгі құрамдас бөліктері болып табылады
Оқу әрекетіндегі білім беру міндеті (белгілі бір класты есептерді шешудің жалпыланған әдісін меңгеруді қамтамасыз етеді)
Бақылау және бағалау әрекеттері, оқыту мәселесін шешу үшін қажетті оқу әрекеттеріне мыналар жатады:
қарастырылатын жүйенің жалпы қатынасын ашу үшін жағдайды түрлендіру;
таңдалған қатынасты графикалық және символдық түрде модельдеу;
оның қасиеттерін таза түрде зерттеу үшін қарым-қатынас моделін түрлендіру;
жалпы түрде шешілген нақты нақты практикалық мәселелер қатарын шығару және құру;
алдыңғы әрекеттердің орындалуын бақылау;
осы оқу мәселесін шешудің жалпы әдісін меңгеруді бағалау.[5]
Оқытудың жалпы теорияларының негізін салушы Я.А.Комменский,
К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко сондай ақ жиырмасыншы ғасырдың ортасында өмір сүрген шетел ғалымдары Д.Б.Эльконин,
В.В.Даввыдов және т.б. аталған ғалымдардың еңбектерінің нәтижесінде психологиялық теориясы пайда болады.
Оқу іс-әрекеті- оқу әрекетінің жалпылай тәсілдерін меңгерудегі оқытушы тарапынан қойылған оқу міндеттерін шешуде сыртқы бағалау мен бақылау негізінде, өзін-өзі бақылау мен бағалау негіздеріне көшетін дамытудағы субьектінің әрекеті.
Оқу іс-әрекеті іс-әркеттің ерекшеленген түрі ретінде қолданылады.Ол білім алушыға субьект ретінде жетілдіру,дамыту, қалыптастыру бағытында қоғамдық пайдалы, танымдық, теориялық және практикалық әрекеттерден сан алуан түрлері мен формаларындағы қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған. Білім алушының әрекеті де терең білім жүйесін меңгеруге бағытталған.
И.И.Ильясов бойынша, оқу іс-әркетінің оқытудың басқа формаларынан айырмашылығы:
-Оқу іс-әрекеті-ол арнайы оқу материалы мен оқу міндеттерін шешуге бағытталған;
-Оқу іс-әрекетінде әрекеттің жалпы тәсілдері мен ғылыми ұғымдар меңгеріледі;
-Оқу процесінің қоғамдық сипаты мазмұнына қарай адамзат жинақтаған мәдени және ғылыми құндылықтарды меңгеруге бағытталған;мазмұнына қарай қоғамдық мәнді және қоғамдық бағалаушы болып табылады.Кез келген басқа іс-әрекет сияқты оқу іс-әрекеті субьективтілігімен,белсенділігімен, пәнділігімен, мақсаттқа бағытталғандығымен, саналылығымен сипатталады.
Оқу іс-әрекетінің құралдары мен тәсілдері
Оқу іс-әрекетінің жүзеге асатын құралдарын үш тұрғыдан қарастырған жөн.
Оқу іс-әрекетінің құралдары. Оқу іс-әрекетінің құралдары-нені,қандай құралды қолдану арқылы білім аламын деген сұрақтарға жауап береді.
Оқу іс-әрекетінің не арқылы жүзеге асатынын үш аспектіде қарастыруға болады:
Біріншіден, ол интеллектуалдық әрекеттер (С.Л.Рубинштейн терминінде анализ, синтез,жалпылау,классификациялау және т.б.)
Екіншіден, белгілік,тілдік,вербальдық құралдар, осы формалар негізінде білім меңгеріледі, рефлексияланады, дербес нәтиже қалыптасады.
Үшіншіден, негізгі білімді меңгеру және оларға жаңа білімнің қосылуы нәтижесінде оқушылардың жеке тәжірибесі,тезаурусы құрылады.
Осы үш құралдардың бірігуі жайлы С.Л.Рубинштейннің жалпы оқу теориясында неғұрлым толығырақ айтылған.
Бұл теория проблеманы шешу немесе шешуге тырысу, шешу әдістері немесе құралдары ретінде алынды.
Оқу іс-әрекетінің тәсілдері.
Әдіс дегеніміз-білім алудың мақсаттарына жетелейтін ұстаз бен оқушының ретпен орналасқан іс-әрекеттер бірлестігі.Осы ұғымға анықтама беру мен әдістерді жіктеу аясында педагог ғалымдар арасында ортақ пікір қалыптаспаған.Оқыту барысында түсіндіру, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс істеу секілді сөздік әдістер, иллюстрация және демонстрация сияқты көрнекі, сондай-ақ зертханалық, практикалық, графикаық, жаттығу жұмыстары іспетті тәжірибелік әдістер қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде мұнан басқа әдістердің 50-ден астам түрі көрсетіледі. Оқыту әдістері оқу құралдарының көмегімен іске асады. Оқу құралдарына оқу кітаптары (оқулық, анықтама, есептер жинағы, сөздіктер), көрнекі құралдар (кесте, сызба, сурет, альбом, фотосурет, карталар) және техникалық құралдар (үнтаспа, бейнетаспа, компьютер) жатады. Бүгіндері oқыту әдістемесі атауын оқыту технологиясы атауы ығыстырып келеді.
Қазіргі заманғы оқыту әдістері:
Басқа салалар сияқты білім беру саласы да осы кезең ішінде күрт дамыды. Бұрын мұғалімдер білім мен білім алушы арасында көпір жасайтын бірден-бір құрал болатын. Олар тақырыпты түсіндіру немесе конспектілеу үшін дәстүрлі педагогикалық әдістерді қолданды. Дегенмен, заманауи білім беру студенттерді терең оқуға және олардың қызығушылығын қанағаттандыру үшін оқуға итермелейтін кең сценарийді көреді. Соңғы жылдары біз оқытудың әртүрлі заманауи әдістерімен танысамыз, оқытудың инновациялық әдістерімен қатар технологияларды енгізу білім беру саласында революция әкелді. Олай болса, оқытудың жаңа әдістері қандай екенін талқылайық.
Коллаборациялап оқыту(Collaborative Learning)
Бұл заманауи оқыту әдісінде әрбір оқушы бір-біріне қажетті нәтижеге жетуге көмектесетіндіктен, топ табысының бір бөлігі болып табылады, сонымен қатар олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Оқушылар басқаларға шыдамдылық танытуды, басқаларды тыңдау дағдыларын және топта жұмыс істеуді үйренеді. Олар әртүрлі тұлғалармен танысып, олардың жұмысына шынайы шолу жасай алады.
Кеңістікті оқыту (Spaced Learning)
Кеңістіктік оқыту - мұғалімдер ұстанатын заманауи оқыту әдістерінің бірі. Бұл әдісте мұғалімдер сабақты оқушылар толық түсінгенше бірнеше рет қайталайды. Дегенмен, оқытушы сабақтар арасында екі 10 минуттық үзіліспен (үзіліс) курсты қайталайды.
Ауыстырылған сынып (Flipped Classroom)
Flipped Classroom - педагогикалық әдістемедегі белгілі термин. Сіз бұл туралы сөзсіз білетінсіз. Оның Төңкерілген сынып атауы оны ерекше етеді. Бұл қазіргі кезде қолданылып жүрген өте маңызды заманауи оқыту әдістерінің бірі. Оқытудың бұл әдісінде оқыту процедурасы төңкерілген түрде өтеді.Дәстүрлі әдістерден айырмашылығы, оқушылар жаңа материалды немесе мазмұнды үйде өздігінен оқиды және мектепте де солай жаттығады. Әдіс мектептегі мазмұнды қамтамасыз етудің кері әдісі болып табылады және оқушылардан оны қайта өңдеуді немесе оны үйде жаттығуды сұрайды. Оқушылар бұл әдісті үйде бейне оқулық көру, желіде іздеу немесе әдетте мұғалім бөлісетін мазмұнмен жұмыс жасау арқылы қолданады. Оларға үй тапсырмасын үйде орындаудың қажеті жоқ. Оның орнына олар оны мектепте аяқтайды.
Өздігінен білім алу (Self learning)
Мұғалім оқушыларға жаңа идеяларды әкеліп, оның миын және жеке жұмыс істеу қабілетін дамыту үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беруі керек. Бұл заманауи оқыту әдісі оқушылардың білім алу кезеңінде маңызды рөл атқарады
Ойын түрінде өткізу Геймификация (Gamification)
Балалар ойынды жақсы көреді, бұл онлайн ойындар немесе далада ойын ойнау. Ойын арқылы оқыту қазіргі заманғы оқыту әдістерінде қолданылып келе жатқан заманауи оқыту әдістерінің бірі болып табылады. Оқытудағы геймификацияның маңызы негізінен бастауыш және мектепке дейінгі жүйеде байқалды. Ойын ойнау арқылы білім алуды студенттер де түсінбейді. Бұл оқушыларды да ынталандырды және тек мектепке дейінгі жастағы оқушыларға ғана емес, кез келген жастағы балаларға тиімді болды.
ВАК оқыту (VAK teaching)
VAK оқыту әдісі 1920 жылдары дислексиямен ауыратын балаларға көмектесу үшін енгізілген. Алайда оның әсері қазіргі заманда тиімдірек. Интернет заманында бейнелер арқылы көру және үйрену оқытудың танымал жаңа құралына айналды. Оқушылар материалды оқудың орнына көргенде, естігенде немесе сезгенде тез түсінеді. Сондай-ақ, оқушы бұқаралық ақпарат құралдарының кез келгенімен шектелмейді, өйткені олар оқытудың барлық үш түрін де пайдалана алады.
Кроссовер оқыту (Crossover Learning)
Қазіргі кездегі оқытудың кең таралмаған әдісі - ресми және бейресми оқыту мен оқу орталарын пайдаланатын кроссоверлі оқыту. Бұл оқушыларға ең жақсы білім берудің тамаша тәсілдерінің бірі. Кроссоверді оқыту оқушыларды тиімді қызықтырады және шынайы, бірақ инновациялық нәтижелер береді.
Ресми орта - бұл дәстүрлі орта, яғни білім беруге арналған сынып. Ал, оқытудың бейресми ортасы мұражайлар, семинарлар және мектептен тыс орындар болып табылады. Мектептер мен колледждер мазмұнды оқытады, материалды зерттейді және білім қосу үшін күнделікті тәжірибені пайдаланады. Екінші жағынан, бейресми оқыту қызығушылық пен қызығушылықты
тудырады және мұғалімдерге сұрақтар қою арқылы түсінуді арттырады.[6]
Д.Б. Эльконин оқу іс-әрекетін оның мазмұны ретінде адекватты мотивтермен түрткі болуы тиіс ғылыми ұғымдар саласындағы іс-әрекеттің жалпыланған әдістерін меңгеру болатын қызмет деп анықтады. Олар іс-әрекеттің жалпыланған әдістерін иемдену мотивтері болуы мүмкін, немесе, дәлірек айтқанда, адамның өз өсуінің, өзін-өзі жетілдіруінің мотивтері болуы мүмкін. Студенттерде осындай мотивтерді қалыптастыру мүмкін болса, онда бұл жалпы мотивтерді, оқушының ұстанымымен байланысты іс-әрекеттерді, әлеуметтік маңызды және әлеуметтік бағаланатын әрекеттерді жүзеге асыру арқылы жаңа мазмұнмен толықтырады.
Оқу іс-әрекетінің негізгі спецификалық сипаттамалары мыналар болып табылады:
:: оқу қызметі белгілі бір оқу материалын меңгеруге және оқу міндеттерін шешуге бағытталған;
:: оқу іс-әрекетінде іс-әрекеттің жалпы әдістері мен ғылыми түсініктердің дамуы орын алады;
:: оқу материалын меңгеру барысында жалпы іс-әрекет әдістері оқу шешімдерінің алдында тұрады;
:: оқу әрекеті іс-әрекет субъектісінің өзінде, яғни оқушыда өзгерістерге ықпал етеді;
:: өзінің тәрбиелік іс-әрекеті мен оның нәтижесінің әсерінен оқушының психикалық қасиеттері мен мінез-құлқында өзгерістер болады.
Оқу іс-әрекетінің нәтижесі- ғылым салалары мен практикада кең көлемде қолданылатын құрылымдылық және белсенді ілім, психикадағы жаңа өзгерістер, әрекеттің мотивациялық және құндылық,мәндік бағыттары.Оқу іс- әрекеті табиғатына орай интеллектуалдық әрекетке жататындтықтан, кез-келген интеллектуалдық акт ретінде келесі құрылымда сипатталады.
Олардың негізгілері;
-Мотив;
-Жоспар;
-Орындалу;
-Бағалау;
-Бақылау.[7]
Бақылау- бастапқыда оқу процесін мұғалім бақылайды,одан кейін оқушылар өз- өздерін бақылай бастайды.Өз-өзін бақылаусыз бала білім беру жүйесінде нәтижеге жете алмайды.
Бағалау- бала жұмысына лайықты түрде өз-өзін адекватты бағалай білуді үйренуі қажет,қаншалықты жұмысты толық орындай алғанына сай бағалауы керек.
Мотивтар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Сыртқы мотив:
-жазалау;
-мадақтау;
-талап ету;
-қысым түсіру.
Ішкі мотив:
-білімге деген құлшынысы;
-мәдени және кәсіби деңгейді көтерудегі ұмтылыс;
-зеректік;
-жаңа мәліметті меңгерудегі қажеттілік.
Мотивация- субьектіні белгілі іс жасауға іштей ынталандырушы күш.
Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұны:
Оқу іс-әрекетәнің пәндік мазмұнын талдау, кез-келген басқа іс-әрекет сияқты,оның пәнін анықтаудан, яғни, іс-әрекеттің неге бағытталғанын анықтаудан басталады: бұл жерде- білімді игеруге, әрекеттердің жалпыланған тәсілдерін игеруге, әрекет тәсілдері мен амалдарын оның бағдарламаларын, алгоритмдерін өңдеуге бағытталған,осы үдеріс барысында үйренушілер өздері де дамиды.
Оқу іс-әрекетінің продуктивілігі мен нәтижесі
Оқу іс-әрекетінің өнімі білім мен практиканың түрлі салаларында қолданылуы қажет тапсырмаларды шеше алу іскерлігінің негізінде талланған білім болып табылады.Оқу іс-әрекетінің нәтижесі субьектінің-мінез-құлқы болып табалады.
Оқу іс-әрекетінің өнімі оның құрылымдық ұйымдасуынан, жүйелілігінен, тереңдігінен, адамның ары қарайғы іс-әрекетінің соның ішінде кәсіби іс-әрекетінің, қарым қатынасының табыстылығы көп жағынан тәуелді.Сонымен қатар, мотивациялық, құндылық және мағыналық жақтардағы психика мен іс-әрекеттің ішкі жаңа құрылымы да өнім болып табылады. Оқу іс- әрекетінің өнімінің даралық тәжірибе негізі,органикалық бөлік болып енеді.
Оқу іс-әрекеті бір жақты ғана түсінік емес.Кең ауқымды түрде қарастырамыз.Оқу іс-әрекеті- бұл, бір жағынан,қоғамның мәдени құндылықтарын (пәндік, пән үсті, метапәндік білім, білік пен дағды) дамытумен, екінші жағынан, оның қалыптасуымен байланысты оқушының кереметі.Өзін-өзі өзгерту және рефлексия қабілеттері, адекватты өзін-өзі анықтауды және адамның өмірде сәтті өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ету.
Қарастырылғанның барлығы бір жағынан "іс- әрекет" категориясының субьектілік, заттылық, белсенділік, мақсат бағыттылық, мотивтілік, саналылық сияқты сипаттамаларында оның үлкен мағыналық мәнін, ал екінші жағынан- оның психологиялық мазмұнының компоненттерінің ( затты, құралдары, әдістері, өнісі, нәтижесі) және әрекеттер мен операцияларды қосатын сыртқы құрылымның көмегімен оның үлкен функционалды түсіндіруші күшін көрсетеді.Адамның іс-әрекетін анықтайтын сипаттама бұл оның мақсатының бағыттылығы. Іс-әрекеттің мақсаты, дәлірек айтқанда оған кіретін әрекеттердің мақсаты бұл оның интеграциялаушы және бағыттаушы бастамасы. Жалпы методологиялық жоспарда мақсат ойлауда іс-әрекет нәтижесін алдыңғы қатарлы қою және белгілі бір құралдардың көмегімен жүзеге асыру.Іс-әрекет әлеуметтік мәдени тәжірибені тасымалдауға, оқушылардың мәлім етілетін мәліметтерді меңгеруін ұйымдастыруға т.с.с. Оқушының іс-әрекеті осы тәжірибені меңгеруге арналған.
Оқу іс-әрекетін қалыптастыру ең алдымен, оқушылардың тұлғалық және жеке қасиеттерін жан-жақты дамытуға бағытталған.[8]
1.3 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдістердің тиімділігі
Бұл тарауда біз тиімді оқыту бойынша зерттеулерді талқылаймыз.
"Тиімді оқыту" термині балалардың өздерінің оқуына және жеке дамуына белсенді қатыстыратын оқыту мен оқу іс- әрекеттерін сипаттайды.
Тиімді білім бере алатын мұғалімнің керекті қасиеттері:
-білім беруден жалықпау;
Егер сіз балаларды жақсы көрсеңіз оларға шын жүрекпен қамқорлық жасай алсаңыз, пайдалы болғыңыз келсе, көңілді болсаңыз сабақ барысын жандандыра білсеңіз, күніге ұстаздыққа шабытыңыз ашылып, ләззат алсаңыз.
-өзгерістерді қабылдай алатын;
Ұлы күш- ұлы жауапкершіліктен келеді, бір сөзбен айтқанда баланың тағдыры сіздің қолыңызда, сіздің сабағыңызда бала өзін еркін сезіне білсін, үйден жеткілікті қолдау ала алмаса сіз беріңіз, сабаққа кірер бұрын сол күні басынан не өткергенін сіз білмейсіз, оқушыға жеткілікті түрде көңіл бөліп, жақсы тәрбие мен біліммен қамтамасыз етіңіз
-позитивті жылдамдық;
Күн сайын сабаққа оң жағымды энергия ала келіңіз, мейлі қандай шаршап тұрсаңызда оқушыға сіз үлгісіз,бет-бейнесіз күлімсіреп жүріңіз.Күніңіз қиын болсада жағымсыз көрініске жол бермеңіз.Позитивті энергия жұқпалы және оны тарату сіздің қолыңыздан келеді.
-жеке тұлға бола білу;
Мектептен тыс уақытта да күшті қолдау желісін таба біліңіз, ата-анасымен жақсы қарым-қатынаста болыңыз,баланың жеке мінез-құлқын түсініп оқу жылының кез-келген уақытында сізге арқа сүйей алатынын айтыңыз.
100% берілу;
Жұмысыңызды міндетті деп есептгендіктен емес сүйіспеншілікпен беріліп істеңіз, мұны өз-өзіңізді дамыту үшін, сізге сеніп отырған студент, оқушы, ата-ана үшін 100% беріліп істеңіз.Ешқашан берілмеңіз және бар күшіңізді салыңыз бұл сіздің қолыңыздан келеді.
-ұйымдастырушылық;
Берген тапсырмаңызды уақытылы сұрап алыңыз, ешқашан артта қалмаңыз, сол үшін алдын ала жоспарлаған маңызды.
-ашық ойлы;
Сіз мұғалім болғандықтан, сізге сыни көзбен бастығыңыз, әріптестеріңіз, ата-аналар немесе оқушылар да бағалап,сынап отырады.Сын қабылдағанда ашық болыңыз.Ешкім мінсіз емес әрқашан жақсаруға мүмкіндік бар.Кейде сіз байқамағанды басқалар көреді.
-стандарттары бар;
Оқушылар үшін және өзіңіз үшін стандарттар жасаңыз.Есіңізде болсын сіз көп нәрсе берсеңіз ғана көп нәрсе күте аласыз.
-шабытты;
Ойыңызға келген идеаларды қағаз бетіне түсіріп жүріңіз, оларды орындауға тырысыңыз.Мүмкіншілігінше көп ізденіп шабыт көздерін табыңыз.Шығармашылықпен айналысатын мұғалім- тиімді мұғалім.
-өзгерістерді қабылдайды;
Өмірде бәрі жоспарға сай бола бермейді, кейде өзгеріс аяқ астынан енеді оған шағымданбай қабылдап, дұрыс әрекет ете білу қажет.Өзгерістерге алаңдамай, оны екі қолыңызбен құшақтап, алдыңызға кез келген қисық допты соғуға дайын екеніңізді көрсете біліңіз.
-рефлексия жасайды;
Өзі өткен сабағына талдау жасай алады, не жақсы болғанын нені келесі жолы өзгерту керектігін түсінеді.Мұны сәтсіздік ретінде қарастырудың орнына оны сабақ ретінде қарастырыңыз және одан сабақ алыңыз."Әлсіз тұстарыңызды" анықтаңыз мұғалімдік дағдыларыңызды жетілдіріңіз үнемі ізденіс үстінде болыңыз.
Тиімді оқытуды көптеген жолдармен анықтауға болады, соның ішінде мұғалімнің мінез-құлқы (жылулық, мәдениеттілік, айқындық), мұғалімнің білімі (пән туралы, оқушылардың), мұғалімнің сенімі және т.б. Мұнда біз тиімді оқытуды зерттеу көрсеткендей, оқушылардың оқу жетістіктерін жақсарту мүмкіндігі ретінде анықтаймыз. Жоғарыда айтылғандай, бұл тиімділікті анықтаудың бір жолы ғана. Дегенмен, мұғалімнің оқушы жетістіктеріне әсері американдық және көптеген басқа елдердегі саясаткерлердің жоғары сапалы оқытудың таңдаулы анықтамасы болып табылады.
Білікті мұғалімнің кейбір қасиеттеріне қарым-қатынас,тыңдау,ынтымақтастық, бейімделу, эмпатия және шыдамлық жатады.Тиімді оқытудың басқа да ерекшеліктеріне сабақта тартымды болу, шынайы оқудағы құндылық, озық тәжірибемен алмасу және өмір бойы оқуға деген сүйіспеншілік жатады.
Сабақтың сапалы өтуі үшін әлі де маңызды қасиеттер бар бірінші осыларды дасты назарда ұстауымыз қажет.Әр жағдайда әр қашан жағымды нәрсе бар,оны табу сіздің қоылңызда. Білімге деген сүйіспеншілікті, бақытты тұлғаны тәрбиеле.[9]
Қазіргі заманғы оқытудың артықшылықтары
Оқушының білім беру гаджетіне енгізілген жақсартулармен қатар, оқытудың келбеті де осы жиырма бірінші ғасырдағы өзгерістердің куәсі болып отыр. Оқытудың заманауи әдістерін енгізбес бұрын, олардың сіздің жүйеңізге әкелетін артықшылықтары мен артықшылықтары туралы көбірек білу маңызды. Сондықтан ол қызметтерді барынша пайдалануды ең аз шығынмен мүмкін етеді. Біз қазіргі заманғы оқытудың кейбір маңызды артықшылықтарын тексере аламыз.
Когнитивті ойлау дағдылары
Префронтальді кортексті өмірге келтіру
Заттарды зерттеу
Оқытудың бірегей үлгілерін дамыту
Қолданбаға негізделген дағдылар
Оқыту қолданбасы
Желідегі өрескелдер
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:
1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;
2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру;
3. Мектептің орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қала мектептерінде оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару;
4. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес.
Тиімді әдіст-әсілдер,сапалы сабақ кепілі.етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай әдістерді топтастыру керек.Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.Қандай да әдіс болмасын,сапалы жүйелі түрде пайдаланып,жаңа әдістерді меңгеріп,күнделікті дағдыға айналдырсақ оқушыда жақсы нәтижелер көрсетуі айдан анық.[10]
Өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұнына қарай сол сабақты толық жеткізе білетін әдісті оңтайлы таңдап оны ұйымдастыра білу мұғалімнің кәсіби шеберлігін көрсетеді.Жаңа білімді игеру үшін оқушыға сол тақырыпты қабылдап,жете түсініп,есте сақатауы қажет.Ақпаратты ұзақ уақытты жадта сақтау үшін оны бала саналы түрде қабылдауы қажет.Адамның бес қабылдау каналы болады:көз,құлақ,иіс,дәм,сипап сезу.
Оқушылар жалып мәлімет қабылдауына байланысты:
Визуал-яғни алған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz