Ерікті болу қасиеті
Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КЕ АҚ
____________________Ұстаз__________ _________факультетіинституты
Арнайы және әлеуметтік педагогика_________________кафедрас ы
КУРСТЫҚ Жұмыс
Тұлғаны дамыту және өзін-өзі таныту__________пәні бойынша
Тақырыбы:_Мен тұжырымдамасы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру
Білімгер _Жұмахмед Ғасыржан________ Тобы_СПИС18-1 ___________________
аты-жөні қолы
Жетекші____аға оқытушы Дүйсенбеков Еркебұлан Бақытжанович_________________
қызметі аты-жөні
Қорғауға жіберілді ____________________20____ж. __ _____________________
қолы
Жұмыс қорғалды __________________20__ж. бағасы ____________________
жазбаша
Комиссия мүшелері: _________________________ _____ ______________________
аты-жөні қолы
______________________________ ___ ___________________
аты-жөні қолы
Тараз, 2021ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра Арнайы және әлеуметтік педагогика
Курстық жұмысты орындауға берілген
ТАПСЫРМА
Студент: Жұмахмед Ғасыржан
Тұлғаның дамуы мен өзін өзі тану негіздері пәні бойынша
1.Тақырыбы:Мен тұжырымдамасы
2. Тапсырма бойынша арнайы нұсқаулар: Педагогикалық-психологиялық әдебиеттер мен баспа беттерінен материалдар жинақтап, зерттеу аппаратын құру. Курстық жұмыстың теориялық бөліміне талдау жасау. Тәжірибелік жұмыстар жүргізіп қорытынды жасау.
3. Есептік-түсіндірме жазбаның негізгі бөлімдері.
Орындау кестесі
көлемі %
орындау мерзімі
Кіріспе
10%
1-4апта
1.Мен тұжырымдамасының теориялық және әдіснамалық негізі
25%
5-7апта
2.Мен бейнесін диагностикалау және зерттеу
25%
8-10апта
Қорытынды
20%
11апта
4. Графикалық материалдың тізбесі
5. Жұмысты рәсімдеу
10%
12-13апта
6.Қорғау
10%
14апта
Тапсырма кафедра отырысында бекітілді 2021ж. Хаттама №
Жетекшісі: Дүйсенбеков. Е.Б.
Тапсырманы орындауға қабылдады__________________Жұмахмед Ғ.Б. 2021ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. Мен тұжырымдамасының теориялық және әдіснамалық негізі ... ... ... ... ... ..6
1.1 Мен тұжырымдамасы. Мен тұжырымдамасына түсініктеме ... ... ... ... ... .6
1.2 Мен тұжырымдамасы туралы зерттеу жұмыстарына шолу ... ... ... ... ... ... ...9
2.Мен бейнесін диагностикалау және зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1. Мен тұжырымдамасы туралы айқындауыш эксперименттік кезең ... ... ... .17
2.2 Зерттеу жұмысының қалыптастырушы және қорытынды кезеңі ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Индивидтің мінез-құлық тенденциясын және бағасын найымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын МЕН- тұжырымдамасы деп атайды, яғни адамның Өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі.
МЕН - тұжырымдамасы шынайылықтың әртүрлі Шеңберіндегі жэне оның енжарлығының үш рөлін атқара отырып, адамның сәттілік шегін анықтайды, біріншіден тұлганың іштей өзімен келісушілікке жетуге қабілеттендіреді; екіншіден адамның тәжірибесінің интерпретациясын анықтайды. Үшіншіден күтудің бастамасы болып табылады. Осылайша, МЕН - тұжырымдамасы барлық тұлғалық және мінездік процестерді реттеуші ретінде көрінеді. Мен - тұжырымдамасы өзінің шыгу тегі жағынан -негізінен жүйке жүйесінің қасиеттерімен мазасыздық деңгейіне генетикалық бекітілген фенотиптік құрылым.
Мен Тұжырымдамасы - адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі.
"Мен" тұжырымдамасы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы "мендік" қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз "менін" айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. "Мен" тұжырымдамасы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады.
Оны құрайтындар:
· шынайы "мен" (осы шақтағы өзі туралы түсінік),
· идеалдық "мен" (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі),
· серпінді "мен" (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті),
· фантастикалық "мен" (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т.б.
"Мен" тұжырымдамасының қалыптасуы адамдар арасында қызмет алмасу жағдайында жүріп, оның барысында субъект "басқа адамға айнадағыдай көрінеді" және сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді.
Зерттеу мақсаты. Өзін-өзі тану сабағында оқытудың әдістерін, түрлері мен әдістерін көрсетіңіз.Балаларды тәрбиелеу үшін өзін-өзі тану пәнінің мәнін анықтау.
Зерттеу міндеті.
✓ Студенттердің жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін қамтамасыз ету,сабақтардағы пән мақсаттарына сәйкес белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру және іске асыру;
✓ Студенттердің тілектестік қасиеттерін дамыту жолдарын қарастыру;
✓ Оқыту түрлері мен әдістеріне назар аударыңыз;
✓ Кенейту балалардың адам, өмір, Отан, денсаулық, отбасы, табиғат,
махаббат,достық, еңбек құндылықтары және мейірімділік, құрмет,махаббат, адалдық, патриотизм, еңбексүйгіштік туралы түсініктерін кеңейту;
Зерттеу нысаны.Өзін-өзі тану пәні бойынша оқытудың түрлері мен әдістері. Нысаннан бөлінген шағын мәселе.Пәнді оқыту ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу гипотезасы.Егер сіз бастауыш мектеп жасындағы балалармен сабақтарда оқу формаларын қолдансаңыз, болашақта сіз саналы, парасатты, әдепті, Құрметті азаматты тәрбиелей аласыз.
Зерттеу пәні.Бастауыш мектепте Өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдістері мен формаларын меңгеру.
Ғылымға пайдасы. Баланың өмір сүру қабілетін қалыптастыру, жағымды қасиеттерді тәрбиелеу.
Тәжірибенің артықшылықтары. Балаларда жағымды қасиеттер мен сапалық сипаттамаларды дамытыңыз.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан тұрады. Жұмыстың соңында қорытынды және әдебиеттер тізімі беріледі.
1 Мен тұжырымдамасының теориялық және әдіснамалық негізі
1.1 Мен тұжырымдамасы. Мен тұжырымдамасына түсініктеме
Адам өмірге келген сәттен бастап өзінің іргетасын қалыптастырып, өмірдің ағы мен қарасын ажыратуды үйреніп, жеке тұлғалық қасиеттерге ие бола бастайды. Өзін қоршаған адамдарымен араласу жағдайында өзара қарым-қатынасқа түсуді үйренеді. Өзінің менін қалыптастырады.
Адамның өзінің менінің бейнесі әр түрлі жағдайларда, әр түрлі адамдармен көп түрге ие болуы мүмкін. Жапондардың көзқарастары бойынша, адамдардың үш бет-бейнесі болады екен. Бірі - жай ғана адамдармен араласқанда қолданатын бейнең, екіншісі - жаныңа жақын адамдарыңмен араласқандаға бейнең, және үшіншісі - өзіңмен араласқанда, дәлірек айтқанда, өз-өзіңмен оңаша қалғандағы бейнең. Осы аталғандардың ішіндегі соңғысы адамның шын бет бейнесі. Расында да, адам оңашада қалғанда өзін еркін ұстап, қалаған нәрсесін санаға байланысты ерікті түрде жасайды. Не нәрселерді де ойлауы мүмкін. Жеке қалған жағдайда жағымды ойлар ойлап, болашағын елестеткен адамның ойлары жүзеге асатынына сенемін. Бұл жөнінде көптеген кітаптар жазылып, видео туындылар да шығарылған болатын. Үшінші бейнеңді таза ұстаған жағдайда ғана, біріншіден, өзіңмен қарым-қатынаста шынайы боласың, екіншіден, адамдармен қарым-қатынаста көп жүзділіктен арыласың. Психология ғылымы бойынша мен концепциясын екіге бөліп қарастырады: идеалды мен және реалды мен. Идеалды мен өзін қандай деп санайтын бейнесі немесе сол бейнеге ұмтылуы. Тағы да екі мағына... Адам бір бейнеге ұмтылып, өзінің қарапайымдылыған сақтауы мүмкін немесе өзін әу бастан биік санап, жоғары көрінуі мүмкін. Қазіргі таңда, адам өзін-өзі жақсы көруі қажет, сол жағдайда ғана басқаларды жақсы көре алады деген пікірлер көбейіп кетті. Бір жағынан дұрыс та болар. Дегенмен, әр нәрсенің екі жағы бар... Адам өзіне-өзі ғашық болып, тамсану дәрежесіне дейін өтіп кеткен жағдайда қоршаған адамдарын жақсы көру функциясынан айырылады. Эгосының дәрежесі өте биікке өсіп, жақындарын төмен санайды. Бүкіл әлемдік тордың құрсауына түскен адамдар әр жақтан жетіп жатқан шындыққа жанасымды, бірақ алдамшы ақпараттарды дұрыс қабылдап, өмірлік тәжірибелерінде қолданып жатады. Психологияны, адамдармен қарым-қатынастарды шетелдік ғалымдардың зерттеулерінен көп оқып біліп, ойланбастан сол нұсқаулар бойынша қадамдар жасайды. Бұл тақырыпқа сай болмаса да, өзіміздің даналығымыздың белгісі Абай атамыздың Қара сөздерінің ең болмағанда біреуін оқып көріңізші...
Адамға ерекше берілген қасиет - ойы мен санасы. Ой мен сананы уламай, өзіндік өмір сүру қабілеттілігіне жеткізіп, құбылыстарды саналы түрде қабылдаған жағдайда ғана реалды менді идеалды мен концепциясымен ұштастыра аласың. Теңдікті сақтау маңызды...
Мен-тұжырымдамасы ұғымы (ағылшын тілінен тікелей аударғанда self-conception, өзі туралы тұжырымдама). Мен-тұжырымдамасы - бұл индивидтің өзінікі немесе өзі жайлы ойлары, оған тән өзін-өзі тәрбиелеу жолы.
Мен-тұжырымдамасының құрауыштарын көп жағдайда Мен бейнесі немесе Мен картинасы деп атайды. Өзіне немесе өзінің жеке қасиеттеріне байланысты қатынасын өзін-өзі бағалау немесе өзін-өзі қабылдау деп атайды. Мен-тұжырымдамасы тек тұлғаның өзі жайлы елестетулерін ғана анықтамайды, сонымен қатар ол өзі жайлы не ойлайды, болашақтағы даму мүмкіндіктері және жаңа бастамаларына қалай қарайтындығы жөнінде [3].
Мен - тұжырымдамасы түсінігін 20 ғасыр соңында америкалық философ және психолог У.Джеймс енгізген. Көрнекті психолог, гуманистік бағыттың өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс және жаңа психоаналитикалық дәуірдің гуманисі Э.Эриксонның еңбектері арқылы Мен - тұжырымдамасы теория түрінде және қолданбалы дамыды [3].
Кеңестік психологияда Мен - тұжырымдамасының мәселесімен Б.Г.Ананьев, И.С.Кон, Д.А.Леонтьев, В.В.Столин, А.А.Реан айналысты.
Төменде үлгіде К.Роджерс бойынша Мен-тұжырымдамасының негізгі ережелері ұсынылған:
Мен-тұжырымдамасы -- бұл мәдени құндылықтарға құштар индивидтің елестетулері және ішкі болмысы.
Мен-тұжырымдамасы тұрақтылық қасиетке ие және адамның іс-әрекетін орнықты тәсілдерімен қамтамасыз етеді.
Мен-тұжырымдамасы даралық және бірегейлікк қасиетке ие.
Индивидтің тәжірибесі мен оның Мен-тұжырымдамасының арасындағы айырмашылық психологиялық қорғаныш механизімінің көмегімен бейтараптанады.
Мен-тұжырымдамасы өзіндік сана-сезім ұғымына жақын, бірақ Мен-тұжырымдамасы өзіндік сана-сезімнің нәтижесі болып табылады.
Мен-тұжырымдамасы қоршаған ортамен әлеуметтік өзара қарым-қатынас процессінде психикалық даму нәтижесі ретінде көрінеді [39].
С.Л. Рубинштейн пікірінше тұлғаны психологиялық зерттеу мәселесі тұлғаның психикалық ерекшелігін - оның қабілеттіліктерін, темпераменті мен мінезін зерттеумен ғана емес, ол тұлғаның өзіндік сана-сезімін ашып көрсетумен аяқталады [4].
XX ғасырдың басында социолог Кули Айналық Мен теориясын жасады, адамның өзін-өзі елестетулерімен байланысты, Мен идеясы, айналадағылардың пікірінің әсеріне салынып және 3 компонентті құрайды: басқа адамға мен қалай көрінемін, ол адам мені қалай бағалайды деген елестетулер, және осыған сәйкес өзін-өзі бағалау, мақтаныш және кемсіту сезімі. Белгілі бір әлеуметтік топтар шегінде индивидтің басқа адамдармен шынайы өзара байланыс үдерісінде адамның Менінің қалыптасуын зерттеген Д.Т. Мид болатын. Мид пікірінше, өзіндік сана-сезім - индивидтің басқа адамдармен практикалық өзара қарам-қатынасы негіз болып табылатын үрдіс. Басқа адамдармен табысты қарым-қатынас жасау үшін, оның белгілі бір іс-әрекетке деген қатынасын алдын-ала болжау қажет. Өзінің психикалық күйін түсіне алады, бірақ мәселе онда емес, өзін басқалардың орнына қойып көру, басқалардың өзіне деген қатынасын ұғынуда [4].
К. Роджерс өзіндік сана-сезім жайлы, Мен-тұжырымдаманы индивидтің санасында бар өзіндік фигура мен фон және өзіндік Менді, сондай-ақ ол түсе алатын қарым-қатынасты, сонымен қатар өткеніндегі, қазіргісіндегі, болашақтағы Меніне қатынасымен және түсінетін сапалық қасиеттерімен байланысты позитивті және негативті құндылықтарды қосатын күрделі құрылымдық бейне деп түсіндіреді. Мен-тұжырымдамасы өзіне Шынайы және Идеалды Менді қосады.
Тұлғаның дамуын өзін-өзі жандандыру теориясында А. Маслоу басынан бастап темперамент, мінез, интеллектке қатынасында өзінің тұқым қуалаушылық және генетикалық бейімділігін жандандыру ұмтылысымен байланысты ішкі процесс ретінде түсіндіреді. Маслоу өзін-өзі жандандыруды немесе өзін-өзі танытуды маңызды адами қажеттіліктің бірі деп атап көрсетеді [3].
Карен Хорни актуальды, немесе эмпирикалық Менді бір жағынан идеаландырылған Меннен және басқа жағынан шынайы Меннен -- бөліп көрсетеді. Актуалды Мен -- адам дәл қазіргі уақыттағы жағдайы туралы: оның жаны мен тәні, денсаулығы және жүйкесі. Идеаландырылған Мен -- бұл субъект өзінің иррациональды қиялындағы қандай екендігі немесе невротикалық астамшылдығы немен байланыстылығы. Шынайы Мен -- бұл невроздан тәуелсіз кезінде субъект қайтадан толық идентификацияға жете алатын, өзін-өзі көрсету мен индивидуалды өсуге бағытталған бастапқы күш [4].
И. С. Кон өзіндік сана-сезімнің маңызды қызметтері - реттеуші-ұйымдастырушылық және эго-қорғаныш мәселесімен байланысты индивид өзін адекватты қабылдап және бағалай алама деген сұрақты көтереді. Өзінің әрекетін табысты бағыттау үшін субъект қоршаған орта жайлы және өзінің тұлғалық ерекшеліктері мен жағдайы туралы адекватты ақпаратпен қамтылған болуы керек. Керісінше, Эго-қорғаныш қызметі көбінесе өзін-өзі бағалаудың қолдауына және ақпарат бұрмаланған күннің өзінде де мен образдың тұрақтылығына бағытталған. Осыған байланысты дәл сол субъект адекватты және де жалған өзін-өзі бағалау беруі мүмкін. Невротиктің өзін-өзі сыйлауының төмендеуі -- бұл түрткі, сонымен қатар қызметтен кеткеннен кейінгі өзін-өзі ақтау, онда шығармашыл тұлғаның өзін-өзі сынауы -- өзін-өзі кемелдендіруге стимул және жаңа белестерді бағындыру [5].
Пасторино және Дойль-Портийо Мен-тұжырымдамасы - біздің қабылдауымыз, біздің қабілеттіліктеріміз бен бірегейлігіміздің бейнесі. Басында біздің әрқайсысымыздың Мен-тұжырымдамамыз өте жалпылама және құбылмалы мінезге ие. Біз есейе бастаған сайын, бұл тұжырымдама ұйымдастырылған, айқын және нақты бола бастайды [6].
Вейтен Данн және Хаммер Мен-тұжырымдамасы - өзіндік табиғаты жөнінде елестетулерді, бірегей сапаларды және әдеттегі іс-әрекеттердің жиынтығын көрсетеді. Сіздің Мен-тұжырымдамаңыз -- сіздің өзіңіз жайлы ойша көрінісіңіз. Ол өзіне мысалы, мен қозғалуға жеңілмін, мен сүйкімдімін немесе мен еңбекқормын деген секілді мақұлдауларды қосуы мүмкін.
Адамның психологиялық-әлеуметтік даму үдерісі, тұлғаның Мен - тұжырымдамасының қалыптасу кезеңдері Э.Эриксонның шығармашылық жұмыстарында толық ашылған.
1.2Мен тұжырымдамасы туралы зерттеу жұмыстарына шолу
Э.Эриксонның пікірінше, даму кезеңінің дәл сол қоғамға лайық тұлғадан күтетін бір үміті бар. Жеке тұлға үмітін ақтауы да, ақтамауы да мүмкін, сонда ол қоғамға сіңіп кетеді немесе қабылданбайды. Эриксон бойынша әр кезеңде лайықты мәселелердің шешілуі тұлғаның психомоторлық даму деңгейіне байланысты, сондай-ақ тіршілік етіп жатқан қоғамдағы рухани атмосфераға да байланысты. Эриксонның осы ойлары оның тұжырымын түсіндіретін екі маңызды түсініктің негізі, ол топтық ұқсастық және эго-ұқсастық түсініктері болып табылады. Өмірінің бірінші күнінен бастап баланың тәрбиесі көзделген әлеуметтік бір топқа енгізуге бағытталған, міне, осы бағыттың арқасында топтық ұқсастық қалыптасады. Эго - ұқсастық, топтық ұқсастықпен бірдей қатарласып қалыптасады және де субъектінің тұрақтылық сезімін тудырады. Адамның өсуіне, дамуына байланысты өзгерістерге қарамастан өзінің Мен деген сезімі үздіксіз тұрақтанады. Тұлға тұтастығының, яғни эго-ұқсастықтың қалыптасуы оның бүкіл өміріне созылады, және бірнеше кезеңнен өтеді [8]. Эриксон: адам өзінің өмірлік жолында ішкі сенімділікке ие болатын болса эго-ұқсастық сезімі оптималды болып табылады деп санайды. Ұқсастықты қалыптастыру процессінде индивидуалдық тәжірибенің нақты мазмұны ғана емес, сондай-ақ индивидтің тәжірибенің ажырамас бөлігі ретінде әр түрлі ситуацияларды қабылдай алу қабілеті де маңызды [7]. Мен-тұжырымдамасы - қарым-қатынас және қызмет барысында жинақталатын тұлғаның психологиялық кейпінің маңызды құрылымдық элементі, индивидтің өзі жайлы идеалды елестетулері. Мен-тұжырымдамасы адамдар арасындағы қызметтің алмасуы кезінде туындайды, субъект басқа адамның айнасы ретінде көрінеді және осылайша өзінің Мен бейнесін талқылайды, нақтылайды және түзетеді. Басқалардың өзі жайлы не ойлайтынын түсінуге тырысу арқылы адам өзін, өзінің әрекеттерін және олармен қарым-қатынас ерекшеліктерін талдайды, яғни ол басқа адамдармен өзара байланыс жасауда өзінің қандай екендігіне талдау жасайды. Осындай талдаулар нәтижесінде адам өзінің Мені жөнінде біршама білімдермен танысады. Мұндай өзін елестетулер өзін-өзі тәрбиелеу процессінде айтарлықтай маңызға ие, яғни өзінің басқа адамдармен қарым-қатынасын талдауда адам өз мінезінің ерекшеліктерін, оның ішінде негативті жақтарын да түсіне бастайды [7]. Өсіп, дамып келе жатырған тұлғаның талаптары да өсе бастайды. Нақ осы арқылы адам және оның Мен-тұжырымдамасы пайда болады. Жағдаяттық Мен бейнесінен( дәл қазіргі сәтте индивид өзін қалай көріп, сезініп отырғандығы) Мен тұжырымдамасының айырмашылығы, ол адамда өзінің үнемі анықтылық, өзіндік теп-теңдік сезімін тудырады. Адекватты Мен тұжырымдамасын және бәрінен бұрын өзіндік сананы қалыптастыру - қоғамның саналы мүшесін тәрбиелеуде маңызды шарттардың бірі болып табылады [7]. Мен-тұжырымдамасының қалыптасуы, дамуы және өзгеруі ішкі және сыртқа реттілік факторларымен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік орта (отбасы, мектеп, көптеген формалды және формалды емес топтар) Мен-тұжырымдамасының қалыптасуына өте қатты әсер етеді. Мен-тұжырымдамасының іргетасының қалануына отбасы ең басты әсерін тигізеді [8]. Психология бойынша академиялық курсты бітірген. 1930 жылы бакалавр дәрежесін алып, 1934 жылы ғылым докторы атанады. Оқып жүрген кезінде ол Висконсинде белгілі психолог Гарри Харлоумен бірге жұмыс істейді. А.Маслоу ғылымға критикалық көзқараста болады. Оның пікірінше, классикалық механикалық ғылым (оның өкілдері бихевиоризм болып табылады) тұлғаны тұтастай оқып-білу мақсатына сәйкес келмейді [3]. Гуманистік ғылымды механикалық альтернатив емес, соған қосымша ретінде қарастырады. Осында гуманистік ғылым жекелік, сана, этика, т.б. тұтастық сұрақтарымен жұмыс істейді. Гуманистік ғылымның негізгі ортақ түсінігі өзін-өзі таныту болып табылады. Ол Фрейд психикасының ауру бөлімін сау бөліммен толықтыру керектігіне тоқталған. Сондықтан Маслоу өзінің зерттеу жұмысын әйгілі ұлы адамдарды зерттеуден бастаған, жаны сау, шығармашылық қабілеттері өте жоғары дамыған. Бұл тізімде Авраам Линкольн, Томас Джеферсон, Альберт Эйнштейн, Франклин Рузвельт, Альберт Швейцер және т.б. болған. А.Маслоудың докторлық диссертациясы колоннадағы маймылдардың доминантын және сексуалды жүріс-тұрысын зерттеуге арналған. А.Маслоу өзін-өзі таныту теориясында психоанализге және бихевиоризмге қарағанда тұлға табиғатының мүлде қарама-қайшы анықтамасын ұсынады: адам табиғатынан жақсы және өзін жетілдіруге қабілетті, адамдар - саналы әрі ойлы жаратылғандар, адамның мәнділігінің өзі оны тұлғалық өсуге, шығармашылық пен өзіндік жеткіліктілік бағытында тұрақты қозғалысқа итермелейді.
Бұл теориядағы адамның дамуы, бір жағынан, адамның әлеуметтік, интерактивтік тәуелділігі, екінші жағынан, оның өзін-өзі танытуымен байланысты танымдық, когнитивтік табиғаты ңжарқырап көрінетінң деңгейлерге ие қажеттіліктер баспалдағымен көтерілу ретінде көрінеді. Автор: ңАдамдар жеке мақсаттарды іздеуге себептенеді және бұл олардың өмірін мәнді, әрі саналы етедің, - дейді. Себептену мәселелері тұлғаның гуманистік теориясында орталық болып табылады және адамды қанағаттануға сирек жететін ңүміткер жан иесің ретінде сипаттайды.
А.Маслоу теориясының негізін мынадай түсініктермен айтуға болады:
1. Әр адам - ерекше ұйымдасқан тұтастық ретінде қарастыратын тұжырым, яғни тұлғаның негізгі сипаты тұтастық болып табылады.
2. Адам өзінің ішкі табиғаты бойынша гуманды, әр адамда өзін-өзі таныту, өсу потенциалы бар.
3. Шығармашылық потенциал әр адамға тән, әмбебап сипаттама болып табылады.
4. Психологиялық зерттеу. Денсаулыққа мән беру керектігі туралы тұжырымдама.
Гуманистік психологияда тұлғаның өсуі өзі жеке, автономды болуы, толысуы, психологиясының сау болуы (К.Роджерс бойынша ) немесе өзінің алдына билік мақсаттар қойып, соны орындауға ұмтылу (А.Маслоу бойынша).
Сонымен, өзін-өзі дамыту дегенді қортындылап, қысқа сөзбен түсінік беретін болсақ: өзін-өзі дамыту - толыққанды өмір сүріп, өзінің не үшін өмір сүріп жатқанын біліп, өмірінің мәнін түсіну.
Өмірдің мәнін түсіну әр қарай өзін-өзі дамытудың жоғарғы түрі - өзін-өзі белсендірілуге өтеді.
Өзін-өзі дамытудың мақсаты басқалардан кем болмау, басқалардан артық болу мақсатымен тұрып қалу емес, бұрынғыдан да жақсы болу, бұрынғы жетістіктерден де биік жетістіктерге жетуге ұмтылу.
Өзін-өзі дамытудың түрлері санқырлы. Мысалы, адам жаңа білімді игеру арқылы, жаңа іспен айналысу арқылы тағы бір саты жоғары көтеріледі. Алдына белгілі бір мақсат қойса, мысалға адамдармен таласып - тартыспауды мақсат етіп қойса, сол мақсатын орындаса, ол жаңа бір белесті алады. Зиянды әрекеттерден бас тартса, бұл да өзінің даму барысында жаңа бір сатыға көтерілу деп есептеледі.
Өзін-өзі дамыту қалай іске асады? Бұл өзін-өзі тәрбиелеу барысында іске асады, яғни адам өз өмірімен бәсекеге түсіп, өзінің алдына міндет қояды, өзіне-өзі бұйрық береді. Өзін-өзі дамытудың мақсатқа жету қортындысы - адамның өзіне-өзі көңілі толуы, өзінің жетістіктерін көруі, алдына қойған мақсатын орындай алуы, өз өміріне ризалығы, өз істеріне көңіл толуы, айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынасы.
Өзін-өзі белсендіру - өзін-өзі дамытудың жоғарғы формасы, ол алдынғы екі формамен тығыз байланыста, әсіресе өзін-өзі дамытумен көптеген ортақ мақсаты мен себептері бар. Өзін-өзі белсендіру теориясының авторы А.Маслоудың анықтамасы бойынша, өзін-өзі белсендіру - бұл әркімнің өзіне берілген міндетін орындауы, өзіне берілген қасиетті пайдалану арқылы айналасына әсер етуі. Өзін-өзі белсендіруге қажеттіліктен адам өз өмірінің мәнін іске асыру мүмкіндігі туындайды. Гуманистік психология зеріттеушілерінің бірі - В.Франкл бойынша, адам өмірінің мәні ол баста берілмейді, оны іздеп табу керек, оны іздеп табудың үш жолы бар дейді: біздің немен айналысуымыз (шығармашылық, жасау т.б.), біздің өмірден алатынымыз (күйзеліс, қуаныш т.б.), тағдырымызды өзгерте алмауымыз себепті, солай қабылдауымыз. Осы құндылықтардың үш бөлігі бар: жасампаздық, бастан өткеру, қарым-қатынас.
Адам өмірінің мәнін табудың жолы ар-ұят дейді, В.Франкл [4]. Ар-ұят - белгілі бір жағдайда өмірдің мәнін интуитивті іздеу. Өмірдің мәні дегеніміз бақытқа жетіп, өмірдің рахатын іздеу емес, жасампаздық, бастан өткізу, қарым-қатынас құндылықтарын іске асыру. Өзін-өзі белсендіру мақсаты - қас-қағым сәтте толыққанды өмір сүру. Бірақ адам бұл уақыттың қысқа екенін сезінбейді, егер адамның өмірі мән-мағынаға толы болса, ол өзін толық аша алса, өзінің қажеттілігін сезіне білсе, ол өзіне де, өз өміріне де өте риза болып, өмірінің ақырына дейін белсенділігін жоғалтпай, өмірінің табыстарына қуанып, өзінің істеріне көңілі толумен болады. Әрине, алдыңғы жағдайлар сияқты, өзіндік өзектілікте де кері беталыс бар, ол - өзінің істеу керек әрекеттерін орындамау, осыдан өзін-өзі алдау, өзін-өзі қорғау үшін әртүрлі сылтаулар іздеу басталады, оның түбі торығуға, үмітсіздікке әкеліп соғады.
Сонымен, өзін-өзі белсендіру үрдісінде адам болымысының екі бағыты тоғысады: өзіндік тану мен өзіндік өсу. Өзін-өзі тану арқылы, адам өзінің қажеттілігін мойындату үшін өз дарынын, қабілетін, мүмкүндіктерін барынша аша түседі және соларды пайдаланады.
Өзін-өзі белсендіруді сезіну - өмірінің мәнін табу, өзін толық ашу, өз міндетін толық орындау, өмірді толық сезініп, өз өмір сүруінің басты қажеттілігін түсіну, сезіну.
Өзін-өзі белсендірудің қандай амал-әдістері бар? А.Маслоу оның 8 түрлі жолын бөліп көрсетеді:
1. Бүкіл болымысымен бастан өткеру.
2. Өмір әрқашан таңдау үрдісінен тұрады: алға жылжу немесе кейін шегіну; жеке таңдаулар: өтірік айту немесе шындықты айту, ұрлық істеу немесе ұрламау т.б., бір сөзбен айтқанда, өсуді таңдау мүмкіндігі.
3. Адам өзін-өзі тыңдай білу қасиеті, яғни, өзгенің емес, өз пікіріне сүйену.
4. Адал болу қасиеті, өзіне жауапкершілік ала білу қасиеті.
5. Ерікті болу қасиеті.
6. Өз мүмкіндіктерін өзектендіру нысаны және оның қортындысы.
7. Қатты күйзеліс, әп-сәттегі рахат сәттеріне кепілдік беру мүмкін емес, оны іздеп әуре болудың да қажеті жоқ.
8. Адамның өз психологиялық паталогиясын табуы, одан қорғануы және оны жоюға күш салуы.
Өзіндік өміршеңдіктің қорытындысы - өз өмірінің мәнін түсіну, қателіктерді түзету арқылы дұрыс жолға шығу, өзіңді тұлға ретінде мойындату, өзіңнің ерекшелігіңді, ешкімге ұқсамайтындығыңды, жан-жақтылығыңды мойындату.
Гуманистік психология-американдық, қазіргі батыстық бағыттардың бірі, 50-ші жылдары Калифорнияда туындады. Гуманистік психологияның зерттеу пәніне өзін-өзі белсендендіруге ашық мүмкіндік беретін толық жүйе ретіндегі тұлғаны жатқызады. Ол егер адамға өз тағдырын таңдау мен бағыттауға мүмкіндік берсе, әрбір адамның даму мүмкіндігіне негізделеді.Оның негізгі принциптерінің құрылуы мен пайда болуы американдық психолог А.Маслоудың есімімен байланысты. Оның орталық көзқарасына-шынайы психикалық денсаулықты көрсететін максималды шығармашылық, өзін-өзі ұйымдастыру қажеттілігі туралы көрініс, тұлғаның құрылу түсінігі болып табылады.
А. Маслоу бойынша тәрбие мен қоғамдық нормалар адамдарды өздерінің сезімдері мен қажеттіліктерін ұмытуына және басқалар атаған құндылықтарды қабылдауына мәжбүрлейді. Сондықтан адамдардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері жоғары деңгейдегі қажеттіліктерді қанағаттандыру мен пайда болуға кедергі жасап, шектеулі болып келеді.
Қажеттіліктер - жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін обьективті түрде керек нәрсеге мұқтаждық, белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субьект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатты іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады. Қажеттілікті тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудың орталық міндеттерінің бірі болып табылады.
Бихевиористік бағыттың дамуына зор үлес қосқандардың бірі - американ психологы, гуманистік психологияның жетекшілерінің бірі Абраам Маслоу (1908 -1970). Ол адам іс-әрекетінің, адам мінез-құлқының, қылықтарының негізгі көзі ретінде - адамның өзін-өзі танытуға ұмтылуын, өзін-өзі көрсетуге ұмтылуын қарастырды. А.Маслоу өзінің меншікті биографиялық әдісін пайдаланады. Ұлы адамдардың өмір тарихын, биографияларын зерттей отырып, мынадай тұжырымға келеді: өзін-өзі таныту қажеттілігі - дені сау адамдарда ғана пайда болады.
А.Маслоудың пікірі бойынша, өзін-өзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу адамның өзегін құрайды. Адам осы гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі керек. А. Маслоу теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп саналды. Өз көзқарастарын ол "Адамдық мотивация теориясы" (1934), "Психологияға шолу"(1934), "Мотивация мен индивидуалдылық" (1970) атты ғылыми еңбектерінде баяндаған. Маслоу "қажеттіліктер пирамидасы " деп аталып кеткен ынтаның (қажеттіліктердің) иерархиялық теориясын жасаушы ретінде танымал ғалым. адамның қажеттілктерінің күнделікті және олардың ынталандыруға әсері туралы еңбегінен еңбегінен білген бихевиорисердің бірі болып А.Маслоу табылды.
Онымен құрастырылған кең танымал қажеттіліктердің иерархиясы келесі негізгі ойлар мен алғы шарттарды кіргізеді:
:: адамдар үнемі қандай да қажеттіліктерді сезеді;
:: адамдар бөлшек топтарға біріккен күшті белгіленген қажеттіліктер жинағын бастан кешіреді;
:: қажеттіліктер тобы бір-біріне қатысты иерархиялық түрде орналасқан;
:: қажеттіліктер қанағаттандырылмаса, адамды іс-әрекеттерге түрткілейді. Қанағаттандырылған қажеттіліктер адамдарды қайта ынталандырмайды;
:: егер қажеттілік қанағаттандырылса, оның орнын басқа қанағаттанбаған қажеттілік басады;
:: көп жағдайда адам бір-бірімен жинақтылық қатынаста болатын бір уақытта бірнеше әр түрлі қажеттіліктерді сезеді;
:: "пирамиданың" негізіне жақын тұрған қажеттіліктер ең бірінші ретте қанағаттандыруды талап етеді;
:: жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттанған соң адамға белсенді түрде әсер етуді бастайды;
:: төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктердің көп санымен қанағаттанулары қажет.
Маслоудің іліміне сәйкес адам түрлі қажеттіліктерге ие, оларды негізгі 5 категорияға бөлуге болады:
Биологиялық және физиологиялық қажеттіліктер: тамақ, су, баспана, жылу, жыныстық қатынас, ұйқы, физикалық тәуелсіздік сияқты қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы керек.
Адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ауа қажет. Ауа тіршілік көзі. "Ауа өмір тынысы" деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса, өмір де тоқтайды. Айналамызда жасыл өсімдіктер неғұрлым көп болса, ауада соғұрлым таза. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстану - әрбір адамзаттың негізгі қажеттілігі.
Адам аштыққа ұшыраса, ол ең алдымен тамақ іздейді. Дұрыс тамақтану адам денсаулығының құрамдас бір бөлігі болып табылады. Күніне бір-екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш, төрт рет тамақтану керек. Үшінші тамақ құнарлы болғаны жөн. Дұрыс тамақтану - адамның денсаулығының негізі, ол ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырады. Биологиялық қажеттіліктер орындалғаннан кейін, баспана, жылу, жыныстық қатынас, ұйқы, физикалық тәуелсіздік сияқты қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы керек.
Қауіпсіздікке және болашаққа сеніммен қарау қажеттілігі (экзистенциялық қажеттіліктер) қорғау, тәртіп, заң, шек қою, тұрлаулылық және т.б. болашағы болжанған және бірізділікке негізделген өмір болуын көздейді.Адам денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалу үшін жарақаттанудан қашық болуға тырысады. Адам қауіпсіздікте және жинағының сақталуында психологиялық қажеттілікті сезеді. Қажеттіліктің осы түрі адамдарды өрттен сақтану келісімдерін жасауға немесе өзінің ақшасын банкте сақтауға итермелейді.
Сүйіспеншілікке және қарым-қатынасқа деген қажеттіліктер (әлеуметтік қажеттіліктер). Адам ұжымның мүшесі болуға, бірлескен іс-шараларға қатысуға ұмтылады. Ол адамдардың көңілін өзіне аударғысы келеді, жақын араласушылық пен қолдауға, достық пен махаббатқа мұқтаж.
Құрмет көрсетілуін қажет ету (беделді қажеттіліктер) Адам өзін сыйлауды, оның қол жеткізген жетістіктеріндегі шеберлікті мойындауды, құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашуды, қызмет сатысы бойынша өсуді, айналадағылардан сыйласушылықты, ұжымдағы лидерлік позицияны үстануды қажет етеді.
Өзін-өзі таныту қажеттіліктері (рухани қажеттіліктер). Адам өзінің білімін, қабілеттіліктерінің, біліктілігі мен дағдыларын барынша толық пайдалануға ұмтылыс танытады. Бұл қажеттіліктер өз көрінісін өнер, тұлғаның өзін көрсетуі арқылы көрініс табады [5]. Маслоу оқуды өзін өзі көрсетудің бір жолы ретінде қарастыруға болады деп ойлайды. Өзін өзі көрсету басты мақсат болғанымен, басқа сатылармен байланысты мақсаттар да басымдыққа ие бола алады. Бұған жұмысты аяқтағаннан алатын рахат сезімі мен импульстарды бақылауды жатқызуға болады. Физиологиялық және қауіпсіздік пен болашаққа сеніммен қарау қажеттіліктері алғашқы ретті (базисті) қажеттіліктерге жатады, ал қалғандары - екінші ретті (туынды) жатады, олар үнемі өзгеретін немесе метақажеттіліктер деп аталады. Қажеттіліктерді иерархиялық құру теориясы әрбір қажеттіліктердің табиғаты қандай деген сұраққа жауап бермейді. Бұл теорияның негізгі міндеті адамды ынталандыруға қажеттіліктің әсер етуінің белгілі динамикасын біле отырып, адамға әсер ету оған белгілі дәрежеде өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беруін көрсетуге ұмтылу болып табылады.
Бұл теория қазіргі басқару теориясы мен тәжірибесінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Бірақ өмір осал жерлері бар екенін де көрсетті. Біріншіден, қажеттіліктер көптеген жағдайлы факторларға байланысты түрліше көрінуі мүмкін (жұмыстың мазмұны, ұйымдағы жағдай, жас, жыныс және т.б.). Екіншіден, бір топ қажеттіліктің басқа қажеттіліктің артынан Маслоу "пирамидасы" көрсеткендей, жүруі мүмкін емес. Үшіншіден, жоғары деңгейдегі қажеттіліктердің қанағаттануы олардың ынталандыруға әсер етуді әлсіздендіруге әкелуі міндетті емес. Осы ережеден басқа оның қанағаттану дәрежесіне қарай ынталандыруға өзінің әсерін әлсіздете және тіпті күшейте алатын өзін көрсету қажеттілігі болып табылады.
Тұлғаның дамуын түсіндіруге арналған негізгі принциптер: жоғарыдағы қажеттіліктерді ұйымдастыруға кіріспес бұрын, төмендегі қажеттіліктерді қанағаттандыру қажет. Онсыз жоғары деңгейде тұрған қажеттіліктер қанағаттандырылмайды [6]. Негізінде адам қажеттіліктер табалдырығына неғұрлым көп көтерілсе, соғұрлым ол дара және дені сау, гуманды болады. Пирамиданың ең үстінде өзін-өзі белсендендірумен байланысты қажеттіліктер тұрады. Бұл деңгейге тек 1% ғана жетеді. Көбісінің өзінің потенциалына көзі жабық және оның бар екенін білмейді. Қоғамда тұлғаны белсендіндіру тендециясы бар, оған қоршаған орта әсер етеді. Ол отбасына да қатысты: достық, сенімділік, қауіпсіз, қажеттіліктері қанағаттандырылған ортада өскен балаларда өзін-өзі белсендендіруге де мүмкіндік бар. Негізінде, егер адам өзін-өзі белсендендіру деңгейіне шықпаса, бұл дегеніміз төмендегі қажеттіліктердің біреуінің шектелгендігі. Тұлғаның дамуы - бұл өзінің шынайы Менін түсінудегі тенденция сияқты өзін-өзі белсендендіру мен өзінің шынайы Менін түсінудің жоғарылау, конкуренттіліктің жоғарылауы [7].
Өзін-өзі белсендендіру дегеніміз не? деген сұраққа А. Маслоу: Өзін-өзі белсендіруде адамдар белгілі бір іс-әрекетке енгізіледі. Тұлға осы іске берілгендіктен, ол үшін құнды болып табылады.
Топқа ену мен өзін сыйлау сезімі-өзін өзі өзектендіруге қажетті жағдай, өйткені адам өзін тек өзі және басқалар туралы ақпарат алғанда ғана түсіне алады. Керісінше, тұлғаның дамуына кедергі жасайтын патогендік механизмдер мыналар: шынайылыққа қатысты пассивті позиция, шығарып тастау және Менді қорғаудың басқа амалдары, проекция, ауыстыру, заттардың шынайы жағдайын ішкі тепе-теңділікке қарай бұрмалау.
Сонымен тұлғаны өзін-өзі өзектендіру теориясы бойынша, адамның міндеті- қоғамда өзіндік түрде болу.
Қорыта келгенде, өзіндік даму қиын, күрделі, жан-жақты үрдіс екенін көрдік, оның жақсы немесе кері жақтары барын, өз-өзінің мақсаты, түрлері, кескіні барын көрдік. В.Франкл мынадай жақсы сөз айтқан еді: Тағдырды өзгерту мүмкін емес, егер оны өзгерте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz