Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КЕ АҚ

Ұстаз институты

Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

Сөйлеуді дамыту әдістемесі пәні бойынша

Тақырыбы: Сөйлеуді дамыту бойынша түзету жұмыстарының түрлеріне сипаттама.

Білімгер Жолтай Дарина Тобы Л 19-1 ___________

қолы
Жетекші: Аликулова Сабира Амангелдиевна
аты-жөні
Қорғауға жіберілді ____________________20____ж.
_______________________
қолы

Жұмыс қорғалды __________________20__ж. бағасы
____________________
жазбаша
Комиссия мүшелері: ______________________________
______________________
аты-жөні қолы

______________________________ ______________________
аты-жөні қолы

Тараз 2021

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...5
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселелерінің
зерттелу
барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 6
2. Сөз, сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 9

2Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1 Балалардың сөздік қорын байытудағы халық педагогикасының
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Балалардың сөздік қорын дамытудың жолдары мен тәсілдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ӘДЕБИЕТТЕРТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

КІРІСПЕ

Сауат ашу мен әдебиеттік оқу сабақтарында оқыту барысында жұмыстың
барлық түрлері қарастырылуы тиіс. Курстық жұмысымда сөйлеу тілін дамытуға
ықпал тигізетін ойын әрекеті, көрнекіліктер, кешенді оқыту түрлерін
қолданып түрлі жаттығулар сияқты әдістері қарастырылған.
Жұмыстың өзектілігі: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстан-2030
стратегиясында негізгі бағыттардың бірі халықтың ұлттық моделі мен салт-
дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі менбілігі жағынан өркениетті
елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлтттық, отаншылдық
рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттілігі баса
айтылған.
Зерттеу обьектісі: Балалардың сөйлеу тілін дамытудың ғылыми-теориялық
негіздері және сауат ашу пәнінде сөйлеу тілін дамытудағы әдіс-тәсілдерін
қолдану.
Жұмыстың зерттеу нысаны: Балалардың оқыту үрдісінде балаларды
байланыстырып сөйлеуге үйрету үрдісі.
Жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуге үйрету
үрдісінде ғылыми-теориялық тұрғыда негізделген тиімді әдіс-тәсілдер арқылы
балаларды сөйлеуге үйретудің әдістемелік жүйесін негіздеу және тәжірбиеде
қолдануға ұсыну.
Жұмыстың міндеті: зерттеудің мәселесі, нысанасы, пәні және мақсатына
сәйкес зерттеудің мынадай міндеттері таңдап алынды:
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын, сөз мәдениетін
қалыптастырудағы теориялық білімдер мен педагогикалық еңбектерге тоқталып,
шолу жасау.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сауат ашу сабағында балалардың сөздік
қорын, сөз мәдениетін дамытып, қалыптастырудың тиімді жолдарын құру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын байытудағы маңызын ашып,
ұсынылған бағыттарды іс-тәжірибеде қолдана білу.
Зерттеудің болжамы: егер де оқу үрдісінің әр кезеңдерінде балалардың
сөйлеу тілін дамытуда ғылыми – педагогикалық, жан – жақты тұлғалық,
бағдарлық негізде талдау жасалып, оқу - тәлімдік мәні айқындалса және ол
әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, балалардың сөйлеу тіліның даму
негізінде білім деңгейі көтеріліп, дербестігі мен шығармашылығы қалыптасар
еді.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық, әдебиеттерге теориялық талдау жасап, зерттеу,
жүйелеу, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытуға көмек
көрсету мәселесін талдап, қорытындылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу,
байқау, эксперимент нәтижелерін саралау, тиімділігін тексеру. Зерттеудің
міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту проблемасын
теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезеңде дамытудың
перспективалық бағыттарын айқындау.
- Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде сөйлеу тілін дамыту
моделін құру.
- Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамуының
тәжірибиеден өткізу арқылы бұрынғы балалардың сөйлеу тілінің дамуын
анықтау.
- Жүргізілген тәжірибиеге негіздей отырып, балалардың сөйлеу тілі
түзетілуінің даму жолдарын көрсету.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдарын зерттеу
деңгейлерін талдау арқылы сипатталды;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту ұғымының мәні
зерттеудің теориялық базасы ретінде ашылды;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытудың жолдары
айқындалды;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдарының
ғылыми-әдістемелер жүйесі ұсынылып, тәжірибелік-экспериментте тексеріліп,
ұсыныстар жасалды;
Зерттеудің теориялық мәні:
Mектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің дамуына көмек
көрсетудің жолдарын қалыптастырудағы іс-әрекеттің диалектикалық қағидалары,
қоғам, мен ой-пікірдің даму заңдылықтары.
Зерттеудің тәжірибелік мәні:
Зерттеу мазмұны, қорытындылары және әдістемелік ұсыныстарды бала-
бақшаларда, мектептерде, әлеуметтік педагогтар, психологтар, яғни
педагогикалық кадрлар даярлау жүйесінде және білім беру жүйесінде кадрларды
қайта даярлау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарында, оқу-
тәрбие үдерісінде қолдануға болады.
Жұмыстың құрылымы:кіріспеден, екі бөлімнен, бірнеше бөлімшелерден,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселелерінің
зерттелу барысы

Сөйлеуді меңгерту баланың айтайын деген ойын ауызша және жазбаша түрде
екінші адамға түсінікті етіп жеткізуін қамтамамасыз ету болса, ал сөйлеуді
үйрету күнделікті жағдайларға байланысты іске асып отыруы қажет. Сөйлеуді
меңгертуде оның функционалдық қызметіне қажетті мынадай құрылымдық жүйе
қалыптастырылса, бұл іс біршама тиімді түрде жүзеге асар еді.
Сөйлеу үрдісін дайындауға бағытталған материалдар (лексикалық сөздер,
тірек сөздер, балаға бұрыннан таныс сөздер)
1.Сөйлеу үрдісін құрастыруға бағытталған материалдар (диологтар)
2.Сөйлеу үрдісін жүйелеуге бағытталған материалдар(шағын функционалдық
мәтіндер, яғни лексикалық сөздер мен тілдесім диологтарының қолданылған
көріністері, көркем мәтіндер үлгілері)
3.Коммуникативтік- қатысымдық әрекетті іске асыруға бағытталған
материалдар(түрлі жаттығулар)
4.Өзін - өзі тексеру және бағалау әрекеттері(тестілік)
Д.Эльконин жазбаша тіл ауызша сөйлеудің қызметі, қолданылу
ерекшелігіне ғана емес, ішкі құрылымының қалыптасуы жөнінен де
ерекшеленетінін, оның түрлі жағдайларға тәуелді емес екендігін, баланың
ауызша сөйлеуіне қарағанда ерікті екендігін дәлелдеу үшін өзінің
зерттеулерін мектеп жасына дейінгі балалардың жазбаша тіліне, оның
қалыптасу кезеңдеріне сәйкес құрды. Ол жазбаша тілді пікірлесудің, ойды
қалыптастырудың ерекше тәсілі ретінде түсінгісі келді және оның
грамматикалық формаларға емес, психологиялық күйге қалай әсер ететінін
зерттеді. Мектеп жасына дейінгі балаларының жазба тілді қалыптастыруда
ерекше маңызды еркін сөйлеудің негізгі мүмкіндіктері көшіру мен жаздыртуда
емес, еркін хат жазуға үйрету екендігін көрсетті. Оның ойынша, жазбаша тіл
ойды тәртіпке, жүйеге келтіреді, баланың ой тасқындарын реттеп, оны
ауыспалы мағынада бере білуге үйретеді. Бірақ баланың ойды реттеп бере алуы
оның пікірлесу, жағдайға бейімделу қабілетінің қалыптасу мүмкіндігі бар-
жоқтығына байланысты. Ал балалардың жазбаша тілдің психологиялық
механизмдерін меңгеру ерекшеліктеріне қарай, олардың ауызша тілі де икемді
әрі еркін бола түседі. Ал мектептегі сөйлеу мәдениетін қалыптастырып,
дамыту балалардың сабақтағы оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыруға байланысты
десек, бұл өз кезегінде оқыту мазмұнынан туындайды. Сондықтан да өз
зерттеуіміздегі балалар тілі деген тіркестің мектеп жасына дейінгі
балалардың оқулықтары мәтіндеріндегі сөз, сөз формасы мен сөйлемдердің
балалар тілі арқылы қолданысқа түсетіндігін, мектептегі оқыту барысында бұл
сөздерді олардың толық меңгеретіндігін есепке ала отырып алынған тіркес
екендігіне назар аудартқымыз келеді.
Балалар тілін, олардың сөйлеу қызметін зерттеу тілшілер мен
психологтарды, әсіресе, ХІХ шы ғасырдың соңында көбірек қызықтыра бастады.
Осы кезеңде түрлі жастағы балалар тілін статистикалық әдіс-тәсілдермен
зерттеудің алғашқы қадамдары жасалды. Атап айтқанда, Н.А.Рыбников,
А.Н.Гвоздев, Э.Штейнфельдт, А.Люблинская, М.Р.Львов, т.б. балалар тілін
квантитативтік әдіспен зерттеушілердің алғашқы өкілдері болды. Қ.Молдабек
мектеп жасына дейінгі балалардың оқулықтары мен балалар әдебиеті мәтіндерін
лингвостатистикалық әдіспен зерттеу арқылы балалар тілінің даму динамикасын
анықтауға біраз еңбек сіңірді. Зерттеуде мектеп жасына дейінгі балалардың
оқулықтары мен балалар әдебиеті мәтіндеріндегі сөз қолданыстардың игерілу,
меңгерілу шамасын анықтау мақсатында қала және дала мектептерінде арнайы
эксперименттер жүргізіліп, алынған зерттеу нәтижелерін лингвостатистикалық
әдіспен зерттеу арқылы алынған қорытындылармен салыстыра отырып,
оқулықтардағы мәтіндер қызметіне лайықты бағалар берілген. Жоғарыда
айтылған мәселелерді ескере отырып, осы зерттеулерді әрі қарай толықтыру
мақсатында мына төмендегі жайттарды анықтауға жұмысымыздың ерекше маңызды
мәселесі деп есептейміз.
1. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде алғашқы кезеңіндегі
бала тілінің дамуы, меңгерілген лексиканың сандық және сапалық
ерекшеліктері.
2. Ауызша тілді меңгерудің жүйесіз, ретсіз түрінен мектепте
морфология мен лексиканы оқып-үйренудің жүйеленген үлгілеріне көшу.
3. Сөздік қордағы лексикалық бірліктердің синонимдік қатарын
толықтыру және меңгерген лексиканың семантикасын және экспресивтік мәндегі
сөздердің мағыналарын ұғыну.
4. Оқып үйренуге арналған минимум сөздіктерге тілімізде жиі
кездесетін және жаңа мәнге ие сөздерді сұрыптап ала білу.
Қазіргі тіл білімінің даму тәжірибесі көрсеткендей, тілдің түрлі
топтарының лексикасы мен морфологиясын салыстыруға және оның нәтижелерін
алуға жағдай туғызатын мәтіннің квантитативтік әдісінің ерекше тиімді түрі:
жиілік сөздік, алфавитті-жиілік сөздік және кері алфавитті-жиілік сөздіктер
алу болып табылады. Бұл сөздіктер арқылы балалардың оқулықтарының тілін
тілдің басқа түрлі салаларымен салыстыруға және квантитативтік әдіс арқылы
алынған мектеп жасына дейінгі балалардың оқулықтары мәтіндеріндегі сөз
қолданыстарды анықтап, алынған зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып,
балаларға ана тілінде меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болады.
Мектепке дейінгі даярлық топтарындағы балалардың сөздік қорын байыту
үшін олардың күнделік өмірінде жиі қолданылатын сөздерді таңдап алудың мәні
зор, ол баланың сөзді тез меңгеруіне көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі
балалардың жиі қолданылатын сөздерді таңдап алуда олардың әр топ
балаларының жас ерекшелігі, білім дәрежесі, күнделікті өміріне сай болуы
қадағаланады.
Бала өмірімен байланысты сөздерді үйрету тілді үйренудің қарым-
қатынасқа бағытталумен байланысты. Мектеп жасына дейінгі балаларына
үйретілетін сөз балағa таныс дүниемен, оған түсінікті, олар білетін
заттармен құбылыстарға байланысты болуы керек. Бұл ұстаным баланың сөз
мағынасын тез түсінуіне, оны тез меңгеруіне ықпал жасайды. Бала көрмеген,
білмеген, көз алдына елестете алмайтын зат атауларын, құбылыстардың
атауларын түсініп, есте сақтауы өте қиын. Сондықтан үйретілетін сөз баланың
түсінігіне, сана-сезіміне сай болу керек. Үйретілетін сөздің тілдік,
дыбыстық құрамын қамтуы қажет деген сөз таңдау ұстанымы баланы қазақ
тілінің дыбыстық құрамымен таныстыруды, оны меңгеруді көздейді. Қазақ
тілінің дыбыстық құрамының өзіндік ерекшелігі бар eкeні белгілі. Қазақ
тіліндегі ерекше деп саналатын 9 дыбыстың дұрыс айтылуын үйрету алғашқы
сабақтардан басталады, оны кейінге қалдыруға болмайды және үнемі
жалғастырылып отырады.
Сөздерді сабақта оқытылатын мәтін, тақырыппен байланыстырып алу
ұстанымы да үлкен қызмет атқарады. Бұны Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы
оқулықтарынан да кездестіруге болады. Бұл ұстанымды профессор Н.Оралбаева
бастаған авторлар ұжымы да оқулық жазуда басшылыққа алып жүргенін көреміз.
Сөздерді мағыналық ерекшелігіне қарап таңдаудың да тиімділігі бар. Сөз
мағыналық жағынан ерекшелікке өте бай. Мектеп жасына дейінгі балалардың
сөзді сұрыптап алғанда, бұл ерекшелігіне үлкен мән беріледі. Мысалы,
даярлық тобына суретті әліппе арқылы қазақ тілін үйреткенде, әліппеде
балаларға нақты деректі мағыналы зат атаулары мен олардың белгілерінің
суреті беріледі де, атаулары үйретіледі. Бұл жeрдeн тілді үйренудің алғашқы
сатысында деректі мағыналы сөздерді үйрету бағыты орын алады. Баланы
ізгілікке, зор адамгершілікке тәрбиелейтін сөздерді үйретудің үлкен мәні
зор. Бұл ұстаным біздің оқулықтарымызда берік сақтаулы. Ол – білім беру мен
тәрбиенің байланыстылығының көрінісі. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды-
мектеп жасына дейінгі балалардың қазақша сөздік қорын байыту кездейсоқ
құбылыс емес. Баланың сөздік қорына енетін сөздерді ғылыми негізде, белгілі
жүйе арқылы іске асыру қажет екенін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі
балалардың сөздік қорын байытуда сөйлеумен байланыстыру, сөйлеуге бағыттау
мәселесінің мәні зор.
Сөз сөйлеу үшін қажет. Сондықтан сөйлеуге қойылатын талаптарды білу
керек. Сөйлеумен байланысты мынадай талаптар қойылады: мазмұнды сөйлеу, дәл
сөйлеу, жүйелі сөйлеу және мәнерлі сөйлеу. Бұл талаптар өте тығыз
байланыста екенін де оқыту ісінде естен шығаруға болмайды. Жоғарыдағы
пікірлерді жинақтай келгенде бала тілін байытуды сөйлеумен байланысты іске
асыруда мынадай қажеттіліктер туындайды:
- Баланың сөздік қорын молайту мақсатында сөздердің мағынасын толық
меңгерту.
- Сөйлеуді дұрыс қолдану, құрастыру арқылы ойын жүйелі айта білуге
дағдыландыру.
- Сөйлемдегі сөздерді белгілі бір ойдың төңірегінде құрастырып, дұрыс
сөйлеуге жаттықтыру.
- Сөйлеу үлгілерін меңгерту.
Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға
ұмтылады, ізденеді. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп,
өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Балаларды
шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын
арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс
уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мыналар:
1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды
шешу (анаграмма, сөзжұмбақ,құрастырмалы ойындар,т.б)
4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыстар (мәтін
мазмұнын өңдеу,шығарма,шағын әңгіме мәтінін құру,т.б.)
5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.
7. Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
8. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
9. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Ал сабақтан тыс уақытта балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың
жұмыс түрлері:
1. Орталық мұражайға апару.
2. Әр түрлі кездесулер өткізу.
3. Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған
әсерлері бойынша шығарма жазғызу.
4. Балаларға арналған жуналдарға жаздырып, оны сабақ үстінде үнемі
пайдалану.
5. Әр бір оқылып отырған шығамалардың авторлары туралы толық
мағлұмат жинау, реферат жазу.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу балаларды шығармашылыққа баулуға,
шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз
бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу-баланың
шығамашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады. Қазақ тілі
сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді байланыстырып сөйлеуге,
әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.
Сөздік жұмысы баланы бір жағынан ойлануға жетелесе, екінші жағынан
қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке
ынталандырады.

1.2 Сөз,сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама.

Сөз – тілдің негізгі бірлігі, дыбыстық белгілер мен мағыналардың
көрінісі. Егер дыбыстық таңба материалдық жағынан қалаулы болса, оның
мағынасы (мазмұны) оның идеялық жағын ескереді. Олардың бірлігі – сөздің
болуы мен қызмет етуінің белгісі.
Сөйлеу – лингвистиканың барлық салаларындағы негізгі зерттеу
объектілерінің бірі. Алайда, тіл білімінің әр саласы сөз ретінде бір ғана
аспектіні объект ретінде қабылдайды және өз заңдылықтары бойынша сөйлейді.
Бұл сөз күрделі құбылыс екенін білдіреді. Тілдегі сөздер бір-бірінен
дыбыстық және морфологиялық жағынан ерекшеленеді. Мысалы, егер Жомарт кеше
Алматыдан жүргек пойызбен келген сөйлемдердегі сөздерді қарастыратын
болсақ, олар дыбыстық, морфологиялық белгілері бойынша, қажет болса
сөйлемдегі атқаратын қызметі мен реті бойынша әр түрлі болады. Сөзсіз бұл
жерде ешқандай пікір қалыптастыру мүмкін емес, тілдің грамматикалық
ережелерінсіз идея түсініксіз болар еді. Осылайша, олардың әрқайсысы
өзіндік ерекшеліктері мен функциялары бар негізгі элемент екенін көреміз.
Сөздерді фонетикалық және грамматикалық тұрғыдан талдау мүмкіндігі
болғанымен, грамматикалық ерекшеліктерді қолдана отырып, сөздердің барлық
қасиеттерін ашу мүмкін емес. Фонетиканың ең кішкентай элементі морфема
болсын, бәрін сөзбен табуға болады. Синоним, ононим сияқты құбылыстардағы
сөздің мағынасы, оның даму заңдылықтары, сөз заңдылықтары. Алайда, бұл ата-
бабалардың бойында бұл қасиеттер жеке-дара болатыны анық, бірақ олар тек
бірге сөйлесе алады. Басқаша айтқанда, дыбыстарсыз сөздер болмағандықтан,
грамматикалық тұрғыдан дараланбаған сөздер болмайды. Сөз болу үшін
дыбыстық және грамматикалық формалардың болуы жеткіліксіз. Жоғарыда
аталған белгілерді сөздің элементтері деп атау үшін олардың лексикалық
мағынасы осы белгілермен бірдей болуы керек. Егер таза лексикалық мағына
мен грамматикалық мағына арасындағы қатынасты олардың тіршілік ету формасы
тек фонетикалық тіл екендігін ескере отырып талдайтын болсақ, онда проблема
сөзінің қаншалықты қиын әрі күрделі екендігін дәлелдемей-ақ көруге болады.
Бұл сөздің өзінде ғалымдардың көпшілігі қабылдаған ғылыми анықтаманы
қамтымауы оның қаншалықты қиын екенін көрсетеді.
Көптеген оқулықтарда бұл мағына мен дыбыстың бірлігі деп
анықталған. Ойлап қарасаңыз, сөздердің мағынасы мен дыбысы бар екені
даусыз. Дыбысы жоқ сөз болмағандықтан, мағынасы жоқ сөз болмайды. Алайда,
бұл анықтама сөздердің барлық қасиеттерін сипаттамайды, өйткені бір сөздің
мағынасы әр түрлі тілдерде беріледі. Сонымен қатар, бұл анықтама сөз
мағыналары көп мағыналы синонимдер мен антонимдер сияқты тілдік
құбылыстарды ашпайды. І.Кеңесбаев сөз дегеніміз – бұл дыбыстар мен
мағыналардың жиынтығы, нақты заттың немесе құбылыстың белгілерінің
жиынтығы деп сөздің мағынасын күрделендіреді.
1979 жылы шыққан А.Болғанбаевтың оқулығында: Сөз дыбыс пен
мағынаның бірлігінен тұрады. Әр сөз – белгілі бір құбылыстың атауы, -
деді ол. Сөзді мағына мен дыбыстың бірлігі немесе мағынаның, дыбыстық және
грамматикалық категориялардың бірлігі деп анықтау қазіргі журналистерімізді
қанағаттандырмайтыны анық.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөз ұғымын үйрете бастайды.
Балабақшалар бүл тақырыпты балаларға бір нәрсе көрсету арқылы үйретеді.
Мысалы, мынау орындық, мынау парта, мынау кітап, мынау қалам мен бақа. Бұл
мысалдар әр зат пен құбылыстың атауының сөз деп аталатынын түсіндіреді.
Мұндағы тәрбиешінің міндеті – әр сөзді бөлек білдіру, түсіндіру, әр зат пен
құбылыстың атауының сөз болып саналатынын түсіндіру.
Ол бізді қоршаған заттардың бейнесі мен жарығын, біздің ойларымыз
бен ойлау органдарымызды бейнелейді. Тұжырымдамамен танылған заттар мен
құбылыстарға шартты атаулар беріледі. Бұл атау жеке сөздер мен сөз
тіркестерінен тұрады. Сөз шындықты мағынасы арқылы білдіреді. Сөздер
мағынасыз өмір сүре алмайды. Бұл сөз тек ұқсас заттар мен құбылыстарға
арналған жеке атауларды ғана емес, олардың жалпы атауларын да білдіреді.
Сөйлеу – бұл тіл арқылы қарым-қатынас жасау процесі. Сөйлеу адамның
феномені болғанымен, оның жеке сипаты бар. Даралық адамның қарым-қатынаста
тілді қолдануынан көрінеді (лексика, грамматика, сөздік және т.б.). Сөйлеу
даралығы оның құрылымы мен айтылу ерекшеліктеріне, т.с.с. Кейбіреулер
анық, анық және мәнерлі сөйлейді, басқалары бұлыңғыр және тыныш сөйлейді,
үшіншілері жай және шатастырып айтады, ал басқалары жай және ойлана
ойланады. Біреулері үнсіз, кейбіреулері үнсіз қалды. Сөйлеу – адамның
ойлауының негізгі құралы және адамның ойлау қабілетін көрсету құралы. Адам
өзінің ойын, эмоциясын сөзбен білдіреді. Сөздер басқаларда белгілі бір
сезімдер мен эмоцияларды тудырады. Сөйлеу – бұл адамның қиялы, есте
сақтау, ерік-жігері мен мінез-құлық процестерін реттейтін екінші сигналдық
жүйе. Сөйлеу процесі өтуі үшін сөйлеуші ​​мен тыңдаушы қатысуы керек. Шешен
өз ойын тыңдаушыға грамматикалық байланыстырушы сөздер арқылы
жеткізеді.Сөз,сөйлеу,сөздік қор ұғымдары, мектеп жасына дейінгі балалар
үшін маңызды ұғымдар.

2. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында
сөйлеген сөзінде: Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы
мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын
Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша
азаматтарын біріктіруі тиіс, - деп оның қоғам өміріндегі орны мен рөлін,
қадір-қасиетін айрықша атап көрсетті.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі даярлық топтарында өзекті мәселелерінің
бірі – балалардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын
жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.
Мектепте тілді оқыту ісінде сауат ашу пәнінің үлесі орасан зор. Бұл
үлес түпкі мақсатына, мазмұнына, ерекшелігіне тікелей байланысты. Сауат ашу
пәні бойынша балаларды өмірге баулу жөніндегі міндеттер тілдің негізгі
қоғамдық қызметіне, атап айтсақ, түпкілікті коммуникативтік байланыс,
қатынас құралы ретінде және экспрессивтік (әсер, ықпал етуге, дәнекер болу)
қызметіне орай жүзеге асырылады. Олай болса, сауат ашу пәні балаларды
ауызша да жазбаша да толық сауатты, тілді еркін пайдалана білетіндей етіп
шығаруды түпкілікті нысаны етіп ұсынуы қажет.
Бұл мәселе туралы көптен айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы,
педагогика ғылымының докторы Иманмәлік Нұғыманов пен 3ағира Қашқынбаева
Баланың жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу
тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың
қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады - дейді.
Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін
оқыту әдістемесін жетілдіре түсу − бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі.
Бүгінгі күннің тілек – талабы тұрғысынан білім мазмұнын жаңғырту, өмір
талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып заман
ағымына жауап беруі тәрбиешіге жауапты істерді жүктейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін тіл – білім алудың көзі болып
саналады. Сондықтан да ата-аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамытудың
маңызын түсінуі тиіс. Баланың тілінің дамуы жоғары болса, ол оның өмір
жолында, сыныптастарымен қарым-қатынасына, сонымен қатар мектепте нәтижелі
оқуына әсер етеді.
Сөйлеу тіліне ең алдымен, анықтама бере кетсек. Сөйлеу тілі –
күнделікті қарым-қатынаста пайдаланылатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу
тілі белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікілей жалғанатын қатынас тілі
болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты болады. Ал
ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті жағдайда адамдар
емін-еркін сөйлейді. Сонымен бірге сөйлеу тілі жазбаша түрде де
қолданылады.
Балалардың сөйлеу тілінің қабілеттерінің қалыптасуы және дамуының
нәтижелі шарттары қандай?
Ең бірінші шарт ол – қарым-қатынастың қажеттілігі. Демек, өз пікірімен
немесе ақпаратпен бөлісу тілегі мен қызығушылығын туғызатын, сөйлеу тілінің
ынтасын айқындайтын жағдайларды қалыптастыру керек.
Екінші шарт ол – қарым-қатынас ортасын құру. Қарым-қатынас ортасы –
бұл ата-аналардың, жақындардың, достардың әңгімелері, көркем әдебиет,
бұқаралық ақпарат құралдары, тәрбиешінің сөйлеу тілі, оқулықтардың тілі.
Сөйлеу тілі балаға қарым-қатынасқа түсуге және дүниені танып білуге
көмектеседі.
Дарлық топ балаларының сөйлеуге үйретуде психологияға сүйенбей
болмайды. Сөйлеу тілін дамыту процесінде адамның еркі, есте сақтау
қабілеті, ой-өрісінің дамуы, сезімі, қиялдай білу ерекшеліктері негізгі рөл
атқарады.
Дарлық топ балаларының сөйлеу тілінің дамуы әрдайым педагогикалық
басшылықты қажет етеді. Сөйлеу тілін дамыту мен байытуда жүйелі жұмыс
қажет.
Жас балалардың тілін дамытудың бір жолы ол - көрнекілік пен ойын. Ойын
арқылы түрлі тілдік жағдай туғызып, балалардың түрлі тақырыпта сөйлеуіне
жағдай жасауға болады. Ойын кезінде баланың сөйлеуге ынтасы артады, көңіл-
күйі өседі, сөйлеуге белсенді қатысады. Ойын баланың сана-сезіміне де әсер
етіп, тәрбиелік мақсатын да орындайды.
Ойын кезінде балалар бір-бірімен тіл арқылы тығыз қарым-қатынасқа
түседі. Ойынға байланысты сөздер ойын кезінде бірнеше рет қайталанады.
Сондықтан ойынды белгілі сөздердің қайталануына қарай ойын-жаттығу деп атау
ғылымда бар, біз де осы пікірге қосылып, ойын-жаттығу терминін қолдану
дұрыс деп таптық.
Ойын-жаттығу мына талаптарға сәйкес болуы керек:
Ойын-жаттығу баланың жасына сай болуы керек.
Ойын-жаттығу негізінен сөйлесімнен құрылуы керек. Яғни, ойынның негізі
саналатын тілдік жағдай сөйлеу әрекетін туғызатын болуы керек.
Тілдік қатысымды жүзеге асыратын сөйлеу нәтижесіне ойнау нәтижесі
қосылу керек.
Ойын-жаттығу ұжымдық болады, бала ойында өзі қалған рөлді таңдай алуы
керек.
Ойын-жаттығу баланың ауызша сөйлеу дағдысын, сөйлей білуін нақтылы
сөйлеу әрекеттері арқылы жүзеге асу жағдайын белгілеу керек. Бұл әдісте
білім мен ойын сабақта елеусіз байланысады да, ойында, сабақта бала өзін
еркін ұстайды.
Атап айтатын болсам мына ойын түрлері баланың сөйлеу тілін дамытуда
жақсы нәтиже береді: Екі әріп, Қара жәшік, Сұрақтар жаңбыры, Суретті
әңгімеле т.б.
Оқыту әдістемесін зерттеген ғалымдар оқытуда қолданылатын
көрнекіліктің мынадай түрін ұсынды, олар: демонстрация, иллюстрация.
Оқытуды демонстрациялық негізде ұйымдастыру балалардың оқу материалын
жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін
жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Балалардың құбылысты және танымдық
процесті, өздері белсенділік танытып оқып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту
Мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйрету
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ертегілерді пайдалану жолдары
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі (мектепалды даярлық топтары)
Пәндер