Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Ф 11. 01-2021

1-баспа 25. 06. 2021

Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ »

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ» кафедрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

«Математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша

Тақырыбы: Бастауыш сынып математикасында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану жолдары

Білімгер: Джуманазарова Қамар Тобы: ПМНО 19-5

/қолы/

Жетекші : Сарыбекова Қ. Н. п. ғ. к., доцент

/аты-жөні/ /қызметі/

Қорғауға жіберілді «»2021ж.

/қолы/

Жұмыс қорғалды «»2021ж. бағасы

/жазбаша/

Комиссия мүшелері:

/аты-жөні/ /қолы/

/аты-жөні/ /қолы/

/аты-жөні/ /қолы/

Тараз 2021

Курстық жұмыс

Ф 11. 01-2021

1-баспа 25. 06. 2021

Описание: logo_DU2.png

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БAСТAУЫШ БІЛІМ БЕРУ» кафедрасы

ПМНО 19-5 тобының Джуманазарова Қамар білімгеріне курстық жоба (жұмыс)

ТАПСЫРМА

«Математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша

Тақырыбы : Бастауыш сынып математикасында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану жолдары

2. Тапсырманың арнайы нұсқауы - курстық жұмысты университеттің талаптарына сай рәсімдеу

3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары)
Орындау кестесі
Көлемі, %
Орындау уақыты
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Кіріспе
Орындау кестесі: 10%
22. 09
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Жаңа педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері
Орындау кестесі: 15%
6. 10
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Жаңа педагогикалық технологиялар туралы жалпы түсінік және оның түрлері
Орындау кестесі: 15%
20. 10
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Жаңа педагогикалық технологиялардың өзіндік ерекшелігі және оны математика пәнінде қолдану маңыздылығы
Орындау кестесі: 10%
27. 10
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Бастауыш сынып математикасында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану жолдары
Орындау кестесі: 10%
28. 10
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Бастауыш сынып математикасында интерактивті тақтаны қолдану
Орындау кестесі: 10%
3. 11
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Педагогикалық тәжірибе және оның нәтижелері
Орындау кестесі: 10%
10. 11
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Қорытынды
Орындау кестесі: 10%
17. 11
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер
Орындау кестесі: 10%
17. 11
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі
Орындау кестесі: 100%
04. 12. 2021
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Қорғау
Орындау кестесі:

Кафедра мәжілісінде бекітілген «27. 06»2021 ж. хаттама № 10

Жетекшісі: п. ғ. к., доцент Сарыбекова Қ. Н

Тапсырманы орындауға қабылдадым «3» 09. 2021ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Жаңа педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері 1. 1 Жаңа педагогикалық технологиялар туралы жалпы түсінік және оның түрлері . . . 7 1. 2 Жаңа педагогикалық технологиялардың өзіндік ерекшелігі және оны математика пәнінде қолдану маңыздылығы . . . 10

2 Бастауыш сынып математикасында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану жолдары

2. 1 Бастауыш сынып математикасында интерактивті тақтаны қолдану . . . 12

2. 2Бастауыш сынып математикасында жаңа педагогикалық технологиялар арқылы сабақ өту . . . 16

Қорытынды . . . 19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 20

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы - баса назар аударарлық мәселе. Ал, осы білімді беретін және дамытатын әрине, ұстаз және сол ұстаздың әдіс-тәсілі, білім біліктілігі - деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәнгілік ел ету!» Әлемдегі ең дамығы 30 мемлекеттің қатарына қосып, бай да қуатты елдер мен иық түйістіру» және «Дағдарыстың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлттық құндылықтар ғана мәңгі» - деп атап көрсеткен болатын [1] .

Қазіргі заман талабына сай білім беру саласындағы жаңашыл ұстазға қойылатын талапта жаңаша болатыны сөзсіз. Ұстаздар алдындағы басты міндет - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп және жаңа педагогикалық технологияларды меңгере отырып еліміздің жарқын болашағын жасайтын тәрбиеліде, білімді оқушыларды тәрбиелеу.

Жаңа технологияны қолданатын болса, онда мұғалім оқушының даралығын, өзіндік қасиетін көруіне мүмкіндік туғызады. Сабақтың рефлекциясы жеке тұлғаның еркін дамуына жағдай жасайды, оқушылардың жеке қабілеттерін есепке алады. Осы сабақтар жоғары білім деңгейін, дағдының қалыптасуын қамтамасыз етеді есте сақтау қабілетін, зейінін нығайтады, оқушының ой өрісін дамытады және пәнге деген қызығушылығын арттарады, заманауи жалпы білім беретін мектептердің талабына сай келеді [5, 81] . Зерттеудің мақсаты: Математика пәнінде жаңа педагогикалық технологиялардың қолданылуын зерттеу. Зерттеудің нысаны: Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі.

Зерттеудің пәні: Бастауыш сыныптарда жаңа педагогикалық технологиялар арқылы математика пәнін оқытып үйрету үдерісі.

Зерттеудің болжамы: Егер сынып жетекші математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде дұрыс пайдаланса және де жаңа педагогикалық технологиялардың қыр-сырын меңгеріп қолдана алса, онда осы мәселеге байланысты жұмыс тиімді ұйымдастырылады да, білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

Зерттеудің қойылған мақсаты мен пәні, жасалынған болжамына сәйкес зерттеудің міндеттері анықталды:

- Жаңа педагогикалық технологиялар және оның түрлеріне шолу жасау;

- Математика пәнін оқытуда педагогикалық технологиялардың қолдану ерекшеліктерін зерттеу;

- Білім стандартта, оқу бағдарламаларына және оқулықтарға зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне орай талдау жасау;

- Заманауи сынып жетекшісінің іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастырылуы, матиматика пәнінде оқушымен атқаратын жұмыстарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануына қатысты материалды жинақтау.

Зерттеудің әдістері:

- зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен әр-түрлі педагогикалық газет, журналдармен оқып танысу және пайдалану;

- оқу бағдарламалары мен оқулықтарды талдау;

- әдістемелік құралдарды зерттеу тақырыбыма орай талдау;

- білім беру мәселесіне қатысты құқықтық, нормативтік және ресми құжаттармен оқып танысу;

Зерттеудің базасы: Тараз қаласы, Жамбыл Жабаев атындағы 5 мектеп-гимназиясы.

Курстық жұмыстың мазмұны. Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының ғылыми аппараты баяндалған. Жұмыстың бірінші бөлімі. Жаңа педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері, мұнда жаңа педагогикалық технологияның пайда болуы, оның түрлері, осы жаңа педагогикалық технологиялар туралы ғалымдар ойы, қолдану тиімділігі, жалпы алғанда «Жаңа педагогикалық технологиялар не үшін керек?» және де жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерін қолдану маңыздылығы мен қолдану ерекшелігі туралы баяндалған. Зерттеу жұмысының кезеңдері: 1 кезең зерттеу тақырыбына байланысты библографиялық жұмыс жасадым нәтижесінде 25 әдебиетпен таныстым. Кіріспе бөлімінде ғылыми аппартпен жұмыс жасадым (зерттеудің көкейкестілігі, зерттеудің мақсаты, зерттеудің нысаны, зерттеудің пәні, зерттеудің болжамы, зерттеудің әдістері, зерттеудің көздері, зерттеудің базасы. ) 2 кезең Курстық жұмыстың теориялық бөлімінде (жаңа педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері, жаңа педагогикалық технологиялардың пайда болу және мен мән-мағынасы, жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері) осы тақырыптарға байланысты материалдыр жинақтап таныстым. Ал, ІІ бөлімінде практикалық жұмыста жаңа педагогикалық технология әдістемелерімен математика сабақтарында жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерін пайдалану және интерактивті тақтамен жұмыс жасауға арналған жұмыс түрлерін зерттедім.

І Жаңа педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері 1. 1 Жаңа педагогикалық технологиялар туралы жалпы түсінік және оның түрлері

«Білім беру реформасы табысының басты өлшем - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы, әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызыметіне қол жеткізуге тиіспіз» - деген президент жолдауынан ұлттық бәсекелестікке қабілетті ұрпақтың білім деңгейімен анықталатынын, әлем кеңістігене көтерілу үшін мектеп табалдырығынан сапалы да, саналы білім беру болып табылады [1] . Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы негізінде тану, оның ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының рухани жан дүниесінің бойына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау және оған мүмкіндік беру. Қазіргі заман талабына орай ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәденинтті де білімді етіп тәрбиелеп олардың дүниетанымын азаматтық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда білім берудің түрлерімен әдістерін жақсартумыз керек. Үйреншікті әдіс-тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткеде баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау міндетіміз, соған байланысты мұғалімге жаңа талаптар қойылуда. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бақылауы орын алады. Білім беру саласындағы оқытудық озық технологияларын меңгермейінше сауаты жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами қабілеті қалыптасуына игі әсерін тигізеді өзін- өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі [7, 16] . В. П. Беспальконың анықтамасы бойынша «Педагогикалық технология дегеніміз тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер - оның құрамды бөлігі ғана. Педагогикалық жүйе ретінде ол оқушының жан - жақты қалыптасуына ықпал ететіндей оқытудың әдіс, құрал, үрдістерінің мақсатты жиынтығын қарастырады». Б. Т. Лихачев анықтамасы бойынша «Педагогикалық технологияны форма, әдіс, амал, тәрбие құралдарының бірлігі негізінде арнайы іріктеліп алынған псхологиялық - педагогикалық қондырғының жиынтығын қарастырады». В. В. Воронов анықтамасы бойынша «Педагогикалық технология - бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт» - деп есептейді.

М. А. Чошановтың анықтамасы бойынша «Оқатудың технологиялары- дидактикалық жүйенің процессуалдық құрамдас бөлігі». Ал В. М. Монахов «Педагогикалық технологиялар оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі» - деп көрсеткен [9, 156] . Оқушыны «қалай оқыту керек?» деген сұрақты мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияны пайдалана білуіне және сол арқылы баланы әлемдік ақпараттық қоғаның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу қажет. Осыған байланысты мектеп педагогтары кәсіби деңгейін дамытуда педагогикалық, ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолдануға ерекше мән береді [10, 63] . Мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттің бірі - оқытудың әдіс -тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық комуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.

Сонымен, педагогикалық технология оқытудың тиімді жолдарын зерттейтін, оқыту процесінде қолданылатын қағидалар мен әдістер, тәсілдер болып табылады. Педагогикалық технологияны іске асыру барысында мынадай міндеттерді жүзеге асыру қажет:

  1. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби іс-әрекетіне деген сенімділігі, ізденімпаздық шеберлігі;
  2. Оқушының тұлғалық-бағдарлы дамуының ескерілуі;
  3. Оқу процеінің кез-келген кезеңіндегі оқушы дайындығының іске асырылуы мен кепілділігінің міндеттілігі;
  4. Оқыту технологиясында пайдаланатын педагогикалық ақпараттың міндеттілігі;
  5. Оқушының білімді меңгерудегі танымдық қызығушылығы мен қажеттілігінің ескерілуі;
  6. Оқушылардың өздіктерінен қорытынды жасауға, белсенді іс-әрекетке бағыттау;
  7. Оқу процесін жобалағанда іс-әрекеттің, оқу материалы мен оқыту материалының дәлелділігінің бірлігі;
  8. Оқыту процесінің жобалау технологиясы негізінде іске асырылуы;
  9. Оқушының нәтижелі іс-әрекетін қалыптастыруды ұйымдастыру;
  10. Белсенді іс әрекетті нәтижеге жеткізу [15, 65] .

Жаңа педагогикалық технологияның бірнеше түрлері бар. Солардың математика сабағында қолдануға болатын бірқатар түрін қарастырып кетсек;

  • Ойын арқылы оқыту технологиясы. Дидактикалық, тәрбиелік дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Математика сабағында баланың бойындағы

білімділік, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді [12, 16] .

  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Бұл технология ішкі құрылымында ерекшелігі бар. Бұл технологияның құрылымы 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Математика сабағы кезінде оқушы не үйренгенін саралап, салмақтап оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой електігінен өткізеді [12, 16] .
  • Деңгейлеп оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту технологиясының дүниетану сабағында қолданудың басты идеясы мынадай;
  • деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, білім алуына жағдай жасау;
  • деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы оқушыларға бірдей көңіл аударып олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
  • Деңгелеп оқыту мұғалімнің жеке тәжірибесіне негізделеді [15, 65] .
  • Дамыта оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы тұрғысынан алғанда сабақ 3 құрамдас бөліктерден тұрады. Оқушыларға ешқандай дайын үлгі берілмейді, яғни математика сабағында бір мәселе беріледі, мақсат мәселені шешу, талқылау мен жинақтау арқылы жүзеге асады. Ал, мұғалім тек қалыптастырушы, бағыттаушы. Шешімі табылған соң әр-кім өзінше дәлелдеуі тиіс [15, 65] .
  • Проблемалық оқыту технологиясы. Оқушының математика сабағында өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық, шығармашылық икемділігін дамыту. Атап айтқанда:

- оқушының белсенділігін арттыру; - оқу материалдарында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу; - оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы; - оқушы материалды сезім мүшелерімен ғана қабылдап қоймай, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру; [9, 16]

Осы технологияларды математика пәнін оқыту барысында тақырыпқа, жоспарға сай технологияларды жобалап, таңдау керек. Оқыту технологиясын жобалау оқыту әдістерін таңдау дидактика үшін өте маңызды мәселе. Әдістерді таңдауда белгілі дидакт Ю. К. Бабанский мынандай өлшемдерді ұсынған, оқыту әдістерінің оқу материалдарының мазмұнына, оның өзіндік ерекшелігене сәйкестігі, оқыту әдістерінің оқу материалдарының мазмұнына, оның өзіндлік ерекшеліктеріне сәйкестігі, әдістерді таңдауда білім алушылардың мүмкіншіліктерін ескеру [15, 65] . Сонымен, қазіргі білім беру жүйесінде педагогикалық технологиялардың алатын орны ерекше. Себебі әрбір мұғалім педагогикалық жаңа технологияны ұтымды пайдаланы отырып, жақсы жетістіктерге жетуге мүмкіндік алады. Өзінің кәсіби білім деңгейін көтереді және шәкірттерінің білім сапаларын арттыра түседі [9, 16] . Математика сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы бастауыш сыныпта оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылық әрекетін дамытуға жол ашуға жағдай жасауға болады.
Бастауыш мектепті бітіргенен кейін бала еркін ойлап, қоршаған ортамен белсенді байланыс жасай білуі керек, толығымен алдында тұрған міндеттерді шешу дағдыларын игере алуы қажет. Мұның өзі бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануы меңзейді.

Ал оқытуды жаңашылдық тұрғыдан ұйымдастыру өз кезегінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық әрекетін дамытуға жол ашады.
Сонымен, педагогикалық технология оқытудың тиімді жолдарын іздейтін, оқыту процесінде қолданылатын қағидалар мен әдістер, тәсілдер болып табылады.

1. 2 Жаңа педагогикалық технологиялардың өзіндік ерекшелігі және оны математика пәнінде қолдану маңыздылығы

XXI ғасырдың басындағы білім беру жүйесінде, сонымен қатар жалпы білім беруде мектепшілік ұйымдастырушылық құрылымдары, жаңа әдістерін, түрін, мазмұнын, мектепте білім беретін мақсатын қарау, білім беру үдерісін жетілдіру мен ұйымдастыруда жаңа педагогикалық-психологиялық философиялық тәсілдерді дайындау және және оны жүзеге асыру талап етіледі. Иновациялық технология қазіргі мектептің басты сипаты болып табылады. Иновациялар бірнеше проблемаларды шешеді, білім беру үдерісінің үздіксіз жаңаруына әкеледі [16, 16] . Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың бір көзі - сабақта жаңа технологиялар қолдану арқылы түрлендіріп өткізу. Қандай да болмасын, технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі [17, 55] . Сонымен, проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолында меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту технологиясының негізгі ерекшеліктері:

  • Проблемалық оқытудың ең басты ерекшеліктерінің бірі - теориялық мәселелерден туындайтын жаңа ұғымдар мен пікірлерді оқушылардың өз беттерімен іздестіруі.
  • Проблемалық оқытудың екінші ерекшелігі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыра отырып, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.
  • Проблемалық оқытудың үшінші ерекшелігі теориялық және тәжірибелік мәселелер арасындағы байланыс заңдылықтарынан келіп шығады да, дидактиканың оқыту мен өмір тәжірибесі арасындағы байланыс ұстанымымен анықталады. Яғни оқушылар теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіне ие болады.
  • Проблемалық оқытудың төртінші ерекшелігі оқушылардың әр түрлі үлгідегі өздік жұмыстарын тиімді орындауы болып табылады. Оқушылар өздік жұмыстарын орындай отырып, бұрыннан қалыптасқан білім қорларын пайдаланады, жаңа білім, білік, дағды меңгереді.

Проблемалық оқытудың жақсы жақтары:

- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау [12, 66] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТЕҢДЕУ ҰҒЫМЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТЫП ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда көрнекілік әдісінің алатын орны
Математика сабағында геометрия ұғымдарын оқыту
Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру (математика пәні 3-сынып)
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz