Мағжан Жұмабаевтің шығармаларындағы тақырыптық идеялық негізі



Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ ойшылдарының көзқарастары терең демократиялық және гуманистік сипатта болды. Олардың шығармаларында жалпыадамзаттық маңызға ие философиялық мәселелер — адамның болмысы мен еркіндігі, өмірдің мәні, дін мен еркіндіктің арақатынасы, т.б. мәселелердің де көтерілгенін атап айтуымыз керек. Қазақ ойшылдары адам бойындағы даралық қасиетке ерекше мән берді, кез келген кісіге қайталанбас жаратылыс жұмбағы ретінде қарады, адам мен ұлттың тарихтағы рөлін дұрыс бағалай білді. Философиялық мәселелерді ізгілік пен қараулық аясында қарастырып, дүниетанымдық ойларын этикалық бояумен астастыра бейнеледі.
Дәл осы кезеңде ғұмыр кешкен ең көрнекті қазақ ақындарының бірі Мағжан Жұмабаев поэзия аспанын өзінің құдай берген жарқын талантымен ерекше шұғылаға бөледі. “Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген, — деп жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы “Мағжанның ақындығы туралы” деген мақаласында, — Абай да сөздің ішін мәнерлеп, тонын сұлу қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет жасауда, сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ... Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ”.
Ал қазақ халқының тағы бір кемеңгер перзенті Мұхтар Әуезов 1927 жылы “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің сауалдарына қайтарған жауабында “Мағжан — мәдениеті зор ақын... заманнан басып озып, ілгерілеп кеткен ақын болады... Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжан сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін” деп жазады.
Бұдан біз көзі тірісінде-ақ Мағжан Жұмабаев жырларының қазақ халқы, тек қазақ халқы ғана емес-ау, бүкіл түркі әлемі зиялы қауымының санасы мен сезімін жаулап алып, аймақтық, тіпті, әлемдік мәдениеттегі ерекше құбылысқа айналғанын байқаймыз. Шынымен-ақ, Мағжан шығармаларында айтылатын қағидалар мен ойлар, ақын жүрегін мазалаған толғаныстар бүгінгі таңда, бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, өз мәнін жойған жоқ. Керісінше, уақыт озған сайын ұлттық, ұлыстық, жалпыадамзаттық -

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мағжан Жұмабаевтің шығармаларындағы тақырыптық идеялық негізі

Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ ойшылдарының көзқарастары терең
демократиялық және гуманистік сипатта болды. Олардың шығармаларында
жалпыадамзаттық маңызға ие философиялық мәселелер — адамның болмысы мен
еркіндігі, өмірдің мәні, дін мен еркіндіктің арақатынасы, т.б. мәселелердің
де көтерілгенін атап айтуымыз керек. Қазақ ойшылдары адам бойындағы даралық
қасиетке ерекше мән берді, кез келген кісіге қайталанбас жаратылыс жұмбағы
ретінде қарады, адам мен ұлттың тарихтағы рөлін дұрыс бағалай білді.
Философиялық мәселелерді ізгілік пен қараулық аясында қарастырып,
дүниетанымдық ойларын этикалық бояумен астастыра бейнеледі.
Дәл осы кезеңде ғұмыр кешкен ең көрнекті қазақ ақындарының бірі Мағжан
Жұмабаев поэзия аспанын өзінің құдай берген жарқын талантымен ерекше
шұғылаға бөледі. “Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген,
— деп жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы “Мағжанның ақындығы
туралы” деген мақаласында, — Абай да сөздің ішін мәнерлеп, тонын сұлу
қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет жасауда, сөздің сыртқы түрін
әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ... Олай болса, ақындық жүзінде
Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп
ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ”.
Ал қазақ халқының тағы бір кемеңгер перзенті Мұхтар Әуезов 1927 жылы
“Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің сауалдарына
қайтарған жауабында “Мағжан — мәдениеті зор ақын... заманнан басып озып,
ілгерілеп кеткен ақын болады... Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушыларының
ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжан
сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін” деп жазады.
Бұдан біз көзі тірісінде-ақ Мағжан Жұмабаев жырларының қазақ халқы,
тек қазақ халқы ғана емес-ау, бүкіл түркі әлемі зиялы қауымының санасы мен
сезімін жаулап алып, аймақтық, тіпті, әлемдік мәдениеттегі ерекше құбылысқа
айналғанын байқаймыз. Шынымен-ақ, Мағжан шығармаларында айтылатын қағидалар
мен ойлар, ақын жүрегін мазалаған толғаныстар бүгінгі таңда, бір ғасырға
жуық уақыт өтсе де, өз мәнін жойған жоқ. Керісінше, уақыт озған сайын
ұлттық, ұлыстық, жалпыадамзаттық -әлеуметтік проблемалар қатарында
алдымыздан қайта шығып отыр. Ал оның жырларындағы терең толғаныстардың
философиялық - дүниетанымдық астары, ақынды сан түрлі сезімге түсірген
жағдайлардың әлеуметтік мәні зерттеушілер назарынан тыс қалып келеді.
Иә, Жүсіпбек Аймауытов сөзімен айтсақ, “Мағжан сыршылдығымен,
суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай
тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен
күшті”. Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде
аятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді”.

Ақынды алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы демі үзілгенше туған
халқының, бүкіл түркі жұртының, Шығыс мәдениетінің, жалпыадамзаттың тағдыры
толғандырады. Ес білгеннен көкжиекке дейін керілген кең байтақ даланы
тамашалап, еркін өскен, елінің өткен даңқты тарихы мен ертегі-аңыздарын
құлағына құйып ер жеткен Мағжан бойында, әуелгіде, өршіл ұлттық рух
кемерінен асып төгіледі:
“Шынында менің өзім де — от,
Қысылған қара көзім де — от.
Мен оттанмын, от — менен
Жалынмын мен жанамын
Оттан туған баламын”.
Ақынның “от” деп отырғаны — халықтың ұлттық рухы. Ұлттың тарихи және
философиялық зердесін оятып, рухын көтеру арқылы ғана бодандықтан құтылуға,
ел тәуелсіздігіне қол жеткізуге, тіпті, әлем халқына өз өркениетіңді
танытуға болады деп есептейді.
“Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен — Күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем,
Күннен туған, ғұннан туған пайғамбар”.
Жоқ, бұл — кезінде Еуразия құрлығын ат тұяғымен дүбірлеткен, алыс-жақын
ұлыстарға мәдениет пен шаруашылықтың жаңа тәсілдерін үйреткен, бірақ кейін
тағдырдың жазуымен әлемдік өркениет көшінен кенжелеп қалған өлке
перзентінің аспандағы айды алам деп секірген тарпаңдығы емес. Бұл — өз
халқының бойындағы биік рухқа сенген, сол рух қайта бір дүр сілкінсе,
армандаған азаттыққа жеткізеді, әлемдік өркениет көшінің алдыңғы легіне
қайта қосылуға болады деп үміттенген азаматтың парасатты да мақсатты
әрекеті
Мағжан ақын болса, халықтың тарихи зердесін оятып, ұлттық намысы мен ұлттық
рухын сілкіндірудің қажеттігін, ортақ мүдде жолында топтасқан ұлттың ғана
азаттық алып, әлемдік өркениеттік қауымдастық қатарына бәсекеге қабілетті
болып қосыла алатынын осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын-ақ түйсініп,
өршіл жырға айналдырып, айта алған. Және туған халқының сол замандағы қиын
халін, кенжелеп қалған тұрмыс-тіршілігін көре отырып, осылай жасаған:
“Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген.
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен,
Бірге жусап, бірге өрген.
Алаш деген елім бар,
Неге екенін білмеймін —
Сол елімді сүйемін!”, — деп суреттейді ақын сол замандағы ұлтының болмысы
мен тұрмыс-тіршілігі туралы. Ақын әлемде не болып жатқанымен шаруасы жоқ,
“алдындағы малымен”, “ескі заңымен” қоңырқай тіршілік кешіп жатқан халқын
сүйіп қана қоймайды, оның ертеңгі болашағының жарқын болатынына сенеді.
Оның сол жарқын болашаққа тезірек жетуі үшін жанын да, қанын да аямайтынын
паш етеді.
Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі үшін
құрбандыққа баруға әзірлік — Мағжан Жұмабаевтың өмірлік мұраты...

Жас ұрпаққа арналған “Педагогика” оқулығында ол: “Өзінің елін сүюі, яғни
еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді”
әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді.
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының ұлы шоғырын
топтастырған ортақ мұрат — бодандық бұғауында жаншылған елін құлдықтан
құтқару, жаңа ұлттық сананы қалыптастыру, өзге өркениетті елдер қатарына
қосу болғаны белгілі. Мағжан да осы мұратты жүзеге асырудың жолдарын іздеп,
басын тауға да, тасқа да соққан.
“Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық,
Отырайық жиылып, оңдалайық.
Мың жылғы өткен қумай ата заңды,
Өнерден кем қалмайық, ойланайық,
Жер қалар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат баласына енді көштім
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) және шығармаларындағы тақырыптық идеялық негізі
Мағжан Жұмабаевтың шығармалары арқылы қазақ халқының рухының мықтылығын дәлелдеуі
ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СОНЫҢ ІШІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОЭТИКА МӘСЕЛЕСІ
Мағжан Жұмабаев жайлы мәлімет
Шығарма тілін лингвистикалық талдаудың сипаты
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұралары
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжанның жаңашылдығы
Пәндер