Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... 5.12
1.1 Әкімшілік құқықтың пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.9
1.2 Басқарушылық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.11
1.3 Әкімшілік кұқықтың функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.12
2 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13.17
2.1 Әкімшілік құқық әдісінің ұғымы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13.14
2.2 Әкімшілік құқық әдісінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.17
3 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.23
3.1 Әкімшілік құқықтың субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.20
3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.21
3.3 Әкімшілік құқықтың ҚР.сы құқығы жүйесіндегі орны ... ... ... ... ... ... .22.23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24.25
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... . ...5-12
1.1 Әкімшілік құқықтың
пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5-9
1.2 Басқарушылық
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...9-11
1.3 Әкімшілік кұқықтың
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-1 2
2 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ
ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-17
2.1 Әкімшілік құқық әдісінің ұғымы және түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-14
2.2 Әкімшілік құқық әдісінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..14-17
3 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .18-23
3.1 Әкімшілік құқықтың
субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-20
3.2 Әкімшілік құқықтың
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
-21
3.3 Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы жүйесіндегі
орны ... ... ... ... ... ... .22-23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...24-25
ӘДЕБИЕТ
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 26
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты
оның жинақталған анықтамасынан табуға болады.
Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен
мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы
пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші
кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық
қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты.
Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның)
ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға,
әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай
болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен
емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі
жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік
мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет — салық аясында жасайтын бірқатар іс-
әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік
ықпалына жатады, т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай
да болмасын атқарушы орган атқару — өкім етушілік сипаты бар функцияларды
орындамайды; мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске
асырады.
Курстық жұмысымның мақсат міндеті атқарушы орган өзінің басқарушылық
құзыретін қай кезде нақты жүзеге асыратынын тек сонда ғана ол атқарушы
биліктің шынайы субъектісі болып табылатындығын зерттеп қажетті
әдебиеттерді дұрыс пайдаланып жұмысымның тақырыбын толық ашу.
Ішкі басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің
процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы және сот биліктері
субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына
басшылық жасаған кезде пайда болады.Сыртқы қатынастар атқарушы билік
органдары жағынан басқарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың,
мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және
ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда
болады. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де
салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы
билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін
жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін
қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету
құрайды. Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген
заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық
қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым
түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект
болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-
субъектілігі.
Курс жұмыстың мақсаты - әкімшілік құқық пәнінің сипаттау.
Курс жұмысының міндеттері:
1. Әкімшілік құқық пәнін қарастыру
2. Әкімшілік құқық пәнін сипаттау
Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі
элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет
қабілеттіліктен. Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра
отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың
қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық
құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл —
қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.
1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
1.1 Әкімшілік құқықтың пәні.
Бұған дейін айтылғандай, ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар,
оның негізгі мақсат-міндеті айырықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды
реттеу болып табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі сол, олар атқарушы
билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы (тиісінше өзгертілуі және
тоқтатылуы) мүмкін. Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы
бойынша әкімшілік құқықғы құрайтын құқықтық нормаларға жүктелген.
Солай болғандықтан, аталған аядағы әр түрлі қоғамдық қатынастар ең
жалпы түрде Қазақстан құқығының осы саласының пәнін құрайды деп айтуға
болады. Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі
жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады. [1]

пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.Бұл анықтама кейбір
түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе
әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-
мағынасын анықтаумен байланысты.
Бұл ең маңызды жәйт, өйткені тек пән бойынша, яғни реттелінетін
қоғамдық қатынастардың сипаты бойынша құқықтық салалар ажыратылады. Олай
болатын болса, әкімшілік құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастарға нелер
тән? Ең алдымен мынаны айту керек, олар мемлекеттік басқару аясында пайда
болады, өзгертіледі және тоқтатылады. Бұған қарағанда бәрі түсінікті сияқты
көрінеді, өйткені бұл аяның шекарасы ҚР-ның барлық деңгейіндегі атқарушы
билік жүйесінің (механизмінің) ұйымдастырылуымен және жұмыс істеуімен,
мемлекеттік — басқарушылық қызметті жүзеге асыру процесімен
айқындалатындығы белгілі. Бірақта әзірге мына бір жағдайды ғана сенімді
түрде айтуға болады: біз ынта қойып отырған қоғамдық қатынастардың
мемлекеттік — басқарушылық қызметпен байланыстылығы оларды жинақтап
басқарушылық қатынастар ретінде сипаттауға болатындай мүмкіндік береді. Бұл
шындығында да солай. Бірақ олардың мәнін толық түсіну үшін бұл жеткіліксіз.
Мәселе мынада, бұған бұрын да көңіл аударылған болатын, басқарушылық сипаты
бар қатынастар мемлекеттік - басқарушылық қызметтен тысқары пайда болуы
мүмкін. Айталық, өз ісін ұйымдастыру (өзін-өзі ұйымдастыру) мақсаты бар
ішкі партиялық немесе ішкі кәсіподақтық қатынастардың шүбәсіз басқарушылық
сипаты бар. Мысалы, өздерінің жарғылық нормаларының негізінде тиісті
басқару органдарын құру, ішкі ұйымдастырушылық ережелерді белгілеу, т.с.с.
[2]
Бізге керегі мына сияқты басқарушылық сипаты бар қоғамдық қатынастар,
олардың мемлекеттік — басқарушылық қызметпен тікелей байланыстылығы себепті
оларда мемлекеттік (жариялы) мүдде, мемлекеттік басқарушылық ерік тікелей
көрініс табады. Соған сәйкес әкімшілік құқықтың пәнін анықтаған кезде
атқарушы билік жүйесінің қызметімен тікелей байланысты болатын қатынастар
басты назарда болуға тиіс. Ал мұндай қызмет атқарушы билікті жүзеге асыру
жөнінде барлық қажетті мүмкіндіктері мен өкілеттіктері бар арнайы
субъектінің болуын болжайды. Сондықтан, мемлекеттік басқару аясының шегі ең
алдымен арнайы субъектілердің-тиісті басқарушылық қатынастардың
қатысушыларының бар болуымен айқындалады. [3]
Басқадай жағдай мемлекеттік басқару аясы деп қоғамдық маңызы бар кез-
келген қызмет түрін, яғни тіпті заң шығару мен сот биліктерін жүзеге
асыруды да түсінуге сөзсіз келтіреді. Әрине, қаралып отырған проблеманы
бұлай шешуге болмайды. Бұған дейін ұсынылған әкімшілік құқықтың
анықтамасында, онымен реттелетін басқарушылық қатынастар атқарушы билікті
жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болады дедік. Бұл да
кездейсоқ айтылған емес.
Әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастардың атқарушы
билікті жүзеге асыруға байланысты пайда болатыны нені білдіреді? Бұл жерде
тек қана мынадай қатынастар (және бұл өте маңызды) еске алынып отыр, оларда
қандай да болмасын атқарушы орган, яғни атқарушы биліктің тиісті субъектісі
міндетті түрде қатысады. Олардың қатысуынсыз болатын қоғамдық қатынастар
әкімшілік — құқықтық реттеудің шеңберінен тысқары болады. Бұлар, мысалы,
азаматтардың арасындағы, қоғамдық бірлестіктердің және олардың
ішіндегілердің арасындағы, өндірістік кәсіпорындар, шаруашылық шарттарға
негізделген коммерциялық құрылымдар арасындағы, т.с.с. қатынастар.
Неге бұл қатынастар әкімшілік құқықтың реттеуіне жатпайды? Олай
болатын себебі, аталған қатынастарда мемлекеттің еркі мен мүддесін заңды
түрде білдіретін, мемлекеттік билікті (жариялы мүддені) атқарушы — өкім
етуші түрінде нақты іске асыратын қабілетті қатысушы жоқ. Нақ соның қызметі
мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының жүйесі мен механизмін тікелей
білдіруші болып табылады, олар және де әкімшілік құқықтың тиісті
нормаларымен бекітіледі. Сонымен, әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық
қатынастарға атқарушы-өкім етуші өкілеттіктер берілген субъектінің қатысуы
әрқашанда алдын ала көзделеді. Бұлар атқарушы биліктің органдары, сондай-ақ
солардың атынан іс-әрекет ететін лауазымды адамдар.
Әкімшілік құқықпен реттелінетін басқарушылық қатынастар атқарушы
билікті жүзеге асыру туралы пайда болады деген нені білдіреді? Қоғамдық
қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның) ғана болуы оны
барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, әрі әкімшілік
құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын
себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен емес,
құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды.
Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік мәмілелер
жасай алады. Олардың бюджет — салық аясында жасайтын бірқатар іс-әрекеттері
конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік ықпалына
жатады, т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай да
болмасын атқарушы орган атқару-өкім етушілік сипаты бар функцияларды

Атқарушы орган өзінің басқарушылық құзыретін қай кезде нақты жүзеге
асыратын болса, тек сонда ғана ол атқарушы биліктің шынайы субъектісі болып
табылады. Басқаша айтқанда, мына жағдай еске алынып отыр, ол өзінің
құзыретінің мазмұнын құрайтын заңдық биліктік өкілеттіктерін іске асырады.
Ал мұндай құзырет оған нақ сол мемлекеттік-басқарушылық қызметті жүзеге
асыруға қабілетті болу үшін беріледі.
Сонымен, әкімшілік құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастарда
әрқашанда тек қандай да бір атқарушы органның қатысуы ғана емес, сонымен
бірге ең алдымен оның мемлекеттің атынан өкілдік ететін мемлекеттік
биліктің атқарушы тармағының субъектісі ретінде қызмет атқаруы болжанады.
Тұтастай алғанда, біз мән беріп отырған мағынадағы басқарушылық қатынастар
атқарушы-өкім етуші функцияларды жүзеге асыратын және соларға сәйкес
келетін заңдық биліктік өкілеттіктерді қолданатын алаң болып табылады. Не
азаматтардың, не мемлекеттік емес құрылымдардың мұндай өкілеттіктері
болмайды. Баяндалған жағдайлар мемлекеттік басқару аясы деген ұғымның
мазмұнын белгілі бір шамада түсінуге көмектеседі. Дегенменде қоғамдық
қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеуге әкімшілік құқықтың пәнінен де
көрініс табатын кейбір өте айырықша белгілер тән. Бұл жерде мына жағдай
еске алынып отыр. Мемлекеттік басқару аясы дәл мағынасында мемлекеттік —
басқарушылық қызметтің кез-келген көрінісін қамтиды. Бұл даусыз. Бірақта
практикада жағдай мынадай, бұл аяға елдің экономиқалық, әлеуметтік - мәдени
және әкімшілік — саяси өмірінің барлық негізгі көріністері кірігеді. Соған
сәйкес, әкімшілік құқықтың пәнін құратын басқарушылық қатынастар Қазақстан
құқығының басқа салаларының нормалары қолданылатын жерлерден де жиі
табылады. Мысалы, еңбек, қаржы, экология, кәсіпкерлік және тіпті азаматтық
құқық пәндеріне кіретін қоғамдық қатынастар өзінің мәні бойынша
басқарушылық болуы мүмкін. Бұлар мемлекеттік қаржылық тәртіпті қамтамасыз
етумен, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын ресімдеумен, әкімшілік
бағыныштылық негізінде мүліктік қатынастардың пайда болуымен байланысты
қатынастар, т.с.с. Әлбетте, бұл сияқты қатынастар әкімшілік құқықтың
пәнінен шығарылып тасталуы мүмкін емес. Әрине, атқарушы органдар қызметінің
кейбір жақтары да сол сияқты құқықтың өзге салаларының нормаларымен
реттелуі мүмкін. Мемлекеттік басқару органдарының жасайтын мүліктік
мәмілелерді реттеумен байланысты мысал келтірілген болатын. Тағы бір мысал
келтірейік: атқарушы органдардың қызметкерлерінің басым көпшілігі әкімшілік
құқық нормаларынан басқа, сонымен қатар еңбек құқығы нормаларының негізінде
де қызмет атқарады, т.с.с. Әкімшілік-құқықтық реттеудің тағы бір айырықша
ерекшелігі бар. Оның мәні мынадай: әкімшілік құқықтың өзінің заңдық
құралдары бар, солардың көмегімен құқықтың басқа салаларымен реттелетін
қоғамдық қатынастарды қорғау жүзеге асырылады. Бұл жерде әкімшілік
жауапкершілік туралы айтылып отыр.
Әкімшілік-құқықтық реттеудің айрықша ерекшеліктерін білдіретін барлық
баяндалған жәйттар әкімшілік құқық пәнін сипаттаған кезде ескерілуге тиіс.
Бірақта оның анықтамасына тікелей қатысты тағы да бірнеше көзқарастар бар.
Мемлекеттік - басқарушылық қызмет өзінің негізгі көріністері бойынша
ұйымдастырушылық немесе ұйымдастырушы болып табылады. Бұл орайда
ұйымдастыру деп қандай да болмасын бір жүйенің (тұтастай қоғамның, оның
жекелеген элементтерінің, ұжымдардың, т.с.с.) қалыпты жұмыс істеуі үшін
қажетті жағдайларды жасау түсініледі. Бұдан шығатын қорытынды,
ұйымдастырушылық қатынастар тек мемлекеттік басқару аясында ғана болуы
мүмкін емес. Мысалы, оның жекелеген көріністері заң шығарушы және сот
биліктері органдарының, проқуратура органдарының қызметінен табылады. Олар,
мысалы, Парламент аппаратының жұмысымен, сот органдары басшыларының өз
аппараттарына басшылық жасау жөніндегі және проқурорлардың проқурорлық
жүйенің төменгі тұрған буындарының қызметкерлерін тағайындау туралы,
олардың жұмысына бақылау жасау туралы қызметімен байланысты, т.с.с. Бұл
сияқты қызмет өзінің мәні бойынша заң шығару немесе сот билігінің,
проқурорлық қадағалаудың көрінісі болып табылмайды. Олар осы мемлекеттік
органдарға жүктелген конституциялық функцияларды орындауды ұйымдастыру
жағынан қамтамасыз ету мақсатына қызмет етеді. Әрине, ол атқарушы биліктің
де көрінісі болып табылмайды. Бірақ, ішкі ұйымдастырушылық болғандықтан, ол
әкімшілік құқықтың нормаларымен белгіленген тәртіптердің негізінде жүзеге
асырылады. Алайда жоғарыда көрсетілген органдардың басшылары атқарушы
органдарға сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктерді жиі пайдаланады
(мысалы, тәртіптік жазалар қолданған кезде). Мұндай жағдайларда олардың бұл
сияқты қызметін Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес жүзеге асырылатын
әкімшілік-құқықтық регламентациялау екені белгілі.
Сонымен бірге тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, мемлекеттік басқару
аясында атқарушы билік субъектісіңің қатысуынсыз да қатынастардың пайда
болуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайда, бірақта, оны міндетті түрде мемлекеттік
биліктің атқарушы органдарына сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктер
берілетін өзге субъект ауыстыруға тиіс (өкіл етіп берілген өкілеттіктер).
Сөйтіп бұл өзге субъект мемлекет атынан өкіл болуға мүмкіндік алады.
Атқарушы биліктің органы еместерге заңдық биліктік өкілеттіктер беру оларды
өкілдік ету ретінде білдіреді.
Сонымен бірге әкімшілік-құқық жергілікті өзін-өзі басқару органдары
мен жергілікті атқарушы билік органдарының арасындағы басқарушылық
қатынастарды да реттейді.Сонымен, әкімшілік құқықтың пәні өте әр түрлі және
бұл нарықтық қатынастардың дамуының қазіргі кезеңдегі жағдайында да өмірдің
экономиқалық және әлеуметтік аяларындағы қоғамдық байланыстардың төте көп
тобын қамтитын мемлекеттік — басқарушылық қызметтің қоғамдық — саяси
маңыздылығымен толығынан алдын-ала айқындалған жаңа құбылыстар
(экономиқалық реформалар, жеке меншік институттарының қалыптасуы,
приватизация, т.с.с.) өзінен-өзі, стихиялы білінбейді. Олар тек мемлекеттік
қолдау мен қорғауды ғана емес, сонымен бірге реттеуді де қажет етеді.
Сондықтан әлеуметтік басқарудың негізгі субъектісі ретінде мемлекет
қызметінің маңызы сақталады, ол өзінің көрінісін, мысалы, әкімшілік-
құқықтық реттеудің белгілі бір шамада кеңейуінен және модификациялануынан
табады.
1.2 Басқарушылық қатынастар
Әкімшілік құқық, сонымен, өзінің қасиеті бойынша айтарлықтай әртүрлі,
бірақ біртектес қатынастарды реттейді. Олардың ішінде:
а) атқарушы биліктің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
тікелей жүзеге асырылатын қатынастар;
ә) заң шығарушы (өкілді) және сот биліктері субъектілері, сондай-ақ
проқуратура органдары қызметінің процесінде пайда болатын ішкі
ұйымдастырушылық сипаты бар қатынастар;
б) жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне мемлекеттік-биліктік сипаты
бар өкілеттіктер берілген болса, онда олардың атқарушы органдарының
қатысуымен пайда болатын қатынастар;
в) қолданылып жүрген заңнамаларда тікелей қаралған жағдайларда
қоғамдық бірлестіктердің және өзге мемлекеттік емес құрылымдардың
қатысуымен болатын қатынастар (мысалы, оларды мемлекеттік тіркеуді және
қызметіне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырған кезде). Сонымен қатар
әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарды, олардың арналымы
мен реттеудің мақсаттарына байланысты екі топқа бөлуге болатынын ескеру
керек. Мұндай мағынада ішкі және сыртқы қатынастар ажыратылады.
Оларды бұлай топтастырудың қандай мәні бар? Ішкі (ішкі
ұйымдастырушылық немесе ішкі жүйелік) басқарушылық қатынастар тек атқарушы
билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы
(өкілді) және сот биліктері субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура
органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады.
Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқарылатын сыртқы
объектілердің (азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес
кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей
басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады. Сыртқы қатынастар,
солардың шеңберінде атқарушы билік органдарының міндеттері, функциялары мен
өкілеттіктері тікелей жүзеге асырылады, өйткені атқарушы билік органдары
тарапынан басқарылатын сыртқы объектілердің еркі мен мінез-құлқына
басқарушылық ықпал жасалынады. Сыртқы қатынастар болып мыналар саналады:
а) атқарушы биліктің әртүрлі органдарының (біріне бірі
бағыныштылардың және біріне бірі бағынышты еместердің) арасындағы;
ә) атқарушы билік органдары мен азаматтардың арасындағы;
б) атқарушы билік органдары мен олардың ұйымдастыру жағынан
бағынысындағы кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың
арасындағы;
в) атқарушы билік органдары мен сот билігі органдарының арасындағы;
г) атқарушы билік органдары мен қолданылып жүрген заңнамаларда
қаралған жағдайларда мемлекеттік емес ұйымдардың арасындағы. [4]
Басқарушылық қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеудің
нәтижесі оларды әкімшілік-құқықтық сипаты бар қатынастарға айналдыру болып
табылады. Басқарушылық қатынастарда белгілі бір объект болады. Бұл жерде
олардың не жөнінде пайда болатыны көзделіп отыр. Бұдан бұрын баяндалған
жағдайлардан мынадай қорытыңды шығады: әкімшілік-құқықтық нормалар нақты
қоғамдық қатынастар тараптарының өзара байланысты міндеттері мен құқықтарын
қарайды, олар сол тараптардың іс-әрекеттерінде жүзеге асырылуы мүмкін
болады. Бұл міндеттер мен құқықтар мемлекеттік басқару аясындағы
тараптардың қажетті мінез-құлықтарымен, яғни олардың белгілі бір іс-
әрекеттер жасауымен өте тығыз байланысты. Демек, басқарушылық қатынастардың
өздері де осы іс-әрекеттер арқылы іске асырылады. Осыған сәйкес
басқарушылық қатынастардың, сондықтан да, және әкімшілік-құқықтық реттеудің
объектісі қоғамдық қатынастардың осы түрінің қатысушыларының мінез-құлқы
болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені мемлекеттік басқару аясында
адамдар мен олардың тиісті ұжымдық құрылымдары жұмыс істейді (мысалы,
атқарушы органдар, кәсіпорындар мен мекемелер, қоғамдық бірлестіктер). Осы
себепті мемлекеттік — басқарушылық қызметтің объектісі адам болып табылады
деп айтылатын кездегі жағдайларда, мұндай формуланы (жеке қорытындыны)
сөзбе-сөз ұғынуға болмайды. Адамның өзі емес, оның мінез-құлқы, яғни.қандай
да бір іс-әрекеттері реттеуге жатады. Адамдардың іс-әрекеттері өзінің
арналымы мен нақты мазмұны бойынша әр түрлі. Олар атқарушы билікті жүзеге
асыру жөніндегі күнделікті міндеттерді жүзеге асырумен (мысалы, құқықтық
актілер шығарумен), атқарушы органдардың және реттелінетін қоғамдық
қатынастардың өзге қатысушыларының қарым-қатынастарымен (мысалы, азаматтың
шағым беруі және оны шешу) байланысты болуы мүмкін, т.с.с. Барлық
жағдайларда тараптардың тиісті өзара байланысты іс-әрекеттерінің бар
екендігі көрініп түр. Адамдардың іс-әрекеттері материалдық нәрселермен
(заттармен) байланысты болуы мүмкін. Мысалы, полиция қызметкерлері
өздерінің құқық қорғау міндеттерін жүзеге асырған кезде қару пайдалануға
құқылы; адамдар әр түрлі көлік құралдарын көп пайдаланады, т.с.с. Бұл
сияқты жағдайларда да басқарушылық қатынастың объектісі заттың өзі емес,
реттеуге жататын ол емес, затты пайдаланатын, оған билік ететін адамдардың
іс-әрекеттері болып табылады. Осыған сәйкес әкімшілік-құқықтық нормалар
заттарды біреуге беруге немесе пайдалануға байланысты тараптардың
міндеттері мен құқықтарын белгілейді. [5]
1.3 Әкімшілік кұқықтың функциялары
Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де

құрайды. Әлбетте, бұл жалпы құқықтық функция-әкімшілік-құқықтық нормалардың
ең маңызды мазмұны, өйткені реттеу заң мағынасында қажетті мінез-құлық
ережелерін белгілеуден көрініс табады. Мемлекеттік басқару аясындағы осы
сияқты ережелерді белгілеу әкімшілік құқықтың атқаратын қызмет рөлінің
негізгі көрінісі болып табылады. Басқарушылық қатынастарды әкімшілік-
құқықтық реттеудің әр түрлі мақсатты міндеттері және, соған сәйкес, өзінің
көрінісінің әр түрлі нысандары болуы мүмкін. Осыны ескере отырып, әкімшілік
құқықтың үш аса маңызды көріністері жөнінде айтуға болады. [6]
1. Атқарушы биліктің мемлекеттік — биліктік механизімдегі рөліне
толығынан сәйкес келетін әкімшілік құқықтың құқық атқарушылық функциясы өте
айқын деңгейде көрініс табады. Бұл әкімшілік-құқықтық реттеудің ең негізгі
мазмұны өзінің көрінісін өзіне тәнді құралдармен қолданылып жүрген
қазақстанның заңнамаларының талаптарын іске асыруды (атқаруды) қамтамасыз
етуінен көрініс табатынын білдіреді.
2. Әкімшілік-құқықтық реттеу сонымен бірге мынадан да көрініс
табады, атқарушы биліктің тиісті субъектілері дербес, бірақ заңға
тәуелді негізде құқықтық нормалар шығаруға өкілетті. Әкімшілік
құқықтың құқық шығару немесе құқықты белгілеу функциясының мәні
осында. Бұл орайда қажетті түрде ескеруге жататын ең маңызды
жәйт, әкімшілік құқық шығару әкімшілік құқықтың негізгі, яғни
құқық атқарушылық функциясынан туындайды және соның
мүддесіне қызмет етеді. Шын мәнінде бұл дегеніміз атқарушы билік
органдарының өздері жасап шығаратын әкімшілік құқықтың нор
малары өзінің мәні бойынша да құқық атқарудың нақты нысаны
болып табылады. Мысалы, ҚР-ның Үкіметі — ҚР-сы Конституциясының, заңдарының
және Президентінің нормативтік жарғыларының негізінде және соларды орындау
үшін нормативтік сипаты бар
құқықтық актілер шығарады.
3. Әкімшілік-құқықтық реттеу процесінде сондай-ақ өзінің
міндеті белгіленген құқықтық режимді сақтауды және реттелетін
қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды құқықтары мен
мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатына арналған құқық
қорғаушылық функциясы да жүзеге асырылады. Тағы да бір рет
атап айту керек, атқарушы органдар мен олардың лауазымды
адамдары бақылау-қадағалау өкілеттіктерінің кең көлемін жүзеге
асыру және әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен
қолданылып жүрген құқықтың өзге салаларымен реттелетін көптеген қоғамдық
қатынастарды құқықтық қорғау іс жүзінде қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік-құқықтық реттеуді жүзеге асырғанда қазіргі кезде басты
назар республиқалық, салалық және аймақтық маңызды бағдарламаларды іске
асыруға (мысалы, экономиқалық, әлеуметтік-мәдени салаларда: индустриалды —
инновациялық, бәсекеге қабілетгі өнімдер шығару, тұрғын-үй, білім,
денсаулық сақтау, т.б.); шаруашылықтың ұйымдық-құқықтық негізін қамтамасыз
ететін талаптарды өмірге енгізуге (мысалы, монополизмнің жолын кесу,
кәсіпкерлікті мемлекеттік ынталандыру, тұтынушылар құқықтарын қорғау); жеке
және заңды тұлғалардың мемлекеттік басқару аясындағы құқықтары мен
міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге; атқарушы биліктің
республиқалық және аймақтық органдарының, шаруашылық және әлеуметтік-мәдени
өмірінің мемлекеттік және жеке меншік секторларының қызметін үйлестіруге;
реттелінетін қоғамдық қатынастардың аясында мемлекеттік бақылау мен
қадағалауды жүзеге асыруға аударылады. [7]
2 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘДІСТЕРІ

Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы
мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың

қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері. Олар құқықтың пәнімен
бірге ҚР-сы құқығының кез-келген саласына, оның ішінде әкімшілік құқыққа да
толық сипаттама береді. Мұның сыртында, қоғамдық қатынастардың тобы
бойынша, яғни құқықтық реттеудің пәні бойынша көптеген құқық салалары өте
жақын болады, ал кейде тіпті өздерінің негізгі көріністерінде тура келеді
(мысалы, мүліктік қатынастар, табиғи ресурстарды қорғау аясындағы
қатынастар, қаржылық және кәсіпкерлік қызмет). Сондықтан реттеу әдісі
кұқықтық салаларды айырған кезде айқындауыш белгі рөлінде жиі болуы мүмкін.
[8]
Жалпы құқық теориясы тұрғысынан Қазақстан құқығының кез-келген
саласының құқықтық реттеу құралы ретінде төмендегі заңдық мүмкіндіктерді
пайдаланатындығы жеткілікті түрде сенімді етіп дәлелденген: нұсқама
(міндеттеу), тыйым, ерік беру. Олардың жиынтығы қоғамдық қатынастардың кез
келген түріне құқықтық ықпал жасаудың мазмұнын құрайды. Нұсқама (міндеттеу)
— бұл тиісті құқық нормасымен осы нормада қаралған жағдайларда зандық
маңызы бар қандай да бір іс-әрекет жасауға тікелей заңдық міндет жүктеу.
Демек, норма тиісті жағдайларда өзгеше емес, тап осылай істеу керек деп
көрсетеді. Мысалы, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына
өздерінің нормативтік - құқықтық актілерін ҚР-ның Әділет министрлігінде
және оның жергілікті органдарында тіркеу міндеті жүктелген. Тыйым —
шындығында бұл да нұсқама, бірақ заңдық мазмұны басқа. Оның мағынасы
мынада, құқық нормасы өзінің әдіресаттарына (жолданатындарына) осы нормамен
қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі бір іс-әрекеттерді жасаудан
бас тартуға тікелей заңдық міндет жүктейді. Әкімшілік тыйымға мысал ретінде
ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде қаралған құқық
бұзушылықтардың құрамдарын айтуға болады. [9]
Ерік беру — бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар
қандай да бір іс-әрекеттерді өзінің қалауы бойынша жасауға немесе оларды
жасаудан бас тартуға заңды түрде рұқсат беру. Әрине, әрбір құқық саласы
аталған әдістерді өзінің реттейтін пәнінің, яғни қоғамдық қатынастардың
ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланады. Құқық салаларының арасындағы
айырмашылықтарын әдістің қайсысын нақты пайдаланудың деңгейіне (үлес
салмағына) қарай айыруға болады. Мысалы, қылмыстық құқыққа тыйым, азаматтық
құқыққа ерік беру неғұрлым тән. Бірақта ерік беруді қылмыстық-құқықтық
нормалардың мазмұнынан да табуға болады, ал сол бір кезде тыйымдар мен
нұсқамалар сияқтылар азаматтық құқықтың нормаларында болуы мүмкін. Мысалы,
Азаматтық кодекс азаматтық құқықтарды, бәсекелестікті шектеу, сондай-ақ тек
қана басқа тұлғаға зиян келтіру ниетпен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер
мақсаттарында пайдалануға жол бермейді. Сонымен бірге азаматтар мен заңды
тұлғалардың осы Кодексте және өзге де заң құжаттарында белгіленген
құқықтарын шектейтін мемлекеттік басқару органдарының құжаттары қабылданған
кезден бастап жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиіс делінген. Бұл
жерде тікелей заңдық нұсқама екендігі белгілі болып отыр. [10]
2.2 Әкімшілік құқық әдісінің ерекшеліктері
Әкімшілік құқық шындығында құқықтық реттеудің барлық әдістерін
пайдаланады. Сонымен бірге басқарушылық қатынастарға құқықтық ықпал
жасаудың қандай да бір құралдарын таңдауға осы қатынастарда іске асырылатын
атқарушы билік өзінің барлық айырықша ерекшеліктерімен шешуші әсер етеді.
Бұл орайда ең маңыздысы мынада, қоғамдық қатынастардың ерекше түрін заң
арқылы байланыстыру процесі пайда болады, осылардың шегінде бір тарап
басқарушы рөлінде, ал екіншісі — басқарылушы рөлінде болады. [11]
Соған сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін қатынастарда
басқарылатындардың еркінің бірыңғай басқарушы ерікке белгілі бір шамада
бағынуы әрқашанда едәуір немесе шамалы деңгейде көрініс табады, оны
білдіруші заңдық биліктік өкілеттіктер берілген атқарушы биліктің қандай да
болмасын субъектісі болып табылады. Бұл объектінің бұлайша іс-әрекет
етуінің себебі, ол мемлекет атынан өкілдік етеді және жариялы мүддені
білдіреді. Осыдан бұл қатынастарда тараптардың заңды түрдегі теңсіздігі де
туындайды. Тараптары бір құқықтық дәрежеде болатын, мысалы, азаматтық-
құқықтық мәмілелермен салыстырғанда, басқарушылық қатынастарда атқарушы
билік субъектісінің ерік білдіруі басқарылатын тараптың ерік білдіруімен
бірдей болуы мүмкін емес. Міне не себепті әкімшілік құқықпен реттелетін
қоғамдық қатынастарды биліктік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz