Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістері
Курстық жұмыс
Ф 11.01-2021
1-баспа 25.06.2021
Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ кафедрасы
КУРСТЫҚ Жұмыс
Математиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістері
Білімгер:Әбдібекова Дамира Тобы: ПМНО 19-5 _____________
қолы
Жетекші: Сарыбекова Қ.Н. п.ғ.к., доцент
аты-жөні қызметі
Қорғауға жіберілді ____________________2021ж. ____ _________________
қолы
Жұмыс қорғалды __________________2021ж. бағасы __________________
жазбаша
Комиссия мүшелері: _________________________ ____________________
аты-жөні қолы
______________________________ ___ ________________

Тараз 2021
Курстық жұмыс
Ф 11.01-2021
1-баспа 25.06.2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БAСТAУЫШ БІЛІМ БЕРУ кафедрасы
ПМНО 19-5 тобының білімгеріне Әбдібекова Дамира курстық жоба (жұмыс)
ТАПСЫРМА

1. Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістері
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы - курстық жұмысты университеттің талаптарына сай рәсімдеу
3.Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары)
Орындау кестесі
Көлемі, %
Орындау уақыты
Кіріспе
10%
22.09
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
15%
6.10
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
15%
20.10
Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым
10%
27.10
БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫНДА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
10%
28.10
Математиканы көрнекілік әдісі арқылы оқыту
10%
3.11
Педагогикалық тәжірибе және оның нәтижелері
10%
10.11
Қорытынды
10%
17.11
Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер
10%
17.11
Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі
100%
04.12.2021
Қорғау
Кафедра мәжілісінде бекітілген 27.062021 ж. хаттама № 10
Жетекшісі: п.ғ.к., доцент ___________ Сарыбекова Қ.Н
Тапсырманы орындауға қабылдадым 3 09.2021ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫНДА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Математиканы көрнекілік әдісі арқылы оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .12
2.2 Математика пәні бойынша сыныптан тыс сабақ түрлері және оны өткізу әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында Біздің жастарымыз оқуға жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға білім мен технологияның күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек - деп атап көрсетілген [1;2]. Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі - математика.
Дидактикалық түрде негізделген оқыту әдістері танымдық қатынастың жолдары арқылы күнделікті танымдық әдістер мен ғылыми танымдық әдістерді байланыстыру арқылы іске асады. 1997-98 оқу жылынан бастап мектептер оқытудың жаңа мазмұнына көше бастады. Осыған орай жалпы мектепте берілетін білімнің тұжырымдамасы, мемлекеттік стандарты, жаңа типтік оқу жоспары мен бағдарламалары жасалды. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру стандартында көрсетілгендей білімнің мазмұны өзгерумен бірге әр пән бойынша білім мазмұнын оқытудың әдістемесі де түбегейлі өзгеріп отыр. Мектеп тәжірибесінен енгізіліп отырған төл оқулықтардың жаңа толқынында дамыта оқыту технологиясының мүмкін бір нұсқасы берілген. Сол себептен жаңа материалды түсіндіру кезеңдерінде қолданылатын әр алуан әдістерді де жетілдіру қажеттігі байқалады.
Дегенмен оқыту әдістерінің қолайлы етіп таңдаудың теориялық қағидалары мен тәжірибесінде бірізділіктің болмауы байқалуда. Осыдан келіп оқыту әдістерін тиімді қолданудың теориясы мен тәжірибесі арасындағы қарама-қайшылық орын алуда. Осы қарама-қайшылықты шешу мақсатында Курстықдық жұмысымыздың тақырыбын: "12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып математикасын оқытудың әдіс-тәсілдері" деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: математикалық ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерінің мазмұны мен мән-мағынасына орай оқыту әдіс-тәсілдерін 12 жылдық білім беру жүйесінде тиімді қолданудың жолдарын айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқыту әдістерін саралау және олардың ерекшеліктері мен мәнді белгілерін айқындау мәселесіне шолу жасау.
2. Ұғымдарды және іс-әрекет тәсілдерін оқытып үйретуде қолданылатын әдістерді іріктеу.
3. Математиканы оқыту барысында әдістерді үйлесімді қолданудың критерийлерін жасау.
4. Математиканы оқыту барысында әдістерді үйлесімді қолданудың әдістемесін сынақтан өткізу және оның нәтижелері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сыныптың математика пәнін оқытудың формалары мен әдістерін оның мазмұнының ерекшеліктеріне сай тиімді қолдана білсек, оқушы мен мұғалім іс-әрекеттері дұрыс қалыптасса, оқушыны білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші субъект деп түсініп, оқыту жүйесін соған лайықтасақ, онда бастауыш сынып оқушыларының өз бетінше ізденісін, танымдық қызығушылығын арттыруға болады.
Зерттеу обьектісі: Мектептегі математиканы оқыту
процесі.
Зерттеу пәні : Бастауыш сынып математикасын оқытудағы оқытудың формалары мен әдістерінің теориялық негіздерін қалыптастыру.
Зерттеу әдістері:
- Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге шолу;
- оқулықтар, бағдарламалар, білім мемлекеттік стандартты талдау;
- байқау, бақылау, оқыту әдістерін салыстырмалы талдау;
-тәжірибе және оның нәтижелерін қорытындылау.
Зерттеу кезеңдері:
1-кезең: тақырып бойынша арнайы әдістермен танысу, оларды талдау.
2-кезең: зерттеудің жоспарын құру, өткізу орнын анықтау, зерттеуді жүргізу.
3-кезең: жұмысты қорытындылау және безендіру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер және қосымша тізімінен тұрады.
І 12 жылдық білім берудің математикасын оқыту әдістерінің теориялық негіздері
1.1. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Сонымен бірге ол негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады.
Білім берудің бастауыш деңгейінде "Математика" пәнiнен берілетін базалық білім мазмұны 1) теріс емес бүтін сандар арифметикасы; 2) алгебра элементтері; 3) геометрия элементтері деп аталатын үш блоктан тұрады.
Бастауыш сыныптарда оқыту барысында әрбiр жаңа ұғымды енгiзгенде оның маңызы мен мазмұнын ашып-көрсетуге мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр iс-әрекет (практикалық жұмыс, есеп шығару) жүзеге асырылып отырады. Осы мақсатта бастауыш математикалық бiлiм мазмұнында мәтiндi есептер жүйесi қамтылды. Есеп шығарудың әртүрлi тәсiлдерiмен таныстыру - олардың ең тиiмдiлерiн оқушылардың өздерi өз беттерiмен iздестiрулерiне жағдай жасайды. [11]
Математиканы оқытуда жинақталған бiлiмдi, бiлiктердi өзгертiлген жағдайда қолдана алу маңызды рөл атқарады. Ол үшiн тапсырмалар жүйесi алдымен жеңiлдеулерiн, одан кейiн бiртiндеп күрделiлерiн орындауда оқушылар сәйкес бiлiм мен бiлiктердi меңгеретiндей, оларды есеп шығаруға жаттықтыратындай етiп құрылуы қажет. Сонымен бiрге оқушылардың өз ұсыныстарын негiздеуiне, өз ойларын дәл, түсiнiктi және тиянақты етiп жеткiзе алуына үлкен мән берiлуi тиіс.
Мәтiндi есептердi шығаруда белгiлілер мен белгiсiздердi салыстыра отырып, оқушылар олардың арасындағы негiзгi байланысты түсiнулерi және оны математикалық қатынастар тiлiне ауыстыра алулары, есептердiң шығарылуын математика тiлiнде рәсiмдей алулары қажет.
Периметр, аудан және көлем жөнiндегi геометриялық материалдарды оқып-үйренуде сандық және құрамында бiр ғана әрпi бар әрiптi өрнектердi құруға, оқуға, түрлендiруге, есептеуге қатысты бiлiктер мен дағдылар белсендi пайдаланылады. Бұл алгебра мен геометрия элементтерiнiң арифметикалық материалдармен табиғи бiрлiгiн тиiмдi жүзеге асыру жолдарының бiрi болып табылады.
Бастауыш сыныптардың математика жөнінен жаңа программаларға көшуіне байланысты жаңа әдістемелік жүйе жасалды, ол жүйе жаңа программаны іске асырудың тиімді жолдарын қарастырады. Мұндай жүйені жасау үстінде математиканы оқыту ісінде бұрыннан жинақталған құнды делінгендердің бәрі пайдаланылды.
Бастауыш сынып оқушыларына математиканы ойдағыдай оқыту үшін алғаш оқыта бастаған мұғалім математиканы оқытудың бұрыннан қалыптасқан жүйесін, бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесін игеруі тиіс және осының негізінде ол өз бетімен творчестволық жұмыс істейтін болуы керек.
Педагогикалық технология - теориялық білімді педагогтар мен оқушылардың жеке даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін бүтіндей педагогикалық үрдістің жұмысын тәжірибеде іске асыратын дәйекті әрекеттер жүйесі, оның орындалу нәтижесін бірте-бірте жеке тұлға мен ұжымның дамуынан көруге болады. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсінділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Білім нәтижесін бағалау мен білім сапасының өлшемдерін анықтау берілетін білімнің түпкі нәтижеге бағытталуымен және оқытуда тиімді технологияларды пайдаланумен айқындалады. Пәнді меңгерту сапасының нәтижелі болуы іздемпаздықты талап ететіндігін айта келіп, оны қазіргі жағдайда оқытудың өзіндік технологиялық әдістерін ұсынады. Сонымен қатар әдіскер ұстаз оқушының білім алуы, жан жақты дамып жетілуіне бағытталған іс-әрекеттерді мақсатты түрде ұйымдастыра білу мен оған мұғалім ретінде де көрсете отырдып біртұтас жүйе деп қарастырудың мынадай мәселелеріне тоқталады.
1.Педагогика ғылымының соңы жетістіктері сапынан орын алып келе жатқан тиімді идеялары негізінде сабақ мақсаттарын бірлікте қарастыру.
2.Әдіс-тәсілдер мен оқу жүйелерінің тиімді деген түрлерін сұрыптап алу, әрі оны ұтымды пайдалана білу.
3.Берілетін білімнің ішінен ең негізгі мәйегін,түйінін нақты бір жағдай,нақты білім беру кезеңдеріне орай сұрыптап,бөліп алу,негізгі ұғымдарды анықтау, оларды оқушыға жеткізудің нәтижелі жолдарын іздестіру.
4.Оқушыларды даралап, әрі саралап оқыту әдістемелері.
5.Тәрбие беруде сабақ түрлері мен үлгілерін іздестіру.
Адам ұрпағымен мың жасайды дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз оқу надан жұрттың күні-қараң, келешегі тұман деп М.Дулатов айқанындай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтін сияқты жас ұрпағымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін үрдісінде тиімді пайдалану-әрбір ұстаздың міндеті [11;45].
1.2 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым
Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
:: ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
:: мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер
:: оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
:: жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу,
ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.
Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.
Педагог ақын М.Жұмабаев ақыл көріністері әсерленуден пайда болады, әсерленудің күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі деп көрсетеді. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин әдеби шығармалардың адамгершілік туралы жазған жерлерін оқушыларға талдатады. Қызықты мысалдар, тәжірибе жүргізу, бір-біріне кереғар келетін айғақтар оқушының түрлі сезімдерін туғызып, оны оқуға ынталандырады. "Тұрмыстағы физика", "Ертегілердегі физика" деген тақырыпқа мысалдар жинату да пайдалы жұмыс.
Атақты ғалымдардың және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы кештер, көркем әдебиеттен үзінділер оқу танымдық қызығушылықты арттырады.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық тақырыптарының мазмұны - оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал.
Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі - танымдық ойындар. Пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады.
Жауапкершілікті қалыптастыру әдістері.
Тәсілдері:
:: оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру;
:: талап қою;
:: талаптарды орындауға үйрету;
:: өз міндеттерін жақсы атқаратындарды мадақтау;
:: керек жағдайда жазалау әдісін қолдану;
:: оқушыға кемшіліктерін айтып, оларды түзетуге көмектесу.
Оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру үшін мұғалім өндірістің дамуына ғылымның қалай әсер еткенін айтып, білімділік еңбек өнімділігін арттырып, жаңашылдыққа әкелетінін дәлелдейді.
Оқушыға оқудың пайдасын түсіндіру. Жаратылыс-математика бағытын таңдаған балаларға қоғамдық ғылымдардың, қоғамдық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқитын оқушыларға жаратылыс-математика бағытындағы пәндердің пайдасын түсіндіру үшін өндіріске экскурсияға, мәдени орталықтарға, кітапханаларға экскурсияға апарудың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің дарынды балаларға жасап отырған қамқорлығын, түрлі олимпиадаларға қатысудың, мамандығын растайтын құжаттардың тіршілік үшін маңызын түсіндірудің пайдасы зор.
Оқуға байланысты талаптар қою әдісі арқылы оқушыларға барлық пәндер бойынша бағалау өлшемдері, мектептің ішкі төртібі, оқушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Оқушыларды оқу жұмысының алуан түрін орындауға үйрету, жаттықтыру борыш пен жауапкершілікті қалыптастырады. Үлгілі оқушылар мен мұғалімдердің де бала оқуына ықпалы зор.
Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері.
Мадақтау түрлері:
:: баға қою;
:: тапсырмалар арқылы оқушыны табысқа жеткізу;
:: оқушыны тәжірибе және зертханалық жұмыстарды жүргізуге көмекші етіп алу;
:: топтық тәжірибелік жұмыс кезінде оқушыға бөлімшелерді басқарту;
:: үлгерім және сабаққа қатынас көрсеткіштерін шығару;
:: білімнің қоғамдық байқауының қорытындылары бойынша мадақтау;
:: жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуі, т.б.
Жазалау түрлері:
:: сабақта оқушыға ауызша ескерту жасау;
:: күнделікке, дәптерге "қанаттанғысыз" баға қою;
:: қателерін айтып, қосымша жұмыс істеуді талап ету.
Ойын - оқыту әдісі
Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады.
2. Бастауыш сынып математикасында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары
2.1 Математиканы көрнекілік әдісі арқылы оқыту
Әдістер жөніңдегі мәселе- білім және тәрбие беруде жоғары нәтижелерге жету үшін қалай, оқыту керектігі жөніндегі мәселе.
Педагогикада бастауыш кластарда мектепте өтілетін кез кел-ген пәнді оқытуда пайдаланылатын әр түрлі әдістер қарастырылады. Мысалы, мұғалім мен оқушының бірлесіп орындантын іс-әрекетін ескергенімізде мынадай әдістерді айырып көрсетуге болады: мұғалімнің материалды түсіндіруі, әнгіме өткізуі, оқу-шылардың _өз бетімен істейтін жұмысы. "Балалардың білім ка-былдау тәсіліне қарай мынадай әдістерді айырып көрсетуге бо-лады: догматикалық, эвристикалық және зерттеушілік. Егер әдістерді берілетін білімді айқындауда оқушының ақыл-ойының соған қалайша келтірілетіндігі тұрғысынан алатын болсақ, онда индуктивтік және дедуктивтік әдістер жөнінде сөз етіледі т. с. с. Осы әдістердің бәрі оқу пәнінің өз ерекшеліктерін ескере, өзара байланысты және бірлестіре отырып математиканы оқытуда қолданылады. Мысалы, оқушыларды жаңа, материалмен таныс-тырған кезде эвристикалық сипатты әңгіме әдісін пайдалануға болады, оны өткізу процесінде оқушылар жаңа білімдерге ин-дуктивтік жолмен келтіріледі. Математиканы оқытуда әдістерді нақтылы пайдалану математиканың бастауыш курсының маз-мұнының ерекшелігін ескереді. Мысалы, математиканы оқыту әдістерінің оқу сабағын өткізу әдістерінен айырмашылығы бар геометриялық материалды оқып үйрену әдістерінің арифметикалық материалды оқып үйрену әдістерінен айырмашылығы бар. Нақтылы мазмұнды оқып үйрену әдістері жөніңдегі мәселе математиканың бастауыш курсының жеке бөлімдерімен жұмыс өткізу методикасын қарастырған кезде айқындалып ашылады. бұл параграфта математикалық материалды оқып үйрену кезінде әдістерді пайдалану ерекшеліктері ашылып айқындалады. Оқыту әдістерін таңдап алу көптеген факторлармен анықталды: қазіргі жағдайларда мектеп алдыңа койылатын оқытудың жалпы міндеттерімен, оқып үйренілетін материалдың мазмұнымен. балалардың тиісті материалды игеруге дайындық деңгейімен т. б. анықталады. Математиканы оқытудағы негізгі білім беру міндеттері жеткілікті жоғары деңгейде тұжырымды қорытындылау арқылы балалардың білімін қалыптастыру және оларды белгілі бір біліктер мен дағдыларға үйрету болып табылатыны белгілі [31.45]. Бұл міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін, оқыту методикасында математикалық материалды оқып үйрену белгілі бір баскышпен жүргізілуі көзделуі тиіс: жаңа материалды оқып үйренуге дайндық, жаңа материалмен таныстыру, алған білімін білігін және дағдысын пысықтау (бекіту). Бастауыш кластарда математикалық материалды оқып үйрену ерекшелігі жаңа материалды оқып үйренуге дайындау. жаңа материалмен таныстыру және тиісті білімдерін. біліктерін немесе дағдыларын бекіту оқушыларға жаттығулар жүйесін, яғни белгілі бір математикалық тапсырмаларды орындату арқылы жүзеге асырылады. Өзінің математикалық құрылымы жөнінен материалдың мазмұнына байланысты жаттығулар түрліше болуы мүмкін өрнектердің мәндерін табу, өрнектерді салыстыру, теңдеулерді шешу, есептер шығару т. б. Жаттығулар түрліше ұсынылуы мүмкін тақтаға жазылуы мүмкін оқулықтан алынуы немесе мұғалімнің айтуы бойынша жазып алынуы мүмкін; әдеттегі түрде немесе қызықты түрде, дидактикалық ойын түрінде т. с. с. берілуі мүмкін. Математиканы оқытудың негізгі міндеттерін шешуде табыс түрлі программалық материалмен жұмыс жасаудың түрлі басқыштарында қандай әдістерді қолданған орынды болады.
Дайындық жұмысы оқушылардың бәрі материалды ойдағыдай меңгеруі үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуі керек. Бұл басқышта берілетін жаттығулар жүйесі балалардың, тәжірибе алып, оны кеңейте түсуіне көмектесуі тиіс, ал ол тәжірибеге жаңа материалмен таныстыруда, мате-риалды ашып айқындауда сүйенуге тура келетін болады. Мысалы, арифметикалық амалдармен таныстыру негізіне жиындарға қолданылатын амалдар алынады: ортақ элементтері болмайтын жиындарды біріктіру, жиынның бөлігін айырып алу т. с. с. Сондықтан амалдармен таныстырудан бұрын, әңгіме әдісін қолданып, оқушыларға жиындарға операциялар қолдану жөнінен жаттығуларды ұсыну керек.
5 дөңгелек және тағы да 2 дөңгелек алып,қойыңдар. Оған 2 дөңгелекті жақындатып қойыңдар. Неше дөңгелек болды? 3 дөңгелекті алып қойыңдар. Енді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz