Алма жемірі көбелектің систематикалық орны
Курстық жұмыс
Ф 11.01-2021
1-баспа 25.06.2021
Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ұстаз институты
Химия және биология кафедрасы
КУРСТЫҚ Жұмыс
Қолданбалы биология және топырақтанупәні бойынша
Тақырыбы: Жеміс - жидек дақылы алманың биологиясы және агротехникасы
Білімгер: Юлдаш Гүлназ Тобы: Б-19-1
Жетекші: А-ш.ғ.д.Тулеубаев Жақсыбай
Қорғауға жіберілді ____________________20____ж.___ __________________
қолы
Жұмыс қорғалды __________________20__ж.бағасы_ _________________
жазбаша
Комиссия мүшелері:__________________________ ___________________
аты-жөніқолы
___________________________________ ______________

Тараз 2021
Курстық жұмыс
Ф 11.01-2021
1-баспа 25.06.2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Б-19-1 тобының білімгеріне Юлдаш Гүлназ курстық жоба (жұмыс)
ТАПСЫРМА
___________________________________ ____________________________ пән бойынша
1.Тақырыбы___________________________________ ________________________________
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы ___________________________________ ____________
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары)
Орындау кестесі
Көлемі, %
Орындау уақыты
4. Графикалық материалдарының тізімі (сызулардың масштабы келтіріледі)
5. Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі
6. Қорғау
Кафедра мәжілісінде бекітілген ___________________20___ ж. хаттама № ______
Жетекшісі:___________________________________ _________________
қызметі қолыаты-жөні
Тапсырманы орындауға қабылдадым _______________20___ж. _________________
білімгердің қолы
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.ӘДЕБИ ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Алма ағаштарының биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...5
1.2 Алма ағашының зиянкестерінің биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. 7
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1.Жеміс ағаштарын өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Жеміс ағаштарының фитосанитарлық жағдайына талдау ... ... ... ... ... ... ..15
2.3 Алма жемірінің зиянкестерімен күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.4 Алма жеміріне қарсы биологиялық тәсілді қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.5 Алма жеміріне қарсы химиялық тәсілді қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Кіріспе
Дүниежүзілік алмалардың тұқымы Алматыдан бастау алады. Мәселен, Іле, Жоңғар, Тарбағатай тауларында көктейтін жабайы алма ағаштары әлемнің бірде-бір елінде жоқ. Қазір дүниежүзінде саудаға түскен 10 мыңға жуық жасанды алма тұқымы өз бастауын біздің елден алады. Қазір республика аумағында осындай жабайы алмалардың зерттелген 200-ден астам сорты бар. Ал олардың 27 түріне еліміздің ғалымдары патент алуға тырысып бағуда. Әзірге авторлық куәлікке қол жеткізген олар патент алсақ, алма тұқымдарын шетелге сатып пайда табуға болады дегенді айтады. Дегенмен біздің елде жабайы алмаларды сақтап қалатын жер табылмай тұр. Қала өскен сайын тарылып бара жатқан жерлерге үлкен бақ салу мүмкін емес
Алма индустриясын Қазақстанда дамытуымыз керек. Алматыны - алманың атасы деп бекер айтпаған ғой. 30-шы жылдармен салыстырғанда алма ағаштарының бар жоғы 40 пайызы ғана қалды. Құрып бітті деуге болады. Ал алманың түрлі сорттарын осы күнге дейін сақтап қалған ормандарды қорғауға алуымыз керек.
Базардағы алма ираннан қытайдан жеткізілетін жасанды алмаларды халық тұтынады. Шетелдік алмалар суыққа төзімсіз, ал жергілікті алмалар баршамызға жете бермейді. Жергілікті алмалар американка, золотой серебрянка, алматының апорты жоқ.
Жыл сайын әлем бойынша алманың 40 млн тоннасы желінеді екен. Бұл рекорттық көрсеткішке біздің елде еніп отыр. Дегенмен мамандар, алма бағын өсіруді Іле Алатау ұлттық қорықтан бастау қажетін қолға алмақ. Осылайша жабайы алмаларды өсіру арқылы тамақ өнеркәсібін де жетілдіру болатынын көлденең тартқан мамандар, Орман кодексіне өзгерту қажет екенін айтып дабыл қағуда. Демек енді олар жабайы алмаларды қорғап, сақтап қана қоймай қалпына келтіру шараларын да қолға алмақ.
Алмалардың атасы, Алмалардың патшасы атанған Алматы апорты бiр кездерi елiмiздiң мақтанышы, жер жәннаты - Жетiсудың төл жемiсi, оңтүстiк астанамыздың символы болып едi. Оның тостағандай көлемiне, көздiң жауын алатындай қызылды-жасылды түрiне, тiлдi үйiретiн ерекше дәмiне, жансарайыңды ашатын ғажап иiсiне бiрде-бiр алма сорты тең келмейтiн, орнын толтыра алмайтын. Даңқы бүкiл әлемге жайылған болатын. Мiне, сондай апортты қазiр кездестiру қиын. Жемiсi уақталып, түрi солғын тартып, дәмi мен иiсiнен түгелдей дерлiк айырылған. Кейбiр кезде көлемi мен түрi келiп тұрса да, апортқа тән дәмi мен иiсi байқала бермейдi.
Адам денсаулығы көбіне қоршаған ортадағы экологиялық ахуалға байланысты.
Қазақстанның оңтүстік - шығыс аймағы өзінің табиғи - климаттық жағдайларына қарай бақ шаруашылығы үшін қолайлы. Сондықтан республикада жеміс өндірілетін негізгі аймағы - Алматы, Жамбыл, облыстары болып табылады. Ал қазіргі қаланың жағдайына байланысты осы облыстарда алма шаруашылығы күрт төмендей бастады. Сондықтан менің дипломдық жұмысым, осы өзекті мәселеге байланысты. Жеміс ағаштарының өнімділігін арттыру мәселесін шешуде жердің көлемін кеңейтумен қатар, алдыңғы кезекте, зиянкестер мен аурулардан қорғау аса маңызды элементі болып табылады. Бақтарды зиянды организмдерден қорғау шараларын тиісті мезгілде атқару жеміс өнімділігі мен сапасының артуына әсер етеді. Зиянкестерден өнім сапасының төмендеуі және жойылуы кей уақытта біршама жоғары болғандықтан, түсімді кеш алған жағдайда, негізгі бөлігін құрайды. Мәселен, алма жемірімен зақымдалған жемістердің түсімі кей жылдары 50-80 пайызға төмендейді, сондықтан да бұл жағдайда өнімнің сапасы туралы айтпаса да түсінікті.
Жеміс бақтарында ауа райы және антропогенді факторлардың әсерінен жаңа зиянды түрлер пайда болып, қосалқы фитофагтардың және патогендердің маңыздылығы артады. Сонымен қатар химиялық құралдарды жүйесіз қолдану, олардың пайдалы энтомофаунаға, қорғайтын дақылдардың өзіне ескерілмеген әсері, заңдылық қолайсыз жағдайларға әкеп соғады. Мысалы, бақтың агроценозында зиянды организмдердің популяциялары пайда болады, олардың кейбіреулерінде пестицидтерге деген төзімділік пайда болады. Бұл байланысты жеміс бақтарында әр түрлі пестицидтердің тиімділігін зерттеуде, олардың қорғайтын дақылдарға және энтомофагтарға әсерін анықтау, өсімдік қорғаудың берілген кезеңіндегі көкейкесті мәселе болып табылады. Өсімдіктерді қорғауда химиялық құралдарды жаппай қолдану кезіндегі маңызды мәселелердің бірі алма ағаштардың бірқатар морфологиялық және анатомиялық белгілеріне байланысты төзімділігін зерттеу болып табылады.
Бақ биоценозының зиянды энтомофаунасының негізгісінен қосарлана кездесетіндер деп бөлу қорғау шаралар кешенін қарастырғанда алдыңғы кезекте өңдеу кезінде ең алдымен жемістерді алма жемірінен қорғауға байланысты. Бұл түсінікті де, алма жемірі бақтарды барлық өндірісте кездесетін жаппай доминанатты түрі және жыл сайын зиянын тигізіп отырады. Сонымен қатар қосарлана кездесетін зиянкестер зияндылығы мен дамуы, сан мөлшері көптеген жағдайда осы жылдағы қалыптасқан ауа райы жағдайларына байланысты болады.
Жұмыстың өзектілігі: Жұмыста алма жемірінің зиян келтіруі, туындау себептері, сипаттары мен қатар алма зиянкестерінен қорғау тәсілдері, туралы мәліметтер келтірілген. Сол сияқты өсімдік ауруларын зерттеу әдістерінің сипаттамасы да қарастырылады.
Жұмыстың мақсаты: алма жемісінің биологиясы және агротехникасы, зиянкестері, олармен күрес бағытында қолданылатын инсектоакарицидтердің алма ағашына әсері және экологиялық жағдайы айқындалады.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.Әдеби деректерге шолу
1.1 Алма ағаштарының биологиялық ерекшеліктері
Қазақстанда жалпы жеміс- жидек дақылдарының 90% - дан астамы төменгідей өсімдіктерден тұрады: алма, шие, алхор, алмұрт. Биологиялық жағынан жеміс - жидек өсімдіктерінің 95 % раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Қазақстанда жемі өсімдіктерінің арасында алма ең көп тараған дақыл, жеміс өсімдіктерінің арасында үлес салмағы 67,3%.Мәдени алма сорттары негізінен жабайы алма түрлерінен алынған. Олар: орман алмасы, кавказ алмасы, Қытай алмасы, жидек алмасы, Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, аласа өсетін алма т.б. Қазақстанда жоғарыда аталған алмалардың ішінен негізінен Сиверс, Қырғыз алмалары кездеседі. Алма жемісінің жаздық, күздік және қыстық сорттары болғандықтан, оны жыл бойы пайдалануға болады. Телітушіге, сортына, өсіп - өнуіне байланысты алма ағашының өмір сүруі 20 жылдан 100 жылға дейін созылады. Алма ағашы орта есеппен себіндәі телітушілерде 30- дан 50 жылға дейін, ал клонды телітушілерде 15 - 25 жылға дейін тіршілік етеді. Өнімді орта есеппен отырғызғаннан кейін 3 - 15 жылда береді. Қарқынды немесе интенсивті бақта гектарынан 300- ден 500 центнерге дейін өнім алынады. Биіктігіне қарай алма ағашы биік ( 8 - 12 м ), орташа ( 5 - 8 м ) және аласа ( 2 - 4 м ) өсетін болып бөлінеді.
Зерттеу институтының нәтижесі бойынша бір адамға бір жылғы жеміс - жидектің үлесі 110 - 115 кг. Дүние жүзінде бір адамның үлесі 35 кг - жеміс екені анықталған. Оның ішінде бірінші орында - цитрустар, екінші - банандар, үшінші - жүзім, төртінші - алма. Дүние жүзінде алма дақылының 20 мыңға жуық, ТМД елдерінде 318 сорты аудандастырылған, Қазақстанда 40 - тан астам сорты тараған ( 3).
Алма ағашы раушангүлдер тұқымдасы - Rosaceae, алмалар тұқымдас тармағы - Pomoidae. Раушангүлдер табиғи тұқымдас болғанымен, олардың вегетативтік және генеративтік ( репродуктивтік) органдарының құрылысы алуантүрлі борлып келеді.Өмірлік формасы - жасыл ағаштар. Жапырақтары қарапайым және күрделі. Көп жағдайда жемістер піскен кездерде гүл табаны ашық түске боялып етженді және шырынды жағдайға келеді, ол дегеніміз жемістерімен дәндерінің жануарлар арқылы таралуына мүмкіндік туғызады. Алмалар тұқымдасының гүлдері аналықтың үстінде орналасады, гүлтабаны ойыс. Гүлдері қосарланған, 5 - мүшелі. Аталығының саны көп жағдайда 20- ға жетеді. Гүл түйіні, бокал тәрізді. Жемісі жидек тәрізді- алмалар.Табиғи өсімдіктер қауымдастығында ең көп кездесетін түрлері мыналар: орман алмасы, Сиверси алмасы - Орта Азия мен Қазақстаннығң таулы және өзен жағалық ормандарында өседі. Бұл түрлер кейде таза алма ағашынан тұратын тоғай түзеді. Орта Азияның тауларында өсетін, Алмадан тұратын бай орманның өндірістік маңызы зор. Жабайы түрлерінің жемістері жеуге келеді және оларды өндірісте пайдалануға толық мүмкіндік бар ( кептіруге, вино жасауға, джем жасауға)( 3,4).
Алма - өте өнімсалғыш дақыл. Оның бір түбі бір жылда 100 - 200 кг өнім береді. Ол көп жылдық. Ол тез пісіп жетілетіндер, орта пісіп жетілетіндер, кеш пісіп жетілетіндер болып үшке бөлінеді.Алмалар мынадай сорттарға бөлінеді:
Антоновна - қарапайым. Күздік, қыстық болып аймақтыққа бөлінеді. Өте аязға шыдамды. Жеміс беруі әр жылдық, үздіксіз, дәмі және технологиялық қасиеті өте жоғары.
Бельфер-китайка - негізінен жаз-күздік боп райондалған. Аязға шыдамдылығы төмен. Жеміс беруі 15 - 20 жыл. Одан кейін төмендейді, дәмі-десертті.
Бессемянка Мичуринская - күздік райондалған сорт, аязға төзімділігі орташа, жемісі тегіс бірден піспейді. Жеміс беруі әр жылда, жемісі төгіліп қалады. Дәмі дессертті.
Боровинка - жазғы, күзгі райондалған. Ағаш бұтасы көпке шыдайды, тез арада жеміс беруге бейімді. Өте өнімді, жеміс дәмі өте жоғары десерт дәмді.
Москвалық Грушовна - жазғы, күзгі сорт , райондалған. Сорты өте аязға төзімді. Ерте пісіп жетіледі. Жемісі өте шырынды, дәмді.
Алтай Десерті - Сібір ғылыми зерттеу институты шығарған. Сібірдің ауа - райына шыдамсыз. 4 - 5 жылдан кейін жеміс береді. Өнімі 30 - дан 118 кг дейін жетеді. Орта салмағы 80 - 90 гр. 12 % қант, 1,0 қышқыл, 179 мг% витамин С және Р. Пісіп жетілуі тамыз - қыркүйек айлары. Солтүстік Қазақстан жерінде өсуге ыңғайлы.
Алтай жаңалығы - Ағашы орта бойлы. Суыққа төзімділігі орташа, 4 - 5 жылдан кейін өнім бере бастайды. Алманың орта салмағы 100 гр - 140 гр. Шырынсулы, қышқыл дәмді, 4 ай сақталады, пісіп жетілу мезгілі қыркүйек айының ортасы. Кульджа формалы алма - Жоңғар Алатауынан әкелінген. Қысқа төзімді. 4 - 5 жылдан кейін өнім береді. Өнімі 157 гр дейін жетеді. Қыркүйек айында пісіп жетіледі. Сәуір айына дейін сақталады. Жемісі тым ірі - 239 - 310 гр дейін жетеді. Пісіп жетілген кезде өте әдемі түрде болады. Витаминге өте бай, ұзақ жолға алып жүруге өте төзімді.
Бау бақшаның өсіп дамуына байланысты ауру мен зиянкестер де дамиды. Алманың төмендегідей даму фенофазасын айтуға болады:
Тыныштық кезең бүршіктері уақытша тыныштықтағы мезгілі. Ол жапырақтың түсу мезілінен бүршіктің ісіну мезгіліне дейінгі уақытты айтады.
Бүршіктің ісінуі - бұл кезде талда нәр қозғалысы басталады. Зиянкестер оянады. Жапырақ бітелердің, кенелердің, бүргелердің жұмыртқалары болады. Оларды жыртқыш қандалалар антокорис жолды.
Гүлді бүршікттердің жайылуы - температураның 9 - 10º көтерілуінен басталады. Гүлдену - Гүлдену кезінде жапырақтарға өте пайдалы жәндіктерде келе бастайды. Осы кезде жарғақ қанатты зиянкестердің өте көбейіп кететінін байқауға болады. Олар гүлдің шырынымен қоректенеді. Келесі фазалар пайда бола бастайды: түйін сала бастау, бүршіктер түсіп қалады, артық түйіндердің төгілуі, жемістің қалыпты өсуі, жемістің толық пісіп жетілуі[1 - 5].
1.2 Алма ағашының зиянкестерінің биологиялық ерекшеліктері
Алма бағына кешенді талдау жұмыстарын жүргізгенде агроценоздағы энтомофагтардың тіршілігін сақтауын қамтамасыз ететін, улылық әсеріне талғамды болуын, өсімдік қорғауда химиялық құралдарды қысқартып пайдалану қарастырылды. Бірақ та инсектицидтерді пайдалануды қысқартқанда, бір уақытта алма жемірі және қосарлана кездесетін зиянкестердің дамуын қарастыру керек.
Алма бақтары зиянкестеріне кешенді қорғау шараларын жүргізгенде алма жемірімен күресу негізінен қарастырылды, республиканың оңтүстік шығысында 2 ұрпақ беріп дамиды, ал оңтүстікте үшеу. Сондықтан, жемісті зақымдаудан сақтау үшін, Жамбыл жеміс-жидек аймағында алма жемірі жұлдызқұрттарыны қарсы қорғау шаралары құрылымы ретінде 4 өңдеу жұмысы (бірінші ұрпаққа қарсы 2 өңдеу, екінші ұрпаққа қарсы 2 өңдеу) жүргізілді.
Осыған орай, өңдеу жұмысының шығын мөлшеріне қарай санын азайтып, алма бағында кездесетін алма жеміріне, қосарлана кездесетін зиянкестер және ауруларына қарсы шаралар жүргізілді. Яғни, алма жеміріне қарсы кинмикс препаратын қолданғанда, бақтың өрмекші кенесінің дамуын азайту үшін препаратқа акарицид сұйықтығын қосып қолданады. Сонымен қатар, алма ағаштарына қолданған пестицидтер күші үлкейе түсіп, пайдалы этномофауналардың азаюына әкеліп соқтырады.
Кейбір жылдары алма бағындағы зиянкестердің атап айтсақ, раушан жапырақ ширатқышы, алма күйе көбелегі, бізтұмсығы таралып, көбейіп кетуіне жол беріледі. Сонымен қатар, зиянкестердің кейбіреулерінің дамуының биологиялық ерекшеліктері алма жемірінің фенологиялық дамуына сәйкес келмейді. Бірақ та, олардың зияндылығына, көбеюіне аса ерекше көңіл бөлінбейді. Біздің жүргізген зерттеу мақсатымызға алма жемірімен қосарлана кездесетің зиянкестердің биологиялық реекшеліктерін қарастырып және олардың синхрондық даму сатысын анықтау. Сонымен қатар, алма жеміріне қарсы қолданылған шаралардың тиімділігімен бірге қосарлана кездесетін зиянкестердің зияндылығын төмендетуді қарастыру.
Қазіргі заманға сай қорғау шараларын пайдалана отырып, алма жемірінің фенологиясының даму ерекшелігін анықталғанда, кейбір зиянкестердің даму ерекшеліктерімен оларға қарсы және қосарлана кездесетін зиянкестерге, әртүрлі инсектицидтердің әсерін анықтау негізгі зерттеу болып қарастырылды.
А) Алма жемірі (Carpocapsa pomonella L.)
Алма жемірінің биологиялық ерекшеліктерін анықтай отырып, оларға қосарлана кездесетін зиянкестерге инсектицидтермен өңдеу жүргізудің оптималді уақыттарын білу қажет. Тұрақты тәжірибе танаптары, ЕМК Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе бағында, Жамбыл облысының алма шаруашылықтарында апорт сортына алма жемірінің фенологиялық дамуы бақылауға алынды.
Бұл мақсатпен күзде және ерте көктемде қыстап шыққан жұлдызқұрттарды жинап алып, оларды арнайы инсектариге орналастырдық. Жыл сайын алма жемірінің 200-220 жұлдызқұрттарын жинап отырдық. Көктемнің жылы уақытында қуыршақтанумен және жазда көбелекке айналуын байқадық.
Маусым айының ортасында жұлдызқұрттардың бірінші ұрпағын жинау үшін ағаштарға белдемелер байланды, сонымен қатар көбелектердің ұшуын және екінші ұрпақтың шығуын анықтау үшін жұлдызқұрттарды жинап арнайы инсектаридің садоктарына салынып қойылды. Көбелектердің көктемгі ұрпағының бірінші ұшуы шыңы мамыр айының соңына келді. Осы кезде қуыршақтан 80 пайызы көбелектерге айналып ұшып шықты. Алма жемірінің жұлдызқұрттары 7-8 күннен кейін жаппай шықты, яғни, маусым айының алғашқы күндеріне сәйкес келгендіктен инсектицидтермен өңдеу жұмысы 1-ші маусымда жүргізілді.
2014-2017-ші жылдардағы алма жемірі көбелектердің ұшу динамикасы жаздық ұрпағы көрсетілген. Бұл жылы жылдары көбелектердің жаппай ұшуы маусым айының соңы, шілде айының басына келді, ал жұлдызқұрттардың жаппай шығуын шілде айының бірінші жартысында байқадық.
Бірінші ұрпақтың дамуы екінші ұрпақтың дамуының созылуына байланысты болды. Ал, 2014 жылдың шілдесінде алма жемірі көбелектерінің жаппай ұшуы және осы айдың бірінші жартысында жұлдызқұрттардың шығуы өте көп байқалды. Алма жемірінің II - ші ұрпағының сан мөлшері жағынан өсіп-өнуі өте көп болды. Сонымен бірге II - ші ұрпақтың даму қарқыны, I - ші ұрпақпен салыстырғанда тезірек болды. Егер бірінші ұрпақтың жұлдызқұрттарының шығуы 8-19 күнге созылып, II - ші ұрпақтың жұлдызқұрттары 5-6 күнде пайда болды.
Алма жемірінің даму динамикасы бойынша алынған мәліметтерден фенокалендарь құруға болады (1-кесте).
1 кесте - Алма жемірінің дамуының фенологиялық күнтізбесі
(ЕМК Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе бағы 2014 жыл.)
ұрпақ
декадалар, айлар
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
I
II
III
I
II
III
I
II
III
I
II
III
I
II
III
I-ші
ұрпақ
I-ші
ұрпақ
(-)
қ
(-)
қ
қ
қ
+
·
+
·
-
+
·
-
қ
-
қ
қ
+
·
+
·
+
·
-
-
-
-
-
(-)
Шартты белгілер:
(-) - қыстау сатысы
қ - қуыршақ
+ - көбелек
· - жұмыртқа
- жұлдызқұрттар
Жүргізілген байқаулардан, алма жеміріне қарсы химиялық өңдеуді жүргізгенде оптимальді мерзімде алма ағашының Апорт сортының гүлдену байқалған. Жұлдызқұрттардың шығуы, алма ағаштарының жемістері грек жаңғағындай түйін тастағандағы мезгілге келеді. Басқа алма бақ шаруашылығында жүргізілген зерттеулер де мынандай көрсеткіштер көрсетті., алма жемірінің қыстайтын ұрпақтарына қарсы бірінші өңдеу жұмыстарын жүргізгенде, оптимальді мезгілін анықтаған кезде, лама ағаштарының фенофазасына бейімделу.
Б.М. Литвиновтың белгілегеніндей, Харьков обылысында бірінші көбелектердің ұшуы Пеструшка сортының гүлдеп болуымен сәйкес келген.
Біздің бақылауларымыз бойынша Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында алма жемірінің жұлдызқұрттарына қарсы бірінші өңдеуді жүргізгенде, оптимальді мерзімі алма ағашының апорт сортының жаппай гүлденуінен кейіе 20-22 күн өткен соң басталды.
Бұл мерзім, яғни мамыр айының соңы мен маусым айының басында басталды. Алма жемірі көбелектің систематикалық орны. Алма жемірі буынаяқтылар типіне, бунақденелілер класына, отряд қабыршаққанаттылар немесе көбелектер, жапырақ ширатқыштар (Toertricidae) тұқымдасына жатады. Жер жүзі бойынша алма ағашыөсетін зоналардың барлығында тегіс таралған ең каүіпті зиянкес.Алма жемісін, алмұрт, өрік, шабдалы, алқорыны зақымдайды.
Сурет1. Алма жемірі:
1 - 3 - көбелек; 4 - аталығының құрсағының түбі; 5 - аналығының құрсағының түбі; 6 - 7 - жұмыртқалары жапырақта және жемісте; 8 - жапырақтағы жұмыртқа; 9 - 11 - жұлдызқұрттардың эмбрионалдық дамуы; 12 - ересек жұлдызқұрт; 13 - жұлдызқұрттардың құрсағының түбіндегі тырнақтары; 14 - жемістің зақымдануы; 15- қуыршақ; 16 -қуыршақтың құрсағының ақырғы мүшесі; 17 - қабығының астындағы жұлдызқұрттармен және қуыршақтар пілләнің ішінде.
Көбелектің алдыңғы қанаттары артқыларына қарағанда ұзын, көлденең орналасқан көптеген қара сызықтары бар ағаштың қабығына ұқсасқара сұр түсті болады. Сонымен қатаролардың ұшында қола түсті жылтыр 3 жолағы бар қоңыр дақ орналасқан. Артқы қанаттары қоңырлау сұр, жиектерінде ақшыл- сұртүсті қысқа шашақтары бар. Қанаттарының өрісі 20 мм жетеді.
Көбелектің жетіліп қөректенүін тоқтатқан жұлдызқұрттар алма ағашының діңі мен бұтақтарының өлі қабықтары астында, жарывқтарында, кеуектерінде жерге түскен жапырақтарының және басқаөсімдік қалдықтарының арасындап, сонысмен қатар жеміс сақтайтын орындарда қыстап шығады.
Көктемде жұлдызқұрттар қыстап шыққан орындарында ауаның температурасы 10 градус жоғары болғанда қуыршақтарға айналады (алма жемірінің төменгі даму сатысы 100С). 2 - 3 жетіден соң құыршақтардан көбелектер ұшып шығады. Қуыршақтар көктемде 14 - 20 күн, жазда 12 - 16 күн дамиды. Қыстап шыққан қуыршақтардың мерзімі 35 - 40 күнге созылады. Осы созылу кезеңі даму сатысына әсер етеді. Әдетте олардың ұшу мерзімінің басталуы алма ағашының гүлдену кезеңінің аяқ кезіне тура келеді. Көбелектің ушуы Алманың гүлдеп біткен мерзімімен сәйкестеледі эффекті температураның жиынтығы 100 - 1300С. Бірінші ұрпақ көбелектерінің ұшу мерзімі 1,5 - 2 айға созылады.
Қуыршақтан шыққан соң бірнеше күннен соң кейін көбелектер жұмыртқа салуға кіріседі, жаппай ұшуы 6 - 12 күннен басталады. Жұмыртқаларын бір- бірлеп алғашында жапыраққа, одан соң жеміс түйіндеріне салады, сирек жас өркендердің қабығына салады. Әрбір ұрғашы көбелек өз өмірінде 60 - 120 жұмыртқа салады. Түтікті жапырақтарға және жемістерге жұмыртқаларын аздап салады. Негізгі көбелектерге әсер ететін фактор хемотаксис - жемістердің ісі көбелектерге тартымды болады. Сондықтан II генерацияның алма жемірі алманың жазғы сорттарынан ұшып келеді. Кеш пісетін сорттарда зақымдануы көбейеді. Көбелектер кешке қарай күн батқан соң және түнде ұшады. Ауа райының жылылығы 160С төмен болтын салқындау күндері көбелектер жұмыртқалауын тоқтатады.Бірінші генерацияның эмбрионалды дамуы 9 - 12 күн, екіншісі 7 - 9 күн. Жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрттар., олар дереу немесе 1 - 2 сағаттан кейін жемістің қабығын кеміріп, жұмсақ тканіне енеді де онда тұқым дәнегі қарай жол салып, жемістің тұқымдарымен көректенеді. Одан соң келесі жеміске көшеді. Жұлдызқұрттардың көректенүі 25 - 30 күнге созылады. Осы аяқталған жұлдызқұрттар қөректенүін тоқтатып, жемістен шығады да, ағаштың өлі қабықтарының астында, жэарықтарында және басқа орындарында құыршақтанады. Жөн ретінде көбелектердің II ұрпағының ұшуы I ұрпақтың ұшуы біткенде басталады.Арасындағы интервал 5 - 12 күн. Екі ұрпақтың толық дамуы жылумен толық қамтамасыз етуіне байланысты, эффектік температурасының жиынтығы 1400- 1500 градус С
(төменгі эффект сатысы 100С) Қуыршақтану кезеңі басталған соң 10 - 15 күннен кейін жаңа ұрпақтың көбелектері ұшып шығады. Олар жұмыртқаларын көбінесе жемістің үстіне салады. Бұл ұрпақтың жұлдызқұрттары да жемісті кеміріп, ішіне жол салып енеді де оның тұқымдарымен қоректенеді. Зақымдалған жеміс түйнектері пісіп- жетілмей төгіліп қалады, пісуі жеткен кезде зақымдалғандары сақтауға төзімсіз келеді. Алма жемірінің жұлдызқұрттарының бірінші ұрпағы 2 - 3 жемісті зақымдайды, жеміс өнімінің аз кезінде жұлдызқұрттардың сан мөлшері көп болғанда жемістің ішіне 2 - жұлдызқұрттар енеді. Харьков облысында зерттеулер бойынша алма жемірінің 2 ұрпағы(бір жұп көбелектерден - аталық, аналық) 700- 900 алма жемісін зақымдаған. Күрес шараларын алма жеміріне қарсы қолданбағанда алма жемісін зақымдау дәрежесі 80 - 90 пайыз.
Алма жемірі республиканың оңтүстігінде жылына үш, оңтүстік-шығысында 2, ал батыс, орталық және солтүстік аймақтарда бір ұрпақ беріп дамиды. Алма жемірінің сан мөлшерін реттеуші фактор - қыс мерзімінде (температураның - 250С ), қардың жоқтығы, кейбір жылдары 60- 80% қуыршақтардың өліміне әкеледі, көктем- жаз айындағы қолайсыз метеорологиялық жағдайы (суық және желді ауа райы, кешкі мерзімде 16 градус С төмен температура, жиі жауын- шашын) алма ағаш жемісінің нашар дамуына әкеледі алма жемірінің жұлдызқұрттарын көрек ресурстармен қамтамасыз етпейді. Алма жеміріңің сан мөлшерін саңыраұқұлақтар аурулары, жытқыш пен паразиттер (Trichogramma туысы) төмендетеді.
Алма жемірінің фенологиясы
Жұлдызқұрттардың қуыршақтануы 2010 жылда сәуір айының 15 - 20 ші сәуір.
Көбелегінің ұшып шығуы - 28 сәуір.
Жаппай ұшуы - 7 мамыр
Шағылысуы, жұмыртқалауы - 8 - 10 мамыр.
Жұлдызқұрттарының пайда болуы - 17 - 19 мамыр.
Жұлдызқұрттардың жаппай көбейүү - 29 мамыр.
Жұлдызқұрттардың құыршақтануы - маусым айының 27 жұлдызы.
I - ші ұрпағының көбелегініңұшып шығыу - шілденің 5 күні.
II- ші ұрпағының жұлдызқұрттарының пайда болыының басы - 15 шілде.
Алма жемірінің жұлдызқұрттарының қыстауға пілләсінің пайда болуының басы - 25 тамыз.
Класс. Бунақденелілер - Insecta
Бунақденелілер класы үш жұп аяқтары бар барлық кеңірдектынысты буынаяқтыларды біріктіреді. Денесі, бас, кеуде және құрсаққа айқың бөлінген өкілдерінің көпшілігінің ұшу қабілеті барлық омыртқасыздардың ішіндегі жалғыз осы топқа ғана тән белгі.Бунақденелілер класы басқа кластарға қарағанда өкілдер санына бай. Insecta класына жануарлардың белгілі түрлерінің 70% жатады. Әр түрлі деректер бойынша бунақденелілердің зерттелген түрлері 600000 - нан 1500 000 - ға дейін. Сонымен қатар ғыдыми әдебиетте жылына жаңа түрлер ашылып жатады. Буңакденелілердің түрлері көп мөлшерде кездесетіндігін еске алса, олардың құрылық биоценоздарындағы рөлінің үлкендігі түсінікті болады. Сондықтан бунақденелілердің практикалық маңызы өте зор.
Отряд. Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер - Lepidopterа
Көбелектердің төрт қанаттары бар. Олар түрі өзгерген түктер-қабыршақтармен қапталған, кейде өте ашық түске боялып қанаттардың үстінде көбелектерге ғана тән өрнектер жасайды. Ауыз бөліктері сорғыш, ұзын тұмсыққа айналған. Кейбір түрлерінде жойылып кетеді. Түрленуі толық. Көбелектердің дернәсілдері жұлдызқұрттар деп аталады.Олардың үш жұп кеуде аяқтары мен бес жүп құрсақ жалғанаяқтары болады. Жұлдызқұрттардың ауыз аппаратының имагодан айырмашылығы - кеміргіш, олар ашық жерлерде жүреді. Кейбір түрлері топырақта тіршілік етсе, кейбіреулері өсімдік ткандерінде (жапырақтар,ағаштар) мекендеп қоректенеді және әртүрлі жолдар жасайды, көбінесе жапырақтармен қоректенеді. Рендері түрлі бояуларға боялған, бір жағдайларда жасырын немесе қорғаныш реңді, екінші жағдайда- ашық, сақтандырғыш реңді болады. Дернәсілдік өмірінде 5 рет түлейді (бесіншісінде қуыршаққа айналады). Көбелектердің жұлдызқүрттарында тоқыма жібек шығарғыш бездері бар. Бұл бездердің шығарған заттары ауада қатып мықты жібек жіптеріне айналады. Біреулері ол жіптер арқылы ағаштың бұтақтарынан төмен түседі; екіншілері олармен қуыршақтарын бекітеді (аккөбелектер); үшіншілері қуыршақтану кезінде жіптен қабықшалар жасайды (қара күйе) немесе өркендер мен жапырақты орап тастайды; ал нағыз жібек көбелектерінің жөне кейбір басқа көбелектердің жұлдызқұрттары қуыршақтану үшін жіптерден піллә тоқиды. Қуыршақтары жабық. Көбелектер жұмыртқаларын дернәсілі қоректенетін жерлерге салады: жапырақтарға, ағаштың қабығына, өсімдіктердің бұтақтарына және т.б. ол өсімдіктерді иіс сезу мүшелері арқылы табады. Жұмыртқалары ірі, тығыз қабық-хорионмен қапталған. Көбелектердің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы өте зор. Сондықтан көбелектер отряды пайдалы немесе зиянды екендігін шешу өте қиын. Көбелектердің ішінде өте көп ауыл шаруашылық дақылдарының қауіпті зиянкестері бар: күздік көбелек Аgrotis segetum күздік бидайлардың жер асты мен тамыр бөлімдерін жейді; шабындың кебелегінің (Loxоstege sticticalis) жұлдызқұрты қызылша мен жүгерінің жапырақтарын кеміреді; әртүрлі жібек көбелектері мен піллә тоқушылар, капуста ақ көбелегі (Ріеrіs brassicae) және т.б.
Көбелектердің ішінде көптеген ағаш зиянкестері де бар, мысалы қарыскөбелектері Орегорhthera brumata (жұлдызқүрттары жеміс ағаштарының бүршіктері мен жапырақтарын кеміреді), қарағай қарыс кебелегі - Вuраlus ріnіаrіus; піллә тоқушылар: бунақты піллә тоқушы - Маlacosoma neustria жапырақты ағаштарға зиян келтіреді; жапырақорағыштар; емен жапырақорағышы - Тоrtгіх viridana еменнің жапырақтарын зақымдайды; ағаш қашаушылардың (древоточцы) (мысалы, тал ағаш қашаушысы - Соssus соssus) ірі жұлдызқұрттары орман және жеміс ағаштарында терең жолдар жасап зиян келтіреді.
Қазақстанның шығысында ерте көктемде пайда болатын көбелектерге лимон көбелегі жатады (Gonepteryx rtamni ), жынысты диморфизм жақсы байқалады: аталығы - сары лимон тәрізді, аналығы - жасылтым сары; Vanessa туысының өкілдері: кәдімгі қалақай көбелегі (Vanessa urticae), қаралы көбелек (V. Аntiopa ), тоты көз көбелек (V.io) және т.б.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Жеміс ағаштарын өсіру технологиясы
Жеміс ағаштары -- жеміс өндіру мақсатымен қолдан өсірілетін және жабайы (көп жылдық) ағаштар, бұталар, лианала. Жеміс ағаштары орталық діңгек пен бұтақтар жиынтығынан құралады. Кейбір жеміс ағаштарының екі және одан да көп діңгегі болады. Діңгек -- жеміс ағаштарының ортаңғы бөлігі, ол тамыр мойыншасынан басталып, жоғары бағытта тік орналасады. Сонымен қатар діңгек тамыр жүйесі мен сабақ жүйелерінің морфол. әрі функциялық байланыстарын қамтамасыз етеді. Діңгектің тамыр мойыншасынан бірінші тармақталған жанама бұтаққа дейінгі бөлігін - сидам, сидамнан жоғары соңғы жылғы өскінге дейінгі бөлігін - орталық жетекші, ал соңғы жылғы өсіндісін -- бойөркен деп атайды. Сидам биіктігі сорттың өсу күшіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді: сидамсыз (40 см-ге дейін), аласа (40 - 60 см), орташа (70 - 100 см), жоғары (130 см-ден жоғары) сидамды. Жеміс ағаштарының бөрікбасы діңгекте орналасқан барлық жанама бұтақтар жиынтығынан құралады. Жеміс ағаштарынан Қазақстанда раушангүлділер тұқымдасы (алма, алмұрт, өрік, шабдалы, т.б.), жиделер тұқымдасы (жиде, тікенжиде), жаңғақтар тұқымдасы (грек жаңғағы), тұт тұқымдасы (тұт, т.б.) өсіріледі. Әсіресе, алма, алмұрт, шие ағаштарының маңызы зор. Солтүстік облыстарда алма ағашы, оңтүстікте, мұнымен қоса алмұрт, өрік, шие, шабдалы, жаңғақ өсіріледі. Бұлардың жемістері әрі тағам, әрі тамақ өнеркәсібінің шикізаты. Шекілдеуікті және сүйекті жеміс ағаштары құрамында қант, жаңғақ тәрізділерде май, тікенжидекте түрлі витамин көп.
Жеміс ағаштарын ең дұрысы учаскенің солтүстік, солтүстік-батыс немесе солтүстік- шығыс бөлігіне орналастырған жөн. Дақылдарды бөлек отырғызу барысында олардың жарық сүйгіштігін ескеру керек және өсімдіктер оңтүстіктен солтүстікке қарай өсуі керек. Учаскенің солтүстік жағына алма және алмұрт ағаштарын, олардың арасына орта бойлы көшеттерді - шиені, алшаны, жидек бұталарын отырғызған дұрыс болады. Жидек бұталарын бақша қатарларының арасына, жүзімді - бақшаның оңтүстік немесе оңтүстік шығыс шекарасына қарай, шарбаққа жақын отырғызу керек. Алма көшеттерін отырғызатын шұңқырларды ертерек әзірлеу керек, топырақтың отыруына уақыт қалдыру үшін оларды кем дегенде көшет отырғызардан бір ай бұрын дайындаған дұрыс. Шұңқырларды тереңдігі 60 см-ге дейін, диаметрін 1- 1,2 м-ге дейін, көшет отырғызылатын орынннан алынған топырақтарды органикалық тыңайтқыштармен араластырып қазады.Жерді жырту алдында органикалық және минералды тыңайтқыштар себу қажет. Құмдауыт және қатпарлы болып келетін топыраққа қайта жырту алдында көң себу керек. Көктемде учаскені екі-үш рет тереңдігі 18-20 см етіп қайта өңдеп немесе күрекпен қайта қазып шыққан жөн, бұнымен қоса тамыр кеміргіш арамшөптердің тамырларын, зиянкестер жұмыртқаларын (саратан қоңыз, бұзаубастан және т.б.) мұқият теріп шығады.
Алмалардың піскенін екі белгісі бойынша анықтайды: ең алдымен бұл жемістердің сорттарына байланысты түсі мен дәмінің сипатына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz