Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Ф 11.01-2021
1-баспа 25.06.2021

Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ кафедрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

Математиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша

Тақырыбы: Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі

Білімгер: Асылханқызы СымбатТобы: ПМНО 19-1 _____________
қолы

Жетекші: Аралбаева А п.ғ.магистрі, оқытушы
аты-жөні қызметі

Қорғауға жіберілді ____________________2021ж. ____ _________________

қолы

Жұмыс қорғалды __________________2021ж. бағасы __________________

жазбаша

Комиссия мүшелері: _________________________ ____________________
аты-жөні қолы
______________________________ ___ ________________
аты-жөні қолы
______________________________ ___ ________________
аты-жөні қолы

Тараз 2021

Курстық жұмыс
Ф 11.01-2021
1-баспа 25.06.2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БAСТAУЫШ БІЛІМ БЕРУ кафедрасы
ПМНО 19-1 тобының білімгеріне Асылханқызы Сымбат курстық жоба (жұмыс)
ТАПСЫРМА
Математиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша
Тақырыбы: Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы - курстық жұмысты университеттің талаптарына сай рәсімдеу
3.Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары)
Орындау кестесі

Көлемі, %
Орындау уақыты
Кіріспе
10%
20.09
Жаңартылған білім мазмұны бойынша математика пәнінде әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы
15%
11.10
Жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаты, мәні
15%
17.10
Математика пәнінде әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы
10%
22.10
Жаңартылған білім беру бойынша жүз көлеміндегі сандарды оқытуда тиімді тәсілдерді қолдану
10%
27.10
Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі
10%
5.11
Сандар нумерациясы тақырыбынаарналган сабақ жоспары
10%
13.11
Қорытынды
10%
17.11
Пaйдaлaнылғaнәдебиеттер
10%
22.11
Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі
100%
04.12.2021
Қорғау

Кафедра мәжілісінде бекітілген 27.062021 ж. хаттама № 10
Жетекшісі: п.ғ.магистрі ___________ Аралбаева А.
Тапсырманы орындауға қабылдадым 3 09.2021ж.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
І. Жаңартылған білім мазмұны бойынша математика пәнінде әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаты, мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Математика пәнінде әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІ. Жаңартылған білім беру бойынша жүз көлеміндегі сандарды оқытуда тиімді тәсілдерді қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...10
2.2Сандар нумерациясы тақырыбынаарналан сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... 16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 23

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Математика курсының жүз көлеміндегі сандарды, жазу салыстыру, қосу және азайту, көбейту және бөлу тәсілдерін оқушыларға үйрету.Жүз көлеміндегі сандарды оқу, жазу, жіктеу, салыстыру, разрядтардың атауын және нөмірленуін, бірліктер класын қайталап, пысықтау.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отыр. Бұл оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны күнделікті сабақтарда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлатуға болады
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі, білім, білік - дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа техналогияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Бастауыш білім беруде математика пәні өзге пәндерді оқытудың алғышарты мен негізін қалайтын және осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Ал математика негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі. Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылық дамиды.
Бастауыш білім беру деңгейдегі математика курсы кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың сандық арақатынасы мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты - оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.

Курстық жұмыстың мақсаты:Жаңартылған білім беруде жүздеген сандарды оқытуда тиімді тәсілдерді қолдану.
Курстық жұмыстың міндеті:Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктеріне сәйкес күтілетін оқу нәтижелеріне оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушының білім сапасын арттыруға қол жеткізу.
Зерттеу нысаны:Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесісандар нумерациясын оқыту,жүз көлеміндегі сандар ретін еркін меңгеру.
Зерттеу болжамы:Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі Стандартта анықталған жаңа мазмұн оқушылардың сыни, шығармашылық ойлауын дамытуды қамтиды.
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отыр. Бұл оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны күнделікті сабақтарда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату.
Зерттеудің негізгі көздері:Зерттеу жұмысында сипаттама жасау, лексика-семантикалық талдау, этимологиялық түсіндіру, семалық сараптама, когнитивті лингвистикалық тәсілдер қолданылды.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Жаңартылған білім мазмұны бойынша математика пәнінде әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы
1.1 Жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаты, мәні

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту, жаңартылған оқу бағдарламасын әзірлеу, сынақтан өткізу және 2016-2017 оқу жылынан бастап 1- сыныптарда енгізу аталған процестің бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған мазмұн түрлі проблемаларды шешудің дағдыларын дамытуға, зерттеуге және түрлі дереккөздеріндегі ақпаратты зерделеуге бағытталған. Білім алушылар білімдерін әрі қарай басқа да жағдайларда жинақтап, қолдана алу мақсатында бастауыш сыныптың оқу бағдарламасына және әрбір білім беру саласындағы пәндерді негізге ала отырып, түсініктерін қалыптастырады. Сондықтан оқушылар өз білімдерін кез келген жағдайға бейімдей алуға және болашақта оларға кездесуі мүмкін кез келген күрделі міндеттерді шешуге үйренеді.
Бастауыш сынып пәндерін табысты оқыту ұстаздың кәсіби тәжірибесі мен құзыретіне байланысты болады. Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары жаңартылған оқу бағдарламаларын іске асыру үшін мұғалімнің кәсібилігін жетілдіруге бағытталған.
Жаңартылған білім мазмұнымен тaныcқaннaн ұнaйтыны -- oның мәні,
Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру.
Сонымен жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктеріне келесілер жатады: білімдісын тұрғысынан ойлау ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану; топпен, жұппен және жеке жұмыс жасай білу сыни ойлау дағдысы;алгоритмдік ойлау дағдысы; аритикалық ойлау дағдысы; проблемалық ойлау дағдысы; технологиялық ойлау дағдысы; тілдік құзіреттілік дағдысы; оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Математика, информатика және жаратылыстану, адам және қоғам, технология және өнер, дене шынықтыру сияқты білім салаларындағы білім, түсіну, қолдану, талдау, жалпылау және бағалау деңгейі күтілетін нәтижелерді көре отырып, игеруді қажет етеді.Білім беру сапасын айқындау құралдары ретінде оқытуды ынталандыратын және оқушының жеке даму траекториясын белгілеуге мүмкіндік беретін қалыптастырушы бағалау және мектептегі білім берудегі бағалау түрлері белгіленеді. Стандарттың бұл бөліктері оқуды өз бетінше құра алатын, өмір бойы оқуға ұмтылатын оқушының жеке басын дамытуды қарастырады.
Математика және информатика білім беру саласының мазмұны білім алушыларда қоршаған болмыстың алуан түрлі объектілері мен құбылыстарын сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді қалыптастыруға; ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін игеруге; есептер шығарудың жалпы амалдарын, өлшем және есептеу дағдылары негізінде логикалық пайымдаулар түзе білу машықтарын дамытуға; ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарапайым құралдарын 15 қолдану дағдыларын, ақпаратты іздеу, таңдау, жеткізу, объектілер мен процестерді жобалау, кестелермен, схемалармен, графикалармен және диаграммалармен жұмыс істеуде ең қарапайым әдістерді қолдану, интерпретациялау және деректерді беру машықтарын қалыптастыруға бағытталған.
Математика оқу пәні ретінде бастауыш білім берудің маңызды мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда елеулі үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушылары математика курсын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.
Математика негіздерін үйрену арқылы оқушылар басқа пәндер аясында, мысалы, жаратылыстануды оқу кезінде қажет болатын анағұрлым күрделі математиканы түсінуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, математика әртүрлі мәселелерге қатысты қалай әрекет етіп, проблемаларды шешу жолдарын түсінуге көмектесе отырып, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, арифметикалық алгоритмдерді қолдану, геометриялық құрылымдарды орындау және математикалық зерттеу жүргізу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бастауыш сынып математикасы бойынша оқу бағдарламасының мазмұны Сандар және өлшемдер, Алгебра элементтері, Геометрия элементтері, Жиын. Логика элементтері, Математикалық модельдеу бөлімдерінен тұрады.

1.2 Математика пәнінде әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы

Қазіргі заман математика ғылымының өте кең, жан - жақты кезеңі деп айта аламыз.Математиканы оқытудың негізгі шарты-математикадағы мәдениет деңгейін арттыру.Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес математика сабақтарында мұғалім теориялық білімді меңгерудің практикалық тәсілдерімен ұштастыра отырып, жылдам, ұтымды есептеулерді үйретеді. Егер оқушы өткен тақырыптарды үй тапсырмасы ретінде қайталамаса, үй тапсырмасын орындамаса, есеп жасай алмаса, белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алмайды. Оқушы математиканы тиімді игеруі, зерттелетін материалға қызығушылық танытуы және есеп шығарудан ләззат алуы үшін. Математикадағы есептер үлкен тәрбиелік мәнге ие. Есепті жасау кезінде шыдамдылық пен табандылық қалыптасады.
Жаңартылған білім беру мазмұны математика сабақтарын өткізу кезінде әртүрлі әдістер мен тәсілдерді тиімді қолдана білу қажет.
Математиканы нәтижелі ету үшін:
Әдістерді тиімді таңдау;
Оқуға деген қызығушылықты және білімге сұранысты арттыру;
Оқушылар үшін сабақ қарқынының жайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмысының нәтижелілігі;
Жұмыс барысында мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасы, әр оқушыға деген сенім;мұғалімдер қолданатын әдіс оқытудың тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Педагогикалық әдістерді жетілдіруге дейін оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін төмендетеді.
Жаңартылған бағдарлама бойынша әрбір мұғалім келесі нәтижелерге қол жеткізді:
жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымы;
жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне; оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты құжаттамалардың мақсаты мен рәсімделуіне;
білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді меңгеруге.
Математика сабағындағы білім беру сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарымның негізгі бағыты осындай теориялар мен оқыту мен оқуды жақсатудың жолдарына негізделген. Сындарлы оқытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып әрбір сабақты сыни ойлана отырып, оқушылардың білімінің қалыптасуына ықпал ететін әдістерді қолданып өтудің нәтижесінде, оқушылардық айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізеді.
Олар, ортақ проблеманы шешуде бірлесіп жұмыс істей алды, әдіс-тәсілдерді қолданып, ойлау дағдыларын, оны жеткізу дағдылары қалыптасты. Автор орындығында, Алты қалпақ, Кубизм, Балық қаңқасы, Болжау кестесі, Фрайер, Темперетура өлшеу т.б әдістер арқылы тапсырмаға логикалық қорытынды, интерпретациялар жасап, Соңғы бес минут, Тарсия, Сэнгвич, Плюс, минус, қызықты, Білдім, білгім келеді, үйрендім т.б тәсілдер арқылы сабақты меңгеру денгейіне кері байланыстар жасап, Блоб ағашы , Табыс сатысы , Күн, бұлт, жауын т,б кері байланыс түрлеріне дағдыланып, өздерін өздері бағалай алды.
Білім беру сапасын арттыру бағытында жүргізілген зерттеу жұмысымның барысында кедергілерге де кезігуі мүмкін. Соның бірі оқушылар жаңа сабақты игерту мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сабақ мақсатын өздері қойып, бұгін не үйренетінін анықтағанмен, жаңа сабақты игеру барысында топтық жұмыста белгіленген уақыт жетпей қалыуы. Оның себебі, оқушыларға сабақ материалының қиындығы мен бұған дейін таныс болмауы әсер етті. Бұл кедергіден шығар үй тапсырмасын берудегі төңкерілген әдіс түрін қолдану дұрыс деп таптым. Оқушыға келесі жаңа сабақ матриалы үйден оқуға немесе сол тақырып пен өткен тақырыпты байланыстыратын тапсырмалар беріледі.
Оқушы ізденіп, оқып келсе жаңа сабақта берілген ресурсты оңай қабылдап және тобындағы достарына да түсіндіре алып, топ жұмысын сәтті қорғай алады. Үйден жақсы дайындықпен келген оқушы басқа топтардың да жұмысын ыждақатты тыңдап, өзіндік сұрақтарын қойып, дұрыс баға бере алады. Екінші кедергі, оқушылардың математикалық сөйлеу дағдысының төмен болуы. Бір сөзбен айтқанда математика пәнінің мұғалімдері көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек ,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек деп ойлаймын. Өз пәнін сүйетін ұстаз ғана, өз ісінің шебері болып қана қоймай, жоғары жетістіктерге жететініне сеніммен қараймын.

ІІ. Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі
2.1 Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі

1.10 сандарды азайту және оларды қосу және азайту арқылы, жазу арқылы нөмірлеуді үйрену кезінде теріс емес бүтін сандарды нөмірлеуді үйренудің ең алғашқы кезеңі ретінде қарастырылады. Сандарды нөмірлеу оқыту әдістемесінің ерекшелігі пән болып табылады және жұмыста біртіндеп кеңейеді және келесі ретпен дамыту арқылы қарастырылады: он саны-нөл саны-жүз саны, мың саны-миллион саны.Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымын анықтау. Оқытудың міндеттері:
1.сандар мен сандар туралы түсініктерді қалыптастыру: санды әртүрлі жолдармен алу, 10 және осы сандарды сандармен сандар атауларын белгілеу, сандарды меңгеру, жазу дағдыларын қалыптастыру.
2.1 10-дан сандар ретін еркін меңгеру (және керісінше), меңгеру. Сандар қатарындағы 0 санының орнын біліңіз.
3.сандарды салыстыру және оның нәтижелерін ,, = белгілерімен белгілеу және теңдік пен теңсіздік ұғымдарын қалыптастыру.
4. 10 көлеміндегі сандардың барлық жағдайларын нақты біліңіз.
5."бір және екі таңбалы сан" ұғымдарын, бір және нөлдің қасиеттерін игеру.
Санды шегерудің әртүрлі тәсілдерін қарастырған кезде (олардың үшеуі бар):
а) кез-келген санды заттарды санау арқылы алуға болады (дыбыс, қозғалыс)
б) шамалап өлшеу нәтижесінде санды шегеру: кесіндінің ұзындығын сантиметрмен немесе уақытты сағат көмегімен өлшеу жолымен;
в) Қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде санды шығарып алуға болады:

4 + 1 = 5

5 - 1 = 4
Демек, Сан арифметикалық әрекеттің нәтижесін сипаттайды.
в) сандардың атауларын ассимиляциялау жүзеге асырылады: оқушылар санды (дыбыс ретінде) жасайды және айтады, сонымен қатар таңбалардың көмегімен санды жазумен таныстырады, яғни сандар (әріп ретінде); оқушылар санды санды білдіретін таңба ретінде көрсетеді және жазады, сондықтан ауызша және жазбаша нөмірлеу бір уақытта енгізіледі.
г) сандарды жаза білу келесі жоспар бойынша қалыптасады:
сандардың баспа және жазбаша түрімен таныстыру: оларды ажырата білуге және басқалардан тануға үйрету;
"Бұл сан қандай?"""Санды қайдан көрдіңіз?", "Не көрсет?"(Сан-зат және керісінше) балалар ойындарын қолдану:

санды жазу схемасын талдау: Сан қандай элементтерден тұрады (кесте, оқулық, тақта, дәптер);
қолдың қозғалыс бағытын игеру: ауадағы хат, тақтаға біртіндеп хат, дәптерге үлгіні бастыру;санның тәуелсіз емлесі: әлдеқайда әдемі (бір сызықпен сызылған) және сәтсіз (екі сызықпен сызылған) жазылғандарды таңдау.
2. Бір таңбалы сандар ретін анықтауға және натурал сандар қатары құруға үйрету.
а) Натурал сандар қатарын құру принциптерімен таныстыру жүзеге асырылады: санға 1-ді қосу арқылы келесі сан шығады, ал саннан 1-ді азайту барысында оның тікелей алдында келетін сан шығады, яғни сандар қатарындағы санға 1-ді қосып, келесі санды, саннан 1-ді азайтып, алдыңғы санды шығарып алуға болады.
б) оқушылар алға және кері бағытта есептеуді, яғни кез келген саннан бастап өсу және кему ретімен есептеуді үйренеді.
в) сандар қатарындағы сандардың орнын анықтау оларды салыстыру арқылы жүзеге асырылады: 54, сондықтан ол сандар қатарындағы 4-тен кейін, ал 45, яғни сандар қатарындағы 5-тен жоғары, сондықтан 5 саны 4-тен 6-ға дейін.сандар
Алдыңғы санды, кейінгі санды, берілген сандар арасындағы санды, берілген санның көршілерін атау;
ең кіші таңбалы, ең үлкен бір таңбалы санды атау;
әр жаңа санды белгілі сандармен салыстыру;
Жалғастыра санау, Эстафета, Доп лақтыру, Көршісін ата, және т.б. ойындарды қолдану.
в) 0 (нөл) санымен таныстыру 1 және 2 сандарын оқытып үйреткеннен кейін іске асырылады.
Дорбада бір доп бар, мұғалім оны бір балаға береді: Мен не істедім? Неше доп қалды? жауап: Ешнәрсе қалған жоқ. Егер ештеңе жоқ болса, оны біз 0 деп түсінеміз. (Екі қарындашпен көрсетуге болады), демек, 1-1=0, 2-2=0.
1,2 және 0 сандарын салыстыру және сандар қатарындағы 0-дің орнын анықтау: 02; 01, демек, 1-дің алдында сол жақта бірінші тұрады және ең кіші сан болады.
Осының нәтижесінде сандар қатары және ондағы әр санның орны туралы ұғым қалыптасады.
3. Сандарды салыстыруға үйрету.
а) Сандарды салыстыру екі топ заттарын салыстыру арқылы іске асырылады.
Қайсысы кем: немесе ? Қайсысы артық? Неге?
3 және 4 сандары туралы не айтуға болады?
34 және 43.
ә) Кейінірек оқушылар көрнекілікке сүйенбей, сандар қатарындағы реті туралы білім негізінде сандарды салыстыруға үйренеді:
54, өйткені санағанда бес төрттен кейін айтылады;
35, өйткені санағанда үш бестен бұрын айтылады.
б) Сандарды салыстыру нәтижесі ,, = таңбаларының (бір сабақта бір уақытта) көмегімен жазылады.

Сол жақта оң жаққа қарағанда жалаушылар арты;
Жалаушылар санын 1 және 2 цифрларымен белгілейді;
2 саны 1-ден артық екені анықталады. 21;
таңбасын көрсетіп, бұл артық таңбасы деп түсіндіріледі ( және ұқсас =).
Таңбалардың ерекшеліктерімен танысады: таңбаның төбесі кем санға, ал сәуле жағы артық санға бағытталады; жазу солдан оңға қарай оқылады; 12 (бір екіден кем).
Таңбаны тап: 4*5, 6*3, 4*4; Қатесін тап: 78, 76, 7=7;

Сандарды тап: 1; 5; ;

; = дидактикалық ойындар қолданылады;
"теңдік "және" теңсіздік " ұғымдарымен танысу: 21, 12 - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екі теріс санның қосындысы теріс сан
Сабақ қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі
Сандардың нумерациясын оқыту әдістемесі
Жүз көлеміндегі сандарды оқыту
Бастауыш сынып оқушыларының математика оқулығы
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мың көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі
Математика оқу пәнінің базалық білім мазмұны тарауларына сипаттама
100 көлеміндегі сандарды көбейту мен бөлу
Пәндер