Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштер


М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Ұстаз» институты
«Химия және биология» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қарбыз дақылының биологиясы мен агротехникасы-
Курс: 3
Тобы: ХБ-19-1
Пәні: Биологияны оқыту әдістемесі
Орындаған: Нұрмұханбет Аружан
Қабылдаған: Тулеубаев Жаксыбай Сурабердиевич
Тараз 2021
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Оқу іс-тәжірибе өтілген орнының сипаты . . . 4
2. Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайы . . . 5
3. Студенттің жеке тапсырмасы. Қарбыздың агротехникасы және оның биологиялық-ботаникалық ерекшеліктері . . . 6
3. 1. Қарбыздың ботаникалық сипаттамасы . . . 6
3. 2. Халық шаруашылығындағы маңыздылығы . . . 10
3. 3. Қарбыз өсіру . . . 10
3. 4. Қарбыздың құрылымы . . . 11
3. 5. Суару . . . 13
3. 6. Қарбыздың шипалық қасиеті . . . 14
4. Қарбыз туралы қызықты мәліметтер . . . 16
Қорытынды . . . 23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 24
Кіріспе
Қарбыз- Citrullus vulgaris. Қарбыздың отаны Африкадағы Калахари және Набиб шөлдері. Азықтыққұндылығы құрамындағы 10-15% қантқа, сондай-ақ А, В, С дәрумендеріне, пектин заттарына, минералдық тұздарына байланысты. Қарбызды жас күйінде пайдаланады және тұздауға да болады. Шырынынан бал қайнатады. Қарбыздың сабағы, бірінші және екінші реттегі бұтақтардан тұрады және жерге төселіп өседі. Жапырақтары ұзын сабақты, өте тілімделген, қауырсын тәрізді, қызып кетуден қорғайтын қою түк басқан. Тамыр жүйесі топыраққа 2-3м бойлайды. Қарбыз - бір үйлі айырым жынысты өсімдік. Жылылыққа өте жоғары талап қояды. Тұқымы 15-16Ос -та өне бастайды. Өскіндері 8-9 тәулікте пайда болады. Көктегеннен шамамен 30-35 тәулік өткен соң аталық, одан кейін аналық гүлі ашылады да олар ең жетілген шағына 10-15 тәулікте келеді. Тозаңдануы бунақденелілердің көмегімен жүреді. Алғашқы жемістері сұрпына және өсіп - даму жағдайларына байланысты, тозаңданғаннан 35-45 тәулік өткен соң пісе бастайды. Түйнектері күзгі суық түскенше байлана береді, тек олар пісіп үлгермейді. Қарбыздың өсіп-дамуына ең қолайлы температура - 26-28Ос. Қарбыздың үш түрі бар - асханалық, мал азықтық, кеуек жабайы. Ең көп тарағаны және құндысы асханалық болып табылаы, мал азықтығы да кеңінен белгілі, ал жабайысының ыстыққа, құрғақшылыққа және ауруға төзімділігі жағынан селекциялық маңызы бар. Қарбыз өте жарық сүйгіш өсімдік болғандықтан, өте сапалы жоғары өнімді ашық күндері көп аймақтарда береді. Қарбыз - құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Суды көп пайдалана отырып, күшті дамыған тамыр жүйесінің арқасында құрғақ топырақтың аз ылғалын ала алады. Ал топырақтың және ауаның ылғалдылығы жоғары болса өсуі баяулайды, өсінді кезеңі ұзарады, жемісінің қанттылығы төмендейді. Топырақта ылғалдың мол болғанын тұқымның өнуі, өсуінің басында және сабақтары мен жапырақтарының пәрменді өсуімен тұтас келетін жемісінің қалыптасуы кезеңінде тілейді.
1. Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қайнар бұлақ ауылдық әкімшілігі. Теңіз деңгейінен 500 метр жоғары орналасқан. М. Әуезов атындағы ОҚМУ-інің пайдалануға алынған жер көлемі 2, 8 га, оның ішінде 0, 5 га интенсивтік бағы, 0, 2 га ақ түйнек, 1 га қызылша, қияр, тәтті бұрыш егіледі. Ал қалған пайдаланылмайтын жерлерге - арықтар, жолдар, студенттерге арналған базасы орналасқан орталық, дән сақтау қоймалары т. б. жатады. Практиканың негізгі мақсаты эксперименталдық учаскесінда ауыл шаруашылық дақылдарын оны жаңа технология бойынша өсіру болып табылады.
2. Шаруашылықтың топтары, климаттық жағдайлары
Атмосфера және топырақтың айлар және көпжылдық орташа температурасын мәліметтері 1- кестеде көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей орташа айлық температура қаңтарда +3, 9о, ал шілде айында 27, 5о - ты құрайды. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы шілде айында 48% ке дейін төмендейді. Қыс ұзақтығы102 күн, ал жаз 120 күн созылады. Көбірек бұлтты күндер қараша - наурыз, жаз айларында жауын әдетте болмайды. Жауса да өте кем мөлшерде жауады. Жаз күнде жауын - шашын қыс, көктемге қарағанда кем. Негізгі жауын мөлшері қыста және көктем айларында жауып өседі.
Қарашірік қабатының кұшсіз болуы, топырақ массасына минералды бөліктердің күшсіз ыдырауы, минералды коллоидтардың өте кем мөлшерде болуы. Калций мен өте тығызды болуы. Ыза сулары 5-6 метрде жатады. Кәдімгі сүр топырақ құрамында қарашірік мөлшері 1, 3 тен 1, 8% ке дейін, жалпы азот мөлшері 0. 08 ден 0, 15%, кәдімгі сұр топырақ құрамында жалпы фосфор мөлшері 1, 5 - 3, 0% аралығында болады. Топырақ тереңдеген сайын қоректік заттар мөлшері кемейіп кетеді. Кәдімгі сұр топырақта жоғары қабатында сортаңы кем болады. Кейбір кәдімгі суырмалы аудандарындада сортаң келеді.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты - әртүрлі шөпті және жусанды - эфемер ассоцацияларынмен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық, жима тарғақ, еркекшөп, тарлау, шалғынды қоңырбас, шалғындық атқонақ, қамыс құрақ. Көктем мезгілінде эфемерлер кең таралған. Табиғи өсімдіктер негізінен көктем көктемгі, жазғы және күздік жайылымға пайдаланылып, өнімділігі 6, 8 ц/га. Өзен бойында шалғынды қоныңырбасты әртүрлі шөптер дамыған және олар көбінесе шабындыққа пайдаланады, орташа өнімділігі 15ц/га.
Тәжірибе алаңынан шалғынды-қоңыр топырағы төмендегідей 0-40 см қабатты қара шірік мазмұны 4, 1%; азот- 0, 216, фосфор - 0, 191%, калий 1, 9- 2, 1%. Топырақтағы қозғалғыш фосфордың мазмұны 20-25м/кг, яғни өте төмен, калиймен жоғары деңгейде (700 мг/кг) және азоттың жеіңл сіңірілетін формаларымен орташа деңгейде қамтамасыз етілген ( 1-кесте) .
Тығыз - ионның мазмұны төмен және 100 г топырақта 0, 08-0, 11 мг/экв шамасында ауытқиды. Сіңірілетін катиондардан Са2+ катионы басым. Бұл топырақтың көлемдік салмағы: А гаризонты мах (0-25см) - 1, 09; Ві (25-42см) - 1, 25; В2 (42-60 см) - 1, 19г/см3.
Шалғынды-қоңыр топырақтың морфология белгілері гумус қабатының 60 см дейінгі қуатымен сипатталады. Топырақ жоғарғы қабатынан қайнайды. Карбонатты жаңа құрылым 45см, ал 130см - темір оксидінің татты дағы юайқалады. Шалғынды-қоңыр топырағының профилі созылып жатыр және түсі қара қоңыр, тереңдеген сайын ылғалдылығы артады, төменгі қабаттарында татты дақ байқалады.
Осы топырақ типі гидролизді азотпен (60-142 мг/кг), ауыспалы калиймен (514-1036мг/га) мөлшерде қамтамасыз етілген. Сондықтан, бұл жерлерге азот және калий тыңайтқыштарын сіңіру қажет емес, әсіресе мақсары дақылы үшін.
Сонымен тау бөктерлі шалғынды - қоңыр топырақтың морфологиялық сипатынан байқағанымыз, мақсары өсіруге жарамды.
Себебі, орташа гумусты сазды емес, тұзсыз, ылғалмен қамтамасыз етілуі (34, 8-41, 3%) құрамында жеткілікті мөлшерде қоректік элементтері бар, жыртылу қабатының қолайлы тығыздылығымен (1, 27-1, 33 г/см3) және кеуектілігімен (48, 3-52, 1%) ерекшеленеді.
Кесте 1. Тәжірибе алаңының шалғынды - сұрғылт топырағының агрохимиялық көрсеткіштері.
-
Әрбір дақылдарға қатысты қалыпты өсуі және дамуына жыртылу қабатының оңтайлы тығыздылығы бар. Топырақтың бұзылмаған қабатының тығыздылығын білу көптеген практикалық мәселелерді шешуге көмектеседі: кеуектілікті анықтау, ылғал қорын, қоректік заттар және т. б.
Өте тығыз топырақ өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына кері әсерін тигізеді, сондықтан оны өңдеуге қосымша шығын кетеді.
2 кесте деректерінен топырақтың жоғары тамыр орналасқан қабатының тығыздылығын байқауға болады, 0-40 см қабатының орташа тығыздылығы - 1, 37 г/см3 құрайды. Топырақ бөлшектерінің, түйірлерінің және агрегаттар құрылымының орналасуына байланысты орташа тығыздылыққа жатады, көлемдік салмағы 1, 27-1, 33 г/см3 аралығында ауытқиды.
Кесте 2
Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштер.
Тәжірибе алаңының шалғынды қоңыр топырағының 0-20 см қабатының механикалық құрамы орташа саздақты, тереңдеген сайын ауырлай береді. Профильдер бойынша, физикалық саздың мазмұны 41, 8 - 50, 0% құрайды.
Біздің анықтауымыз бойынша тәжірибе алаңшасының топырағының агрегаттық құрамы және суға беріктілігі алғы егіске байланысты болды. Жалпы топырақтың 0, 25-10, 0 мм мөлшердегі агрегаттар 60, 5-79, 7% құрайды. Топырақтың құрамы коэффициенті көрсетуі юойынша, алаңша топырағының құрылымы қанағаттадырарлық, сондықтан ауылшаруашылық дақылдар өсіруге қолайлы.
3. Студенттің жеке тапсырмасы. Қарбыздың агротехникасы және оның биологиялық-ботаникалық ерекшеліктері.
3. 1. Қарбыздың ботаникалық сипаттамасы.
Қарбыз (Citrullus) - асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі. Дүниежүзінде 500 -ден аса асханалық Қарбыз сорттары өсіріледі. Жабайы түрі Африка, Иранда, Орта Азияда, Ауғанстанда кездеседі. Қазақстанда - Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында көбірек өсіріледі. Қарбыздың отаны - Африка, дәлірек айтқанда Оңтүстік Африка саналады. Онда бүгінгі күнге дейін бұл өсімдіктің жабайы түрлері ұшырасады. Қарбыздар дәл осы мекеннен әлемнің түпкір-түпкіріне таралған. Ежелгі Египетте де қарбыздар кең танылған, ал Еуропада ХІ ғасырдан бері белгілі болса, Ресейде ХVII ғасырдың ортасында ғана өсіріле бастады. Өсімдіктің Қытайдағы мәртебесі өте жоғары, «Батыс қарбызы» деген атау бергендеріне қарағанда, Қытайлықтар оны еуропалықтардан әкелген. Күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында «қарбыз мерекесін» жоғары дәрежеде атап өтеді. Топырақтың ылғалдылығы мен ауа райының әртүрлі болуына байланысты бұл облыстарда өсірілетін сорттары да әртүрлі болады. Барлық аудандастырылған сорттары мәдени түрінен шыққан. Тамыры тармақты. Жапырақтары ірі, гүлдері ақсары түсті, сабағы төселмелі, ұзындығы 2-3 м-дей болады. Гүлі дара жынысты, бір үйлі, кейде екі үйлі. Түсі ақ, ала, қоңыр жасыл жолақты. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және сарғыш болады. Тағамдық Қарбыздың салмағы 0, 6 - 16 кг, құрамында 11% қант, витамин, т. б. заттар бар.
Қарбыз - жылу сүйгіш, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді өсімдік, бірақ үсікке төзімсіз. Негізінен, өңделіп тыңайтылған жердің топырағында жақсы өседі. Мал азықтық Қарбыздың салмағы 10-15 кг. Құрамында 2-3% қант болады. Қарбыздың жабайы өсетін, асханалық және азықтық үш түрі белгілі. Осыған орай Қазақстанда ерте пісетін Қырым жеңімпазы - 395, орташа пісетін Княжин, Тұтасжапырақты, Стокс 647/649, Багаев - Мурашка 747/749; кеш пісетін Дилноз сорттары кеңінен аудандастырылған. Қарбыз егілетін жер күзде 25-27см тереңдікте жыртылады да, ерте көктемде тырмаланып, екі рет қопсытылады. Шопағын 6-8 см тереңдікте егеді, 9-12 рет суарады. Емдік мақсатта Қарбыздың шырынды бөлігі мен қабығын және дәндерін пайдаланады. Қарбыздың тәтті бөлігі мен шырыны шөл басады, несеп жүргізеді. Дәндерінің қан тоқтататын және ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Халық медицинасында Қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданады.
Гибрид түрінде егіліп жүрген қарбыздар басқа сорттардың өніміне қарағанда артық өнім береді. Қарбыздың ішінде Қазақстанның суармалы, суарылмай егілетін егістіктерінде Стокс 647/649, Скороспелка Семипалатинская, Семипалатинский, Багаев Мурашка 747/749, Бирючекутскі 775, Мелитополь 142, 143142, 143, Роза Юго-Восток, Десерт 83, Мурашка Камишинский, Туман 127 сорттары егіледі. Гибридтен КазЖенПИ1, КазЖенПИ 2, КазЖенПИ 3 деп аталатын түрлері 1971 жылдан бастап егіле бастады.
Бақша дақылдарының ішінде қарбыз егістік жердің уақытылы дайындалып, құнарлы болғанын қажет етеді. Қарбыз егілетін егістік жер екі түрлі жолмен күзде немесе көктемде дайыдалады. Егістік жерді күзде дайындау пайдалы, егістік жер күзде 20-30 см тереңдікте зябьке жыртылады. Онан кейін, көктемде дискілі лущильникпен немесе тырма, култиватор жүргізіп қатты тоң кесегі майдаланылады. Күзде жыртылғаннан кейін егістік жердің бетін тегістеу жұмыстарын қарбыз тұқымын себуге 1-2 күн қалғанда дайындалған дұрыс, себебі соңында шыққан арамшөптерді жоюға пайдалы. Ерте босатылып дайындалса, арамшөп шығып келеді де, қайта еңбек етуді керек етеді. Егістік жердің терең жыртылуы қарбыз өнімі мен жемісінің сапалы болуына тікелей әсер етеді. Қарбыз тұқымының ірі ұсақтылығына қарай, қолданған арготехникаға байланысты бір гектар 4-5 кг, майда тұқымнан 1, 2-2, 5 кг себілгенде өңгіштің пайызы 95 83, пайыздан кем болмауы керек. Егістік жерге тұқым 4-6 см тереңдікте тасталады. Терең, тайаз себілуі сол кездегі топырақтың ылғалдылығына байланысты. Егілген дақылға күтім болмаса өспейді, өнім бермейді. Күтімнің белгілі бір кезеңдері болады. Сол кезде өткізіп алмай уақытысында пайдалана білу негізгі міндет. Қарбыз егілгеннен бастап жинап алғанға дейін күтімді керек етеді. Күту жұмыстары жергілікті жердің ауа райына, топырағына байланысты органикалық, минералды тыңайтқыштар шашылып, күту жұмыстары жүргізілері.
Қазіргі кезде ауылшаруашылық өсімдіктері ауыспалы егістік бойынша егіледі. Жыл сайын егілетін өсімдіктердің өнімділігін арттырумен қатар, зиянды құрт - құмырсқаларды жою, егістік жердің құнарын молайту мақсатында ауыстырып отырады. Қарбыз егілетін егістік жерге көкеністік ауспалы егістікті пайдалану тиімді. Алғы дақыл ретінде картоп, қырыққабатты пайдалануға болады. Қарбыз бір орынға бір орынға 3-4 жыл қатарынан егілсе, өнім төмендеумен қатар, әртүрлі ауруларға ұшыратады.
Қарбыз өсімдігі топырақ және ауа райына қарай әртүрлі мөлшерде суды қажет етеді. Бақша дақылдарының ішінде қарбыр бороздамен суарылу керек. Су қарбызға көп берілмей жеткілікті түре беріліп тұрса өсуі жақсарады. Жаз бойы 6-13 рет суаруға болады.
Қарбыз сабақтану, гүлдеу, алғашқы түйнегінің пайда болу кезінде суды көбірек керек етеді. Осы кезде су жетімсіз болса, сабақ ұзындығы мен гүл саны өсу жағынан азаяды. Алматы облысында егілетін қарбызды 4-6 рет суарып, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе облыстары жерлерінде 9-12 суарғанда 6000-11000 текше метрге дейін су беріледі. Қарбызды суару егістік жердегі жүйек аралығындағы топырақтың 1-30 см тереңдікке дейінгі ылғалдылығының көп аздығына байланысты. Топырақ қабатының ылғалдылығы 75-80% болса, жүйекпен суару керек.
Минералдық тыңайтқыштарды егістік жерге тұқым себілер алдында немесе жер бетінде өнім шыққаннан кейін, өсімдік түбінен 15-30 см қашықтықта, әртүрлі тереңдікте пайдаланса, соншалықты пайдалы болады. Азотты тыңайтқыш вегетативтік даму кезінде қарбыз тамырының мықты болып өсуін, гүлдеуін, түйнектеуін жақсартады. Жеке берілген фосфорлы тыңайытқыштар тамырдың еркін жайылып өсуіне, ерте гүлдеуіне, аналық гүлдің көбірек пайда болуына жақсы әсер етеді. Егістікке төгілетін көңнің тең жартысы егістік зябьке жыртқанда немесе зябьке айдалғанда жерге культиватор жүргізілгенде қолданылады. Ал қалған көңнің жартысы тұқым себілген кезде әрбір ұя түбіне, сондағы топырақпен араластырылып тасталады. Мұндай жағдайда жылқы қиын пайдаланған дұрыс. Жылқының қиы тұқымды көктем кезінде ауаның қолайсыз жағдайларынан сақтап жер бетіне тез көктеп шығуына септігін тигізеді. Тұқым сепкен кезде әр ұяға 0, 5 көң пайдаланған айтарлықтай натиже береді.
3. 2. Халық шаруашылығындағы маңыздылығы
Қарбыздың шөл қандыратын және көңілді сергітіп жадырататын қасиеті бар. Оны әсіресе ыстық ауа райында егістік басында қара судың орнына шөл басу үшін пайдаланған жақсы. Қарбыз салқын сусындарды алмастырады, оның құрамында көп мөлшерде (12% дейін) жеңіл сіңімді қант болады. Қарбыз қанты, көбінесе қант диабетімен ауырғанда қажетті жақсы сіңіретін фруктозадан тұрады. Қант мөлшері бойынша қарбыздың көптеген жемістер мен жидектермен асып түседі. Тіпті ананас, жүзім, алмұрт кем емес. Қарбыздарда адам ағзасындағы көптеген физиологиялық үрдістерді реттеуге ықпал ететін - глюкоза, сахароза, фруктоза, дәрумендер (А, В, С, ), пектиндер сіңімді ДҚ тұздары, сондай-ақ фолий қышқылы мен темір сияқты заттар болады. Сондықтан қарбыз өнімін цингаға қарсы, бүйрек, өт жолдары ауруларын алдын алу мен емдеу, ағзаның тіршілік қабілетін көтеру үшін пайдаланылады. Қарбыз жұмсағын ұсақ пайдалану мақсатында, олардың жемістерін консервілерді-тұздайды. Қарбыздар - тағам өнеркәсібі үшін құны шикізат. Олардан құрамында 65% пен 0, 3% дейін сіңімді темір болатын бал (нәрнек) дайындалады. Қарбызды өңдегенде бал шығымы 5-7% (өз массасынын) . Бал тағамға пайдаланылады, одан кисель және повидло дайындайды. Стандарт талаптарына сәйкес емес өте пісіп кеткен, ұсақ және жарылған қарбыздарды өтеғ құнды қантты концентратқа айналдыруға болады. Қарбыз жемісінің қабатынан тосап, цукат, ал қара қабықтардан тағамдық бояу дайындалады. Қарбызды өңдегенде, оның бөлініп алынған тұқымдарынан май өндіруге болады. Қарбыз майы - сұйық, ашық иісі мен дәмі жақсы. Оның құрамында Д дәрумені болғандықтан, рахитке қарсы емдік қасиетімен айшықталады. Ыстық сығымдауда тұқымнан алынған май шығымы 17-20% . Сығымдаудан кейін қалатын қалдық-күнжара кондитер өнеркәсібіне құнды шикізат. Одан халуа мен басқа тағамдар жасайды. Тіпті қарбыз тұқымының қабығын өңдеу арқылы лак-бояу өндірісіне қажет өнім - фурфурол алуға болады. Фурфурол электротехникада да пайдаланады. Қарбыздың кейбір сорттарында консерві зауыттары үшін өте қажет пектиндік заттар көп. Пектиндік заттардың қантпен қосып қайнатқанда желе тәрізді масса түзетін қасиеті болғандықтан, жидек пюресі мен повидло дайындалғанда олады қоюлату үшін қарбыз шырынынан пайдаланады. Еліміздің жартылай шөлді аймақтарында ықтырмалы егіс аясында қарбызды суайрмай-ақ өсіруге болады. Қарбыз күздік жаздық астықтар үшін жақсы алғы дақылдардың бірі. Олардан кейін танаптар таза куйінде қалады. Қарбыз дақылы ірі жапырақтарымен жерді көлеңкелеп топырақта ылғал сақтайды. Қарбыз - мол кіріс әкелетін дақыл, әсіресе суарылмайтын аймақтарда оны өсіріп өзіндік құны төмен жоғары өнім алынады. Шырынды малазықтық жемнің маңызды көзі - малазықтық қарбыз. Оның құрамында 1, 2% шикі протеин, 0, 1- май, 7, 2- АЭЗ, 2, 3- жасұнық, 0, 2- күл және 88, 5% су болады. Малазықтық қарбызды сабан, топан ( 75% қарбыздар, 25% топандар) және басқа да масақты дақылдармен араластырып сүрлеп дайындауға болады. Оның сүрленіп мал сүйсініп жейді де тез қонданады, өнімділігі артады. Малазықтық қарбыздың тұқым шығымы 2-2, 5% тұқымның майлылығы 50% дейін жетеді.
3. 3. Қарбыз өсіру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz