Биология сабақтарында әдістемелік құралдары қолдану жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ

ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ кафедрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

Биологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша

Тақырыбы: Мектеп оқулықтарын талдау

Білімгер: Сайдикаримова Дияна Тобы:19-1 _____________
қолы

Жетекші: Султанаев Ердос
аты-жөні

Қорғауға жіберілді ____________________2021ж._____ ________________

қолы

Жұмыс қорғалды __________________2021ж.бағасы_ _________________

жазбаша

Комиссия мүшелері:__________________________ ___________________
аты-жөніқолы

___________________________________ ______________
аты-жөніқолы

___________________________________ ______________
аты-жөніқолы

Тараз 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

I. Биология пәнінде қолданылатын жалпы әдістемелік құралдарға сипаттама және қосымша ақпарат көздерін пайдалану

1.1 Биология сабақтарында оқушылардың дағдыларын қалыптастыруда әдістемелік құралдарды қолдану
1.2. Биология сабақтарында әдістемелік құралдардың қолдану жолдары
1.3. Биология сабақтарында қосымша ақпарат көздерін пайдалану

II. Мектеп оқлықтарын талдау

2.1. Биология пәнінде қолданылатын жалпы оқулықтарға талдау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Биолоияны оқыту әдістемесі - биологияны не үшін оқыту қажет, қалай оқыту керек, биологияны оқыту процесінде балаларды қалай тәрбиелеуге болады деген сұрақтарға жауап беретін ғылым ретінде пайда болған. Биологияны оқыту әдістемесі - мектеп пәнінің ерекшелігіне байланысты оқыту және тәрбиелеу процесінің жүйесі туралы ғылым.
Биология оқу пәні ретінде оқыту әдістері мен формаларының ерекшелігімен өзге пәндерден айырмашылығы бар. Бұнда нақтылы объекттер мен күрделі табиғат құбылыстары, және табиғаттың дамуы зерттеледі.
Оқушылар ойын дамытуда биологиядан жүргізілетін мектептік курстың маңызы зор.Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі,ол қарапайымнан күрделіге өту жолын байқап отыруға,бөлік пен бүтіннің құрылысы мен қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін айқындауға, табиғаттағы құбылыстардың аса күрделі байланыстылық себептерін түсінуге мүмкіндік береді .
Кез келген басқа оқу пәндері тәрізді биология курсын меңгерген кезде оқушы әр түрлі ойлау процестерін атқарады: бақылап салыстырады, анализ жасайды, қорытындылайды, өздері бақылаған құбылыстардың себебі мен салдарын белгілейді.
Мектептегі биология пәнімен биология ғылымының арасында үлкен айырмашылық бар. Бұлардың мақсаттарымен көлемі, құрылымы және баяндау әдістерімен формалары өзгеше.
Биология ғылымының мақсаты - зерттеу арқылы табиғат туралы жаңалықтар, жаңа білім алу.
Мектеп биологиясының мақсаты - оқушыларды даяр ғылыми фактілермен,заңдылықтармен таныстыру.
Мектепте биологияны оқытуға белгілі ғана уақыт бөлінген, сондықтан оқушыларды нақты ғылыми негіздермен таныстырады және ғылыми проблемаларды артық информациясыз түсіндіреді.
Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры.Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр .
Зерттеу мақсаты: биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы туралы түсінік беру.
Зерттеу міндеттері:
биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы;
биология сабағында презентацияны қолдану арқылы оқушылардың дағдысын қалыптастыру әдістері туралы мағлұмат беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I.БИОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРҒА СИПАТТАМА

1.1 Биология сабақтарында оқушылардың дағдыларын қалыптастыруда әдістемелік құралдарды қолдану.

Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.
Оқытудың жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры.Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді.Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр .
Биология сабақтарында ақпараттық -- коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
:: оқушының өз бетімен жұмысы;
:: аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
:: білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
:: шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
:: қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
:: қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
:: экономикалық тиімділігі;
:: іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
:: қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
:: оқушының ой - өрісін,дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқытушы сабағында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық -- коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электронды оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде.Білім берудің кез-келген саласында Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптасыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Осы орайда биология пәнін оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларға интерактивті оқыту құралдарымен электрондық оқу құралдарын жатқызуға болады. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне, бұрынғы алған білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалық жұмыстарды орындауға дағдыланады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер,бейнекөріністер көрсетуге, дыбыс және музыка тыңдауға болады. Бұл әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда әсерлі, әрі тиімді. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық құралдардың атқаратын рөлі зор. Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдер өздеріне қажетті әдістемелік материалдарды, көмекші құралдарды молынан ала алады. Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын меңгеруге, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Биология пәніне арналған электрондық оқулықтың тест бөлімі арқылы пән курсы бойынша оқушы толық ақпарат алып өз білімін тексере алады .
Компьютер оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Оқытушыға оқушылардың әрқайсысының жұмыстарын бақылауға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге болады. Сабақтан тыс уақытта оқытушы компьютер жадына сақталған оқушылардың жұмыстарын саралап, талдау жасау арқылы олардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін сол арқылы бағалай алады.
Презентация үғымы өзінің толық мағынасында лат.praesento тапсырамын немесе ағыл.to present -- ұсыну, өзін көрсету, баяндама, жобаны, ессп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сұрауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Қорытып айтқаңда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну -- бұл әрдайым презентация.
Слайд деп - көзге көрінетін күрделі объектіні айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалык кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Бүл параққа түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның басты, керекті сәттерін және оған катысты жағдайларды фиксациялау кезінде колданылады.
АКТ-ны сабақ процесінде қолдану кезінде мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:
::дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);
::әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);
::ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
::оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).
АКТ-ны биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін қандай әдістерді қолданған тиімді? Ол үшін мұғалім не істеуі керек?
::ақпаратттық сауаттылығын арттыру үшін көбірек оқу;
::ұғымдарды есте сақтау қабілетін дамыту;
::сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға үйрету;
::ақпаратты өз бетінше табу, талдау, іріктеу, сақтау, түсіндіру және ақпараттарды тасымалдау, оның ішінде қазіргі заманғы АКТ-дың көмегімен жүзеге асыруды қалыптастыру;
::оқушылардың ғылыми- ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік ету,өз бетінше мақсат және оны негіздеу, жоспарлау және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыру.
АКТ-ны биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін:
::сабақты түрлендіріп өткізу;
::сабақта ақпарат құралдарын пайдалану;
::оқушының өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуге үйрету.
Өзімнің іс-тәжірибемнен мысал келтірсем , биология сабағында АКТ-ның келесі түрлерін қолдануға болады:
::Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану;
::Жаңа сабақты өту кезінде электронды оқулық, интернет материалдарының бірнеше фрагменттерін қолдануға;
::Зертханалық жұмыстарда;
::Түрлі тапсырмалар мен тест орындауда.
Соның ішінде сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын, танымдық қабілетінің артуын , өзіне деген сенімділігін, яғни олардың білім, білік, дағдыларының арттыру мәселесін айтқым келіп отыр.
Биология сабағында мультимедиалық презентацияларды сабақтың барлық кезеңдерінде:
::пән бойынша негізі білімді игеру, игерілген білімді жүйелеу,
::өзін-өзі бақылау дағдыларын құру, толық немесе нақты бір пәнге оқыту қабілетін құру,
::оқу материалындағы өзіндік жұмыста оқушыларға оқу-әдістемелік көмек көрсету кезінде қолдануға болады.
Әр сабақта компютерлік технология арқылы барынша толық жұмыс істеу оқытушыдан шеберлікті, іскерлікті, өте жоғары ұйымдастырушылықты қажет етеді.

1.2 Биология сабақтарында әдістемелік құралдары қолдану жолдары.

Оқыту құралдары - оқыту міндеттері мен мақсаттарына сәйкес оқыту әрекетінің пәрменділігінің көтерілуіне әсер ететін әртүрлі заттар, құбылыстар, деректер және оқытушы бағдарламалары. Биологияны оқытудың сапасын арттыру үшін оған қолайлы жағдай туғызу қажет, ол дегеніміз оқытудың материялдық базасын ұйымдастыру биология кабинеті, оқу тәрбие алаңы және тірі табиғат мүйісі, бұлар бір-бірімен өте тығыз байланысты және оқыту мен тәрбие міндеттерін кешенді түрде жүзеге асыруда бірін-бірін өзара толықтырып отырады. Оқытудың негізгі түрі сабақ болғандықтан, ол негізінен сыныпта өтеді.
Биология кабинеті - биологиядан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған бөлме. Биология пәнінің ерекшілігіне байланысты биология кабинеті де соған сай болуы тиіс. Пән мұғалімі үшін кабинет, тек қана сабақ өткізуге арналған немесе тек жұмыс орны емес, ол әртүрлі өсімдіктерді және жануарларды кездестіретін табиғаттың бір мүйісі болуы тиіс. Онда зертханалық, сарамандық сабақтар, тәжірибелер көрсету, тірі табиғат нысандарын бақылау, сыныптан тыс шаралар жүргізіледі.
Биология кабинетінің оқыту құралдарымен жабдықталуы ұстаз бен оқушының біріккен әрекетінің қаншалықты жетістікте болатынын анықтайды. Көпшілік жағдайда нені оқыту? және қалай оқыту? керек екенін біле тұра, қолыңда құрал жабдық болмаса мұғалім жалаң қолмен өз қызметін толық мәнді етіп, жоғары тиімділікте жүзеге асыра алмайды. Әйткенмен кабинеттің толық, дұрыс жабдықталуына қарамай, оның құрал жабдықтарының тиімді пайдалануы әртүрлі болуы мүмкін. Әдістемелік әдебиеттерде негізгі көңіл, мұғалімнің жаңа материалдарды хабарлау үрдісі кезінде кабинеттегі қайсыбір оқыту құралдарын пайдалануға бөлінеді. Ұстаз сабақ барысында оқыту құралдарымен оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырған кезде, білім мен біліктілікті игеру еңбегі бала үшін шығармашылық еңбекке айналуы керек. Практикада көрсеткендей, сабақтарда көпшілік жағдайда оқушылар тек енжарлы түрде тыңдаушы және пайымдаушы ғана, ал егер сабақта әртүрлі білім көздерімен, мысалы, кабинетте бар құралдармен өзіндік жұмыс жүргізілсе оқыту үрдісінің пәрменділігі жоғары болады.
Кабинетті ұйымдастыруды оның сатылап даму жоспарын құрудан бастаған орынды. Жоспардағы алғашқы зертханалық жұмыстар және тәжірибелер жүргізу үшін материалдар оқушылардың көмегімен табиғатқа танымжорықтар кезінде жиналады және жиналған материалдар жіктеліп, осы материалдарды сабақта пайдалану үшін қажетті әдістемелік ақпараттар (нұсқаушы карточкалар, тапсырмалар, сұрақтар) жасалады.
Биология кабинетін ұйымдастыруда негізгі көңіл бөлінетін жағдай оның эстетикалық және гигиеналық жоғары талапқа жауап беруі. Себебі, кабинет базасында үнемі оқу-тәрбие үрдісі ұйымдастырылады.
Кабинетті ұйымдастырғанда басты назарда болатын мәселе мектеп биологиясының барлық бөлімдері арқылы өтетін үш негізгі идея: эволюция, экология және табиғатты қорғау, систематика. Сондықтан кабинетті жабдықтағанда басты стендтер осы бағытты қамтыса орынды болады. Эволюциялық даму жалпы планетамыздың жалпы көрінісін береді, егер жасалынатын стенд Жердің, тіпті Күннің жүйесінің пайда болуынан бастап қамтыса, онда оқушыларға ғылыми әлем бейнесі қалыптасып, материалистік дүние танымы дамиды.
Оқыту мен тәрбиелеудің материалдық базасын жасау және ондағы жабдықтарды тиімді орналастыру көпшілік жағдайда білім мен біліктілікті игеруге және биология ғылымына деген танымдық қызығушылықтың дамуына әсерін тигізеді.
Оқыту құралдарының үш түрін бөліп қарастыруға болады: табиғи нысандар, нақты нысандарды алмастырушы көрнекі белгілер бейнелеуші, сөздік немесе вербальды құралдар.
Осындай үш түрге бөлу таным теориясы тұжырымдамасына және ойлаудың даму сатысына сәйкес. Алғашқы кезеңде нақты нысандармен, нақтылы жағдайда тікелей практикалық әрекет жасау жүретін көрнекі әрекеттік, практикалық ойлау жетекші болып саналады. Екінші кезеңде оқушылар тәжірибелермен жинақталған, нақты заттармен емес, түсініктер мен қабылдаулардың бейнелі түйсінуі арқылы міндеттерді шешу жүзеге асырылатын көрнекі - бейнелі ойлау. Үшінші, жоғары кезеңде ойлау әрекетінің жетекші рөлі болып, абстракциялық - теориялық ойлау есептелінеді. Оқытудың барлық құралдары оқу танымдық әрекетін ұйымдастырудың және биология мазмұнының басқаша көрсетілуін береді.
Табиғи немесе нақты нысандар - оқушылар тікелей сабақ үстінде немесе топсеруен кезінде пайдаланатын және қарым - қатынаста болатын заттар. Олар а) тірі табиғи нысандар б) өңделген табиғи нысандар болып екі топқа бөлінеді.
Тірі табиғи нысандарға: арнайы таңдалған өсімдіктер - бөлме өсімдіктері, аквариум, террариум және тірі табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарлар жатады .
Табиғи оқыту құралдарын сабақта қолдана отырып, мұғалім оқушылардың білімінің нақтылы бейнеден абстрактылы ойға шыңдалуына жәрдемдеседі. Мұндай құралдардың көмегімен оқушылар заттың мөлшерін, формасын, түсін толық бақылап толық мәлімет ала отырып, олардың эстетикалық ұнату қабілеті де қалыптасады.
Өңделген табиғи нысандарға:
::ботаника пәні бойынша - кеппе шөп, практикалық сабақтарға арналған өсімдіктердің бүтіндей (демонстрациялы) және жеке мүшелерінің (таратпа) оқу құралы ретінде қолданылатын түрлері жатады;
::зоология пәні бойынша жәндіктердің коллекциясы, жануарлардың дамуы бойынша ылғалды препараттар, әртүрлі систематикалық топтағы омыртқалылардың қаңқасы мен тұлпы (демонстрациялы), жануарлардың жеке бөлімдері (таратпа) және сүйек, балық қабыршақтары, құс қауырсыны т.б.
::анатомия, адам гигиенасы мен физиологиясы пәні бойынша адам қаңқасы (демонстрациялы), жеке сүйектер, микропепараттар.
Оқылатын нысандардың нақты қасиеттері тек қана көру арқылы ғана емес, иіс сезу, есту және сипап сезу мүшелерімен де қабылдана алады.
Бейнелеуші оқыту құралдарына таблицалар және әр курс бойынша сызба- нұсқалар,мысалға; жасуша құрлысы, ағзалар экожүйелер, заттар айналымы жөніндегі суреттер, фотосуреттер, үрдістер мен нысандардың материалданған нобайлары; ДНҚ нобайы, жүрек жобасының нобайы, қазба жануарлардың нақ пішіндері жатады.Көрнекіліктің ерекше тобы болып компьютерлік мультимедиялық оқыту құралдары есептеледі.
Сөздік немесе вербальды құралдар - олар кітаптар, оның ішінде оқулық, мұғалімнің сөзі, кино немесе телекөрсетілімдерді түсіндіретін дикторлық мәтін, компьютермен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар (бейнекадрлар, нобайлар) тестілер мен жұмыс дәптерлері. Оқушылардың нақты нысандарды немесе суреттерді тікелей бақылауын қамтамасыз ету бақылаулар мен практикалық әрекеттер түрінде болады.

1.3. Биология сабақтарында қосымша ақпарат көздерін пайдалану

Қосымша ақпарат көздерін қолдану әдістерінің бірі Айналмақосы әдісті биология пәндерінде оқушының білімін тексеру кезінде, логикалық ойлауды дамыту немесе жаңа тақырыпты бекіту, меңгерту кезінде пайдаланған өте тиімді. Себебі,бір ғана тексерудің түрі қолданылмайды мұнда оқушылардың білімі тест, биолгиялык диктант, тірек сызба, сурет бойынша және терминдерді тексеру сыныптағы бүкіл оқушыларды бір мезгілде қамтып, білім деңгейін анықтауға, логикалық ойлауын дамыту кезінде қолдануға мүмкіндік береді.
Сыныпты 4-топқа бөліп, топ басшылары сайланады да, тапсырмалары таратылады. Білім тексерген кезде қатар отырған оқушы бір-бірінен көшіріп алмау үшін және білім деңгейіне байланысты әр түрлі нұсқада деңгейлеп беріледі.Әр тапсырманы орындауға 7-мин, оның 2-минутын топ басшылары тексеріп, бағалап үлгеруі керек. Тапсырманы орындағаннан кейін бір мезгілде орындарынан тұрып сағат тілі бағытымен топтар орын ауыстырады да келесі жаңа тапсырманы орындай бастайды. Осындай бағытпен оқушы 5-түрлі тапсырма орындап 5-баға алады. Қалған уақытта топ басшылары қорытындылап, ортақ бағасы қойылады.
Тапсырмаларды құрастырған кезде бағдарламада көрсетілген Оқушылардың білім мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар бөлімінен алынған біліміне қарай оқулықтан диктантқа мәтін іріктеп алынады. Енді іріктелген дидактикалық материалды қолдану мақсатына қарай карточка жасаймыз.
Тест: ашық тест, жабық тест, сәйкестік тест т.б. қолдануға болады.Биологиялық диктантты да түрлендіріп қолдануға болады.
1)Биологиялық атауларды білдіретін сөз қалдырылған сөйлем жазылады. (қалдырылған орынға тиісті сөзді тауып жазады).
2)Биологиялық диктант сұрақ түрінде құрылады. (Қысқаша нақты жауап қайтарады).
Мысалы, Анатомия пәнінде Асқорыту жүйесі тарауында тестік тапсырмалар -1 топ, 2-топ биологиялық диктант, 3-топ тірек сызбалар, 4-топ суретпен жұмыс,5-топ терминдерден тұратын тапсырмаларды орындауға бердім. Белгіленген уакыт өткеннен кейін тапсырмалар орнында қалады да оқушылар дәптер, қаламымен орындарын ауыстыра отырып 5-түрлі тексеруден өтеді. Енді Жаңа тақырыпты меңгеруде бұл әдісті қалай қолданамыз?
1.Осы тақырып туралы алдын ала түсінік беремін.
2.Үйде қосымша материалдар қарау, әкелу тапсырылады.
3.Сынып оқушыларын топқа бөліп, ойын шартымен таныстырылады.
Ойын: 4-кезеннен тұрады
1-кезең жеке жұмыс.
2- кезең жұптық жұмыс
3- кезең топ болып жұмыс жасауды жалғастыру.
4- кезең топтық шешімді қабылдау.
Әр топтағы оқушыны шартты түрде 4-әріппен белгілейміз (А-В-С-Д).
Тақырыпты оқи отырып әр әріптің қандай тапсырма орындау керектігі айтылады.Мысалы: А- мәтінді оқи отырып тест құрау,В- мәтінді оқи отырып биологиялық диктант құрау, С- мәтіндегі суреттердің құрылысы мен қызметін талдайды, Д- негізгі түсініктермен, терминдермен жұмыс жасайды.
1-кезең жеке жұмыс. Оқулықтың 3-4 тақырыпшадан тұратын материалын оқып қысқаша өзіне берілген тапсырманы орындайды. Бұл тапсырманы дайындауға 15 минут уақыт беріледі.
2-кезең жұппен жұмыс. 1-топтағы оқушылар өзіне серіктес таңдайды. Мысалы, А-В, С-Д. Тапсырма мазмұны өзгермейді. Бірақ, бұл кезеңнің мақсаты топша ішіндегі жұптардың ортақ шешімге келуіне және бірін-бірі толықтыру. Уақыты 5 минут.
3-кезең. Топтар арасындағы жұмысты жалғастыру. Алдыңғы топтар уақытша таралып жаңадан әріптік бірлік қағидасы бойынша құрылған топтар (А-А-А-А, ВВВВ, СССС, Д-Д-Д-Д) келеді. Әрбір жаңа топтың қатысушылары өзінің мәселені шешу жолдарын ұсынып, өзге топтардың пікірлерімен танысады. Ортақ және тиімді шешім таңдалады. (10 мин.).
4-кезең. Топтық шешім қабылдау. Әр топтан 1-оқушы шығып ортақ тапсырманы қорғайды. (10 мин).
Мұндай әдістен күтілетін нәтиже:
1)Оқушылардың логикалық тұрғыда ойланып, оны сабақта қаралған мәселенің негізгісін анықтауға дағдыланады.
2)Биологиялық терминдерді дұрыс түсініп, мәнін аша білуге үйретеді.
3)Сызбалар, суреттер арқылы нақтылы түсінікке тез көшуге жәрдемін тигізеді.
4)Жұмыстың бұл формасы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
Биология сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану жолдары
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау жасау
Биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы туралы
Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Оқушылар білімін тексеру
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Электронды оқулық дәріс
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
Пәндер