Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Факультет Институт: Ұстаз

Кафедрасы:Химия-биология

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Мектепте химияны оқытудың жеке әдістері

Тақырыбы: Орта мектепте химия курсының бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқытудың әдістемесі.

Студент: Момынова Талшын тобы: ХБ 19-1 _______________
Ф.А.Ж. қолы
Жетекшісі: Химия және биология кафедрасының аға оқытушылары - Шинышерова Ғ.Б қызметі
Ф.А.Ж.

Қорғауға жіберілді: _____ _______________ 20 ____ ж. ______________________
қолы

Жұмыс қорғалды: _____ _______________ 20 ____ ж. бағалаумен ___________________
жазбамен

Комиссия төрағасы (төрайымы) : _________________________ ________________
Ф.А.Ж. қолы
Комиссия мүшелері: _________________________ ________________
Ф.А.Ж. қолы
_________________________ ________________
Ф.А.Ж. қолы

Тараз 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: Химия-биология_

ХБ 19-1 тобының білімгері Момынова Талшын курстық жұмысына
Ф.А.Ж.
Пәні: Мектепте химияны оқытудың жеке әдістері

ТАПСЫРМА

1. Тақырыбы: Орта мектепте химия курсының бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқытудың әдістемесі.

2. Тапсырма бойынша арнайы нұсқаулар:
___________________________________ ________________________
3. Есептік - түсіндірме жазбаның (жұмыстың) негізгі бөлімдері
Орындау кестесі

көлемі, %
орындау мерзімі
Кіріспе

10%
30қазан-1қараша
Орта мектепте химияны оқыту әдістемесі
10%
1қараша- 4қараша
Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі
10%
5 қараша- 7қараша
Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесін және атом құрылысын оқытып үйрету әдістемесі
20%
7қараша-10қараша
Бейорганикалық химия курсында зат құрылысын оқыту әдісі
20%
11қараша- 13қараша
Ерітінділерді және электролиттік диссоциациялану теориясының негіздерін оқыту әдістері
10%
14қараша
II. Тәжірибелік бөлім
10%
15-16 қараша
III. Қорытынды
10%
16-17 қараша
4. Графикалық материалдың тізбесі (сызбалардың масштабын көрсете отырып)

5. Жұмысты рәсімдеу

18 қараша
6. Қорғау

Тапсырма кафедра мәжілісінде бекітілді ________ 20 ____ ж. Хаттама № ____

Жетекшісі: Химия және биология кафедрасының аға оқытушылары - Шинышерова Ғ.Б. қызметі қолы Ф.А.Ж.

Тапсырма орындауға қабылданды ________ 20 ____ ж. ____________________
студенттің қолы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
I. ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Орта мектепте химияны оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..5
Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесін және атом құрылысын оқытып үйрету әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Бейорганикалық химия курсында зат құрылысын оқыту әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.5. Ерітінділерді және электролиттік диссоциациялану теориясының негіздерін оқыту әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
II. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1. № 1 - зертханалық жұмыс. Атом құрылысы тұрығысынан бейорганикалық гидроксидтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

КІРІСПЕ

Химияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, оқыту әдістерін тәрбие жұмысымен тығыз бірлікте, өзара байланыста зерттейді. Оқытудың заңдылықтарын ашумен қатар, оқытудың мазмұны-мақсатын, әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын, оқытушы мен оқушының іс-әрекетін бір-бірінен ажыратпай біртұтас қарастырады[1].
Бейорганикалық қосылыстар құрамына қарай төрт класқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар. Бұлар туралы оқу материалы зат және химиялық реакция жөніндегі алғашқы ұғымдарды тереңдетіп, одан әрі дамытады.
Бейорганикалық қосылыстарға жататын оксидтер, қышкылдар, негіздер және тұздар кластарының ішінде қышқылдар, негіздер маңызды қосылыстарға жатады. Осы косылыстардан қышқылдар мен негіздер жайлы білім барлык сыныптарда біртіндеп күрделендіріле отырып спираль іспеттес беріледі[2].

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда қарқынды даму ішіндегі қоғамымыз терең білімді шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өзіндік шығармашылығы жоғары, бәсекге қабілетті жалынды жастарды қажет етеді. Қазіргі жастар, мектептегі оқушылар болашақтың негізі болып табылады. Сондықтан оқушыларға сапалы білім беру, көкірек көзін ашу, әдіс-тәсілдер және заманауи технологмялар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жұмыстары менің жұсымныңмөзектілігі болып табылады деп есептеймін.

Зерттеудің мақсаты:
:: Орта мектептегі химияны жалпы оқыту әдістемелін зерттеу;
:: Бейорганикалық химияны оқушыларға түсіндіру әдістерін, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсаттарын анықтау

Зерттеудің міндеттері:

Оқыту жүйесінде мұғалімдердің қолданаиын тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану жағдайларын анықтау;
Оқыту үрдісінде оқушылардың оқу әдістемелік кешендердің көмегімен өзіндік әрекетке биімделуін анықтау;
Мұғалімдерге және оқушыларға арналған жаңа мазмұнды оқу әдістемелерін зерттеу.

Зерттеудің объектісі - жалпы орта білім беретін мектептегі оқу жүйесінде қолданылатын оқулықтар.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. Орта мектепте химия оқытудың әдістемесі. Жеке оқу пәндерінің мақсаты қоғамның мектеп алдына қойған әлеументтік талабы бойынша анықталады. Ол мақсат -әржақты жетілген, өз ісіне сенімі күшті, қоғамдағы түбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті кісіні тәрбиелеу. Бұл, мақсатқа жету үшін мектеп жасөспірімдерді табиғат, қоғам, адам және оның еңбегі туралы білім жүйесімен қаруландырады, ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесін береді, ғылыми және ізгілік көзқарастары, қабілеттерінің барынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды.
Осы жалпы мақсатқа сәйкес әр пәннің алдына ғылым негіздерінен білім беру, тәрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды әржақты дамыту мақсаттары да қойылады. Химия пәні де оқушыларға табиғат туралы және технологиялық білім беру, ғылыми көзқарас қалыптастыру, солардың негізінде экологиялық, экономикалық, адамгершілік, еңбек және т.б. тәрбиесін беру, олардың бақылау, қабылдау, түсіну және ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді.
Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері.
Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті - жаратылыстану ғылымдарының арасындағы химияның алатын орнын көрсету.
Бұдан зат туралы, деректі ұғымдар заңдар теориялық мөлшері өзгеріп отырады. Бұл өзгерісті әр жылдағы бағдарламадан көреміз. Оқулықтарда химиялық мазмұнына 3 түрлі материалдар кіреді.
1. Деректі материалдар;
2. Теориялық материалдар;
3. Өндіріспен байланысты материалдар.
Осылардың ара - қатынасы кейінгі шыққан оқулықтарда оны оқытуда өзгеріп отырады. Бұл мазмұнның қалай өзгеретіндігін оқулықтардан көреміз. Бұл мәселе оқулықтың мазмұнын біріншіден дидактикалық принциптеріне сәйкес таңдап алынады.
Химиядан орта білім берудің екінші міндеті - пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу және түсіну саласында физиканың әдістері мен теориялық көзқарастарын пайдаланады. Жер туралы ғылымдар (геология, минералогия және т.б.) минералдар мен тау жыныстарының өзгерістерін олардың құрамына кіретін заттар деңгейінде қарастырып түсінуге тырысады. Организмдердегі тіршілік әрекеттерінің мәнін физика мен химияның заңдылықтарына сүйеніп, молекулалық биология зерттейді.
Химиялық орта білім берудің үшінші міндеті - табиғаттың тұтастығы, онда жүзеге асатын құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы шарттылығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру. Өлі табиғатты құрайтын минералдар мен тау жыныстары, тірі табиғатты құрайтын организмдердің денесі заттардан тұрады. Заттардың өзі жүзге жуық химиялық элементтердің атомдарынан, ал атомдар санаулы ғана қарапайым бөлшектерден құралады.
Химиядан орта білім берудің төртінші міндеті - орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы оқу материалын іріктеу. Қазір үш миллионнан астам заттар белгілі, олардың саны үздіксіз артуда.Осы миллиондаған заттардың ішінен қайсысы және қандай дәрежеде өту қажеттігін шешу - аса жауапты міндеттердің бірі.Заттар туралы білім ұғымдардан тұрады, олардың негізгілері - химиялық элемент, химиялық реакция, химиялық өндіріс.
Орта мектеп химия курсының мазмұны мен құрылымы. Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар. Химия курсының мазмұны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады және оқытылады: ғылымилығы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.
Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен құбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізу тиіс. Ол үшін жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдың негізінде енгізілуі керек.
Жүйелілігі. Оқу материалы ғылымның логикасына сәйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастыралады. Жаңа материал өтілгенді ескеріп беріледі де өзі соңындағыларға негіз болады. Жүйелік негізі, әсіресі, химиняың негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол үшін деректі материалдарды заттар және химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесіне біріктіреді.
Түсініктілігі. Бұл ғылыми негізге- кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалдарының түсінікті болуы көлеміне және ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Саналылық және белсенділік негізі - оқыту барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пәнге қызығуын және білім алудағы белседілігін арттыру.
Көрнекілік принципі - дидактикалының ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бұл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекуланың құрылысының, өндірістік қондырғылардың модельдерін, суреттерін,сызбанұсқаларын пайдаланады.
Теорияның сарамандыққа байланыстылығы. Бұл - оқушылардың ғылым негіздерінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. Оқу пәні ретінде химияның мазмұнына деректі материалдар, жетекші теориялар мен заңдар, өңдірістік материалдар енгізіледі.
Демек, теория мен деректі тәжірибелік білімнің арақатынасын тиімді анықтау-аса маңызды методикалық міндеттердің бірі. Орта мектеп химия курсы аса маңызды бастапқы химиялық ұғымдарды қалыптастырудан басталады. Қазіргі жаңа бағдарлама бойынша бұл кіріспе тақырыпты оқып үйренуге 27 сағат бөлінген. Демек сегізінші сыныпқа барлығы 102 сағат берілсе оның аталған бөлігі осы тарауға берілген. Химиялық элемент,зат және химиялық реакция бірімен-бірі тығыз байланысты ұғымдар
жүйесі. Орта мектептегі химия курсын (бейорганикалық, органикалық, жалпы химия) меңгеруде бастапқы химиялық ұғымдарды жете түсінудің оқу-тәрбиелік маңызы зор[1].
Көріп отырғаныңыздай, химияны оқыту әдістерінің әр анықтамасында өзіндік анықтамасы бар. Көпжақты және көп өлшемді тәсіл нақты көрсетілген химияны оқыту әдістерінің мәнін сипаттау. Химиялық білім беру әдістері-бұл мақсаттарға жету жолдары және химиялық білім беру саласы белгілі бір жолмен реттелген және өзара байланысты білім беру қызметі[3].

1.2. Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі
Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесін қарастыруды қарапайымнан күрделіге қарай козғалысы қағидасына сай, жай заттардан - металдар мен бейметал- дардан бастаған жөн. Өткен тақырыптарда металдар мен бейметалдар жайлы мысалдар жай және күрделі заттар арасындағы айырмашылықты откен кезде пайдаланылған болатын. Алдымен оқушылармен мақсатты түрде оларға бұрыннан таныс зат ретінде металдар касиеттерін талқылаймыз. Ол үшін темір, мыс, мырыш, алюминий үлгілерін металдардың ортак физикалык қасиетін көрсету үшін көрнекі көрсету қажет, Жалпы карастырғанда металдардың кешенді ортақ физикалық касиеттерге не жай зат екендігін көрсетеді: қаттылығы (сынаптан басқа), беріктігі, металдық жылтыр, электрөткізгіштік, жылуөт- кізгіштік, созылымдылығы, ак-күміс түстес (алтын мен мыстан басқа).
Сабакта металдардың ашылу тарихы, металдарды қолдану және соның негізіндегі мәдени дәйектемені колдануға болады.
Әрі қарай жай заттар бейметалдардың сипаттамасымен таныстырамыз. Ол үшін - күкірт, көмір, қызыл фосфор, йод, хлор, оттегі заттарының үлгілері көрсетіледі (газтектес заттарды арнайы тығындармен жақсы тығындалған колбада жинайды). Әнгімелесу барысында мұғалім тақтада, ал окушылар дәптерлеріне келесі конспектіні жазады:
Агрегаттық күйі: О2, H2, N2, CI2, -газдар;
Br2- сұйык;
S. P, C, I2, - катты.
Түсі түссіз - О2, Н2, N2;
Түсі бар - S(сары), Р(кызыл), С(кара),Br2, (қызыл-қоныр).
Иісі және дәмі жоқ - O2, H2, N2, S, P, C;
Иісі және дәмі бар - Cl2, Br2, I2
Қатты бейметалл заттарға тән морт сынғыштығы (күкірт немесе көмірдің бір бөлігін ұнтақтағышпен ұн- тактауға болады), ұшқыштық (оттегі, хлор), электроткізгіштік пен жылуют- кізгіштіктің жоктығы және т.б.
Бейметалдарда кешенді металдық қасиет жоқ болатыны жайлы оқушылар өздері қорытынды жасауына алып келу керек, ал одан да терен себептер салдарынан бейметалдардың олардың атом, молекула, кристалл кұрылыстарына байланысты бір топка топтастырылуы жайлы кейінірек білетін болады.
Бейметаллармен толық танысып болған соң оттегі мен сутегінің қасистін толығырак меңгеруге болады. Осы заттарды оқыту әдістемесі классикалық формада болып табылады және ол жайлы химия мұғалімдеріне арналған көмекші құралдар саны жетерлік, сондықтан біз оны қарастырмай-ак оксидтер класын оқып зерттеуге көшеміз.
Оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарға сәйкес, оларда күрделі бейорганикалық кластардың өкілі ретінде оксидтер жайлы түсінікті қалыптастыру және оксидтер- дің формуласын құруды үйрену және оларды заманауи номенклатураға сәйкес атауды меңгерту керек. Бұдан басқа оқушылар оксидтерді таба білу білігін қалыптастырып, кальпты жағдайдағы әртүрлі агрегаттық күйде болатын оксидтерге мысал келтіру, оксидтерді жіктей білу және загтардың жіктелген ортақ сызбасынан олардың орнын көрсете білу, негіздік, қышқылдық, екідайлы оксидтердің касиеттерін сипаттайтын және белгілі оксидтердің алынуының реакция теңдеулерін жаза білуі керек.
Әдетте оксидтер жөніндегі бірінші тұжырымдар оттегінің химиялык қасиетін окыған кезде, яғни оксидтер - жай заттар мен күрделі заттардың жануы нәтижесінде түзілетін қосылыстар деген алғаш тұжырым жасалады. Сәйкес реакция теңдеулерін жазғаннан соң, реакция өнімінің құрамын салыстыру жүргізіледі: сандық белгі (қосылыстың құрамында екі элементтің бар болуы) және сапалық белгі (оттегінің бар болуы).
Окушылар, ереже сияқты, оксидтерге өз бетінше аныктама береді (көмекші құрал түсініктерімен толықтырылады). Мұғалімге тек күрделі зат, оксидтер класы, оксидтер сияқты түсініктердің өзара байланысын көрсетуі керек. Осылайша, мұғалім жеке оксидтерден оксидтер класы және олардың басқалармен күрделі заттардың жинағын көрсететінін түсіндіруі керек. Бұл байланыстар биологиядағы бірлік жүйелерді еске түсіреді: түр-тұқым, тұқым-тұқымдас және т.б.
Оқушыларға бинарлы қосылыстардың формулаларын қалай құрғандарын есіне түсіруді ұсыну ақылга конымды және оттегінің валенттілігі екіге тең екенін біле отырып оксидтін ортақ формуласын кұрастыру керек.
Оксидтердің ортақ формуласын элементтердің тотығу дәрежесі жайлы түсінік негізінде құру нұсқасын да қолдану ыңғайлы.
Оксидтерді анықтамасын беру оның құрамында екі элемент болатынын және оның бірінің тотығу дәрежесі -2 болатын оттегі екенін көрсетеді. Екі жағдайда да эвристикалык әңгіме әдісі қолданылады.
Жеке жұмыс жасау үшін аудармалы күнтізбе жаттығу-ойыны қолданылады, Үлестірменің мөлшері 15 x 20 см. Оған металдар мен бей- металдар таңбалары және сәйкес индекстермен берілген оттегілер жазылған, мысалы: Al, Ba, Ca, Na, S,P, Cr, Xe, N, N2, O, O2. Тапсырма бойынша оқушылар сәйкес үлестірмені тандап алып оксидтердің формулаларын құрады. Бір үлестірмені бірнеше рет қолдануға арналған. Үлестірмедегі химиялық формулалардың жинағы білім беру мазмұнының міндетті талабына сай жүргізіледі. Ол мұғалім таңдаған бағдарламадан тәуелсіз қолданыла береді.
Үлестірмелерді қолдану оқушылардын білімді қалай қабылдағаны жайлы тез ақпарат береді. Есте сак- талу үшін дәл сол химиялык формулалар жинағы аркылы орындалатын тапсырмалардың көптеген саны таңдалады. Механикалык есте сактау іс-әрекеттік есте сақтаумен алмастырылады.
Қышқылдар, негіздер және тұздар такырыптарын окушыларды заттармен және олардың химиялық формуласын атай отырып бір сабақта менгертуге болды. Оқушыларға мектепте химнялық экспериментте үнемі жиі қолданылатын заттар көрсетіледі. Оларға - тұз қышқылы, азот және күкірт қышкылдары, натрий (калий), кальций, мыс(П)гидроксидтері, кейбір тұздар, мысалы, натрий хлориді, натрий сульфаты, барий нитраты және т.б. жатқызамыз. Оларды кәдімгі күнделікті көріп жүрген қарапайым күйінде көрсетілуі тиіс болады (металл түздары мен гидроксидтері - қатты күйде). Зат формуласының көрнекілігін арттыру үшін заттын кұрамдық бөлігін көрсетіп арнайы үлестірмелерге жазуымызға болады: қышқыл формуласындағы сутегінін химиялық белгісін қызыл түспен, көк түспен - негіз формуласындағы гидроксотоп- ты жазып көрсетуге, ал тұз формулалары, қышқыл қалдықтары және металдар қара түспен белгіленеді.
Оқушыларда мәселелік сұрақтуын- дайды: қарастырылған заттарды бір топқа біріктірудің негізі не болып табылады? Жауабы айдан анык: оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар күрлелі заттар болып табылады.
Әрі қарай, әртүрлі қышқылдардың кұрамын зерттей отырып, оқушылар олардың кұрамына міндетті түрле сутегі атомының кіретінін қорытындылайды. Ал негіздердің құрамына міндетті түрде сутегі және оттегі элементтерінен тұратын гидроксотоп кіреді, Гидроксилді сөзінің этимологиясы былай түсіндіріледі: ол сутегі және оттегі элементтерінін латын атауларынан алынган - гидри сөзі гидрогениум сөзінен, ягни сутегі, окси- сөз оксигениум сөзінен яғни, оттегі дегенді білдіреді. (окушылар бұрын менгерген). Ал тұздардың кұрамына сутек атомы да, гидроксотоп та кірмейді (тек кана орта тұздарда карастырылады).
Дәстүрлі әдіспен ең әуелі қышқылдар содан сон негіздер зерттелген. Басқанұсқасы болуы мүмкін болса да, заманауи бағдарламаларда осы сызба сакталған. Көптеген әдебиеттерде қышқылдар мен негіздерді үйретпес бұрын атом-молекулалық теорияны береді[2].

1.3. Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесін және атом құрылысын оқытып үйрету әдістемесі
Периодтық заң жайлы ұғымдар 7-сыныптын Химиялық элементтердің периодтық кестесі тарауынан бастауалады. Бұл сыныпта оқушылар химиялық элементтердің жіктелуімен танысу мақсатында көрнекі ғалымдар И. В. Деберейнер, Дж. А. Ньюленде және Д. И. Менделеевтің енбектерімен танысады. Химиялық элементтердің металдар және бейметалдар болып жіктелетіндігін біледі. Дж. А. Ньюлендетің октавалар заңымен танысады. Мұғалім аталған ғалымдар химиялық элементтерді атомдық массасының өсу тәртібіне қарай орналастырғанмен оған көзсіз берілмегендігіне окушылардың назарын баса аударуы тиіс,
Бұл бөлімді окытудың мақсаты атом құрылысы жайлы осы заманғы ұғымдар негізінде периодтық жүйснін құрылымымен, химиялық элементтердің табиғи топтарымен таныстыру. Элементтердің қаснеттерінің периодты түрде өзгеруі жайлы ұғымдар қалыптастыруға дайындық жүргізіліп, осы ұғымдарды жете түсіну арқылы болашақта химиялық үдерістердің заңдылықтарын химиялык байланыс пен зат кұрылысы табиғатын терең түсінуді қамтамасыз етеді.
Тақырыпты зерттеудің тарихи тәсілі. Логикалық тәсілдерді белсенді пайдалану: салыстыру, жиынтықтау, абстракциялау, себеп-салдар байланыстарды белгілеу.
Оқушылардың әрекетін баскару құралы ретінде арнайы кұрастырылатын танымдық тапсырмалар жүйесі болып табылады, онда басты назар кұрылыс пен қасиеттердің өзара периодтылық тәуелділігін нақтылайды. Окушылардын әрекетін басқару құралы ретінде арнайы кұрастырылатын танымдық тапсырмалар жүйесі болып табылады, онда басты назарда құрылыс пен қасиеттердің өзара периодтылық тәуелділігін нактылайды. Тақырыптың мазмұнын құрастырғанда тарихи-логикалық әдіс пайдаланылады. Сондықтан тақырыпты оқығанда Менделеев ұсынған химиялык элементтердің жіктелуінен бастау ұсынылады;
1. Ян Берцелиус 1808 жылы белгілі 32 элементті металл және бейме- талдарға бөлді.
2. Триадалар - Деберейнердің 1829 жылы элементтерді қаснеттері бойынша (валенттілік бойынша) жіктеді. (Li, Na, K; Ca, Sr, Ba; S, Se, Te; C1, Br, I).
3. Ньюленде Октав. Д. И. Менделеен элемент атомының массасымен оның касиеттері арасындағы периодтылық тәуелділікті көрсете білді. Осы кезде атом кұрылысы жайлы мәліметтердің әлі де белгісіз болуының әсерінен бұл құбылысты түсіндіру кешеуілдегенін айта кеткен жөн.
Периодтық занның ашылуы атом кұрылысының алғышарттары болып табылады. Содан кейін окушыларға атом құрылысының қазіргі заманғы түсінігі таныстырылады. Электрондық теорияны оку химия курсының казіргі заманғы күйін түсіндіреді. В. И. Вернадский элементтердің геохимиялық касиеттерімен периодтык жүйедегі орнының арасындағы тығыз байланысты орнатуының да маныздылығы анықталды.
Периодтық заң такырыбының білімділік мақсаттары окушыларда периодтылық кұбылыс негізін түсінумен, периодтық жүйені химиялық элементтердің қасиеттерін түсіндіру, салыстыру және болжау жұмыстарында пайдалана білуін қалыптастыруы арқылы көрінеді.
Тақырыптың дамытушылык аспектісі мүмкіндіктері тақырып мазмұнында ойлау тәсілдерін дамыту, әсіресе мәселелік тәсілдерді пайдаланудан көрінеді.
Тақырыптың тәрбиелік мақсаттары келесіге негізделген: ғылым мен өндірісті дамыту үшін периодтық жүйе және периодтық заң мағынасын түсінуді қамтамасыз ету, периодтылықты ғылыми теориямен түсіндірмесін корытындылау және болжаудың рөлдерін түсіну негізінде көрсету, таным үдерісіндегі тәжірнбенің рөлі; дидактикалық-материалистік заңдылыктар мен ұстанымдарды ашу.
Мектеп курсындағы Химиядык элементтердің жіктелуі. Периодтық жүйенің құрылымы маңызды рел аткарады.Периодтық заң химиялық элементтерді меңгергеннен кейін қарастырылады, осының негізінде аз көлемде ғылыми теория мүмкіндіктерінде жүзеге асады. Периодтық заңды меңгеру химия курсының ең басты сатысына ауысып, бірақ окушылар бастапқы кезенде бұл материалды жеңіл-желпі қабылдайды.
Периодтык заң және периодтық жүйені менгерудегі негізгі сатыларды атап көрсетелік:
Бірінші, дайындық сатысында, оқушылар периодтық заңды алдағы уақытта меңгеруге қажетті негізгі түсініктерді камтиды. Бұл атом, химня- лық элемент, атомдық масса, валенттілік, жай және күрделі заттар, бейорганикалық косылыстардың негізгі кластары және олардың генетикалық байланыстары туралы түсініктер. Сонымен қатар жеке химиялық элементтер және олардың косылыстары туралы фактілер жинақталады.
Екінші сатыда периодтық зан және периодтық жүйені, зат құрылысы теориясын үздіксіз менгеру жүзеге асады.
Үшінші сатыда элементтер химиясын оқытуда периодтылық занға негіздей отырып, химиялық элементтермен танысу және олар туралы білімді тұжырымдау жүреді.
Төртінші саты - аталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
8 – сынып оқушыларын химия пәнінің оқу-әдістемелік кешен арқылы оқыту
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын оқыту әдістемесі
Химияны оқыту әдістемесі құрылымы
Химиялық өндірістерді оқыту әдістемесі
Химияны оқыту құралдарын топтастыру
Орта мектептің химия курсында «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тарауын В.М.Монахов технологиясымен оқыту әдістемесі
Қышқылдар мен негіздер теориялары
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Көміртек атомының электрондық құрылысы
Химияны кіріктірілген модульдік оқыту тұжырымдамасы
Пәндер