Оқытуды ұйымдастыру түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Ұстаз институт________факультетіинститут ы

Химия және биология __________кафедрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

__________Биологияны оқыту әдістемесі___________________пәні бойынша

Тақырыбы: Сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлерінің мәні мен мазмұны

Білімгер : Сапарова Узукджемал Тобы___ХБ-19-3 ___________________
аты-жөні қолы
Жетекші: Сұлтанаев Ердос __________________________
қызметі аты-жөні
Қорғауға жіберілді ____________________20____ж. __ _____________________
қолы

Жұмысқорғалды __________________20__ж. бағасы ____________________
жазбаша
Комиссия мүшелері: _________________________ _____ ______________________
аты-жөні қолы

______________________________ ___ ___________________
аты-жөні қолы

Тараз 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

_____________________ Химия және биология кафедрасы_______________кафедрасы

_ХБ-19-3_тобының білімгеріне ___ ____курстық жоба (жұмыс)
аты-жөні
_______________Биологияны оқыту әдістемесі_________________ пәні бойынша

ТАПСЫРМА
1.Тақырыбы:Сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлерінің мәні мен мазмұны ___________________________________ ___________________________________ __
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы ___________________________________ ________________
___________________________________ ___________________________________ __________

3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула - ры (жұмыстары)
Орындау кестесі

Көлемі, %
Орындау уақыты
Негізгі бөлім
60%

1.Сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлерінің мәні мен мазмұны
20%

1.1Оқытуды ұйымдастыру түрлері
20%

1.2Проблемалық оқыту
20%

2Практикалық бөлім
40%

2.1Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар.
20%

2.2Сабақ оқытуды ұйымдастырудың сабақтан тыс түрлері
20%

4. Графикалық материалдарының тізімі (сызулардың масштабы келтіріледі)

5. Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі

6. Қорғау

Кафедра мәжілісінде бекітілген ___________________20___ ж. хаттама № ______

Жетекшісі: Сұлтанаев Ердос

________________________ __________ ___________ _______________________ _____
қызметі қолы аты-жөні

Тапсырманы орындауға қабылдадым _______________20___ж. ____________________
білімгердің қолы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.
4

Негізгі бөлім
6
1
Сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлерінің мәні мен мазмұны
6
1.1
Оқытуды ұйымдастыру түрлері
11
1.2
Проблемалық оқыту
18
2
Практикалық бөлім
21
2.1
Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар.
21
2.2
Сабақ оқытуды ұйымдастырудың сабақтан тыс түрлері
25

ҚОРЫТЫНДЫ.
28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
30

Кіріспе
Қазақстандағы білім беруді дамытудың арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім беретін мектептерде Қазақстанның зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту мәселесі атап көрсетілген [1].
Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Демек, қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай бүгінгі таңда еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Білім берудің мақсаттары мен мазмұны өзгеруде, оқытудың жаңа құралдары мен технологиялары пайда болуда, осыған қарамастан сабақ оқу үрдісін ұйымдастырудың ең басты формасы ретінде қала береді. Сабақ - оқу процесінің шешуші буыны, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылымиәдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты.
Оқу бағдарламаларымен және тұрақты сабақ кестесімен оқытуды ұйымдастыру формасы болып табылатын сабақта оқу-тәрбие үдерісінің барлық компоненттері - мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері, тәсілдері, ұйымдастыру мен басқару қызметтері және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Ал оқу қызметі - адамның оқу міндеттерін шешу үдерісінде теориялық білімдері мен тәжірибелік білігін игеруіне бағытталған негізгі қызмет түрлерінің бірі. Қазіргі заманғы сабақ - ол, ең алдымен мұғалім оқушының тұлғалық дамуына, оның ойлау қабілетінің жылдам өсуіне, білімді терең игеруіне, оның бойында адамгершілік негіздерін қалыптастыруды шебер қолданылатын оқу үрдісінің бір түрі.
Бүгінгі сабақ мектеп оқушыларының белгілі бір мөлшердегі білімді меңгеруімен шектелмей, тұлғаның жалпы дамуымен, оның танымдық және жасампаздық қабілеттерінің қалыптасуымен байланысты болуы тиіс. Қазіргі сабақ баланың ересектік өмірге белсенді кіруіне жағдай жасайтын, қоғамның заманауи талаптарына сәйкес қасиеттердің дамуын қамтамасыз ететіндей болуы қажет. Білім берудің жаңа парадигмасы бүгінгі күннің сабағына өзінің әсерін тигізуде, инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану білім берудің жаңа мазмұнын енгізуді талап етуде. Қазіргі сабақтың бірінші моделі деп дәстүрлі сыныптағы сабақты айтуға болады, ол мектеп тәжірибесінде жылдар бойы тиімді іске асып келеді. Бұл модельде өзіне тән ұғымдық аппарат, мұғалімдердің өзара қарым-қатынасының мәдениеті қалыптасқан, сондай-ақ сабақтың үштұғырлы мақсаты мен жоспарконспектісі, оқытудың түрлері және әдістері мен тәсілдері, сабақ түрлері және басқа терминдер қолданылады. Сонымен қатар дәстүрлі сабақ әрқашан қазіргі 3 заманауи сабақты өткізудің және ұйымдастырудың негізін қалаушысы болатынын атап кеткен жөн.
Сабақ өзгеріске ұшырағанымен, оның негізінде классикалық педагогика мен әдістеме қалады. Қазіргі сабақтың екінші моделі білім беруді технологияландырылуымен байланысты. Педагогикалық технологиялар білім беру саласына өткен ғасырдың 90-шы жылдарында келе бастады және оларға тән ұғымдарын (тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарының технологиялық картасы, технологиялық тәсілдер, технологияның кезеңдері, кезеңдердің міндеті) құрастыруға мүмкіндік берді. Сонымен, қазіргі сабақ - бұл тану, ашу, іс-әрекет, қарама-қайшылықтар, даму, өсу, білімге апаратын саты, өзін-өзі тану, жетілдіру, қызығушылық, таңдау, кәсіпкершілік, алға бастау, сенімділік, қажеттілік сабағы және қазіргі сабаққа тән ерекшелік - оқушылардың белсенді (өздігінен) оқу қызметі.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендірудің тәсілдерінің бірі - оларды ойлаудың түрлерін (саралау, жинақтау, салыстыру, маңыздысын белгілеу, қорытынды жасау) үйрету. Кез келген сабақтың дүниеге келуі оның соңғы мақсаттарын дұрыс анықтаудан, оларға қол жеткізуге көмектесетін құралдардан, сабақты жүргізу тәсілін анықтаудан басталады. Оқыту үдерісін басқару педагогикалық үдерістің және педагогикалық қызметтің берілген құрылымына сәйкес белгілі бір кезеңдерді: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау, нәтижені бағалау және талдауды өтуді қажет етеді.
Әдістемелік құралдың мақсаты жалпы білім беретін мектептерде сабақтарға қойылатын негізгі талаптар мен заманауи сабақты жобалаудың құрылымын, сабақты ұйымдастырудың жаңа технологиялары және оларды қолдану жолдарын қарастыру болып табылады. Сонымен қатар қазіргі кезде сабақты жобалау мен ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар беру. Осы әдістемілік құрал жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге әдістемелік көмек көрсету мақсатымен ұсынылып отыр.

Негізгі бөлім
1.Сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлерінің мәні мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу - делінген [10].
Оқыту түрі - бұл оқыту жəне оқып-үйрену қызметтерінің ерекшелігіне орайластырылған жалпылама сипаттағы білім игеру жүйесі, яғни оқу процесіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, қолданымдағы оқу құрал-жабдықтары, əдістері жəне формаларының атқаратын міндеттері.
Оқыту түрі өз негізіне алынған педагогикалық технология сипатымен анықталады.
Дəстүрлі:(Түсіндірме-көрнекілі, ақпарат жеткізу) оқыту түрі. Мұндай оқуда мұғалім ауызекі сөзбен көрнекі құралдарды қолдана отырып, оқушыларға дайын материалды ұсынады, шəкірттер ақпаратты сол күйінде қабылдайды, қайталап айтып береді.
Проблемалық оқытуа ұстаз басшылығында сабаққа байланысты мəселелерді шешу үшін оқушылардың өз бетінше оқу-ізденіс қызметтері ұйымдастырылады. Бұл оқу түрінің тиімділігі көптарапты: жаңа білім, білік, дағды қалыптасады, балалардың қабілеті, белсенділігі, танымдық қызығушылығы, шығармашыл ой-өрісі жəне басқа да тұлғалық маңызды сапақасиеттері дамиды.
Дамыта оқыту түрі оқушылардың білім, білік жəне дағдыларының күннен күнге арта түсуіне қажет ішкі психологиялық жағдаяттардың (зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу жəне т.б.) жетілуін қамтамасыз етеді. Оқу жедел қарқынмен жоғары деңгейде жүреді, білім игеру процесі саналы, мақсатты жəне жүйелі құрылып, негізінен, теориялық ақпарат, мəліметтерді меңгеруге бағытталады.
Шығармашыл (эвристикалық) - оқу проблемылық жəне шығармашыл оқудың басты принциптеріне негізделеді. Бұл оқуда оқушының білімдік табыстары белгіленген ғылыми білімдер кеңістігіндегі оның тұлғалық шығармашыл қабілеттерінің өзінше іске қосылуымен тікелей байланысты. Осыдан, мұғалім міндеті - баланың барша ұнамды адами қасиеттерінің (нышан, талант, дарын, т.с.с.) оянуына ат салысып, оларды білім игеру процесіне қоса білу.
Тұлғаға бағдарланған оқыту мəні - білімдену бағдарламалары мен оқу процесі əр оқушының жеке өзіне тəн танымдық ерекшеліктерін ескерумен түзіледі əрі іске қосылады.
Компьютерлі оқу жəне оқыту қызметтері электронды есептеу машиналарының кері байланысты оқыту - бақылау бағдарламаларына негізделеді. ЭЕМ оқу процесіндегі білім мазмұнының игеріліп жатқандығы жөнінде кері ақпараттың дəл əрі молдығынан даралықты оқуды күшейтеді.
Модульді оқытуда - білімдік ақпараттың шағын дидактикалық бөлшегінің 22 - модульдің көп тарапты қызметтер атқаруынан білім мазмұнының тұтастай игерілуін қамтамасыз етуге болады.
Қашықтықтан оқыту түрі қазіргі заман телебайланыс жүйесін пайдаланумен көзделген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Кіріктіріп (пəнаралық) оқыту - сыбайлас білім салаларындағы пəнаралық жəне пəнішілік байланыстарды іске асыруға бағытталып, біріктірілген оқу пəндерін меңгеруді көздейді.
Оқытудың жаңа технологиялары педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тимді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсарту, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.
Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Жаңа технологиялардың пайда болуы және оларды іске асыру әрекеті оған тән құралдар мен механизмдерді өзгертіп қана қою емес, құндылықтар бағытын, білім, білік, дағдыны қалыптастыру сипатталады. Білім берудегі жаңа технологиялардың негізгі сипаты - ізгілендіру. Білімдік технологиялар жеке тұлғаны ұйымдастыруға бағытталады, онда жеке пәндердің білімдік дәрежесі өзгеріп, олар қоршаған ортаны танудың құралына айналады, оқушылардың дүниетанымы кеңейеді, дамиды. Мұндағы басты мәселе білім мазмұнын байытуға бағытталған белсенді танымдық әдістерді қалыптастыратын жаңа технологияларды жасап, оны тәжірибеге ендіру.
Сонымен технология дегеніміз:
- біріншіден, қайта құру мен өңдеу процесі нәтижесінде алынатын дайын өнім;
- екіншіден, осы процестің нормативтік жағы оның іске асуы. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады.
I кезең - оқып үйрену.
II кезең - меңгеру.
III кезең - өмірге ендіру.
IV кезең - дамыту.
Зерттеуші-ғалым В.П. Беспалько: Педагогикалық технологияны оқушының жеке тұлғалық қалыптасу процесінің жалпы жобасы оқыту мақсаттарына жетудің кепілі,- десе [11], ал, А.Я. Савельев оқыту технологиясын оқу бағдарламаларында көрсетілген білім мазмұнын іске асыратын құрал ретінде қарастырады [12].
Оқыту технологиясын жобалау мәселесі, оқыту әдістерін таңдау дидактика үшін өте маңызды. Әдістерді таңдауда белгілі дидакт Ю.К. Бабанскийдің ұсынған өлшемдерін басшылыққа алуға болады.
- оқыту әдістерінің оқыту қағидалары мен заңдылықтарына сәйкестік өлшемі;
- оқыту әдістерінің оқу материалдарының мазмұнына, оның өзіндік ерекшелігіне сәйкестік өлшемі;
- әдістерді таңдауда оқушылардың мүмкіншіліктерін ескеру өлшемі [13].
Педагогикалық технология өзінің айқын түсініктілігімен, мұғалім меңгеруіне жеңілділігімен, оқыту процесінде қолдану тиімділігімен және әмбебаптылығымен ерекшеленеді. Сонымен, педагогикалық технология оқытудың тиімді жолдары арқылы оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар іріктеу болып табылады.
Педагогикалық технологияны іске асыру барысында төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру қажет деп санаймыз:
- мұғалімнің педагогикалық кәсіби іс-әрекетіне деген сенімділігі, шығармашылық шеберлігі;
- оқушылардың тұлғалық-бағдарлы дамуының ескерілуі; - оқу процесінің кез-келген кезеңіндегі оқушы дайындығының іске асырылуы мен кепілдігінің міндеттілігі;
- оқыту технологиясында пайдаланылатын педагогикалық ақпараттың міндеттілігі;
- оқушылардың білімді меңгерудегі танымдық қызығушылығы мен қажеттілігінің ескерілуі;
- оқушыларды өздіктерінен қорытынды жасауға, белсенді іс-әрекетке ұйымдастыру; - оқу процесін жобалағанда іс-әрекеттің, оқу материалы мен оқыту материалының дәлелдігінің бірлігі;
- оқыту процесінің жобалау технологиясы негізінде іске асырылуы; - оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру; - шығармашылық іс-әрекетті нәтижеге жеткізу. Оқушыларды жекелеп оқыту мәселесін жете зерттеген ғалымдардың бірі И.Э. Унттың ойынша, оқушыларды жекелеп оқыту абсолютті емес, шартты түрде ғана жүзеге асырылатынын ескертті. Оның пікірінше, оқушыларды жекелеп оқыту сынып-сабақ жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты шартты болып табылады: әдетте жеке оқушының емес, шамамен ұқсас ерекшеліктері басым оқушылар тобының дербес ерекшеліктері ескеріледі, тек таныс ерекшеліктер немесе оқу үшін маңызды болып табылатын таныс ерекшеліктердің жиынтығы ескеріледі [12].
Сондай-ақ, В.М. Монахов жекелеп оқытудың үш аспектісін бөліп көрсеткен:
1) психологиялық тұрғыда жекелеп оқыту баланың талабын анықтауға оңтайлы жағдай жасауға негізделеді;
2) әлеуметтік тұрғыда ол интеллектуалды,шығармашылық әлеуетті ұйымдастыруға ықпал етеді;
3) дидактикалық тұрғыда мектептегі жетілген прлоблеманы шешуде дифференциялап оқытудың жаңа жүйесін жасаумен сәйкес келеді [14].
М.В. Кларин дифференциялау оқушыларды әртүрлі профильде оқыту үшін топтарға бөліп, біркелкі емес, типтік мектептерде оқытуды көздейдейтінін айтқан [15].
Оқушыларға білім беруде жаңа технологиялады қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы дамыған адамын тәрбиелейтін ұстаз өзінің шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс. Оқушыларды білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасады, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ тәрбиеленеді. 31 Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді [11]. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік оқыту үшін тұрақты оқулықтар мен оқу құралдары керек деп есептеймін. Сонымен қатар, жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аудару керек. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологиялардың бірі - деңгейлік саралау технологиясының элементін қолдану. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Ал, соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Ж.А. Қараевтің оқытуды дифференциялау және білім беру демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А. Амонашвили. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату [20]. Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф.Шаталов тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын - білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды жеделдету [21]. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері - үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту. Жалпы білім беретін мектептерде деңгейлеп оқыту технологиясы (Қараев Ж.Д.), жүйелік негізде оқыту технологиясы (Ғалиев Г.Г.), шоғырландырыпқарқынды оқыту технологиясы (Әбдіғәлиев Қ.А., Нурахметов Н.Н.), блоктықмодульдық технологиясы (Жанпейісова М.Н.) қолдау табуда. Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол. Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол оқытушыдан білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді.

1.1 Оқытуды ұйымдастыру түрлері
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік. Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. Түрлері деген ұғым латын тілінен аударғанда forma сырқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде түрлері ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни түрлері ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі-оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады . Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылармен мұғалімнің қарым-қатынасыі ( Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі:. Оқушының саны мен құрамы,жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:
:: жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
:: жеке - жұптық (оқушы- оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады );
:: жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады ((оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).
:: Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған,атауы-беланкастер жүйесі);
:: Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі (мангейм жүйесі);
:: Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі ХХ ғасырдың 20-жылдарына тән);
:: Американдық Винетка-жоспар, Трампа-жоспар және т.б.
:: Оқытудың микротоптық жүйесі
Оқыту түрлерінің сыныптық-сабақ жүйесі ХҮII ғасырда туысқан тәуелсіз мемлекеттердің Богемия, Украина, Белоруссия елдерінің мектептерінде ең көп тараған және үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Сынып дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімінің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын ХҮІІ ғасырда-атақты чех педагогы Ян Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныпты-сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады; сабақ құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқу тәрбие үрдісін тәртіптеуді қамтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, оқу мәселесін талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу. Бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: сыныптық-сабақ жүйесі үлгірімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте талапты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі.
Бәрін есептей келгенде, әрине сыныптық- сабақ жүйесі тұрақталып, жаппай озық іс-тәжірибелер жинақталады деуге дәлеліміз бар. Жастары бір шамадағы сынып оқушыларын бірге оқуының тағы бір жағымды тұсы- ол оқушылардың ұйымдасқан анықтықты және үзіліссіз оқу жұмысын, сонымен қатар міндетті оқу мен сабақтан тыс жұмысты қамтамасыз етеді.
Сыныптық - сабақ жүйесі өзіне кғөптеген оқу үрдісін ұйымдастырудың бірқатар кешендерін қосып алады. Оған жататындар: экскурсия, оқу шеберханасындағы сабақтар, тәжірибелер, еңбек жіне өндіріс түрлері, сыныптан тыс жұмыстардың түрлері (пән үйірмелері, студия, ғылыми қоғамы, олимпиада, байқаулар, конференциялар).
Оқытудың осы түрі ауқымында жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке даралап және саралап оқыту немесе қарапайым мазмұндағы түрлері ұйымдастырылады. Сыныптағы барлық оқушыларға бір тектес тапсырмалар берілгенде (жазбаша, зертханалық және тәжірибешілік немесе практикалық сабақтар), онда саралап оқыту жұмысы жүргізілмейді, ал сыныпта топтар әртүрлі тапсырмалар орындаса, бір мәселені шешсе, бірге отырып барлығы тақырыпты меңгереді, міне сол арқылы жұмысты әрі ұжымдық фронтальды, топтық түрлері іске асады.
Жоғарыда жіктелген оқытуды ұйымдастырудың түрлеріне жататын ерекшеліктің бірі - кез келген оқушының оқу еңбегіне үйретеді: тыңдауға, ұжымдық іс-әрекетте берілген сұрақты талқылауға, өзінің жұмысын ұйымдастыруға, өзінің пікірін айтуға, басқаны тыңдауға, олардың жасаған ой тұжырымы мен дәлелдемелерімен келісетінін, немесе оған өздерінің дәйектемелерін дәлелдеп қарсы тұжырым құруға, басқаның ой түйінін толықтыруға, конспект жазуға, баяндама мәтіндерін жинақтауға, библиография құрастыруға, білім көздерімен жұмыс істеуге, өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға, берілген уақытта жұмысын аяқтай білуге және т.б. топтық жұмыста оқушылар көш басылық қызметкерлік, бағынбаушылық іс-әрекетті ұйымдастыру элементтерін меңгереді, үлкендер ортасымен, жалпы өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастырады-табиғи іскерлікке, өндірістік және әлеуметтік қарым-қатынасқа, өмірге бейімделеді. Оқытуды ұйымдастырудың түрінде оқушылардың тәрбиесі үлкен рөл атқарады, мұндай іс-әрекетте тұлғаның өзін-өзі басқару жағы басымдылыққа ие болады.
Сыныптық - сабақ жүйесін оқытуды ұйымдастырудың ең қайнар көзі болып табылады. Оқытудың бұл түрі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері. Сабақтың мңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық динамикалық жүйеге саяды, сөйтіп, ұжымдықтан- жеке, яғни мұғалімнің оқушыға, нәтижесінде, оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибеде сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шыңдалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде рөл атқарады, мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды, мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен прицинциптерін тұйындайды. Сабақ - педагогтік шығармашылықта құрылады және сондықтан да ол біртұтастық жүйемен оқшаулануға тиіс. Кіші бөліктердің өзара іштей байланысы бірігіп, оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті дамуының бір тектес логикаға бейімделуіне бағыт жасайды.
Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранымға қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының қажетсінуіне орай құрылады, оқыту мақсаты, міндеттері, заңдары мен принциптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын айқындайды. Жалпы талаптардың ішінде, бүгінгі сабаққа сәйкес келетін, болып қарауға олатын жіктеме төмендегідей:
- ғылым жетістіктерінің жаңа түрін озық іс тәжірибені, оқу-тәрбие үрдісінің негізгі заңдарына құрылған сабақты;
- сабақты өту үрдісінде, барлық дидактикалық принциптер мен ережелер;
- оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік, пәнаралық байланысты;
- бұрынғы білімнің байланыстыруға, оны меңгеруде икем-қабілетін және оқушылардың білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға сілтеме жасау;
- тұлғаны жан-жақты дамытудың белсенді және түрінің қажеттілігі;
- педагог оқу-құралдарын ұтымды қолдануы;
- алған білімнің, өндірістік қызметпен, оқушының жеке іс-тәжірибесімен байланысты жүзеге асыруы;
- білімнің, икемнің, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны ойлау - амалы мен іс-әрекетке тиімді қолдануы;
- сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау және болжау алуы.
Әрбір сабақ тұтас педагогтың процестің функциясын жүзеге асыруға бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ көпжоспарлы, құрылымы әр түрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидактикалық міндеттерді шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды бекіту, бақылау, оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен байланысты.
Көріп отырғанымыздай, сабақтың құрылымы кездейсоқ болмайды, ол оқыту үрдісінің заңдылықтарын жүзеге асырады, жаңа сабақты меңгерту логикасын ішкі психологиялық құбылыс ретінде, оқушының өзіндік ойлау іс-әрекетінің заңын,жеке таным қабілеті сапасында алып, мұғалім қызметінің түрін және оқушыны педагогтік үрдістің субъектісі ретінде алады. Сабақ элементтері, ішінара бөліктердің өзара біртұтастығында аталған заңдар жүзеге асады, өзектілігі анықталып, оқушылардың жаңа ұғымдық түсініктер қалыптасады, сөйтіп, іс-әрекет тәсілдерін меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға төселеді. Педагогикалық жүйеде бұлар оқытудың кезеңдері сияқты, негізгісі, өзгертуге болмайтын, әр сабақта дидактикалық бірліктегі міндеттерді жинақтап, сабақтың дидактикалық құрылымының компоненті сапасында келеді. Міне, осы компоненттер сабаққа қажетті шарттар мен бағдарламалық материалдарды меңгеруге жеткілікті біліктілік пен икем, қабілеттерді және оқушылардың ойлау әрекетінің белсенділігін өздігінен қалыптастыру, олардың өмірге бейімделуге және интеллектуалдық қабілетін дамыту - оқушыларды өмірге бейімделуге және еңбек етуге жаттықтыруға тиісті қадам.
Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру. Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі, оның өзі белгілі бір пен тәртіп талабынан құрылады. Мынандай бағыттарға бөлінеді: фронтальды - мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және өзіндік жұмысын басқаруы, жеке- өзіндік
Жұмыс әр оқушының топтық және жұптық қызметі. Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, оқу ситуациясын туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен таңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу.
Фронтальды оқытуды ұйымдастыру проблемалық, ақпараттық және түсіндірмелі иллюстративті мазмұнда және репродуктивті және шығармашылық тапсырмалармен келуі мүмкін. Мұнда шығармашылық негізге құрылған тапсырма бірнеше шағын тапсырмаларға бөлінеді, жұмыстың бұл түрі барлық оқушылардың белсенділікпен іс-әрекетте болуына жағдай туғызады. Бірақ, сабақтың бұл түрінде көптеген кемшіліктер бар, жұмыс барысында оқушылар әр түрлі деңгейде өз мүмкіндігіне қарай білімін арттыра алмайды, бәрінің білімі бір мөлшерде оқшауланбайды, әсіресе, нашар үлгеретін оқушыға мұғалімнің көмегі үнемі қажет болса, ал қабілеті өте жоғары оқушыда уақыт артық қалады.
Сол себепті сабақтың тиімділігін арттыру үшін сабақтан басқа түрлері де пайдалану керек.
Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу мүмкіндіктері алдын ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу.
Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады: жеке және жекелендіру. Біріншісінің ерекшелігі ол: оқушы алдымен барлық сыныпқа берілген тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-қатынасқа түспейді, бірақ жұмыс қарқынын бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі, ол оқушы арнаулы тапсырманы орындауда өзінің танымдық оқу іс-әрекетін мөлшерлейді, атап айтсақ, әр оқушы өзінің оқу қызметінің режиміне орай жұмыс қарқынын белгілейді. Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процессінің әдістері мен формалары
Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың түрлері
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Орта мектеп практикасындағы саралап оқыту
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Оқыту теориясы және түрлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ
Оқыту түрлері. Балдық рейтингтік жүйе. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Зерттеу жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
Пәндер