Музыканың басқа өнермен байланысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

І. КӨРКЕМДІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ЦИКЛ ПӘНДЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ІШКІ БАЙЛАНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Оқушының дербес музыкалық қызметінің маңызы мен мазмұны
1.2 МУЗЫКА САБАҒЫНДА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
II. ШЫҒАРМАНЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және оның амалдары..
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың
әдіс тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Көркемдік-гуманитарлық цикл пәндерінің арасындағы ішкі байланыстарды анықтау, ерекшеліктері мен айырмашылықтары. Музыканың басқа өнермен байланысы. Шығарманы тындауда, орындауда оқушыларды музыкалық өнерге тарту жолдары ретіндегі музыкалық іс-әрекет түрлері. Музыканың шығармашылық, эмоционалдық-құнылық қатынасының дамуындағы, көркемдік талғамын, танымдық қажеттілігі мен қызығушылығын тәрбиелеудегі іс-әрекет түрлері. Қазақтың ұлттық музыка өнері сонау ұлттық ауыз әдебиетінен басталған фольклорлық-этнографиялық өнерден бастау алып қанатын кеңге жайған, құлашын шыңға шарықтатқан өнер. Қазақ халқының ұлттық музыкасының өзіндік дәстүрлі, салттық қасиеттері жеткілікті. Соның нәтижесінде қазақ елінде мазмұнды, мағыналы, айтар ойы бар құнарлы музыка мәдениеті қалыптасты.
Музыка сабағымен ғана тәрбиеніберіп қою ғана емес, мәдениеттімізді түсіну.Қоғамға деген эстетикалық қарым- қатынасқа, дағдылы әлемге жаңа қатынас орнатады.
Музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттердің түрлері және олардың өзара байланысы бүгінгі таңда мектептерімізде тәрбиеленіп отқан оқушыларымыздың арасында болашақта көтеген майталмандар, өнерлі өнерпаздарымыз, жазушыларымыз, талантты әншілеріміз, ақындарымыз, қайраткерлеріміз бір ауыз сөзбен айтсақ талай жетістікке жетер мамандарымыздың болуы әбден мүмкін. Бұлақты көрсең - көзің аш - деп, оқушылардың бойында әлі талай бүршігін жармаған қабілет- қасиеттерді ертеден байқасақ, жақсы жағына баулу алдымен ата-анасы мен мұғалімнің байқампаздығы мен ізденуіне қарай байланысты. Осындай жауапты істі орындауға алдымен музыка деген қабілетті дамыту. Бірінші кезекте музыкадағы шығарманың мазмұнын түсіну, естігенде куану немесе күйіну, музыканың бейнесін түсіне алу. Музыка оқушыны толғандырып, қабылдау қабілеттерін ашады. Екіншіден оқушының тыңдау кабілеттерін арттырады, түсінікті музыкадағы құбылыстты салыстыра отырып, бағалай білуге баулу. Бұның өзі қарапайым музыкадағы дыбысты тыңдау, ести алу мәдениеті, бейнелеу өнері құралдарына назар қойып, еркіндікте тыңдау қабілеттерін ояту. Мысалға алсақоқушылар музыкадағы дыбысты қарапайым қасиеттерімен (скрипка және домбырадағы дыбыстарын ажырата алу), музыканың қарапайым құрылымы (әннің басын, қайырмасын, әннің басталуы биязылықпен жұмсақ орындалуы, қайырмасының тез) орындалуының айырмашылықтарын байқайды. Оқушылардың өздерінің барлық ынтасымен тыңдайтынын және орындауының сүйікті шығармасының қорлары жинақталады, музыкадағы талғамдары бастапқы негізі қалана бастайды. Үшіншіден оқушы музыка тыңдап отыра сонымен қатар әнді, ойын, көркем кейіпкерлерлерін, биді елестете отыра өзінше қабылдай алады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттердің түрлері және олардың өзара байланысы музыкада оқыта отырып тәрбиелеу үрдістері басты мақсаты - әрбір оқушыны қоғамымыздың тірегі, мәдениетті, эстетикасы жоғары, өзінің Отанының патриоттық азаматын тәрбиелеу, дарынын дамыту, ашу болып табылады.
Зерттеу міндеттері.
oo Оқушылардың музыкалық, ұлттық қазынамыз арқылы қызығушылықтарын ояту;
oo шығармашылық қабылдай алу қабілетін дамыту, жүйелі ұйымдастыру және халқымыздың орындаушылықтағы мұрасын насихаттау;
oo музыка шығарламаларының мазмұны және үлгісіне қарай төл ерекшеліктеріміз және қазақтың халықтық дәстүрлі музыкасының мәдениеті жайлы білімді қалыптастыру;
oo ән және күйдің идеясы, эстетикасының мәнін түсінуі, оның сезім тербететін дүниелі мазмұндарын болжау;
oo оқу жылы барысында (оқытушы және оқушының ара-қатынасы) шығармашылықтағы ахуал орнықтыруында мақсаты тұтылады.
Нәтижелерге қол жеткізуі үшін мұғалім әрқашанда өзін шындап, дамыта отыруықажет, жаңашалықтағы ізденісте болуы керек;басқада пәндермен байланысты жасау, ақындық, шешендік өнерді дамытуға назарын қою.
Зерттеу әдістері. Зерттеудің тақырыбы жазылған пікірге психологиялық және педагогикалық, әдістемелікті ғылыми әдебиетке, мемлекет құжаттарына, оқулыққа теориялық талдаулар жасау әдістері; педагогикалық әдісті қолдану, соның ішінде оқушыны тыңдай отырып сөйлеу дағдысы мен біліктіліктерін бақылау әдістерін анықтау, бақылау; оқушының әрекеттерін талдау.
Зерттеудің теориялық маңызы. Мектепте оқушының шығармашылық қабілетінің дамуын алдын алып жағдайын жасау. Қажетті жағдайларда тиімді дамуына түрлі шығармашылық қызметтерге ынталандыратып, ортамен оқушыны мүмкіндігінше қамту.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмысты кіріспеден, екі бөлімінен және бөлімшелерден, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттердің тізімдерінен тұрады.

1. КӨРКЕМДІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ЦИКЛ ПӘНДЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ІШКІ БАЙЛАНЫСТАР
1.1 Оқушының дербес музыкалық қызметінің маңызы мен мазмұны
Қазіргі таңда білім беру, оқушыларды тәрбиелеудегі мақсаты- жеткіншек балаларға мәдениетті, еңбекті, адамгершілікті сонымен бірге эстетикалық тәрбиені бере отырып, оның әсемділік сезімін дамыту, көркемдік талғамдарын жетілдіру, дағдыларын қалыптастыру, өнердегі шығармашылықты сүюі.
Музыка пәні - музыка сабақтарында қолданылған әрекеттердің әр түрінің іргесі, бастапқыдағы нүктесі ретінде қарастырылады, музыканы тыңдау, ән шырқау, музыкалық білімдерді арттыру, ноталық сауатын ашу.
Музыка - адамның рухани жағынан азығы, көркемдік, нәзіктігі мен адамды баурап тұрады.
Жасөспірімді музыка әлемдерін түсініп оны қабылдауға, талғаммен тәрбиелеу, сезімталдықпен қалыптастыру, тәрбиесіне, дағдыларына, мәдениетті өсу әсерінде музыкалық тәрбиенің орны бар. Тәрбиенің маңызы - өнер. Соның ішіндегі кең, сан түрлі ұғымды қамтитын-музыка өнері .
Балалардың бойындағы музыкаға қабілеттілік бала кезеңдерінен басталады. Оқушылар психологиялық түйсінуі оны көзіне елестедуді меңгеруді үйренеді.
Оқушыларды музыкаға деген ынтасымен сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әнді айту оқушылардың музыкалық қабілетін (ырғаққа, есте сақтауға, естуге) қалыптастырады, ортақ жетістістіке жетуге, эстетикалық талғамға тәрбиелейді.
Арнайы зерттеу мен тәжірибенің көрсеткіші бойынша төменгі сыныптағы оқушылар музыкаға қызығушылықтары бар ынтасымен дамып тезжетіледі. Оқушылардың эмоция әсерінен музыкадағы есту қабілеттерін лад және ырғақтарды сезініп, есінде сақтау шығармашылық қабілеттерді дамыту керек. Әнді айтып үйренгенде әнді таза үйренуі үшін бірінші айтылған дыбыстарды есте сақтап қабылдап, содан соң ғана дұрыстап, тура елестеуді бақылау керек. 4,5,6, сыныптың оқушыларында мінездеріндегі өзгерістерде қалыптастырды. Дауыстағыерекшеліктердідамытудың әдісін қамтиды:
1. Оқушылардың дауыс ерекшелігіне қарай дауысының мөлшеріне
үнемі бағдар беріп отыруы.
2. Өлеңді еркін, қиналмастан айту, сонымен қоса әншілік өнердегі
ережелерді тәртіппен сақтау.
3. Жайлап, асықпай тыныс алу және біртіндеп қана шығару.
4. Көмейдің қалпы,ондағы маңызды қасиеті.
5. Дауысты дыбысты дұрыстап айту, дауыссыз дыбысты қысқа да, нақ келтіру.
6. Музыка шығармаларын тереңнен түсініп, өзінің мәнерін де шырқау.
7. Сабақта үйлесімді сезімдерге бой алушылыққа бағыттау,
ал сабақтың соңында бірыңғай не болмаса жеке көркем
нәтиже керек.
8. Оқушылардың жеке басындағы өзгешеліктерді есептей отыра,
музыка материалдарын тыңдай алуы. Жеке қадағалаудың формалары:
1.Фонитарлық тексеру
2.Ән шырқауынжеке жердетексеру
3.Күй немесеәндітыңдау
4.Әр топтақосымша сабақөткізу.
Біздің қоғамымыздағы жастарды нағыз адами көзқарастарын дәйекті көзқарастарының қалыптасуы тек қана білімге негізделмейді, бұған қоса өздерінің сезім түйсігінің, ар-ожданнының електен өткізген ақыл-ойын қызметі керек. Бұл жердегі өнеріміздің алатын орны ерекше, өйткені біз өнердің бұлағынанда сусындаған бабаларымыз музыка мен өнер әлеміндеүлкен тұлғаларымыздың ғасырлар бойғы жинап келген бай тәжірибелерінің арнасында оданда ілгері кеңінен дамытуымыз қажет. Сонда өзі тәрбиелік пен танымдық рөлінде атқара алады. Музыкамен айналыспаған, ұнатпаған адамдарға білім және тәрбие бере аламын деу сәтсіздікке қарай ұшыратпай қоймайды. Болашақтағы мамандардың негізгі міндеттері - таңдау жасаған мамандық бойынша теориядағы білім және тәжірибелік дағдыларын қашанда меңгеріп алуда, маман кәсібилік тұрғыда қалыптасуында мұғалім ретінде тәжірибиесі кезеңінде үлкен көмегінің боларын байқасақ, әр жүргізіліп отырған музыка сабағы тәрбие жағынан маңызызор. Мектепте мұғалімді кәсіптік мамандықтара сәйкесінше даярлаудағы нақты нысаны музыкалық болуы қажет. Оқушыны әсемдікті, жақсы және жаманды, мейірімділік және зұлымдықты, қуаныш және қайғыны түсінісіп ажырата білуге байланысты эстетикалық мәдениетінің мінезі, дағдысы айқындалды. Жаратылыс, өнерді көркем заттары мен адамның жанында сұлу сезімдердіоятады. Сол себептен оқушының сұлулық сезімі кез-келген кезде оянады. Кейбірі музыкадан, ал біреу әсем суреттен, кейбіреуі поэмадан. Мұғалімнің міндеті баланың бойында қандай өнерге ынтасы бар екендігін тауып, сол ынтасын ары қарайға жетілдіру, оқушының эстетикалық мәдениетін дамуымен пән мұғалімдері шеберлігі және тәрбиелік құралдары қазақтың фольклорлық жанрларын тиімділікпен қолдана алуына, әдістеріне байланысты. Оқушылардың музыка өнері дүниетанымындарын қалыптастыру әдісі сан алуан және ол оқушының жас мөлшерлеріне тәуелді. Музыкалық өнерде дүниетанымды қалыптастыру әдісі көрнекі немесе ауызша деп бөлуімізге болады. Педагогтық ғылым мен практикада оқушының шығармашылық қабілетін неғұрлым тиімділікпен әдісін анықтап отырады. Олар: оқушының музыка қабылдауы мен эстетикалық мәдениет көрінісін дамытуға бағыталған сендіру әдісі:
а) қоршаған ортада жасампаздандыруда және мінез-құлықын мәдениеті мен дағдыларын қалыптастыруына арналған практикадағы іс-әрекеттеріне үйрету, жаттығу әдістері;
ә) шығармашылықта және практикадағы іс-әрекеттерде итермелейтін қиын жағдайлар секілді әдістер мен тәсілдер жатады. Шығармашыл қабілетті қалыптастырудағы қолданатын сендіру әдісі ерекшелігі оның қабылдаған құбылыс сұлу болған жағдайларда ғана пайдалануы қажет екендігі. Оқушыда эмоциялық үнін қосу өнердегі шығармаларымен ұшырағанда пайда болады. Осындай әдістер көрнекілік, онымен бірге ауызша айтып та санауына болады. Жаттықтырып, үйретудің әдістерінің мәні - оқушыны тыңдап, көріп, бағалай алуға және оған сәйкесінше белсенді әрекетін жасауға үйрету. Жаттықтыру мен қайталауларды талап қылып, түрлі жағдайда қолданылады. Аталынған әдістер кешенді пайдалану арқылы оқушының қабылдаудағы белсенділігін тәрбиелеуіқажет.
Қазіргі кезде ұрпақтарымызға тәрбиені беру саласындағы көптеген өзгерістер мен жаңалық болып тұр. Бүгінгі таңда негізгі мақсатымыз әр жақты дамитын білімді жеке тұлғаларды тәрбиелеу. Өзгеріс өнер салаларында да қамтылды. Оқушыны тәрбиелеудің құралы әр қырлы ұғымдарды қамтитын музыка өнері. Халықтың тағлымының байлығыөн бойында жинақталған ертеден педагогикалық тәжірибе, тәлім мен тәрбиеде оқуды ағарту мәселесі әлі жетеді. Музыка бұл адамның руханилық жағынан серігі, сезімі және қиялы. Халқымыз құлақтан кірсе бойды алар әсем ән мен тәтті күйді ұнатқан. Домбырамыз сөйлеп тұрса, қобызымыз жеткізе біледі деп сөз тіркестерін қазақ халқы мәдениетімізде кездейсоқтан кездеспейді. Оқушының бойында талғамы мен эмоциялық сезім қалыптасуында, баланың мәдени болуына музыка әлемдерін түсіну мектеп оқушысының музыка пәнінде тәрбиесінің алатын орны бар. Түрлі жанрлар музыка шығармаларын тану, музыканы әр кезеңдерде көңілді түрде ажыратуында оқушы музыка шығармашылығын да дамытады. Музыканың шығармашыл қабілеттінің саласы ол музыка пәні тәрбиесі. Ұстаз оқушының музыкалық икемдігін дамытып, бұған музыкадан білім беруден ғана емес, оқушыға музыкаға күнде байланыс жасау керек екендігін түсіндіру арқылы оқушының шығармашылықтағы белсенділіктерін арттыру. Сол кезде біз оқушының дағдыларын қалыптастырып, мәдениеті мен жан дүниесін байытып, ой-парасатын кемелдендіре білімді оқушы етіп тәрбиелейміз. Музыка бұл тілмен айтып жеткізе алмайтындай адамның нәзік сезімдері. Музыкалық тәжірибелік іскерліктерін дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Мектепте музыка пәні оқушыларға тәрбиенің бір бөлігі болып саналады. Оқушы музыкаға деген дағдыларын қалыптастырып, тәжірибе жүргізіп, музыканы дұрыс түсінуі. Оқушының сезімі, білімі, талғамы, мәдениеті, дағдысын қалыптастыра отыра, бойындағы мінез-құлықтарының қалыптасуына әсері тиеді. Музыканың оқушыға қажеттілігі - өнерін негізімен және өмірмен байланысы туралы түсініктерін жетілдіру, меңгеруге көмектесу. Оқушы мәдениеттің рөлі және айырылмас келбетін байытар музыка көмегі мен әсері көп. Музыка тәжірибе мен іскерліктегі дағдыны қалыптастыру. Оқушының бойында түсінік, музыканы тереңінен меңгеру.
Оқушының бойында руханилық мәдениеттен бөлекөте маңызды ажырамайтын бөлігі музыкадағы дағдысын ашып, қалыптастыру мен қосқанда шығармашылықтағы қабілетін арттыру. Оқушының музыканың көмегімен түсінігін сезінудегі қабілеттерін музыкадағы ерекшеліктерін игеру. Қазіргі кезде баланы жастайынан өнерге баулу, өнер тәрбиесімен тұлғаны дайындау.
Оқушының таңдаулы халық немесе шетел, классика музыкаларын, Қазақстанның композиторлық шығармасын жақсы көріп тыңдауға дағдыландырып, музыка сабақтарында, жүзеге асырады.
1.2 Музыка сабағында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану
Жас ұрпақтың бойына туған өлкесі мен халқына деген сүйіспеншілік қасиеттерді дарытуда музыка мен әдебиеттің байланыстылығы ерекше ықпал жасайтыны белгілі. Жалпыға білім беретін мектептердегі музыкалық тәрбие және оқытудың мақсаты оқушылардың рухани байлығын байыту, музыкалық мәдениетің қалыптастыру, дұрыс бағыт беру болып табылады. Мектептегі музыка сабағы тек кана музыка сабағы жөніндегі мағлұмат беріп қана қоймай, ең бастысы өсіп келе жатқан жас ұрпақты жоғары адамгершілікке, азаматтық қасиеттерге дағдыландыру. Қазіргі таңда музыка мұғаліміне музыка сабағын жоғары дәрежеде өткізу міндеттері қойылуда және болашақ маман иесінің өнердің әр түріне қызығушылық қасиеттерін қалыптастыруда.
Әл-Фараби: Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі, - деп тәрбиенің маңыздылығын атап көрсеткен. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, ойын-сауықтар көптеп ұйымдастырылуда. Музыкалық тәрбие жұмыстары- балалар мерекелері, тәрбие сағаттары, лекция-концерттер, халық композиторларының шығармашылығын дәріптеп, кеңінен насихаттауға бағытталуы тиіс.
Музыканы сауатты оқыту тұтас алғанда музыканы оқытудың міндеттеріне сай болуы керек. Көркемдік талғамы бар, музыканы сүйетін, оны жанымен түсінетін, музыкалық өмірге белсене араласатын білімді адам дайындау міндеттеледі. Сабақта қолданылатын музыкалық материалды талдай білудің маңызы зор. Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі нәзіктігімен, көркемділігімен адам жанын баурап, олардың мінез құлықтарының қалыптасуына тікелей әсерін тигізеді. Жасөспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Егеменді ел болып, ұлттық сана - сезіміміздің оянуы, тіліміз бен дініміздің қайта жаңғыруы, имандылық мен адамгершілікке деген қажеттілігің қанағаттандырып отыратын өнерлердің бірі - музыка. Мектептегі музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі - музыка сабағы.
Музыка тілі - халықтық орта құғым. Мектеп оқушыларының музыкалық тәрбиесіне мектептегі өтетін ән-күй сабақтары көмектеседі.Ән-күй сабақтарында оқушылар ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға келе жатқан дәстүрлі музыка өнерінің көптеген түрлерімен танысады.
Сонымен бірге, оқушылардың музыкалық тәрбиесіне мектеп қабырғасында өтетін әр түрлі музыкалық кештер, тәрбие сағаттары, әдеби музыкалық кештер көмектеседі. Казіргі танда оқушылардың музыка мәдениетіне, өнерге қызығушылығын дамыту, білім беру арқылы жүзеге асыру ерекше орын алып келеді. Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармалығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тулғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, қазақ мектептерінің алдында турған үлкен міндет екені мәлім. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін дәстүрлі емес оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойламыз. Оқу тәрбие әдісін даярлаудың оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруге жеке оқытуды дамыту, көзделу қажет. Осы бағытта оқушыларға берілетін жекелей тапсырмалардың үйренушілік, шығармашылық деңгейімен, оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, ғылыми шығармашылық тұғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу керек.
Болашақ музыка мұғалімдерінің дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерін қолданудағы кәсіби біліктілігін қалыптастыру барысында былайша қорытынды жасауға болады.Кәсіби музыкалық білім беру саласында оқушылардың өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру, болашақ музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін қалыптастыруға үлкен ықпал жасап, негізін құрайды.
Болашақ музыка пәні мұғалімдерінің дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану барысында кәсіби біліктілігін қалыптастыру әдістемесі болып табылады. Балалар бойындағы касиеттерін, музыкаға деген құлшынысы, қабілеттерін азаматтық сезімдерін оятуда музыка пәнінің мұғалімі сияқты ешқандай педагогикалық мамандық жан-жақты алуан түрлі әдістемелік тәсілдерді талап етпейді. Басқа ешқандай мамандық өз елін, оның табиғатын, халқын жырлайтын әндер, концерттер түріндегі бай материалдарды бермейді. Сондықтан жалпы музыкалық мәдениетпен таныстыруда музыка арқылы танымдарын арттырады. Шығарманы тындауда, орындауда оқушыларды музыкалық өнерге тарту жолдары ретіндегі музыкалық іс-әрекет түрлері. Музыканың шығармашылық, эмоциональдық-құнылық қатынасының дамуындағы, көркемдік талғамын, танымдық қажеттілігі мен қызығушылығын тәрбиелеудегі іс-әрекет түрлері.
Мұғалімнің берген әрбір білімі әсерлі, тартымды, бағдарламаға сай, жоғары сапада өткізіліп, сабақтын әрбір уақытын тиімді пайдаланып, ұтымды, маңызды етіп өткізудің жолдарын қарастыруымыз қажет. Қазақ халқының ұлттық музыкасының өзіндік дәстүрлі, салттық қасиеттері жеткілікті. Соның нәтижесінде қазақ елінде мазмұнды, мағыналы, айтар ойы бар құнарлы музыка мәдениеті қалыптасты.Қазақтын ұлттық музыка өнері ғасырдан-ғасырға дәуірлеп келе жатқан сарқылмас өнер. Кақыт зымырап, жылдар жылжып өткен сайын тамырын тареңге тартып, өрісін кеңейтіп, барынша даму үстінде. Бұған барша халықтың көзі әбден жетіп отыр.
Дәстүрлі емес сабақтардың негізгі мақсаты- оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыра білу, олардың шығармашылық қабілеттерін және музыкаға деген қызығушылығын қалыптастыру, өнерге, музыкаға деген құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта дәстүрлі емес әдістерді пайдалана отырып, балалардың ойлау қабілетін дамытып, ойларын еркін жеткізуге, ұсыныс-пікірлерін айтқызып, балалардың өздеріне деген сенімдерін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет.Дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына, оқушының тереңде жатқан ойын дамытып, олардың ойларын жеткізіп айтуға үйретеді. Негізгі мақсатымыз оқушыны тәрбиелей отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызын ашу.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский Сабақ жас өспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймай, ол қызықты болуы керек, - деген. Сонымен қатар, қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, мақсат-мұраты. мұның барлығы оқушының шығармашылық дамуының қайнар көзі. Оқушылардың музыкалық танымдық деңгейде қабылдау қабілетін ұдайы дамыту үшін, мұғалім олардың музыкалық қалауын, түйсіну деңгейін, сезімдік-қабылдау дәрежесін жете білуі шарт. Бұл мәселені сабақ үстінде сұрақ қою арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық өнер туралы
Балалардың музыкалық әсерлерін қорытындылау
Бастауыш мектепте музыка пәнін оқытудың маңызы
Оқушылармен жүргізетін музыкалық жұмыста кездесетін өнердің жақын түрлерінің өзара байланысы
Музыкалық қызмет түрлері
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту
Музыка өнері және оның тәрбиелік тұғырлары
Музыкалық қабілет мәселелеріндегі адамның тұжырымдамасы
Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру
Музыкалық əуен құрайтын басқыштар гармониясы
Пәндер