Алғашқы ондық сандарын оқыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Ф 11.01-2021 1-баспа 25.06.2021

Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ кафедрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

Математиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша

Тақырыбы: Он көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі

Білімгер: Барболова Толғанай Тобы: ПМНО 19-1 _____________

қолы
Жетекші: Аралбаева А. п.ғ.магистрі,оқытушы
аты-жөні қызметі

Қорғауға жіберілді ____________________2021ж. ____ _________________
қолы

Жұмыс қорғалды __________________2021ж. бағасы __________________
жазбаша

Комиссия мүшелері: _________________________ ____________________
аты-жөні қолы

______________________________ ___ ________________
аты-жөні қолы

______________________________ ___ ________________
аты-жөні қолы

Тараз 2021
Курстық жұмыс
Ф 11.01-2021 1-баспа 25.06.2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БAСТAУЫШ БІЛІМ БЕРУ кафедрасы
ПМНО 19-1 тобының білімгеріне Барболова Толғанай курстық жоба (жұмыс)
ТАПСЫРМА
Математиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша
Тақырыбы: Он көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы - курстық жұмысты университеттің талаптарына сай рәсімдеу
3.Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары)
Орындау кестесі

Көлемі, %
Орындау уақыты
Кіріспе
10%
20.09
Бірінші сыныпта қарапайым математика түсініктерін оқыту
10%
5.10
Қарапайым математикалық түсініктер
15%
14.10
Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымдарын анықтау
10%
23.10
Бірінші сынып математикасында оқытудың теориялық негіздері
10%
27.10
Он көлеміндегі сандарды оқыту
15%
07.11
1 сыныптағы математика сабағындағы он көлеміндегі сандарды қосу және азайту
10%
15.11
Қорытынды
10%
19.11
Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер
10%
19.11
Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі
100%
04.12.2021
Қорғау

Кафедра мәжілісінде бекітілген 27.062021 ж. хаттама № 10
Жетекшісі: п.ғ.магистрі,оқытушы ___________ Аралбаева А
Тапсырманы орындауға қабылдадым 3 09.2021ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
I БІРІНШІ СЫНЫПТА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКА ТҮСІНІКТЕРІН ОҚЫТУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Қарапайым математикалық түсініктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымдарын анықта ... ... 8
ІІ.БІРІНШІ СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 Он көлеміндегі сандарды оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 1 сыныптағы математика сабағындағы он көлеміндегі сандарды қосу және азайту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен төменгі класс оқушыларына математиканы оқыту міндетін жалпы оқу және тәрбие жүйесімен бірге қарастырады. Әдістемеде математиканың бастауыш курсының мазмұны мен құрылысы ашылып айқындалады, яғни математикадан бастауыш кластарда қандай материал оқылатыны және неге дәл сол материал таңдап алынғандығы , курстың әрбір жеке мәселесі бастауыш кластарда қандай дәрежеде жинақталып оқылатыны, курс тақырыптары қандай тәртіпте қарастырылатыны және мұндай тәртіптің неге анағұрлым тиімді екендігі айтылады. Математиканы бастауыш кластарда оқыту әдістемесінде курстағы әрбір тараудың, және сол тараудағы әр мәселені мысалы, 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды қалай оқып үйрену керектігі, атап айтқанда, осы тақырыпта қосудың ауыстырымдылық қасиетін анықтау оқып үйренудің дербес әдістері айқындалады. Математиканы оқыту әдістемесі оқушыларға теориялық білімді игеру, алған білімін алуан түрлі практикалық мәселелерді шешу үшін қолдана білуге үйрену, оқушыларды берік дағды қалыптастыру жөніндегі дәлелді ақыл-кеңестер ұсынады.
Зерттеу мақсаты:Санның натурал қатарының жасалу принципін түсіндіру, сандардың атауларымен сәйкес белгіленуімен таныстыру.
Зерттеу міндеті:Бастауыш мектептің басты міндеттерінің бірі-оқушылардың ойлауын, іс-әрекетін жан-жақты дамыту. Математиканы оқытуда есептер ерекше орын алады. Оны оқытудың негізгі мақсаты-математикалық есептердің белгілі бір жүйесін шешу. Балаларға әдістемесін игерту. Оның қатарына пәнді оқытуда қарастырылатын әр алуан жаттығулар, мысалдар, логикалық тапсырмалар, яғни кез келген математикалық мазмұнды тапсырманы жазуға болады. Бірінші ондық сандарды оқып-үйрену сабақтарын құрғанда балалардың мектепке кірген кезіндегі олардың дайындығы мен дамуына сүйену керек болады. Сондықтан, бірінші сабақтың өзінде - ақ балалардың қандай математикалық білімі мен ұғымының бар екендігін анықтап, соған негіздеу. Дайындық кезінде нумерацияны оқып - үйрену, санау - (артық, кем, тең, реттік қатынастар т.с.с)ға көшуге қажетті білімді жүйеге келтіру және толықтыру. Бұл үшін санауды үйрену керек, ол үшін әр сабаққа "заттарды санау" жаттығуын қосып, мұнда заттарды ойланбастан, тәкелей олардың өзін санау керек екендігін және нәрселерді кез келген тәртіпте санау -санау нәтижесі санау тәртібіне байланысты болады деген қорытынды шығару.
Зерттеу нысаны:Бірінші сыныпта он көлеміндегі сандарды оқыту.
Зерттеу болжамы:Егер бастауыш сыныпта 10 көлеміндегі сандарды оқыту материалдарды меңгерте алсақ, онда олардың математикалық білім деңгейі жоғарылауына ықпал жасайды.
Зерттеу құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, төрт бөлімшеден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

I БІРІНШІ СЫНЫПТА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКА ТҮСІНІКТЕРІН ОҚЫТУ
Қарапайым математикалық түсініктер
Бастауыш сыныптағы балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда ойындар, көрнекіліктердің алатын орны ерекше.
Сыныпта есептеу бүтін затты тең бөліктерге бөлуге, сандарды жеке - жеке топтауға үйретуге балалардың ой - өрісін дамытуда алатын орны ерекше. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуде балаларға тапсырмалар немесе ойындар, жұмбақтар, сұрақ - жауаптар арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Асандада 6 алма болды және ол Үсенге екі алма берді. Содан кейін Асанада қанша алма қалды.(4) үстелдің үстінде 9 қарындаш бар.Оны үш балаға теңдей бөлу керек. сонда ұаншадан тиеді. (3) деген сұрақтар қоюға болады. Жанып тұрған 4 майшамның екеуі сөніп қалды. Сонда неше майшам қалды? (2) Қолымда 5 алма, табақта 2 алма, қосқанда барлығы қанша алма?(7) Осындай жұмбаұтар жасыруға болады.
Бастауыш сыныптағы балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда есеп құрастыру және оны шығару сабағында балаларға суретті пайдаланып төмендегідей есептерді шығартуға болады.
Математика сабағы балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллектісін қалыптастыру мен дамытуды, математикалық тіл элементтерін, математикалық сауаттылықты игеруді мақсат етіледі.
Демек, қарапайым математиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуді көздейді:
- бағдарламаның талаптарына сәйкес ерік пен сезімге қатысты білімді, іскерлікті және дағдыларды дамыту;
- баланың математикалық ойлау стилін, зияткерлік және ерікті және сезімдік қасиеттерін дамыту;
- меңгерілген қарапайым математикалық білімді өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру;
Математика сабақтарында шығармашылық есептерді шешуге ерекше мән беріледі. Шынында да, мұнда шығармашылық тапсырмалар олардың мазмұнымен балалардың логикалық ойлауы мен сөйлеуін дамытуға ықпал етеді, өз ойларын қысқаша және нақты жеткізе білуге тәрбиелейді. Бастауыш мектепте оқушыларды оқытуда балалардың ақыл-ой белсенділігін жан-жақты көрсететін, оларды шығармашылық қабілеттерін дамытуға тартатын тапсырмалар ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қызықты тапсырмаларды орындау бойынша өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру қазіргі уақытта елдегі оқыту әдістерінің өзекті мәселелерінің біріне айналды.
а)бақылау арқылы әртүрлі белгілеріне(түсіне, пішініне, мөлшеріне)қарай ажырата алу білігі төмендегі: бірдей, пішіндері әртүрлі сөз тіркестерін, сондай-ақ ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші, жоғары-төмен, ең қысқа- ең ұзын, т.б ұғымдарын игеру жүзеге асырылады; Тез фигура құрастыр, Не өзгерді?, Екі бірдей фигураны тап, Қандай?, Геометриялық лото сияқты балалар ойындарын қолдануға болады. Таратылатын материалмен ( санау материалдары мен қағаз парақтары) жұмыс: жолақшаларды (ұзындығы және ені бойынша) салыстыру;
ә) кеңістік түсініктерді қалыптастыру: жоғары, төмен, жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта, солдан оңға қарай, алдында, артында, арасында, жанында, жоғары жақтан, төмен жақтан, ішінде, артынан, алдынан және т.б.
б) уақыт жайлы түсінікті анықтау ерте, кеш, алдымен, содан соң, одан соң, басында, соңында, таңертен, түсте, кешке, күндіз, түнде және т.б. Циклдік уақыт ұғымдарын бекіту: тәулік өзгерту (кеше, алдыңғы күні, бүгін, ертең, бүрсігүні) және жыл мезгілдерін (қыс, көктем, күз, жаз), сондай-ақ тәулік бөліктері (таңертен, күндіз, кеш, түн). Уақыт түсініктерін бейнелейтін Бауырсақ, Үйшік, Шалқан, ертегілерін және сиқырлы терезе ойынын қолдануға болады. Оқулықпен жұмыс: уақыт аралығы жайындағы түсінік қоршаған ортада болатын қандай да бір мысалды келтіру барысында қалыптастырылады. Мысалы, өсімдіктің тұқымын себу,оның көктеуі, өсуі, гүлдеуі, және жеміс беруі немесе оқушының күн тәртібі.
Математикалық ұғымдарды оқытудың мазмұны мен әдістерін анықтау теориялық және практикалық мәнге ие.
Қазіргі ғылым мен мәдениеттің өркендеуі кезінде, әсіресе математика ғылымының дамуы кезінде оқушыларды математика ұғымдарын оқумен қатар өз ойларын жеткізе білуге, зерттелген математикалық ұғымдарды дұрыс тануға және қолдануға дағдыландыру маңызды екені белгілі. Сондықтан оқушыларға математикалық ұғымдарды білуге ғана емес , сонымен қатар оларды қолдану ерекшеліктерін білуге, оларды практикалық жұмыста қолдануға үйрету қажет.[1]
Нумерацияны оқып үйренгенде оқушылар мыналарды оқып меңгеріп алулары керек:
- біріншіден, санау кезінде әр сан алдыңғы саннан, сондай-ақ сан мен бірліктен тұратынын,қалай жасалатынын;
- екіншіден, әрбір сан қалай аталады және ол баспа және жазба цифрмен қалай белгіленеді;
- үшіншіден, әр сан санағанда тікелей өзінің алдында тұрған саннан қанша үлкен және тікелей өзіне кейінгі саннан қанша кіші болатынын;
- төртіншіден, 1-ден 10- ға дейінгі сандар қатарында қандай орында тұратынын, оны санағанда қай саннан кейін және қаә саннан бұрын айтатынын.
Осыларды ұғынып біліп алу оқушыны сан ұғымын саналы түрде түсінуді жаңа сатыға көтереді; санды олар жеке өзін емес басқа сандармен өзара байланысты қарастырады, балалардың санның натурал қатары жөнінде түсінігі қалыптаса бастайды.
Математикалық сауаттылықты қалыптастыра отырып, оның қыр-сырын толығымен түсіндіре жалпылау. Соған байланысты математикалық сауаттылықтың ең дұрыс та нақты айтылу мен жазылуын ескере отырып, математикалық ұғымдарға толығымен көңіл бөлу.
Бұл ұғымдарды ассимиляциялау оқушыны сан ұғымын саналы түсінудің жаңа сатысына шығарады; олар санды жеке емес, басқа сандармен өзара байланысты деп санайды, балаларда сандардың табиғи қатары туралы түсінік қалыптаса бастайды.
Математикалық ұғым - мәнді белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы логикалық өрнектелген ой. Оқытылатын ғылымның ұғымдарын игеру оқытудың негізін құрайды. Математикалық ұғым - біздің ойлауымызда шыңдыұтың белгілі бір түрлері мен қатынастарының көрініс болады. Ұғым ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Егер олар болмысты шын беййнелейтін болса, онда ол үнемі дұрыс болады. Ұғымдардың анықтамасын берудің неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі - түрлік ерекшеліктері мен анықталатын ұғым түр есебінде енетін тегі көрсетіледі. Бұл тәсілдің схемалық түрі: анықталатын ұғым - түрлік ерекшелігі - тегі. Мысалы: Ромб (анықталатын ұғым) дегеніміз барлық қағидалары тең (түрлік ерекшеліктері) параллелограмм(тек). Математикалық ұғымның мазмұны мен көлемі болады.
Осы таңда дүние танымдылық және сыни ойлау қабілетін қалыптастыруда, математикалық модельдеу идеяларын сезінуде, математикалық сауаттылық жалпы әлемдік сауаттылық ретінде меңгеруде математикалық білім мен біліктіліктің алар орны ерекше. Математикалық сауаттылық математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу керек. Математикалық сауаттылықты оқушылардың математикалық мәтінді оқуына, жазуына және қайталауына, жазылған және айтылғанды түсіне білуіне қойылатын ең минималды талап ретінде қарастыру керек. Сонымен математикаылық біліктіліктердің негізгі құрамдас, толыққанды тіршілік жасауға қажеттілік ретінде оны арнайы, бағдарлы-бағытталған түрде дамытып, қалыптастыру қажет.[2]
Математикалық сауаттылықтың дамуына оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамыту, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастыру ықпал етеді. Сонымен қатар, көпжылдық тәжірибе көрсеткендей, математикалық білім беруді меңгеру мен игеру дәрежесі неғұрлым жоғары болса, бастауыш мектеп оқушыларының моральдық келбетінде жағымды қасиеттер соғұрлым жоғары болады.
Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда мемлекетіміздің білім беру саласында тұрған басты мәселелердің бірі болып табылады. Егер кез-келген оқушының сабаққа немесе оқуға қызығушылығы болмаса, онда алған білімі тұрақты болмайды және алған білімін болашақта пайдалы бағытта қолдана алмайды. Сондықтан, математикалық сауаттылықты қалыптастырудың ерекшеліктері мен жолдарын қарастыра отырып, соңғы он жыл ішінде көптеген істер атқарылуда.

1.2 Алғашқы ондық сандарын оқыту. Он көлеміндегі сандарды нөмірлеу
Цифрдың жазылуына нұсқаулар және олармен таныстыру әдістемесі:
1.Барлық цифрлар торға толығымен, он жақ жартысында қабырғасын бойлай орналасуы керек.
2. Цифрдың ені оның ұзындығынан шамамен екі есе кіші болуы қажет.
3. Цифрды жазуды түсіндірмес бұрын алдымен балаларға үлгісін көрсетіп, мұғалімнің басшылығымен әр цифр қандай элементтерден тұратынын талдау қажет (таяқша,ирек,ирек сызық).
Цифрлардың жызылу үлгісі:
1 цифры бірі екіншісінен кіші 2 таяқшадан тұрады. 1 цифрф үзіліссіз жазылады. Алдымен кіші таяқша жазылады. Оны тор ортасынан сәл жоғарырақ бастайды да, тордың жоғрғы оң жақ бұрышына дейін жүргізеді. Сонан кейін қаламды қағаздан көтермей, негізгі көлбеу таяқшаны жазады. Тордың жоғарғы оң жақ бұрышынан оның төменгі қабырғасының ортасына дейін.
2 цифры -ілгіштен және толқынды сызықтан тұрады, үзіліссіз жазылады. Ілгішін тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл төменіректеу бастап, сызықты жоғары қарай жүргізеді де, оны оң жақ жоғары бұрышта иеді және тордың төменгі қабырғасының ортасына дейін көлбеу штрих жүргізеді. Қаламды қағаздан ажыратпай, тордың төменгі қабырғасын бойлай, оның төменгі бұрышына қарай толұынды сызық жүргізеді. (Бұл цифрдың жүзген вққуға ұқсайтынын балаларға айтуға және оның басын, мойынын, құйыршығын көрсетуге болады).
3 цифры оң жаққа ығысыңқыраған жоғары және төменгі жарты сопақшадан тұрады. Жоғары жарты сопақша төмендегіден сәл кіші болуы тиіс. Цифрды жазуды тор қабырғасының ортасынан сәл жоғарыдан бастайды,жоғары жарты сопақшаны тордың ортасына дерлік жеткізеді және қаламды қағаздан ажыратпай төменгі сопақшаны жазады.
4 цифры үш элементтен - таяқшалардан келген. Алғашқа екі элементі үзіліссіз жазылады. Бірінші таяқшаны тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл әрірек бастап, тордың ортасынан сәл төменірек жеткізеді. Ортасынан бастап, қаламды қағаздан ажыратпай, көлденең таяқшаны оңға қарай жүргізеді және тордың оң жақ қабырғасына сәл жеткізбейді. Қаламды қағаздан ажыратпай 4 цифрының үшінші элементін ұзын таяқшаны жазады және ол тордың оң жақтағы қабырғасының ортасынан сәл жоғары басталып, оның төменгі қабырғасына қарай көлбеу жүргізіледі.
5 цифры үш элементтен тұрады. Алдымен кішіректеу түзу таяқша жазылады. Оны тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл оңырақ бастап, тордың ортасына дерлік көлбеу жүргізеді. Әрі қарай (ажыратпай) оңжақ сопақшаны жазады. Ең соныңда солдан оңға қарай цифрдың жоғары эементі жазылады.
6 цифры сол жақтағы үлкен және оң жақтағы кіші жарты сопақшадан тұрады. Цифрды жазуды үлкен тордың оң жақтағы бұрышынан сәл төменірек бастайды. Көлбеу орналасқан және тордың төменгі қабырғасының ортасы арқылы өтетін сол жақтағы жарты сопақшаны жазғаннан кейін сызықты жоғары қарац жүргізеді. Тордың ортасынан сәл жоғары оны сол жаққа қарай иеді.
7 цифры үш элементтен: толқынды сызықтан, көлбеу және кіші түзу таяқшадан келген. Толқынды сызықты: тордың жоғары қабырғасының ортасынан төменірек бастап, тордың оң жақ жоғары бұрышына дейін жүргізіледі. Сосын, тордың төменгі қабырғасының ортасына дейін көлбеу таяқша жүргіземіз.
8 цифры жоғары және төменгі српақшаан құралған (жоғарғысы төменгі сопақшадан кішіректеу). Цифрды жазуды тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл төменіректеу , оңырақ бастап және сызықты оңға қарай және жоғары жүргізеді де, тордың жоғары және оң жаққабырғаларын жанастыра иеді, содан кейін сызықты (оңнан солға қарай) жүргізгенде де иеді және тордың төменгі қабырғасының ортасна таман солдан оңға қарай жүргізеді. Әрі қарай сызық иіліп, жоғарыдағы бастапқы нүктеге дейін жүргізіледі.
9 цифры сол жақтағы кіші жарты сопақшадан және оң жақтағы үлкен жарты сопақшадан тұрады. Цифрды жазуды тордың оң жақ жоғары бұрышынан төменірек бастап, сызықты солға қарай жоғары жүргізеді, тордың ортасына таман иеді, кейін оңға қарай жоғары жүргізеді де бастапқы нүктеге қарай иеді. Қаламды ажыратпай, сол нүктеден бастап, оң жақтағы үлкен сопақшаны тордың қабырғасының ортасын жинақтайтындай етіп жазады.[3]
Математиканың бастапқы курсындағы өзекті тақырып-теріс емес бүтін сандарды нөмірлеу және оларға әдістерді қолдану. Бастауыш сынып оқушыларында белгілі бір теориялық білімді қалыптастыру, сонымен қатар олардың арифметикалық есептерді саналы түрде есептеу дағдылары мен дағдыларын игеру бағдарламаны оқудағы басты міндет болып табылады.
Нөмірлеу және арифметикалық амалдар жөніндегі материалдар концентраттар бойынша оқылады. Ол тек төрт концентрге бөлінеді: ондық, жүздік, мыңдық, көп таңбалы сандар. Әрбір кейінгі концентрамен бірге жаңа мәселелер енгізіліп отырады да, алдыңғы концентрацияларда нақты көрсетілген концентрлер енгізіліп, дамиды.
Оңдық тақырыбын ерекше концентр етіп бөліп алудың бірнеше себептері бар.
10 көлеміндегі нөмерлеу мен арифметикалық амалдардың кейбір ерекшеліктері бар. Он - оңдық санау системасының негізі, сондықтан 1 - ден; 10- ға дейіңгі сандар жай сандарды (басқа разрядтық бірліктерді пайдаланбай) санау нәтижесінде жасалады. Осыған байланысты бірінші оңдық сандарының әрбііреуін белгілеу үшін ауызекі сөйлдегенде ерекше сөз, ал жазғанда ерекше таңба қолданылады. 10 көлеміндегі қосу және азайтудың есептеу әдістері санаумен тығыз байланысты.
Есептеулерде үнемі санап отырмас үшін, амал нәтижелерін жатқа біліп алу қажет.
Үлкен емес сандар оқушыларға математикалық ұғымдарды ашуға жақсы жағдай жасайды.балалардың дағдыларына, сондай-ақ объектілермен практикалық әрекеттерге сүйене отырып, натурал сандардың теңдігі мен теңсіздігі, қосу және алу операциялары сияқты ұғымдарды қалыптастыруға болады.
"Ондық" тақырыбында көптеген мәселелерді оқып,үйрену басталады, олар келесі концентрацияларда жалғасады. Мысалы, 10 көлеміндегі санау жалпы санауды үйренудің негізі болып табылады, өйткені егер сіз қарапайым бірліктерді есептесеңіз, онда басқа разрядтық бірліктерді (оңдық, жүздік және т.б.) бірдей есептеледі. Алғашқы оң сандардың атаулары мен белгілері кез-келген көп таңбалы сандарды атауға және белгілеуге негіз болады. 10 көлемінде қосу және азайту бірінші оңдық көлемінен тыс ауызша және жазбаша есептеулерді орындау үшін негіз болып табылады.
Оңдық концентрін оқып үйрену үш негізгі кезеңге бөлінеді: дайыңдық кезеңі, нөмерлеуді оқып үйрену, қосу мен азайтуды оқып үйрену.
Дайындық кезеңі
Дайындық кезеңінде мұғалім 1 - сыныпқа келген балалардың математикалық білімі мен білім қорын анықтап,оларды бағдарламаның бірінші тақырыбы-10-да көлеміндегі сандарды нөмерлеумен жұмыс істеуге дайындауы керек.
Осы кезеңде бала нәрселерді санай алатын- алмайтынын, және қай санға дейін санай алатынын, көп, аз, сонша, бірдей,тең терминдердің арифметикалық мағынасын түсіне ме,оның кеңістік түсініктерінен қоры қандай яғни ол сол жағында - оң жағында жоғары - төмен, алдында - кейін - арасында т.б. ұғымдарды оның қандай дәрежеде ұғынғанын анықтап алуы тиіс.[4]
Еркін әңгімелесу кезінде (1 сыныпта оқу басталғанға дейін өткізген жөн) мұғалім балаға, оның білім мен білігін анықтап алу үшін ,бірнеше тапсырма орындатады. Шамамен тапсырмалар былай болуы мүмкін:
1) Сен санай білесің бе?
2) Үстел үстінде неше қарандаш жатса,сонша қарандашты сол қолына ал.(4-7 қарындаш).
3) Қай дөңгелектертің көп екенін тап көк дөңгелектер мен не қызыл дөңгелектер ме? (Үлкен 6 қызыл және кіші 7 көк дөңгелек)
4) Шалғам деген ертегідегі суретті көрсетіп, иттің алдында, мысықтан кейін, қыз бен мысықтың арасында (ортасындан) кетіп бара жатыр айт?
Оқушылар бұл тапсырмаларды ойдағыдай орындағанда, оған ілгеріде оқылатын материалдан бір-екі сұрақтар беруге болады (10 көлемінде қосу және азайтуға мысалдар мен есептер, геометриялық фигураларды айыра және атай білуге, цифрларды атай біліге т.ь. тапсырмалар).
Санауды үйрене отырып, оқушы мұғалімнің көмегімен заттарды санау кезінде оларды қалдырмай санау керек және бір нәрсені екі рет санауға болмайды деген тұжырымды ұғынуы керек. Заттарды дұрыс және қате санағандарын салыстыра отырып, ондай қорытынды оқушылар өздері жасайды. Нәрселерді әр түрлі ретпен санай отырып , оұушылар санау нәтижесі санаудың ретіне байланысы болмайтындығы жөніндегі қорытындыны өздері тұжырымдап айтады. Мысалы, бір оқушы бір қатарға орналастырылған заттарды оңнан солға қарай санайды. Түрліше санағанның өзінде де бір ғана сан шыққандығына көздерін жеткізіліп, басқа тапсырмаларда осылайша орындалады. Мысалы, баспалдақ басқыштарын жоғарыдан төмен, үй қабаттарын төменнен жоғары қарай немесе жоғарыдан төмен т.б. саналады.
Санағанда есептік, реттік сан есімдерді пайдалана білуге үйрету қажет, ол үшін мынадай жаттығуларды беруге болады: Былай сана-бір,екі,үш,... не Былай сана:бірінші, екінші, үшінші,... Егер санағанда соңғы нәрсе бесінші болып шықса, демек небәрі бес нәрсе болатынын және, керісінше, егер небәрі бес нәрсе болса, соңғы нәрсе бесінші юолатынын -бұл бір ғана нәрсе болатынын бірте-бірте ұғынып алулары керек.
Сыныпта оқушыларды біріне бірін қаратып бірнеше баланы тұрғызып, Айбар мен Еламан арасында кім тұрғанын айтқызып, қайсы баланың қай жерінде тұрғанын атап айтуды талап етіп, реттік қатынастарға: алдында - кейін - арасында ұғымдарына ерекше тоқталып өтеді. [5]
Нөмерлеуді оқып үйренгенде оқушылар мыналарды меңгеріп алулары қажет:
Оқушылар келесі игеруді оқып шығуы керек:
біріншіден) есептеу кезіндегідей, әр Сан алдыңғы сан мен бірліктен, сондай-ақ одан кейінгі сан мен бірліктен тұрады;
екіншіден) алдыңғы әр сан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мың көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі
САНДАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Екі теріс санның қосындысы теріс сан
Бірінші сыныпта он көлеміндегі сандарды оқыту
Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі
Сандардың нумерациясын оқыту әдістемесі
Сабақ қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі
Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Компьютердің логикалық және арифметикалық негіздері
Пәндер