XIX ғасыр тіл білімінде қолданылған әдістер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
XIX ғасырдағы тіл білімі
ЖОСПАР:
І. Кірсіпе
1.1 XIX ғасырдағы жалпы тіл білімі туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 XIX ғасыр тіл білімінде қолданылған әдістер
2.2XIX ғасырдағы жалпы тіл білімі өкілдері
2.3. XIX ғасыр тіл біліміндегі ағымдар
2.4 Жас грамматикалық бағыт
ІІІ. Қортынды
ІҮ. Пайдалынылған әдебиеттер.

Кірсіпе
1.1 XIX ғасырдағы жалпы тіл білімі туралы түсінік
Жалпы тіл білімі— тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін үлкен салаларының бірі. Тілдердің бәріне ортақ заңдылықтар мен белгілер типологиялық зерттеулердің және тілдің функционалдық кызметін салыстыру нәтижесінде анықталады. Жалпы тіл білімі жеке тіл білімдеріндегі деректерге сүйенеді, соларды салыстыру арқылы тіл атаулыға тән белгілер мен ортақ заңдылықтар, ұқсастықтар мен ерекшеліктер айқындалады, тілдер генеалогиялық, типологиялық жағынан топтастырылады. Жалпы тіл білімі тіл білімінің дербес саласы ретінде қалыптасуына 19 ғасырдың алғашқы ширегінен бастап тілдердің салыстырмалы тарихи және салыстырмалы әдістермен зерттелуі ұйытқы болды.
Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған. Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады.
1538 жылы Француз гуманисі Гвилсльм Постеллустың Тілдер туыстастығы туралы деген еңбегі жарияланады.
Ф.Боптың ең басты еңбегі – Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Расмус Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, ислан тілдерінің шығуы туралы зерттеулер деп аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі – неміс ғалымы Я.Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын Неміс грамматикасы атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады.
Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға XIX ғасырда ғана ие болды. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты — тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары — Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі В.Гумбольдт болды. Оның бұл салалардағы тұжырымдары толық баяндайтын еңбектері — Адамзат тілі құрылысының әр алуандығы туралы , Ява аралығындағы Кави тілі туралы деп аталатын туындылары.
Дүние жүзіндегі тілдердің типологиялық белгілерін айқындап, тілдерді сол белгілеріне қарай жіктеуді алғаш ұсынған неміс ғалымы Ф.Шлегель. Оның 1809 жылы Тіл және үнділердің даналығы дейтін еңбегі жарық көреді. Тіл философиясының алға қойған мақсаты — тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін айқындау болды.Типологиялық зерттеу — мәні, функциясы жағынан тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ, жалпылық сипаты бар объектілер салыстырылады.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 XIX ғасыр тіл білімінде қолданылған әдістер
Тіл білімінің әдісі деп тіл білімінде қолданылатын зерттеу әдістерін айтады. Кейбір әдебиеттерде тіл білімінің әдістерін бір сөзбен филологиялық немесе гуманитарлық әдіс деп атаушылық та бар. Әлем тіл ғылымында болсын, Кеңес тіл білімінде болсын әдістің түрін айқындауда, оны жіктеуде бірізділік жоқ. Біраз әдебиеттерде әдістемеге жатқызуға тиісті тәсілдерді де әдіс құрамына енгізіп, әдіс санын мейлінше көбейтсе, екінші біреулерінде жеке әдіс ретінде қарауға тиіс әдістерді бір – біріне қосып, өзара топтап екеу – үшеу етіп қана көрсетеді. Мысалы, О.С.Аханова құрастырған Лингвистикалық терминдер сөздігінде әдіс саны 15-16-ға жеткізілсе, 1973 жылы жарияланған Общее языкознание атты еңбектің үшінші томында салыстырмалы – тарихи, линго – географиялық, құрылымдық, типологиялық деп төрт түрге ғана бөледі. Сондай – ақ, Б.Н.Головин 1977 жылы шыққан Введение в языкознание деп аталатын оқу құралында әдісті сипаттама, салыстырмалы – тарихи, тарихи, салғастырмалы, құрылымдық, стилистикалық, сандық, автоматикалық талдау әдістері деп сегіз түрге бөлсе, В.И.Кодуховтың 1974 жылы басылған Общее языкознание атты оқулығында әдісті зерттеудің негізгі бағытына қарай топтауды жөн көріп, оны сипаттама, салыстырмалы, нормативті – стилистикалық әдіс – аспект деп үш түрге бөледі де, құрылымдық әдісті сипаттама әдіс құрамында, салыстырмалы – тарихи, тарихи – салыстырмалы деп аталатын әдістерді салыстырмалы әдістің салалары ретінде қараған. Ал енді О.С.Ахманова, Б.Н.Головин еңбектерінде әдіс ретінде қаралған басқа түрлерін В.И.Кодухов сипаттама әдіске тән тәсілдер әдістемелер деп саналған.
Мұндай ала – құлалық, біріншіден, әдіс деген терминді кең мағынада, әдістеме мен методология мағынасында да қолданудан туса, екіншіден, бір – біріне белгілі жақындығы, ұқсастығы бар әдістерді біріктіріп, бір ғана атаумен беруге тырысудан туған. Бұлар өзіне лайықты орвнда кейініректе сөз болады. Қазіргі заман тіл білімінде зерттеу әдістерінің көпшілікке танылған, зерттеу объектісі айқындалған бірнеше түрі бар. Олар: сипаттама, салыстырмалы – тарихи, типологиялық, структуралық, математикалық әдістер.
Сипаттама немесе синхрондық әдіс. Сипаттама әдіс – тіл білімі әдістері ішіндегі ең көнесі. Тілге байланысты алғашқы зерттеулердің барлығы дерлік осы сипаттама әдіс бойынша жүргізілген. Сипаттама әдіс зерттеліп отырған объектінің өткендегі күйін, тарихи даму жолдарын ескермейді, тек оның белгілі бір дәуірдегі қалпын синхрондық күйін сипаттаумен шұғылданады. Сипаттама әдіс бойынша жазылған еңбектер осы әдістің атымен сипаттама грамматика, сипаттама фонетика, сипаттама лексика деп те аталады. Тілдің белгілі бір дәуірдегі құрылым жүйесін айқындауда сипаттама әдіс бойынша жүргізілетін зерттеудің мәні ерекше. Сипаттама әдіс зерттеудің көне замандардан келе жатқан тәсілі болғанымен, ол – ескірген, қолданудан қалған тәсіл емес, қазіргі заман тіл білімінде де үздіксіз қолданылып келе жатқан жасампаз тәсіл. Структуралық тіл білімі түгелдей дерлік осы сипаттама әдіске сүйенеді, соны қолданады. Бірсыпыра ғалымдар құрылымдық әдісті осы сипаттама әдістің жаңарған, жетіле түскен жалғасы дейді де, оны сипаттама әдістің құрамында қарайды, екеуін біріктіріп, синхрондық әдіс деген бір ғана атаумен атайды. Сипаттама әдіс болсын, құрылымдық әдіс болсын тілдің белгілі бір дәуірдегі күйін, статикалық жүйесін зерттейді. Бірақ қолданыла бастау мерзімі жағынан болсын, зерттеу тәсілі, алға қоятын мақсаты жағынан бұл екеуі арасында бірсыпыра өзгешеліктер де бар. Оны байқау үшін қалыптасу кезеңінің көп кейіндігіне қарамастан құрылымдық әдісті де осы тақырыпқа жалғастыра қарап, екі әдіс арасындағы бірлік пен өзгешеліктерді ашқан жөн.
Структуралық әдіс. Бұл әдіс тіл білімінде үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарынан бастап қолданыла бастады. Бірақ ол ғылыми зерттеу әдісі ретінде басқа ғылымдарда бұрыннан қолданылып келген, тіл біліміне солардан ауысқан әдіс. Құрылымдық әдіс бұл күнде дүние жүзіне кең тарап, тіл біліміндегі ағым ретінде құрылымдық тіл білімі немесе структурализм деп те аталып жүр. Бұл әдістің құрылымдық деп аталуының мынадай себебі бар. Әдісті қолданушылар тілді өзара тығыз байланыста, шартты қолданыста тұратын, біріне – бірі тәуелді бөлшектерден құралған біртұтас, бірбүтін құрылым, жүйе деп санайды да, тіл білімінің міндеті – тілдің осы құрылымын зерттеу дейді. Тіл құрылымын зерттеуде қолданылатын әдіс – құрылымдық әдіс дейді. Бұл көзқарасты жақтаушылар, яғни құрылымдық әдісті қолдана отырып, тілдің құрылымын зерттеу – тіл білімінің бірден – бір міндеті деп санайтындар – структуралистер деп аталады. Тілдің құрылымын зерттеу тәл білімі тарихында структурализмге дейін де болған, сондықтан структуралистердің өзіне дейінгілерден, яғни XIX ғасыр тіл ғалымдарынан, өзгешеліктері соңғыларының тілдің құпрылымын зерттеуінде емес, соны зерттеу тәсілдерінде, алға қоятын мақсаттарында. Бұл пікірді талдаңқырап көрсетсек, төмендегідей болып шығады.
1.Өткен ғасырдағы тіл ғалымдары тілдік тұлғаларды бір-біріне байланыссыз бөлек-бөлек алып, оларды мағыналық, дыбыстық жақтан талдауға ерекше мән берсе, структуралистер тілді біртұтас құрылым, элементтер бірлігінен тұратын бір бүтін жүйе, сондықтан оның элементтері жеке тұрғвнда өз мәндерін толық көрсете алмайды, олардың семиотикалық сипаты, тіл біліміндегі орны өз жүйесіндегі өзі сияқты элементтермен байланыста, қарым-қатынаста қарағанда ғана айқындалады дейді де, элементтер арасындағы қарым-қатынасқа, байланысқа ерекше мән береді. Сөйтіп алдыңғылардың зерттеулерінде тіл тұтастығы ескерілмей, ол бір-біріне байланыссыз жатқан кездейсоқ бөлшекткр жиынтығы сияқты болып көрінсе, соңғылардың зерттеулерңнде ол – бөлшектері бір-бірімен тығыз байланыста, шартты қатынаста тұратын, бірі бәріне, бәрі біріне тәуелді біртұтас құрылым, сындарлы жүйе болып көрінеді.
2.XIX ғасыр тіл ғалымдары тілдің, тілдік элементтердің тарихын зерртеуге ерекше мән берсе, ғылыми зерттеу деп тек тарихи тұрғыда жүргізілетін зерттеулерді санаса, структуралистер тілді семиотикалық жүйе, тіл білімінің негізгі міндеті – тілдің жүйесін зерттеу, тіл жүйесін зерттеу тек синхрондық-статикалық тәсіл арқылы ғана жүргізілу керек, диахрондық тәсілдің тіл жүйесің зерттеуге қатысы жоқ, нағыз ғылыми зерттеу синхрондық зерттеу дегенді айтады. Сөйтіп структуралистер тілдің таңбалық қызметіне, жүйелік сипатына, синхрондық күйіне шешеуші мән береді, құрылымдық әдістің табан тірейтін принципі осылар деп санайды.
Бірақ құрылымдық әдіс барлық елде, барлық жерде бірыңғай, бір мақсатта ғана қолданылмайды. Бұл әдісті қолданушылар арасында қайшылықтар да, ала ұқұлалықтар да жеткілікті. Ондайлар жоғарыда, құрылымдық лингвистика деген тарауда айтылды.
Құрылымдық әдіс Кеңес тіл білімінде де қолданылып келді, қолданылып та жүр. Алдыңғы тарауда да айтылғандай, бізде құрылымдық әдісті жақтаушылар да, оған қарсылар да болды. Бірақ түптеп келгенде, бұл әдісті қолдануға болатындығы айқындалады. Сөйтіп, 50 жылдардан бастап ол Кеңес тіл білімінде берік орын тепті. 1958 жылы КСРО Ғылым академиясының Тіл, әдебиет бөлімі бюросы структуралды тіл білімін дамыту жөнінде арнаулы қаулы алды да, осыдан кейін, бұл бағыттағы жұмысты өркендетудің әр түрлі жолдары жүзеге асырылды.
Кеңес тіл білімінің құрылымдық әдісті қолдануда, оның міндет – мақсатын айқындауда өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, бұл әдісті қолдану тіл білімі әдістерінің басқа түрлерінен бас тартуды, олардың пайдалы жақтарын жоққа шығаруды көздемейді. Ол басқа да әдістермен қатар қолданыла береді. Екіншіден, құрылымдық әдісті қолдану тіл тарихын, диахрондық зерттеудің маңызын тіпті де жоққа шығармайды. Үшіншіден, құрылымдық әдісті мағынадан жұрдай жалаң формаларды тізімдеудің немесе формалардың абстракт мәнде алынған жалаң қарым – қатынасын ғана зерттеудің құралы етуге қарсы. Кеңес структуралистері тілдік формамен бірге оның мағыналық, қызметтік жақтарына да ерекше мән берді.
Құрылымдық әдісті қолдануда Кеңес тіл ғалымдары арасында ала – құлалық бар. Бірақ олардың барлығы да маркстік диалектикалық және тарихи материализм принципін басшылыққа алды. Жоғарыда құрылымдық әдістің белгілі шамада сипаттама әдіспен үндес келетіні айтылды.
Тіл біліміндегі талдау тәсілдері. Жоғарыда, ескертілгендей сипаттама әдістің болсын,құрылымдық әдістің болсын алға қоятын мақсаты – тілдің белгілі бір дәуірдегі жүйелік құрылымын синхрондық күйде сипаттап шығу. Ал оны сипаттау – тілдік тұлғаларды бөлуге,олардың өзіндік ерекшеліктерін, қызметтерін дистрибуцияларын айқындауға байланысты. Тілдік тұлғаларды сипаттау, талдау үш кезеіге бөлінеді: бірінші кезеңде текстен номинативтик, коммуникативтік тұлғалар бөлініп алынады. Екінші кезеңде ажыратылып алынған номинативтік және коммунативтік тұлғалар әрі қарай құрылымдық бөлшектерге, яғни сөз – морфемаға, сөйле - сөз тіркестері мен сөйлем мүшелеріне жіктеледі. Ал үшінші кезеңде алдыңғы екі кезеңде бөліп алынған номинативтік, коммунативтік және құрылымдық тұлғалар талданып түсіндіріледі.
Құрылымдық түсінік, негізінде, категориялар және дискреттік талдау арқылы беріледі. Категорияларды талдау арқылы айқындалған элементтер әр түрлі жақындықтарына қарай әр түрлі парадигмалық топтарға жіктеледі. Ал дискреттік (латын сөзі- бөлшектік) талдауда құрылымдық элементтер әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең ұсақ элементтерге дейін жіктеледі. Тілдік талдаудың жоғарыда аталған үш кезеңінің алдыңғы екеуіндегісі компоненттік талдау деп аталады. Мұнда сөз- морфемдік, сөйлем – мүшелік бөлшектерге талданады. Компоненттік талдау, сонымен бірге, сөз мағынасын түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” адам деген сөздің лексикалық мағынасына былай анықталған: “ Ойлау және сөйлеу қабілеті бар, өмірге қажетті өндіріс құралдарын өндіре алатын және ол құралды қоғамдық еңбек процесіне пайдалана алатын жан иесі, кісі”. Бұл анықтама адам деген сөздің лексикалық мағынасының алты түрлі белгісі аталған. Олар: ойлау, сөйлеу, құрал өндіру, құралды пайдалана білу, жан иесі және кісі. Бұлардың әрқайсысы - сөздің лексикалық мағынасының жекек компоненттері. Осы компоненетердің бірігуі арқасында сөз мағынасы жан-жақты айқындалады. Компоненттік талдау дегеннің мәні де осында. Бірақ көптеген сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың мағынасын айқындауда компоненттік талдаудың жетімсіз болатыны, контекстік талдауды қажет ететіні болады. Контекс деп тілдік тұлғаның орналасқан ортасын айтады. Лексикалық, грамматикалық омонимдердің, полисемиялы сөздердің мағыналарын айқындауда контексті пайдалану шешуші роль атқарады (күннің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі, малды суар, малды ауыл, қолын малды.) Кейбір әдебиттерде контекстік талдау дистрибутивтік әдістеме деп те аталады. Бірақ бұлай атау орынсыз, өйткені контекстік талдау мен дистрибутивтік талдау бір емес: алдыңғы, негізінде, тілдік тұлғалардың мағыналарын айқындауды көздейді, ал соңғы кез-келген тілдік элементтің орналасу тәртібін, қандай элементтер арасында, қасында келе алатынын, олардың қызметін айқындауды көздейді, сондықтан ол синтагмалық тіркесудің барлық түрінде, фонема үшің фонема тіркестерін, морфема үшін морфема тіркестерін контекст ретінде қолдана береді. Тіл құрылымын сипаттауға байланысты қолданылып жүрген әдістің бір түрі – математикалық әдіс.
Математикалық әдіс. Кейінгі жылдарда физика, химия, математика ғылымдарының тез қарқынмен дамуы нәтижесінде техниканың ролі мейілінше артты. Ол өмірдің бар саласына да кең тарала бастады. Күрделі есептер шығаратын, бір тілден екінші тілге аударатын электрондық машиналар жасалып шығарылды. Содан барып математикада қолданнылатын әдісті басқа ғылымдарда, солардың ішінде тіл білімінде де қолдануға болмас па екен деген сұрақ туады. Оған себепші боларлық кейбір жайттың тілде барлығы даусыз. Мысалы, тілдің құрылымында оның элеметтерінің сандық шамасының да атқаратын қызметі аз емес. Онда белгілі бір элемент, форма көп болса, екінші біреулері сан жағынан одан әлдеқайда аз болады. Бірі өнімді, актив қызмет атқарса, екінші біреулері өнімсіз, пассив болады, өте сирек қолданылады. Бұларды айқындау, есепке алу – ғылым үшін қажет нәрсе. Өйткені тіл білімі үшін тілдік элементтердің сапалық сипаты қандай мәнді болса, сандық сипаты да сондай мәнді. Математикалық әдісті ( кейде сандық әдіс дпе те аталады) тіл білімінде де қолдану керек дейтін ғалымдар әр түрлі категориядағы, топтағы сөздерді, олардың әр алуан формаларын, байланыстарын математикалық көптік, жиынтық деп қарауға, сөйтіп, оларды ғылыми талдауға математиканың көптік теориясы деп аталатын формуласын, ұғымын қолдануға болады дегенді айтады. Бұл әдістің негізгі мақсаты – тілдің, сөйлеудің сандық сипатын, тіл құрылымының қызметімен, дамуымен байланысып жататын сандық заңдылықтарды айқындау, солардың сырын ашу. Оған зерттеу материалы болатындар – тілдік элементтердің, формалардың сандық жағы, сандық сипаттарының жиынтығы. Математикалық әдіс тілді күрделі есептер шығаратын, немесе тексті бір тілден екінші тілге аударатын электрондық машинамен қалай жақындастыруға болады дегенді зерттейді. Кейбір ғалымдар математикалық әдістің бұл міндетін автоматтық анализ әдісі деп бөліп қарайды. Математикалық модельдер үлгісін тілге де қолдану, тіл білімінде автоматтандыру талабы хабар, информация теориясы негізінде, соның қасиетінен туып, соңғы жылдары өте тез қарқынмен дамып келе жатқан кибернетика ғылымының әсерінен пайда болды. Бұл әдіс кеңес тіл біліміне 50-жылдардың екінші жартысынан бастап ене бастады. Содан бергі уақыт ішінде ағылшын, француз тілдерінен орыс тіліне электрон машинасы арқылы аударуға бірнеше әрекет жасалды. Математикалық әдісті тіл білімінде қолдануға болама деген мәселенің басы әлі ашыла қойған жоқ. Оған себеп болып қиыншылықтарда жоқ емес. Математикалық әдістерін, модельдерін тіл білімінде қолдану үшін алдымен солардың өзін жақсы білу керек. Ал тіл ғалымдарының барлығы бірдей математикалық идеяларды біле бермейтіні белгілі. Екіншіден, бұлд ідісті қолдануды жақтаушылардың өздері де бірауызды емес. Оны қалай қолдану керек және тіл білімінің қай саласында жемісті қолдануға болады дегендер тәріздес сұрауларға беріліп жүрген жауаптар да ір түрлі. Бірақ елеулі қиындықтарында қарамастан, математикалық әдіс, егер дұрыс қолдана білсе, тіл біліміне едәуір септігін тигізері даусыз.
Салыстырмалы әдіс. Фатілерді бір-бірімен салыстыра тексеру – ғылыми зерттеу атауларының бәріне де қажет тәсіл. Сондықтан бұл әдіс барлық ғылымдарға тән, ортақ тәсіл деп есептеледі. Салыстыру тек ғылыми зерттеуде ғана емес, әр түрлі тілдерді үйрену, оқыту істерінде, салыстырмалы сөздік жасауда да кең қолданылады. Салыстыру арқылы салыстырылып отырған обьектінің өзіндік ерекшеліктері, басқаларға ұқсастық және одан өзгешелік жақтары айқындалады. Салыстырудың жолдары, одан шығатын қорытынды, көзделер түпкі мақсат – әр ғылымда әр түрлі болуы мүмкін. Сондай өзгешелік тіл білімінде қолданылатын салыстырмалы әдістеде бар. Басқа ғылымдарда қолданылатын салыстырулардан өзгешелігін айтпаған күнде де, бұл әдістің бір ғана тіл білімінде қолданылуының өзінде де әр түрлілік аз емес. Ондай түрліліе салыстырылатын фактілердің ерекшеліктерінен, салыстырудан күтілетін нәтижелерден, көзделетін түпкі мақсаттан туады. Салыстырылатын фактілер әр түрлі тілдерден алынуы да, бір тілдің өз фактілері болуы да мүмкін. Сондай-ақ, салыстырылатын әр түрлі тілдер өзара туыстас, төркіндес тілдер болуы да, бір-бірімен ондай жақындықтары жоқ тілдер болуы да мүмкін. Салыстырылатын фактілердің осындай өзгешеліктеріне қарай салыстырмалы әдіс тіл білімінде салыстырмалы-тарихи әдіс, тарихи-салыстырмалы әдіс, салыстырмалы әдіс делініп үш түрге бөлінеді. Енді осылардың ішінен кітаптың бұрынғы тарауларында көп сөз болмағаны – тарихи-салыстырмалы әдіс жайында тоқталдық.
Тарихи-салыстырмалы әдіс. Кейбір әдебиеттерде зерттеудің бұл түрін тарихи әдіс деп те атайды. Олай аталатыны: бұл тәсіл тілдік фактілердің тарихын айқандау үшін қолданылады. Оны айқындауда, зерттеліп отырған тілдің әр дәуірдегі фактілерін бір-бірімен салыстыра зерттеу әдісі қолданылады, яғни фактілер тарихи салыстыру арқылы ашылады. Сондықтан біраз әдебиеттерде тарихи деген атауға салыстырмалы деген сөзді қосарлап, тарихи-салыстырмалы әдіс деп атайды. Бұлай атау – әдістің барлық сипатын біршама толық көрсететіндіктен, бұл оқулықта да осы шартты атау қолданылады. Мұндағы салыстырудың салыстырмалы-тарихи әдіспен ең негізгі өзгешелігі – алдыңғыда туыстас бірнеше тілдер фактілері салыстырылса, соңғыда бір тілдің өз фактілері де бір-бірімен салыстырылады. Тарихи -салыстырмалы әдіс тілдің өзгеру, даму жолдарын ол өзгерістіңзаңдылықтарын жәнеоған түрткі болған ішкі-сыртқы себептерді зерттеу үшін қолданылады. Бұл әдіс тілді дамып,өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудың, сөйтіп, оның тарихын зерттеуге мән берудің нәтижесінде XIX Ғасырда пайда болды. Бұл тәсіл сипаттама әдіске тура қарама-қарсы мәнде. Сипаттама әдіс тілдің белгілі бір ғана дәуірдегі, негізінде, осы заманғы статикалық күйін айқындауды көздесе, тарихи әдіс оны даму, өзгеру үсінде, динамикалық, диахрондық күйде алады. Тіл басынан қандай құрылымдық құбылыстарды өткізді, алғашқы құрылым, норма немесе құрылымдық элемент неге жойылды, оның орнын не басты, соңғының алғашқылардан артықшылығы неде? – деген сияқты сұрауларға жауап іздейді. Ол үшін тілдің белгілі бір дәуірдегі құрылымдық күйін, оның соған жалғас екінші бір дәуірдегі құрылымдық күйімен салыстыра зерттейді. Тілдік өзгерістерге түрткі болған ішкі-сыртқы себептерді айқындайды. Тарихи-салыстырмалы әдісті қолдана отырып, тіл тарихын зерттегенде, тілдік құрылымның әр қабаты – фонетикасы, морфологиясы, синтаксисі, т.бт жеке-жеке зерттелуі мүмкін. Соған қарай, тіл білімі тарихи фонетика, тарихи морфология, тарихи синтаксис немесе тарихи грамматика деп бөлшектеніп те аталады.Тілдік құрылыстарлың көпшілігі, әдетте, қоғам дамуымен, қоғамның рухани өмірінің дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан тіл тарихын зерттеуші ғалым сол тілдің иесі болып табылатын қауым тарихын ескерусіз қалдыра алмайды. Оның үстіне, тілдің әрбір тарихи дәуірдегі күйін білдіретін жазба нұсқа да бола бермейді. Мұндай жағдайда тілдің өткен кездерінен сақталған белгілі фактілерді бір-бірімен салыстыра отырып, белгісіз кезеңдердегі тілдік жүйенің, тілдік элементтердің сипаты туралы ғылыми болжамдар жасауға да тура келеді. Бұл ретте археология, этнография, тарих ғылымдары ашқан фактілердің тигізетін пайдасы да аз болмайды. Осыған байланысты тіл тарихшысы бұл ғылымдардан да хабардар болуы шарт. Бұл жағдайлар тарихи әдіс бойынша жұмыс істеудің қиын да күрделі екендігін байқатады. Солай болғанымен, тарихи әдіс – тіл біліміне өте қажет және бірте-бірте жетіліп, толығып келе жатқан маңызды тәсіл.Тіл фактілерін тарихи тұрғыдан алып зерттеу, білу ғылым үшін де, практика үшін де керек. Өйткені қандай құбылыстың, фактінің болса да, өткенін, тарихи даму жолдарын білмей тұрып, оның қазіргі күйін, сырын жете білу мүмкін емес.Бұл айтылғандар тілдің және тілдік категориялардың тарихи даму жолдарын зерттеудің, білудің шешуші мәні барлығын байқатса керек.

2.2XIX ғасырдағы жалпы тіл білімі өкілдері
Франц Бопп (1791-1867) Майнц қаласында туған. Гимназияда оқып
жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1821 жылы Берлин университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің
профессоры, 1829 жылдан академик. Оның ең басты еңбегі -"Санскрит, зенд,
армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы
грамматикасы". Бұл еңбек үш томнан тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет,
1856-1861 жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет
басылды.
Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі - Дания
ғалымы Расмус Раск. Ол өзінің 1818 жылы басылып шыққан "Исланд тілінің
шығу тарихы" атты еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-жақты көрсетеді. Ол - тілдердің сөздік жағынан бір-біріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстығының белгісі - олардың грамматикалық жағынан ұқсас болу, өйткені грамматикалық формалар бір тілден екіншісі тілге ауыспайды деген қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір кепілі – дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік қордың ұқсастығы дегенді баса айтады. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген еуропалық тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттейді.
Расмус Кристиан Раск (1787-1832) Копенгаген университетінде оқыған.
1823 жылдан бастап осы университеттің профессоры. Ол 20-шақты тілді білген,
испан, италян, француз, көне ағылшын, швед, т.б. көптеген тілдердің
грамматикасын жазған. Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер" деп аталады. Бұл еңбегінде автор гот (герман) тілдерінің латын, грек тілдерімен туыстастығын дәлелдейді.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі - неміс ғалымы
Якоб Гримм. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғасырдағы тіл білімі
Тіл білімінде қос сөздерді қарастырған ғалымдар
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Миссионерлік әдебиеттің қазақша аудармаларының тілі
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
Тіл - рухани көрсеткіш
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Xx ғасыр лингвистикасындағы бағыттар мен мектептер
Ежелгі дәуір тіл білімі
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері тіліндегі шылау сөздердің қолданысы
Пәндер