Қазақстанда қой шаруашылығының дамуы
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
Негізгі бөлім
Қазақстанда қой шаруашылығының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...3
Қойдың жүн өнімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Жүн шайыры мен ақаулары, олармен күрес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Кіріспе
Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел -- Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.
Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы -- Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км²-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10 -- 20, тіпті 50 -- 100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы -- Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған. Қой сүтқоректілердің жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына жатады. Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне сәйкес бір топқа біріктіреді. Екеуін төрт түліктің бірі деп есептейді.
Академик М. Ф. Ивановтың жіктеу жөнінде ұсынысына сәйкес бүкіл қойдың тұқымдары негізгі өнімдеріне қарай мынадай топтарға бөлінеді: биязы жүнді тұқымдар - асканий, грозный, совет мериносы, қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар мериносы. Биязы- лау жүнділер - цигай, куйбышев. Тондық - романов, елтірілі - қаракөл, етті-майлы - гиссар, еділбай, етті-жүнді-сүтті - кучугур, тушинский. Студенттер сурет, проектор, нақнұсқа, бейнефильм арқылы қойдың тұқымдарымен танысады, шаруашылықтарда тірі малдарды көреді
Қой бұдан 10-11 мың жыл, ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың жабайы арғы тегі - жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған. Қойдың алғаш қолға үйретілген орталықтарын Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия, Қазақстан, Орталық Азия, Оңтүстік Африка. Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше.
Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт)өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орталық Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған.
Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді.
19 ғасырдың соңына қарай Ақмола, Семей, кейінірек Торғай және Жетісу өңіріне орыс шаруалары меринос қой тұқымдарын ала келді. 1913 жылы қазіргі Қазақстан жерінде 19,6 миллион уақ мал болды. Азамат соғысы жылдары өзге түліктермен бірге қой саны да барынша азайып (1920 жылы - 8,8 миллион), елдегі мал шаруашылығына үлкен нұқсан келтірілді. Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясатына байланысты 1928 жылға дейін дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшеліктері ішінара сақталып қалды. Сол жылғы үкімет қаулысынан кейін елдегі ірі байларды жаппай кәмпескелеудің соңы мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын да қатты күйзеліске ұшыратып, 1930 - 32 жылдардағы ашаршылыққа алып келді. 1936 жылы республикада небәрі 4,3 миллион қой қалды.
Күштеп ұжымдастыру науқанынан кейін қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығының қарқынды дамуына тежеу салынып, 1928 - 85 жылға дейінгі аралықта қой шаруашылығының кеңестік жүйесі қалыптасып, дамыды. Қой тұқымдарының санымен қатар сапасын да көтеру шараларының нәтижесінде 1960 жылы республикадағы барлық койдың 84,6%-ы, 1974 жылы 99,99%-ы, 1980 жылы 100%-ы асыл тұқымды мал тобына жатқызылды. Сондай-ақ, 1966 - 70 жылы уақ малдан алынатын ет өнімдері орта есеппен - 471,3 мың тонна, 1981 - 83 жылы - 493,3 мың тоннға жетті. Қойдың мол өнімді жаңа тұқымдары - қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-мериносы, солтүстік қазақ мериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, дегерес қойы, тағыда басқа шығарылды. 1984 жылдың басында Қазақстанда 36567,8 мың (барлық шаруашылық түрлерінде) қой болды.
Қой саны жағынан Қазақстан КСРО бойынша 2-орын (Ресейден кейін), қаракөл елтірісін дайындау жағынан 1-орын алды. Қой шаруашылығы, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан (Семей), Жамбыл, Алматы облыстарында қарқынды дамыды. Жаңа тұқым шығару мақсатында Қазақстандағы таңдаулы қой тұқымдары мен шетелдік тұқымдар: австралия мериносы, австралия корриделі, линкольн қойы, ромни-марш қойлары, тағыда басқа пайдаланылды.
2.1 Қазақстанда қой шаруашылығының дамуы
Қазақстанда қой шаруашылығының дамуында негізгі үш бағыт айқындалды. Олар елдің табиғи климаты, жем-шөп, жайылым жағдайы, қойдың биологиялық ерекшеліктері, тағыда басқа байланысты төмендегіше 3 аймаққа бөлінді: 1) далалық, қуаң-шөлейт аймақтар мен оңтүстік таулы өңір. Мұнда биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары (барлық қойдың 65%-ы) өсірілді. 2) шөл және шөлейт аймақ. Бұл жерлерде негізінен етті-майлы, ұяң не қылшық жүнді қойлар (барлық қойдың 16%-ы) шоғырланды. 3) Қаракөл қойлары өсірілетін оңтүстік және батыс аймақтар. 1990 жылдың басында 1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі қой шаруашылығытары болды.
Алайда экономиканың өзге салалары секілді қой шаруашылығы да кеңестік науқаншылдыққа ұрынып, қой санын 50 миллионға жеткізу туралы елдің нақтылы мүмкіндіктеріне сай келмейтін қисынсыз жоспарлар жасалынды. Жоспарды орындау мақсатында қойды қолдан жасанды ұрықтандыру тәсілі кең етек жайып, асыл тұқымды қойлардың азып-тозуы мен миллиондаған елтірінің шын мәнінде жарамсыз қалуына, кеңестік жалған ақпардың белең алуына алып келді. Мал өнімдерін өңдеу, жаңа технологияларды игеру,тағыда басқа мәселелер кенже қалды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық дағдарыстар мен қой шаруашылығындағы кейбір сәтсіз реформалар нәтижесінде қой шаруашылығыелеулі түрде құлдырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 12,3 миллион уақ мал бар (2004). Мұның негізгі бөлігі жеке меншік иелікте өсіріледі. Республикада қой шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеулер жұмыстарымен Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты, тағыда басқа айналысады. Халық шаруашылығында мал өсіру ауылшаруашылығы өндірісінің басты саласы болыптабылады. Ол халы қтыкеректі тағам өнімдері ет, сүт, жұмыртқа тағы басқаларымен, ал өнеркәсіпті болса шикізатпенқамтамасыз етеді. Малшаруашылығы егін шаруашылығымен тығыз байланысты. Адамдар егін шаруашылыгы өнімдерінін тек А бөлігін ғана қорек ретінде пайдаланса, ал қалған 'А бөлігін пайдалана алмайды. Оны тек малға беріп ғана өз қажетіне пайдалана алады. Жануарлар болса егін шаруашылы ғына, өсімдіктерге керек органикалық тыңайт қыш қи өндіре алады. Шаруашылықта егін шаруашылығы өнімдері көп болған сайын, мал өнімдері де көбейе түседі. Малшаруашылығы өнімдерін молайтпай адамзатты толы ққанды та ғаммен қамтамасыз ете алмаймыз.
:: Жер бетінде халық саны жылма-жыл артып келеді. Қазірді ң өзінде Жер бетінде 6,5 млрд-тай халық бар. XXI ғасырдын ортасында 8,3 млрд-қа жетеді деген болжам бар.
:: Олардың қажеттілігін өтеу үшін мал шаруашылығын дамытудың ма ңызы зор. Адам қорегіндегі жануар белогын ештеңе де алмастыра алмайды. Сондықтанда жануартекті белок өндіру барлық елдердің бастыміндеті болып табылады.
:: Үй қойларының ата тегінің үш түрлі атауы бар. Олар муфлон, ар қар ж әне жабайы қырқойлары болып табылады. Олардың ертеде қолға үйретілгендерінен үй қойларының түрлері пайда болган. :: Жабайы қойдың көз алдымен бақайының аралықтары безді келіп, басы құй қалы, жазық мандайлы болады. Қошқарлары иір мүйізді, ірі, қылшық түкті, дөңгелек құйрықты, сида, ұзын, сира қты. :: Осы күнгі жабайы қойлардың таралып, мекен етіп, өсіп ж үрген орындары - Американың Солтүстік бөлігі, Оңтүстік Еуропа және Азияның барлық жерлері. Азияның таулары мен үстірті жерлерінде әртүрлі жабайы қойлар үйірлер болып жүреді.
:: Олардың қысқы қоректері ағаш қалдықтары мен көк шырпылар және құрғақ шөптер. Басқа түліктерге қарағанда, қой қолға үйретуге өте қолайлы келген.
:: Үй қойларының жабайы түрі муфлон да қазіргі Жерорта теңізінің Сардиния мен Корсика аралдарынында, Қазақстанның батысындағы үстіртте бар. Муфлонның тұрқының ұзындығы 120 см, биіктігі 65-70см болады да, құйрығының үзындығы 10 см шамасында. Қой шаруашылығы - жүн, ет, май, елтірі, сүт - өнеркәсіптік құнды шикізат, әрі адам тағамдарының маңызды көзі.
2,2 Қойдың жүн өнімділігі.
Малдан өндіретін негізгі өнімдердің бірі - жүн. Жүн - қой, ешкі, түйе және басқа жануарлардың иіру немесе ұйыстыру (басу) арқылы әртүрлі бұйым жасауға жарайтын түгі, өнеркәсіп шикізаты. Негізгі өнеркәсіптік шикізат ретінде жүн қойдан өндіріледі. Қойдың тұқымына байланысты жүн талшықтары биязылығы, жіңішкелілігі, ұзындығы әртүрлі болады. Жүн талшығы мына төмендегі түрлерге бөлінеді: түбіт, жай қылшық, аралық қылшық, құрғақ қылшық, тікенек қылшық.
Қой жүні құрамына байланысты біртекті және әртекті деп екіге бөлінеді.
Біртекті жүнге биязы және биязылау жүн жатады. Биязы жүн диаметрі 25 микроннан аспайтын бірегей түбіттен, биязылау жүн бірегей ірі түбіттен немесе аралық қылшықтан (диаметрі 25 ми- кроннан артық) тұрады.
Әртекті жүн әртүрлі жүн талшықтарынан - түбіттен, қылшықтан және аралық қылшықтан тұрады. Ол - қылшық және ұяң деп екіге бөлінеді. Қылшық жүннің түбіттен қылшықтары көп және ірі. Ұяң жүннің түбіті біршама мол, қылшығы майда келеді. Жүннің түріне қарай қой тұқымдары биязы жүнділер (қазақтың оңтүстік және солтүстік мериносы, алтай қойы, қазақтың арқар мериносы т.б.), биязылау жүнділер (линкольн, ромни-марш, кор- ридель, дегерес қойлары), ұяң жүнділер (сараджа, тәжік қойлары) және қылшық жүнділер (еділбай, гиссар қойлары) деп бөлінеді. Қойдың жүн өнімділігін сан жағынан сипаттайтын көрсеткіштерге бір қойдан бір жылда қырқылған жүн салмағы (жаба- ғысының салмағы), жуғаннан кейінгі таза жүн салмағы, таза жүн шығымы жатады. Қырқылған жүн мөлшерін қырқым кезінде өлшеу арқылы анықтайды. Таза жүн салмағын анықтау үшін, әдетте, әуелі арнайы лабораторияда қырқылған жүннің бақылау үлгілерін жуу арқылы таза жүн шығымын анықтайды. Ол белгілі болғаннан кейін, пропорция құру арқылы қырқылған жүннен қанша таза жүн түсетінін есептеп шығарады. Мысалы, қырқым кезінде өлшегенде бір қойдан 6,0 кг жүн қырқылады. Осы жүннен алынған бақылау үлгіні жуғанда таза жүн шығымы 52% екендігін анықталды. Енді мына төмендегідей пропорция құрамыз:
6г-100%
X- 52%
Бұдан X (таза жүн) = 6 * 52100 = 3.12кг
Қойдың жүн өнімділігін сапалық көрсеткіштеріне жүннің физикалық және техникалық қасиеттерін анықтайтын ұзындығы, жіңішкелігі, біркелкілігі, бұйралығы (сиректілігі), шайырлығы, серпінділігі, созымдылығы жатады.
Селекция тәжірибесінде қойдың жүн өнімділігін екі түрлі әдіспен анықтайды.
Бірінші әдіс қойдың жүн өнімділігінің сандық және сапалық көрсеткіштерін арнайы аспаптармен өлшеу. Мысалы, қырқылған жүн салмағын таразымен өлшеу, таза жүн шығымын лабораториялық жолмен, жүн талшығының ұзындығын сызғышпен, жіңішкелілігін микроскоппен немесе лонометрмен, жүннің қоюлығын, тері ішіндегі түк фолликулдарын микроскоппен санау, жүн талшығының мықтылығын динамометрмен анықтайды. Бұл жолмен алынған деректер қойдың жүн өнімділігі туралы дәл мәлімет береді. Бірақ жоғарыда айтылған өлшеулер арқылы әр қойдың жүн өнімділігін анықтауға көп уақыт, қосымша адам күші мен қаржы талап етіледі. Сондықтан бұл әдіс асылтұқымды қой шаруашылықтарында, аса құнды мал топтарын сұрыптағанда ғана қолданылады.
Екіші әдіс бойынша қойдың жүн өнімділігін бонитировка кезінде негізінен көзбен шамалап анықтайды. Бұл әдісті қолдану жеңіл, бірақ оны жүргізген адам тәжірбиелі маман болу керек.Қойдың сұрыптау тәжірбиесінде екі әдістің екеуі де қолданылады.
Әртүрлі қой тұқымдары өнімділігінің көрсеткіштері 1988ж
Қой шаруашылығының аса маңызды өнімдерінің бірі жүн. Жүн - өндірістің тоқу-иіру салаларына керекті мал денесінен алынатын талшықты шикізат материалы. Қойдан басқа да мал жүн береді, бірақ одан алынатын жүннің мөлшері аз. Сондықтан тоқыма өнеркәсібі үшін қой жүнінің айрықша маңызы бар.
Жүн құрамындағы талшықтардың түрі мен олардың арақатынасына байланысты біртекті және әртекті болып екіге бөлінеді.
Біртекті жүн - жіңішкелігі, ұзындығы, бұйралығы, жұмсақты- тығы, серпімділігі жағынан біркелкі жүн талшықтарынан тұрады. Бұл жүннің ерекшелігі - қойдың жабағысы штапель тәрізденген бөлшектерден құралады. Біртекті жүн биязы және биязылау жүнді қой тұқымдарынан алынады.
Әртекті жүн жабағысының сырт көрінісі тұлымданып келеді. Бұлай болуы ондағы әр түрлі жүн талшықтарының арақатынасы мен жіңішкелігіне байланысты. Жіңішке жүн талшықтары қысқа болып келеді де, төменгі жағы теріге жақын жақта жатады. Яғни, жүн талшықтарының көрінісі конус тәрізденіп тұрады. Әртекті жүн ұяң және қылшық жүнді қой тұқымдарынан алынады.
Біртекті жүн біркелкі түбіттен немесе аралық талшықтардан құралады. Әртекті жүн әр түрлі талшықтардан: қылшықтан, аралық талшықтан, түбіттен, т.б. құралады (ұяң және қылшық жүн).
Технологиялық қасиеті жағынан қой жүні төртке бөлінеді:
a) биязы жүн - біртекті түбіттен құралады, тұтас жүннің негізгі бөлшектеріндегі (бүйірі, арқасы, жауырыны) талшықтардың жі- нішкелігі 60-шы, ал қошқардың жүні 58-ші сападан төмен болмауы керек. Мұндай жүн беретін қойларды биязы жүнді немесе меринос қойлары деп атайды. Талшықтардың қалыңдығы 25 микронға дейін, ал ұзындығы 6-8 см, иректілігі жоғары, тығыз болып келеді. Биязы жүн тоқыма өнеркәсібі үшін ең бағалы шикізат болып есептелінеді;
ә) биязылау жүн - биязы және қылшық жүнді қойлардың будандарынан: куйбышев, дегерес, латвияның қара басты, литва мен эстонияның қара және ақ басты, горьков, грузия, дағыстанның таулы және қазақтың етті-жүнді қойларынан қырқылады. Бия- зылау жүн біркелкі түбіт пен аралық талшықтан құралады, бірақ олар биязы жүндіге қарағанда ірілеу және жуандау келеді. Тұтас жүннің негізгі бөліктеріндегі (бүйірі, арқасы, жауырыны) талшықтардың жіңішкелігі 58-60-шы сапада болады. Тұтас жүннің сырт құрылымы негізінен штапель тәрізді, бірақ кейде ауытқып штапель тұлымды болып келеді. Биязылау жүннің түсі ак болады. Технологиялық қасиеті жағынан биязылау жүн биязы жүнге жақын келеді және негізінен камвольды мата тоқу үшін қолданылады.
б) ұяң жүн талшықтарының құрамына қарай ол біртекті және әртекті болып екіге бөлінеді.
Біртекті ұяң жүн жылына бір рет көктемде қырқылады. Оның сырт құрылысы штапель тәрізді немесе штапель тұлымды болып келеді. Тұтас жүннің негізгі бөліктеріндегі (бүйірі, арқасы, жауырыны) талшықтардың жіңішкелігі 46-48-шы сапада болады. Таза тұқымды қойлардың жүні ақ, ал олардың қылшық жүнді қойлармен будандарының жүні ақ-құба, т.б. түсті болып келеді. Әртекті ұяң жүнді жылына екі рет көктемде және күзде қырқады. Тұтас жүн тұлымданып келеді де, түбіт, қылшық және аралық қылшықтан тұрады. Ұяң жүн қылшықты жүнге жақын, бірақ одан жұмсағырақ және нәзіктеу келеді, әрі түбіті мен аралық қылшықтары басымырақ және шайыры да көбірек болады.
в) Қылшық жүн әртүрлі тұқымды қылшық жүнді қойлардан жылына екі рет көктемде және күзде қырқылады. Олардың қырқымға бірінші рет баратын 4-4,5 айлық қозыларын бір рет күзде қырқады. Қылшықты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz