Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі дене шынықтыру мен тәрбие: палеолиттен сақ пен ғұн дәуірлеріне дейін


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Алғашқы қауымдық құрылыстағы дене шынықтыру.

Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ-ұзақ кезендерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит) .

Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.

Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізіледі. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді қамтитын ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б. ж. б. 2, 5 млн. жылдан басталады.

Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.

Ағашқы адам тақылеииес тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие. Алғашкы қауымдық құрылыс кезеңі тапсыз қоғам болды. Адамдар өздерінің іс-әрекеттерін көпшілік болып топтасып, бірге атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалар садақ тарта білді, аң аулауға көмектесті, қыз балалар үй жұмыстарына араласты, киім пішті, тұрмыстық салт-дәстүрлердің рәсімдеріне қатысты.

Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау, Төңірқазған, Шарбақты және Ұлытау өңірлерінде мекен еткен.

Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлік тәрбие дәстүрлері. Сақтар империясы, шамамен, біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі VII-III ғасырлар аралығында, қазіргі Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеді Сақтар империясының құрамына массагет, исседон, савромат, аримаспы, дайлар, турлар, арийлер және басқа да тайпалар кірген. Сақтардың көсемдері Африсиап, Томирис сол кездегі ірі мемлекет Парсы империясының патшалары Кирге, Дайриге, Александр Македонскийге қарсы күрес жүргізу барысьпзда әскери-көшпелі тұрмысты қалыптастырған. Металл өңдеп, әлсмдік маңызы зор «скифский зверийный стиль» атгы зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар мен киімдер жасай білген. Жылқы жануарьш өте қатгы қадірлеген, мал баққан. Осы тұрмыс-тіршіліктерге байланысты, сақтар өз ұрпақтарын дене, еңбек және эстетикалық тәрбие принциптері негізінде тәрбиелеп өсірген. Сол замандарда өмір сүрген, Тәңір дінінің негізін салған данышпан Заратуштра сақтар мен парсыларға ортақ өлемдеп тұңғыш «Авеста» кітабын жазған. Заратуштра сол кездің өзінде (Аристотельдің замандасы) рухани-танымдық, тәлім-тәрбиелік мәнді ойлар айтқан. Сақтардың қайратты, жауынгер халық екенін атақты тарихшы Ксенофонт (б. д. д. 434-355 ж. ж. ) былай деп суреттейді: «Персидский царь устроил конные присталища для всадников, представляющих разные народы. Когда начались бега, то какой-то молодой сак вырвался вперед и достиг финиша. Персидский царь предложил царю царство в обмен на коня, но тот отказался заявив, что отдал бы коня лишь в обмен на благодарность храброго человека…» - деген екен (61, 27) .

Ғұндар б. д. д. III ғасыр мен біздің дәуіріміздің І-ІІ ғасырлары аралығында сақ тайпалары мекендеген территориянын мұрагерлері болды. Сол кезеңдердегі үйсін, қаңлы, жу-жу, дунку тайпалары ғұн империясының құрамына кірді, ғұндар металл игерді, мал шаруашылығымен айналысты. Бірақ олардың ең негізгі кәсібі әскери-жауынгерлік өнер еді. Олар өздерінің ұрпақтарын ер жүрек, алғыр, епті болуға және зергерлік бұйымдар жасауға тәрбиеледі.

Ғұндардың Еуропаға жасаған жорығы Шығыс пен Батыс халықтары арасындағы этнолингвистика мен ассимиляцияның үлкен өзгерістерге ұшырауына негіз болып, дүние жүзі тарихында Шығыс халықтарының Батысқа жасаған ұлы қоныс аударуы (Великое переселение с востока) атты тарихи оқиға тудырды. Ғұн көсемі Атилла (Еділ) бастаған қалың қол ұлы Рим империясына қауіп төндіріп, ақыры құлауына әкеп соқтырды.

Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамнң дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездеседі. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.

Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қолөнер кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан-жақты және жоспарлы іске айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар: алғашқы қауымдық құрылыс пен сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттері
Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы: алғашқы қауымдық құрылыс дәуірі
Палеолиттен неолитке: Қазақстанның ерте тас дәуірі мен алғашқы қауымдық құрылыс
Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо және зооморфтық бейнелер: палеолиттен неолитке дейін
Ежелгі Қазақстандағы қауымдық құрылыс мәдениеті және материалдық мұра: Андрон, Беғазы-Дәндібай, сақ және ғұн дәуірлері
Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстан мәдениеті: Андрон, Беғазы-Дәндібай, Сақ және Үйсін-Қаңлы мәдениеттері
Қазақстан мәдениетінің тарихы: Алғашқы қауымдық құрылыс пен ежелгі тайпалар мәдениеті
Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар: қауымдық құрылыс пен мемлекеттің қалыптасуы
Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыс: тас дәуірінен Беғазы-Дәндібай және Андроново мәдениеттеріне дейін
Қазақстан территориясындағы мемлекет және құқық тарихы: алғашқы қауымдық құрылыс пен ерте ортағасырлық мемлекеттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz