Вирустық гепатиттер туралы


Вирустық гепатиттер
Вирустық гепатиттер - жалпы клиникалық синдромдармен сипатталатын аурулар тобы - күрделі глобалді проблема. СНГ жыл сайын гепатит А 1 млн астам адам аурады. Ал гепатит В жұқтыратын санын айту қиын, 50 млн астам адамнан кем емес. ВОЗ мәліметтері бойынша дүние жүзінде гепатит В вирусын тасымалдаушылар саны 1 млрд. астам адам. Гепатит А адамның жұқпалы аурулар арасында экономикалық қатер келтіруде алдынғы орында келеді.
Алғаш рет инфекциялық гепатитті басқа да бауыр аурулар арасынан бөлек нозология екенін дәлелдеген орыс дәрігері С. П. Боткин, 1888 жылы. Сондықтан ауруды көп жылдар бойы Боткин ауруы деп атап келген. Инфекциялық гепатит фекальды-оральды жолмен жұқтырылады. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 30-шы жылдары сары қызбаға (желтая лихорадка) қарсы егкендер арасында жаппай адамдардың сарғаю байқалғандықтан, гепатиттің екі түрін ажыратқан. Біріншісін инфекциялық гепатит, ал парентералық манипуляцияда таралған гепатитті - сарысулық гепатит деп атады. Бірақ екі түрі де инфекциялық гепатитке жатады. 1947 жылы Мак-Каллум инфекциялық гепатитті - гепатит А, ал сарысулық гепатитті - гепатит В аталуын ұсынды. 1973 жылы БДСҰ (ВОЗ) осындай ауру аталуын заңдандырды.
Вирустық гепатит А - адамның жұқпалы ауруы, бауыр зақымдануынан сарғаю және интоксикация байқалады. Гепатит А вирусын 1973 жылы С. Фейнстон қарамағында істеген зерттеушілер иммундық электрондық микроскопия арқылы және шимпанзе мен мармозет маймылдарына жұқтырып тапқан. Иммунды электронды микроскопия әдісінің негізі - гепатит А науқасының нәжісі фильтратына арнайы антиденелер (реконвалесценттің сары суы) қосылады. Қоспаны электрондық микроскоппен қарағанда вируспен байланысқан агрегатты көруге болады.
Гепатит А вирусының пішіні сфералық формада, вирион диаметрі 27 нм. Геномы - біржіпті позитивті РНҚ м. м. 2, 6 МД. Симметрия түрі куб тәрізді - икосаэдр. Капсид 32 капсомерлерден түрады, 4 полипептидтерден құралған (VP1-VP4) . Гепатит А вирус өз қасиеттері бойынша Enterovіrus туысы, Pіcornavіrіdae тұқымдастығына (энтеровирус 72) жатады. Антигендік құрылысы бір қалыпты. НАV маймылдар организмінде жақсы көбееді. Көп жылдар бойы вирусты өсіріп алу қиынға соққан, тек 80-ші жылдары макака-резус (дақыл FRhK-4) пен жасыл көк мартышкалардың (дақыл 4647) бүйрек эмбрионы ұлпаларында өсіріп алды.
Резистенттілігі Вирус жоғары температураға, қышқылға, май ертінділеріне, дезинфекциялайтын ертінділерге төзімді, төменгі температурағада жақсы шыдайды. Сондықтан сыртқы қоршаған ортада вирус өте тұрақты, ұзақ сақталады. Бөлме температурасында бірнеше апта сақталады, 600С қыздырғанда 4-12 сағатта инфекциялық қасиетін сәл бәсендетеді, ал 850С тез айырылады. Хлорға өте төзімді болғандықтан су қойнауларындағы барьерлер-фильтлерден өте алады.
Эпидемиологиясы. НАV адамға өте патогенді. БДСҰ мәліметтері бойынша (1987) ауру дамуы үшін тек 1 вирион қажет. Бірақ жұқпалы дозасы жоғары болады. Инфекцияның жұқтыру көзі науқас адам. Вирус науқастан көп мөлшерде сыртқы нәжіспен шығады сарғаю басталар алдында 12-14 тәулік бүрын және сарғаю кезеңі 3 аптасы бойына. Жұқтыру механизмі - фекальды-оральды, ең алдымен ластанған су арқылы, тұрмыстық қатынаста және тағамдар арқылы. Ластанған су арқылы таралуы ең бірінші басты жұқтыру механизмі. Ауалы-тамшылы жолмен де таралады. Тұрғындардың сезімталдығы жоғары. Жиі 14 жасқа дейінгі балалар ауырады. Мезгілі - күз-қыс айлары.
Патогенезі, клиникасы. Инкубациялық кезеңі 15-50 тәулік, орташа - 28-30 тәулік, вирустың жұқтыру дозасына байланысты. Организмге түскен соң вирус регионарлық лимфа түйіндерінде көбееді, қанға түседі, одан әрі бауыр клеткаларына жетіп жедел түрде өтетін диффуздық гепатит тудырады. Гепатоциттер мен бауырдың ретикулоэндотелиялық элементтерді зақымдайды. Бауырдың дезинтоксикациялық және қорғаныс қызметін бұзады. Бауыр клеткаларын зақымдауы белоктар, көмірсулар және пигменттік зат алмасуын бұзады, сондықтан қанда кей ферменттер деңгейі жоғары болады (альдолаза, аминотрансфераза ж. т. б. ) .
Гепатит А негізгі клиникалық көрінісі - сарғаю: инкубациялық кезеңі, продромалық кезеңі (сарғаю алды), сарғаю кезеңі, реконвалесценция. Сонымен қатар, көп жағдайларда ауру сарғаюсыз, симптомсыз өте алады (“айсберг феномені”) .
Аурудан соң дамитын иммунитет тұрақты, ұзаққа созылады, вирусты нейтралдайтын антиденелер мен иммундық есте сақтайтын клеткаларымен қалыптасады.
Микробиологиялық диагностика әдістері. Гепатит А диагностикасына (маймылдарды жұқтырудан басқа) әр түрлі иммунологиялық әдістер ұсынған: комплементі байланыстыру реакциясы (КБР), иммунофлуоресцентті әдіс, иммундық жабысудың гемагглютинациясы (вирустық АГ + антидене комплемент көмегімен эритроциттерге адсорбцияланады және оларды жабыстырады) . Бірақ бұл әдістерді сирек қолданады, себебі арнайы вирустық антигендер аз болады, ал иммунофлуоресценция реакциясы бауыр биотоптарын (биопсия) қажет етеді. Өте нақты әдіс болып иммундық электрондық микроскопия есептелінеді, бірақ жүргізуі өте қиын, қымбат түрады. Сондықтан иммунологиялық реакциялардан иммуноферментті анализ қолданады, ең алдымен иммуноглобулин М табу. “Диагна-геп” тест-система қолданады, жұмыс істеу принципі мынады. Полистеролды шүнқырлардың түбіне 1gM қарсы антиденелер жабыстырылған (М антииммуноглобулиндер), оған науқастың қан сары суы қосылады. Егер сары суда ІgM бар болса, олар бір-бірімен әсер етеді. Сосын қоспаға арнайы вирустық антиген (НАV) қосылады. Инкубациядан соң қоспаны шаяды, хрен пероксидазасына таңбаланған вирусқа қарсы антиденелер қосылады. Егер қосылған 4 ингредиент бір-бірімен байланысса төрт қабатты “сэндвич” пайда болады: антииммуноглобулин М + иммуноглобулин М (науқастың сары суындағы гепатит А вирусына қарсы пайда болған + вирустық антиген + ферментпен таңбаланған антивирустық антиденелер. Осы комплексті ажырату үшін ферментпен әсер ететін субстрат қосады. Ферментпен әсер еткенде түсі өзгереді. Қорытындыны спектофотометрде немесе фотоколориметрде анықтайды. ІgM анықтауы вирустық гепатитті” жедел түрде болуын айқындайды. Аурудың сонында ІgM жойылады, ал ІgG ұзақ сақталады, иммунитетті қалыптастырады. Гепатит А вирусын табу үшін ДНҚ-зонд әдісі ұсынылған. ДНҚ зонды ретінде комплементарлы вРНҚ қолданады.
Гепатит В - адамның жұқпалы ауруы, клиникалық көрінісі вируспен зақымданған бауырмен байланысты. Бұл гепатит түрі ең қауіпті болып саналады.
НВV антигенің алғаш рет тапқан Б. Блюмберг, 1964 жылы австралия аборигенінің қан сары суында кездестірген, ал қоздырғыштың өзін 1970 жылы Д. Дейн басқарған зерттеушілер тапты. Сондықтан алғашында қоздырғышты Дейн бөлшектері деп аталған. Кейінірек вирион құрамындағы геномдық ДНҚ, ви-рустық ДНҚ-тәуелді ДНҚ полимеразасы анықталған. Сонымен қатар, вирионның құрамында 3 негізгі антигендер табылған:
НВsAg - беткейлік немесе ертінді, автралиялық антиген
НВcAg - жүрек антигені (cor-антиген)
НBeAg - антиген е, вирионның жүрегінде орналасады, НВcAg қарағанда, вирион құрамында және өзінше бөлек қан айналымында таралады, НBeAg гепатоциттерден НВV қарқынды түрде репликацияланғанда қанға түседі.
Беткейлік антиген - НВsAg үш түрлі морфологиялық вариантта кездеседі:
Толық вирионның суперкапсиді;
Сфералық формада диаметрі 20 нм. Көп мөлшерде кездеседі;
Жіп секілді, ұзындығы 230 нм.
Химиялық құрамы барлығында бірдей. НВsAg құрамында 1 жалпы а антигені бар және типке сәйкесті детерминанттар: d/y және w/r, сондықтан НВsAg 4 негізгі тип астылары болады - adw, adr, ayw ayr. А антиген вирустың субтип-теріне жалпы қиылыса қалыптасатын иммунитетке жауапты.
Толық вирион - Дейн бөлшектері - сфералық формада, диаметрі 42 нм. Вирионның суперкапсиді 3 белоктан құралған: негізгі, үлкен, және ортанғы. Геном капсидтің ішінде орналасады және екі жіпті сақиналы ДНҚ. М. м. 1, 6 МД. ДНҚ 3200 нуклеотидтерден түрады. Вирион жүрекшесінде геномдық ДНҚ басқа вирустық ДНҚ-тәуелді ДНҚ полимераза орналасады. ДНҚ 4 геннен құралған (S, C, P, X) . S гені вирус қабығының белогын синтездейді, НВsAg антигені туралы барлық ақпаратты сақтайды. Сонымен қатар, осы ген қабаттың ортанғы және үлкен белоктар синтезін кодтайды. С гені капсидтық белоктардың синтезін қадағалайды НВcAg және НBeAg. Бұл белоктар бір генмен қадағаланғанымен, олардың трансляциясы әр түрлі. Р гені ең үлкен ген, вирустың репликациясына қатысты ферменттер синтездейді, яғни кері транскриптазаны. Х гені барлық вирустық гендердің экспрессиясын реттейтін белоктар синтезін қадағалайды.
1977 жылы М. Ризетто басқа зерттеушілермен бірге ауыр түрде өтетін гепатиттің қоздырғышын тапты, дельта-антиген деп атаған. Дельта-вирус (НDV) созылмалы гепатитпен науқастанатын адамдардың гепатоцит ядросынан иммунофлуоресценция әдісімен тапқан.
Вирионы сфералық формада, диаметрі 35-37 нм. Дельта-вирустың суперкапсидінде В гепатиттің беткейлік антигендері (НВsAg) орналасады. Бірақ, вирионды ыдыратқанда, геномы екі жіпті ДНҚ емес, ал сақиналы РНҚ, м. м. 0. 5 МД. (НDV) құрамында антигендік құрылысы бар екі белок болады: беткейлік - НВsAg, (НВV геномы қадағалайды) және ішкі белок НDAg (НDV геномы қадағалайды) . Ішкі белок - негізгі, маңызды, РНҚ байланысты. Геномның құрылысы бойынша дельта-вирус вироидтарға ұқсас келеді. Қазірге уақытқа дейін жіктелмеген.
Дельта-вирус гепатит В вирусына сателлиті (спутник) болып есептеледі, себебі олардың көбеюіне міндетті вирус-хелпер, яғни гепатит В вирусы қажет. Сондықтан, дельта-вирусты - дефектті жетім вирус деп санайды, гепатит В вирусы көмегінен тыс көбее алмайды. Вирус парентеральдық және тік жолмен (ауру анадан ұрыққа) жұқтырылады. Аурудың таралуы гепатит В ауруымен байланысты. ТМД елдерінің азиаттық республикаларында кең таралған 10-22%, ал еуропалық аймақтарында - 1, 2-4. 1% кездеседі.
Негізгі диагностика әдісі - антиденелерін анықтау ИФА иммуноглобулин М класын табу. Сонымен қатар, гепатит Д вирусының антигендерін анықтауға болатын басқа да серологиялық реакциялар жүргізуге болады (НФМ, РИФ және т. б. ) .
Дельта-инфекция дамуы көмекші-вирустың репликациясына (гепатит В вирусы) байланысты болғандықтан гепатит В қарсы вакцинация дельта-гепатиттің профилактикасын шешеді.
1971 жылы кей вирустық гепатиттер этиологиясы гепатит А вирусы мен гепатит В вирусымен байланысты емес. Клиникасы әр түрлі: сарғаю, сарғаюсыз, созылмалы түрде дамуы байқалған. Осындай гепатиттердің екі эпидемиологиялық түрі анықталған. Біріншісі фекальды-оральды жолмен жұғатының гепатит Е деп атады, ал парентералық жолмен таралатының - гепатит С. Әр түрлі елдерде 25-90% трансфузиялық гепатит этиологиясы гепатит А емес және гепатит В емес, яғни гепатит С жатады.
Вирустық гепатит Е - адамның жұқпалы ауруы, бауыр зақымдануынан сарғаю мен интоксикациямен сипатталады.
Қоздырғышы - гепатит Е вирусы (НЕV) - сфералық формада, вирион диаметрі 27-30 нм, геномы бір жіпті фрагменттелмеген РНҚ. НЕV қасиеттері гепатит А вирусына ұқсас, бірақ антигендік туыстығы жоқ, вируленттігі төмен. Экспериментальдық жануарлардан НЕV маймылдар-приматалар, үй шошқалары, егеуқұйрықтар сезімтал.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz