Әскери қызмет өткеру тәртібі. Әскери қызметшілердің жалпы құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Әскери қызмет өткеру тәртібі. Әскери қызметшілердің жалпы құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жоғарлату бойынша көптеген факторлардың ішінде әскери тәртіпті нығайту барысында жауынгерлік дайындықтың дәрежесін нығайтуға мән беріледі. Әскери қызметшiлер әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде мемлекеттiң қорғауында болады. Олар әскери жарғыларға сәйкес өздерiне бастық болып табылатын адамдарға ғана бағынады және олардың қызметтiк iсiне араласуға басқа ешкiмнiң құқығы жоқ.
Әскери тәртіп мемлекеттік тәртіптің бір түрі болып табылады. Ол әскери ұжымның ішінде әскери құрылыс қағидаларын енгізіп, ішкі тәртіп ережелерін ретке келтіріп, ұйымдастыру факторының рөлін атқарады. Оның ережелері мен нормалары әскерилер арасындағы қарым-қатынасты бір-біріне тең әскери атақтары бойынша реттеп отырады. Сөзсіз әскери тәртіп әскердің жауынгерлік дайындығының бір бөлшегі болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті ерікті түрде шақыру бойынша немесе келісімшартқа отыру арқылы атқарады. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде немесе басқа да әскери бөлімдерге заңда көрсетілген тәртіппен алынады. Қазақстан Республикасыньщ Әскери міндет және әскери қызмет туралы Заңына сәйкес Қарулы Күштерде жауынгерлерге әскери атақ беріледі.
Тәртіптік жарғыға байланысты әскери тәртіп дегеніміз әскери қызметшілер арасындағы заң бойынша белгіленген ережелерді қатаң сақтап, орындау болып табылады. Бірақ та әскери тәртіптің көп қырлы қиындығы жарғыда көрсетілгеннен де күрделі. Заң мен әскери тәртіп арасындағы тығыз байланысқа қарамастан айырмашылықтары да бар. Конституциялық қағида мемлекеттік органдардың , қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың, қызметтік тұлғалардың заңы болса, ал әскери тәртіп әскери басқарма орталығы қызметінің қағидасы болып табылады.
Одан басқа әскери қызметкерлерге қойылатын бірқатар талаптар, мысалы, әскери қызметтің қиындығын қажымай көтеру, әскери жолдастықты бағалау, үнемі әскери кәсіптік біліммен қарулану және т.б ұғымдар толығымен заңи тұрғыда қамтылмайды. Әскери тәртіптің заңнан айырмашылығы құқықтық нормаларды ғана талап етіп қоймай, сонымен бірге жекелеген үзінділерді, техникалық нормалар мен ережелерді, құқықтық сипатта орындауды талап етеді.
Әскери қызметшінің міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауға;
әскери антқа адал болуға, өз халқына шексіз беріліп қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарына табандылықпен төзуге, өзінің іс-қимылымен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға;
қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.
1. Әскери қызмет өткеру тәртібі. Әскери қызметшілердің жалпы құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі.
Біріншіден, әскери тәртіп әскери қызметкерлерге қойылатын талаптарды, нақты ұсынып, басқа мемлекеттік тәртіп түрлерінен айырмашылығы реттеп отырады. Мысалы, бұйрықтарды беру және орындауға байланысты қатынастар, әскери сыпайылық ережесі, тәртіпті бұзып, шектен шыққандарға шара қолдану және тағы басқа.
Екіншіден, әскери тәртіп ережесі қызметтен тыс салаларға да таралады, мысалы, еңбек тәртібінің ережесі жұмыс уақытында еңбектегі міндеттерін орындауға байланысты жұмысшы мен қызметшілерге ғана қатысты таралады.
Үшіншіден, әскери тәртіпке басқа тәртіптер мен салыстырғанда жоғары талап қойылады. Мысалы, әскери қызметтің қиындығын қажырлылықпен көтеру, әскери борышты қайсарлықпен орындау, адал, шыншыл , тәртіпті және жігерлі болу, командирлерге сөзсіз бағыну және соғыста оларды қорғау болып табылады.
Төртіншіден, командирлер мен бастықтардың тәртіптік құқықтың көлемі басқа қызметтік тұлғаларға ұарағанда кеңірек. Жекелей алғанда ол Тәртіптік жарғыда қарастырылған кейбір аяқ астынан болған жағдайларда қаруды пайдалану кезінде көрінеді.
Әскеріи қызметшілердің әскери қызмет міндеттері (қызметік міндеттері) атқару деп мыналар ұрыс қыймылдарына қатысуы осы Жарғында, нұсқаулықтар мен тәлімделерде белгленген лауазмдық міндеттерін орындау; жауынгерлік кезекшілк (жауынгерлік қызмет) атқару; оқу - жаттығулар және кеме жорықтарына қатысуы, әскері бөлімнің аймағында.
Әскердегі әскери тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстың барлығы сендіріп, күтеу әдістеріне негізделіп, бірінші рөлде сендіру орын алады. Сонымен бірге сендіру күштеуді де алып тастамайды. Көптеген әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі бойынша әскери қызметшілердің көпшілігі жарғы мен заңның талаптарын жазалау шараларынан қорыққандықтан өз еріктерімен орындаймыз деп жауап берген. Күштеу мүмкіндіктері шындыққа жанаса келе, белгілі бір тәртіпті сақтауға психологиялық тұрғыдан көмектеседі.
Күн тәртібмен белгленген қызмет уақыты ішінде немесе бұл қызметің іс жоспарда немесе емденуде болады; қызмет өткеру, емдеу орнына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскери қызметшінің міндеттері
Әскери қызметшілер және әскери қызмет
Әскери қызметшілердің жалпы құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің ішкі қызмет жарғысын оқыту әдістемесі
Еңбек құқығы саласындағы тәртіптік жауапкершілік
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Бағыныштылық тәртібі мен әскери қызметшілердің арасындағы жарғылық қарым – қатынастар ережелеріне қарсы қылмыстар
Мемлекеттің қызметі. Ұғымы
Мемлекетік қызметкерлердің түсінігі мен түрлері
Мемлекеттік қызметтің түсінігі
Пәндер